Онлайн оқушы договор қазақша docx


 КӨРСЕТІЛГЕН ҚЫЗМЕТТЕРДІ ҚАБЫЛДАУ-ТАПСЫРУ



Pdf көрінісі
бет13/17
Дата28.11.2023
өлшемі1,28 Mb.
#131150
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17
Байланысты:
Онлайн оқушы договор қазақша.docx (1) 2

10. КӨРСЕТІЛГЕН ҚЫЗМЕТТЕРДІ ҚАБЫЛДАУ-ТАПСЫРУ
10.1.
Қызмет көрсету аяқталған сəттен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде Орындаушы Тапсырыс
берушіге орындаушы қол қойған көрсетілген қызмет актісін екі түпнұсқа данада ұсынуға тиіс.
Тапсырыс беруші қол қойған көрсетілген қызметтер актісі Орындаушының қызметтерді тиісінше
көрсеткенін растайтын құжат болып табылады.
10.2.
Тапсырыс беруші көрсетілген қызметтер актісін алған сəттен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен
кешіктірмей Тапсырыс беруші көрсетілген қызметтер актісіне қол қояды – қызметтер шарт
талаптарына сəйкес келген жағдайда жəне Орындаушыға оның бір данасын жібереді не
көрсетілген қызметтер актісіне қол қоюдан негізді бас тартады. Тапсырыс беруші актіге қол
қоюдан бас тартуды жіберген жағдайда Тараптар Орындаушының Тапсырыс берушінің
ескертулерін түзету мерзімін жазбаша түрде келіседі.
10.3.
Орындаушы қол қойылған актіні не Тапсырыс берушінің дəлелді қарсылықтарын осы Шартта
көрсетілген мерзімде алмаған жағдайда, қызметтер Орындаушы тиісінше көрсеткен жəне
Тапсырыс беруші толық көлемде қабылдаған, ал акт Тапсырыс беруші тарапынан қол қойылған
болып есептеледі.
11. ДАУЛАРДЫ ШЕШУ
11.1.
Дауды сотқа дейін реттеу келіссөздер жүргізу жəне талап қою арқылы жүзеге асырылады
жəне міндетті болып табылады.
11.2.
Тараптар дауды сотқа дейін реттеудің мынадай міндетті тəртібін айқындайды:
11.2.1.
Кінə қою жазбаша нысанда ұсынылады жəне оған тиісті түрде уəкілетті адам қол қояды.
11.2.2.
Шағымда: талаптар, шағым сомасы жəне оның негізделген есебі (егер шағым ақшалай
бағалауға жататын болса); талаптар негізделетін мəн-жайлар жəне оларды растайтын
дəлелдемелер; шағымға қоса берілетін құжаттар мен өзге де дəлелдемелердің тізбесі; дауды реттеу
үшін қажетті өзге де мəліметтер көрсетіледі.
11.2.3.
Кінə қою алынған күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде қаралады жəне қарау нəтижелері
туралы кінə қоюды жіберген Тарап жазбаша нысанда хабардар етіледі. Шағымға жауапта шағым
алған тарап міндетті түрде шешім қабылдау себептерін жəне дауды реттеу тəртібі туралы
ұсынысты көрсетеді.
11.2.4.
Егер кінə қоюға оны қарау үшін қажетті құжаттар қоса берілмесе, олар ұсыну мерзімін
көрсете отырып, кінə қоюды алған күннен бастап күнтізбелік 10 (он) күн ішінде (кемінде
күнтізбелік 10 (он) күн) кінə қоюды жіберген тараптан сұратылады. Талап етілген құжаттар
көрсетілген мерзімде алынбаған жағдайда шағым қолда бар құжаттар негізінде қаралады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет