«Қопа орта мектебі кмм-де қыркүйек айында «Сенім жәшігін» тексеру барысында жүргізілген жұмыстар бойынша



бет13/13
Дата29.03.2022
өлшемі1,08 Mb.
#29168
түріҚұрамы
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
4-миф: «Адам өзін-өзі өлтіруге бейім болса, мұндай ойдан ешқашан арылмайды».

Маманның жауабы: Суицидке бейім мінез-құлық белгілі бір оқиғаға байланысты уақытша қалыптасқан болуы мүмкін. Арада уақыт өткеннен кейін бір кездері өлгісі келген адамның ойы өзгеріп, ұзақ өмір сүрген жағдайлары бар.

5-миф: «Суицидке тек психикалық ауытқуы бар адамдар бейім болады». 

Маманның жауабы: Адамның өмірден түңілуі оның ауыр эмоциялық жағдайда екенін байқатуы мүмкін, бірақ оның психикасында ауытқу барын білдірмейді. Психикалық денсаулығы нашар адамдардың бәрі суицидке бара бермейді, сол сияқты өзіне-өзі қол жұмсайтындардың бәрінің психикасында ауытқу жоқ.

6-миф: «Өмірден түңілген адам бәрібір суицидке бармай қоймайды, оны құтқару мүмкін емес».

Маманның жауабы: Адамның суицид туралы ойлауы оның сыр бөлісер адамға зәру екенін білдіреді. Ашық әңгімелесіп, райынан қайтаратын ешкімі жоқ адам ғана өмірден түңіледі. Адамды қай кезде де құтқаруға болады.

Қай кезде дабыл қағу керек?

Егер баланың қимылдарында қандай да бір күрт өзгерісті немесе мынадай белгілерді байқасаңыз, маманның көмегіне жүгініңіз:



  • Оңаша қалғысы келуі. Бұл кейде қалыпты жағдай болуы мүмкін, бірақ қоршаған ортасынан, достарынан жиі және ұзақ уақыт бөлектену күмәнді.

  • Кірпияздық. Мұндай жағдай ауа райына, адамның шаршауына немесе отбасындағы, қызметтегі кикілжіңдерге байланысты болуы мүмкін. Бірақ адамның көңіл-күйі күн сайын бұзылып, күрт өзгеретін болса, алаңдауға себеп бар.

  • Агрессия. Жасөспірімнің айналасындағыларға кенет ашулануы, қатыгездік байқатуы оған тиісті көңіл бөлінбегенін, баланың көмекке мұқтаж екенін сездіреді. Бірақ ата-ана көбіне баланы түсінудің орнына, сынап жатады.

  • Өз-өзіне құрметті жоғалту. Олар өзінің «ешнәрсеге жарамсыз», «ешкімге қажетсіз» немесе «сүйкімсіз» екенін айтса, дабыл қағу керек.

  • Тәбетінің өзгеруі. Адамның еңсесі түскен кезде тәбеті өзгереді: артады немесе, керісінше, мүлдем болмайды.

  • Ұйқысының бұзылуы. Көңіл-күйі түсіп, жабырқаған кезде жасөспірімдер күні бойы ұйықтайды немесе, керісінше, ұйқысын жоғалтады.

  • Өзіне тиесілі заттарды таратуы. Суицид туралы ойлаған адам өзі жақсы көретін заттарды басқаларға оңай қия салады.

  • Өлім туралы айтуы. «Менен құтыласыңдар», «Келесі дүйсенбіде тірілердің арасында болмаймын», деген сияқты сөздерге бейжай қарамаңыз.

  • Мінез-құлқы, өмірге көзқарасы мен құндылықтарының кенет өзгеруі. Мұндай күйдегі балалар мен жасөспірімдер бұрын әуестенген ісінен тез бас тартады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет