ОҚО, Шардара ауданы, Жаушықұм ауылы
"Жаушықұм" мектеп-лицейінің
География пәні мұғалімі: Сара Тилеубекова Анарбекқызы
Орта жалпы білім беретін мектептің жараталыстану-математикалық бағытындағы 10-шы сыныптардың таңдау курсына арналған бағдарлама.
Түсінік хат Геоэкология – бұл георграфия ғылымының бір бағыты. Ол экология жағынан таза ортаны сақтау және табиғат ресурстарын тиімді пайдалануды қамтамасыз етеді.
Геоэкология бұл антропогенді үрдістердің әсері нәтижесінде табиғи орта мен биосферадағы қайталанбас үрдістер мен құбылыстарды зерттейді.
Жаратылыстану пәндерінің негізгі ұғымдарын зерделеу кезінде әлеуметтік, жаратылыстану және техникалық ұғымдарды жоғарыдағы кестеде көрсетілгендей етіп, бір-бірімен байланыстыра оқыту оқушылардың экологиялық дүниетанымын кеңейтіп, жаңа әлеуметтік – экологиялық ұғымдар жүйесін қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Жалпы білім беретін орта мектептің 10-шы сыныптарына ұсынылып отырған геоэкология білім беру бағдарламасы оқушылардың жер ғаламшары, биосферасы, жанды және жансыз табиғаты, жеке адам мен бүкіл адамзатты биосфералық үрдістегі орны туралы ұғымдардын одан әрі дамытуға арналған.
Осы бағдарламаны енгізу нәтижесінде мынаны біліп үйренуі керек.
- Негізгі экологиялық түсініктердің анықтамасы;
- Адамзаттың қазіргі ғаламдық проблемалары және оларды шешу жолдарын қарастыру негізінде оқушыларды қоғам мен табиғат арасындағы қарым-қатынасты дайындау;
- Оқушыларды әр түрлі қосымша ақпарат көздерімен жұмыс істеуге, өз бетімен қорытындылар жасауға үйрету;
- Оқушыларды статистикалық, картографиялық деректерді өз бетімен өңдеуге үйрету;
- Табиғат қорғаудың қазіргі мәселелерін (ауа, су, топырақ, жер байлығы);
- Өсімдік және жануарлар әлемін қорғау мен пайдаланудың қазіргі кездегі жағдайы туралы;
- Шаруашылық қызметтердің әр түрлерін талдауда экология заңдарын біліп пайдалануы;
- Жақын табиғи айналадағы қоршағане орта жағдайын бағалау (көше, аула, мектеп жанындағы үлескі т.б.);
- Табиғат байлығы мен сұлулығын қорғау және жақсарту үшін әркімнің өз үлесін қосуы;
- Мүмкіндігінше жергілікті аймақтық мәселелерді көтеру, оған оқушылардың араласуын, туған өлкесіне патриоттық сана сезімін ояту.
- Геоэкологиялық білім беруде, жаратылыстану
пәндері (география, биология, химия, математика, физика т.б.) пәндерімен байланысы жүзеге асырылады.
- Жаратылыстану-математикалық бағытындағы дүниежүзілік әлеуметтік-экономикалық география пәні, дүниежүзіндегі геоэкологиялық жағдайлар тарауы, биология пәні, адам және табиғат экологиясы тарауы, Қазақстанның әлеуметтік – экономикалық география пәні, Қазақстан Республикасындағы экологиялық жағдайлар таруы, Қазақстанның физикалық географиясы мен туған өлке экологиясы, жер ресурстарының экологиясы, ішкі сулардың экологиясы, Шымкент қаласының геоэкология тарауымен байланыстыра өтемін.
Бұл геоэкология пәнінде бүкіл әлемнің соның ішінде Қазақстандағы апатты аймақтар және туған өлкеміздегі болып жатқан жайсыздықтар мен жетістіктер жайында баяндалады. Бұл жағдайлардан оқушылар хабардар болып қана қоймай өз ойларын ортаға сала отырып, білімдерін әрі қарай шыңдауына мүмкіндік алады. Міне осылай біз оқушылардың өз туған жерінің құлдырауына емес көркеюіне үлес қоса алтындай дәрежеде білім бере отырып көптеген нәтижелерге қол жеткізуге болады. Сабақтың көбіне конференция, ойын, тест түрінде жүргізілу барысы оқушыларға тиімді болып келеді. Әсіресе, конференция сабағы оқушылардың ой-өрісін дамыта отырып, саясатқа деген қызығушылығын оятары сөзсіз. Сабақтың осылай өтілу барысы оқушылар мен мұғалімдерді өз дәрежесінде қанағаттандырады.
Геоэкология пәнінің әр тақырыбындағы тақырыпшаларға тоқталып өткенде түрлі сызба – нұсқалар, суреттер, плакаттар, Қазақстанның физикалық картасы, Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық картасы, Қазақстанның экологиялық картасы т.б. көрнекіліктер пайдаланылады.
Төмендегі кестеде көрсетілгендей, әр сабағымды әртүрлі жаңа технологиялардың тек қана элементтерін пайдаланамын.