Ж.Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледжі
Орал 2022
М.Монтессори жүйесінің ең басты принципі: әрбір бала жеке жоспар бойынша арнайы дайындалған ортада жеке өз бетінше дамиды, жетіледі, ал негізгі ұраны: «Өзімнің жасауыма мүмкіндік бер». Бұл әдістің мақсаты - балалардың табиғи мінезін, қабілетін, тәрбиешінің нұсқауымен емес, өз еркімен тәуелсіздік рухында тәрбиелеу.
М.Монтессори жүйесінің ең басты принципі: әрбір бала жеке жоспар бойынша арнайы дайындалған ортада жеке өз бетінше дамиды, жетіледі, ал негізгі ұраны: «Өзімнің жасауыма мүмкіндік бер». Бұл әдістің мақсаты - балалардың табиғи мінезін, қабілетін, тәрбиешінің нұсқауымен емес, өз еркімен тәуелсіздік рухында тәрбиелеу.
Монтессори сатылары:
I-cаты – білім алу сатысы. Бұл жерде балаға жаңадан білім беріледі. Тәрбиеші балаға белгілі бір заттың түсі, қасиеті туралы түсініктер береді.
II-cаты – практикалық білім алу сатысы. Бұл кезде бала іс жүзінде білім алады. Тәжірибе арқылы I-сатыда алған білімдерін пысықтайды.
III-cаты – тексеру сатысы. Бұл сатыда жаңа сөздер белcенді емес сөздік қордан белсенді сөздік қорға айналады.
Монтессори әдістерінің негізгі принциптері Баланың білім алуы мен танып білуіне жағдай жасалған арнайы орта ;
Баланың әрекеттерін сырттай бақылаушы және оған көмекші рөлін атқарушы тәрбиеші;
Жеке тұлғаны дамытушы жылы аймақ.
Балаларға арналған – Монтессори ережелер
- Бала құралдарды өзі алып , сабақтан соң барлық қолданған құралдарын өз орындарына қоюы қажет;
- Сабақ үстінде бала өзге балаларға кедергі жасамауы керек (бұл ережені сақтау белсенді қимылдайтын балалар үшін өте қиынға түседі)
Монтессори жүйесіндегі дамытушы орта 5 аймаққа бөлінеді:
Күнделікті өмір жатығулары
Сенсорлық аймақ
Математика
Космос аймағы
Тілді дамыту аймағы
Күнделікті өмір жатығулары
Күнделікті өмір жаттығу аймағы бойынша ересек тобына ыдыс-аяқтарды дұрыс пайдалануға және кірді жууға, жаюға, қыстырғышпен қыстыру арқылы қол икемділігін арттырып, күнделікті қолдану барысында орындарына дұрыстап қоюуға үйретіледі.
Сенсорлық аймақ
«Сенсорлық» аймағы бойынша кіші топтағы балаларға түстерді ажырата білуге және бірдей түстерді бір қатарға орналастырып жинауға, құлыптарды өз орнына ашып жабуға, ілмектерді ілуге, қол икемділіктерін арттырып,қол-саусақ моторикасын дамытып, өз еріктерімен жұмыс жасауға үйренеді. Ортаңғы топта әр түрлі рамкалы белдіктерді, ілгектерді, ысырмалы замоктарды, кнопкалы ілгектерді ашып жабу арқылы қол қимылын дамыту арқылы жұмыс жасайды.
Математика
Математикалық ұғымдарды тез игереді.Сан және санау жүйесін меңгереді.Берілген тапсырмаларды қиындықсыз орындайды.Сандарды санауға, пішіндерді ажыратып, орындарына дұрыс орналастыруды үйренеді.
«Космос» аймағы
«Космос» аймағында топтарға жыл мезгілдерін, ай, апта аттарын білуге, жыл мезгіліндегі табиғат құблыстарын айыра білуге, орындарына дұрыс орналастыруға жұмыс жасату арқылы балаларға үйретеді.
«Тіл дамыту» аймағы
«Тіл дамыту» аймағы бойынша ересек тобына әріптерді үйрену арқылы дауысты, дауыссыз дыбыстарды айыра білуге, олардан бір-екі буынды сөздерді құрастыра білуге үйренеді. Сөйлеу қабілетін дамыту үшін ойындар мен түрлі жаттығулар қолданады. Мысалы: затты атау, ойын-сипаттама, әңгімені жалғастыр т.б
Қорытынды
Монтессори – педагог М.Монтессори технологиясының теориясын меңгереді, тәжірибеде жүзеге асыруға ықпал етеді;
Монтессори - педагог баланың дамуына бағытталған заттық-кеңістік ортаны жасайды;
Ата - анамен байланысты нығайтады;
Баланың өздігінен еркін дамуға ықпал етеді;
Педагог тәрбиешілердің жаңа технологияны меңгеру арқылы кәсіби құзіреттіліктері қалыптасады.
Балалар өздеріне қызмет етуді, еркін қозғалуын, өздігінен шешім қабылдауға, өз – өзіне деген сенімге, өз ойын ашық айта алуға, достық қарым – қатынасқа, өзін жеке тұлға ретінде дамытады.