«Өзіңді зорлық-зомбылықтан қалай қорғау керек?»
Ең кішкентайларға арналған кеңестер:
Құрметті ата-аналар, балаңызды қорқытуға тырыспаңыз, тек оның келесі ережелерді есте сақтап алуына тырысыңыз:
Ешқашан көлікке бөтен адамдармен бірге отырма. Егер біреу бірге отыруыңды сұраса, тез арада ата-анаңа айтып бер.
Әрқашан тек достарыңның қасында ойна.
Ешқашан бөтен адамдармен бірге бір жерге баруға келіспе.
Ешқашан ата-анаңның рұқсатынсыз бөтен адамдардан сыйлық (тәттілер) алма.
Егер де біреу сені көлікке күштеп отырғызғысы немесе бірге алып кеткісі келсе, бар күшіңмен айқайла.
Өз мекен-жайыңды және үй телефон номерін (қала кодымен бірге), 102 номерін есіңе сақта.
Үнемі өзіңмен бірге ата-анаңның жұмыс телефон номерлерінің тізімін алып жүр.
Ата-анаңмен құпия пароль ойластырып, жаттап ал да, тек пароль білетін адамдармен ғана бірге баруға келісім бер;
Ешқашан ешкімге саған жақындасуына жол берме. Егер осындай жағдай болса үлкендерге айт.
Есіңе сақта, ата-анаң сені жақсы көреді және шындықты айтқаның үшін жазаламайды.
Саған қауіп төнсе «Бұл жерден полиция шақыруға болады» деген жазуы бар ғимаратқа қарай жүгір.
Бастауыш сынып жасындағы балаларға кеңес:
Қайда бара жатырғаныңды үнемі ата-анаңа айтып жүр;
Тек достарыңмен бірге қыдыр;
Достарыңмен бірге адам жүрмейтін жерге түнде бармаңдар;
Танымайтын кісілерден сыйлық қабылдама;
Егер біреу сенімен бірге қыдырғысы келсе ата-анаңнан рұқсат ал;
Қорықсаң, адамдар бар жерге қарай жүгір;
Өзіңді қаншалықты нашар сезінсең де өз мәселелеріңді ешкіммен талқылама;
Есікті ешкімге ашпа және есік арқылы ешкімге жауап берме;
Егер біреу пәтерге ұрланып кірейін деп жатса, полицияға хабарлас та, терезені ашып, көмекке шақыр;
Егер көлікке мінген адамдар қандай-да бір мекен-жайды сұраса – жақындама және сен баратын жақта болса да бірге барып, көрсетуге келіспе;
Ешкімнің саған жақындасуына құқығы жоқ. Егер біреу солай істеуге тырысса, айтуға ұялма;
Егер де біреу сені қорқытса, адам көп жүретін қауіпсіз жерге бар;
Егер біреу сені бір жерге шақырса, ата-анаңның рұқсатын ал.
Достарыңызбен бөлісу: |