Жабайы аңдар туралы білімдерін кеңейту,олардыңтірішілігін сипаттап,аттарын айтып,сөздік қорын байыту. Дәстүрден тыс паролон губкамен суретті бастырып салудыүйрету.Саусақ бұлшық еттерінің қимыл-қозғалысын дамыту. Тазалыққа,ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Шаттық шеңбері:
Күлімдеп күн бүгін, Қарады маған да, Күлімдеп күн бүгін Қарады саған да Шуақпен төгіп нұр
-Бізге қонаққа кім келді? Қонжық -Сен қайдан адасып келе жатырсың? —
Қонжық:Білесіңдер ме балалар,мен орман жақтан келдім,күнде мен жаңғақ теріп үйіме апарамын,анама үнемі көмектесіп жүремін.Орманнан шығып қарасам бір жасыл үйшік тұр екен,сол үйшікке жақындап көрейін десем сендерге тап болдым.Сендер кімсіңдер?
Қонжық: Білесіңдер ме,менде осындай балалар сияқты достарым жоқ. –
Қонжық сен мұңайма, балалармен дос болғың келеме? Қазір осы суретшілер, саған сенің суретіңді салып берсе, қалай қарайсын? —
Қонжық: -О , алақай, керемет екен онда салып берсін.
Үлгі суреттерді көрсету.Мына суретте нені көріп отырсыңдар?Ал аюдың жанында кім еріп жүр? Ендеше балалар,бүгін сендермен қонжықты қоңыр түспен,губкамен бастырып сурет саламыз.
Үлгі суреттерді көрсету.Мына суретте нені көріп отырсыңдар?Ал аюдың жанында кім еріп жүр? Ендеше балалар,бүгін сендермен қонжықты қоңыр түспен,губкамен бастырып сурет саламыз.
Балаларға губкамен сурет салу іс-әрекет жасау әдіс-тәсілін көрсету.
1.Саусақтарды қимыл-қозғалысқа келтіру.
2.Алынған қоңыр түсті бояумен,бояуды бойына сіңіріп тұрған губканы алып қонжықтың бетіне бастыру арқылы түсіру.
3.Сыртына шығармай бояту
4.Майлыққа сүрткізу,орындарын ретке келтіру.
Әр баланың алдында қонжықтың суреті салынған ақ қағаз жатыр.Губкамызды бояуға батырып толықтай суретін бастырамыз.
Саусақ жаттығуы: Шынжыр.
Саусақ жаттығуы: Шынжыр.
Оң және сол қолдағы басбармақпен баланүйрек саусақтары түйісіп, жүзіктер секілді айқасып, шынжыр жасайды.
Саусақтар шынжыр болады,
үзілмейді тартсаң да.
Дидактикалық ойын:
Тақырыбы:
Мақсаты:
Шарты:
Күтілетін нәтиже:
Құрал-жабдықтар:
“Қонжықтың бейнесін құрастыр”
Балаларға суретке қарап қонжықтың бейнесін құрастыру.
Тәрбиеші балаларға қонжық бейнеленген суретті береді, сол бейнеге қарап сурет бөліктерінен қонжықтың бейнесін құрастырады.