Біздің алдағы мақсатымыз оқушылардың бағдарлы мектеп мүмкіндіктерін пайдалану арқылы жан-жақты терең геоэкологиялық білім алуға жұмылдыру.
Курстың негізгі мақсаты. Жеке адамның бойында табиғатқа деген ізгілік қатынастарды қалыптастыра отырып «адам – қоғам - табиғат» арасындағы үйлесімділік рухында тәрбиелеу. Экологиялық білім беру жеке адамның экологиялық мәдениетін қалыптастырудан бастап көпшілікке үздіксіз экологиялық білім беруді қарастырады. Қоршаған табиғи ортаның өзі мен қоғам үшін мәңгі қажеттілігін сездіре отырып, оқушының дүниеге деген ізгі көзқарасын қалыптастырамыз.
Курстың бағдарламалары төмендегі міндеттерді шешуге көмектеседі.
Экологиялық және табиғат қорғау заңдарын жетілдіру.
Табиғи ресурстарды тиімді пайдалануды үйрету.
Қоршаған ортаның тазалығы мен адам денсаулығының үйлесімділігін сәйкестендіру.
Оқушы бойында экологиялық білім жүйесін қалыптастыру.
Экология саласындағы ғылым жетістіктерімен хабардар ету.
Оқушылардың өз туған жеріне деген сүйіспеншілігін қалыптастыру.
Курс бағдарламасы бір жылға яғни 10-шы сыныпқа есептелген, барлық сағат саны 34, аптасына 1-сағаттан.