Операторын пайдалану



бет3/3
Дата13.04.2023
өлшемі37,83 Kb.
#81981
1   2   3
Байланысты:
Elseif операторы


//бұл программа жұп цифрларды анықтайды
$i = 1;
while ($i <= 10) {
if ($i % 2 == 0) print $i." "; //жұп цифрды шығару
$i++; // $i-ді бірге арттыру }
?>

2 4 6 8 10

Нәтижесі:
Do .. while операторы

do while операторы while операторына ұқсас, оның бір ғана өзгешелігі – өрнектің ақиқаттылығын циклдің басында емес аяғында тексереді. Осының арқасында орындау_блогы кем дегенде бір рет орындалады. Оператордың жазылуы:
do {орындау_блогы} while (өрнек);
Енді бір мысал келтірейік.

/* цикл шарты орындалмағанына қарамастан, бұл программа
12 санын шығарады */
$i = 12; do {
if ($i % 2 == 0) print $i; //егер сан жұп болса,шығару
$i++; // санды бірге арттыру
} while ($i<10)
?>
Нәтижесі:
For операторы

for операторы РНР тіліндегі күрделі циклдер тобына жатады. Ол С тіліндегі циклге ұқсас болып келеді. Жазылуы:
for (1-өрнек; 2-өрнек; 3-өрнек) { орындау_блогы }
немесе
for (1-өрнек; 2-өрнек; 3-өрнек): орындау_блогы endfor;
Мысалы, 10-ға дейінгі барлық жұп сандарды экранға шығару үшін for циклі келесідей түрде жазылады:

for ($i=0; $i<10; $i++) {
if ($i % 2 = = 0) print $i." ";
// жұп сандарды шығару
}
Егер оператор жақшасындағы екінші өрнекті ($i<10 шарты) алып тастасақ, онда циклден шығу үшін break операторын қолдану керек болады:

for ($i=0; ; $i++){
if ($i>=10) break; /* егер $i 10-нан артық немесе тең
болса, циклді аяқтаймыз */ if ($i % 2 = = 0) print $i. " ";
// егер сан жұп болса, оны шығару }
?>
Жақша ішіндегі барлық үш өрнекті де алып тастауға да болады. Мұндай жағдайда $i
санауышының алғашқы мәні де берілмейді және ол циклдің аяғында да өзгертілмейді. Сондықтан осы әрекеттерді жеке команда түрінде – орындау блогында немесе цикл алдында жазу қажет болады:

$i=0; // санауышқа бастапқы мән береміз for ( ; ; ) {
if ($i>=10) break;
// егер $i 10-нан артық немесе тең болса,циклді аяқтау
if ($i % 2 == 0) print $i;
// егер сан жұп болса, оны шығару
$i++; // санауышты бірге арттыру
}
?>
for жақшасы ішіндегі үшінші өрнекте бірнеше қарапайым командаларды үтір арқылы
жазуға да рұқсат етілген. Мысалы, егер біз барлық сандарды экранға шығарғымыз келсе, онда программаны қарапайым нұсқада жазуға болады:

for ($i=0; $i<10; print $i, $i++);
/* Егер орындау_блогында команда болмаса немесе тек бір команда ғана болса, жүйелі жақшаларды қоймаса да болады */
?>

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет