Операторын пайдалану



бет2/3
Дата13.04.2023
өлшемі37,83 Kb.
#81981
1   2   3
Байланысты:
Elseif операторы

switch (өрнек немесе айнымалы){
case 1-мән: 1-орындау_блогы break; case 2-мән: 2-орындау_блогы break;
...
default: келісім_бойынша_орындау_блогы
}
if операторынан айырмашылығы – бұл жерде өрнектің мәні
логикалық типке келтірілмейді, ол тек case түйінді сөзінен (мәні1, мәні2 және т.б.) кейінгі мәндермен салыстырылады. Егер өрнектің мәні қандай да бір нұсқамен сәйкес келсе, онда сол жолдың орындау блогы атқарылады да, қос нүктеден кейінгі әрекеттер жолдың соңына дейін немесе break операторына (ол бар болса) дейін орындалады. Егер өрнектің мәні бірде-бір нұсқамен сәйкес келмесе, онда келісім бойынша орындау блогы, яғни default түйінді сөзінен кейінгі әрекеттер атқарылады. switch операторында өрнек бір рет қана есептеледі, ал elseif операторында ол әр тексеру сайын есептелінетін еді, сондықтан өрнек күрделі болғанда, switch операторы жылдам жұмыс істейді.
Алдыңғы мысалды осы switch операторын қолданып қайтадан шығарайық.

$names = array("Азат","Бекзат","Айым"); switch ($names[0]){
case "Азат": echo "Сәлем, Азат!"; break; case "Бекзат": echo "Сәлем, Бекзат!"; break; case "Айым": echo "Сәлем, Айым!"; break; default: echo "Сәлем, $names[0].
Ал сіздің атыңыз кім?"; }
?>

Сәлем, Азат!

Осы скрипттің жұмысы нәтижесі мынадай болады:
While операторы

while операторының құрылымы:
while (өрнек) { орындау_блогы }
немесе
while (шарт): орындау_блогы endwhile;
түрінде болады. Бұл – қарапайым цикл. Ол өрнек мәні false болғанша, орындау_блогын қайталап отырады (if операторындағы сияқты өрнек логикалық типке келтіріледі). Мұнда өрнек мәні цикл ішінде өзгертіледі де, ол цикл басында қайта есептелініп отырады. Енді осы оператор көмегімен 10-ға дейінгі жұп сандарды анықтау алгоритмін келтірейік.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет