Оперциялық жүйелердің негізгі тұжырымдамасы, эволюциясы



бет3/3
Дата17.10.2023
өлшемі1,32 Mb.
#117188
1   2   3
Байланысты:
Акт презентация

Жоспарлау

Компьютер бірнеше бағдарламаларды бірмезгілде орындайды. Әр есеп көптеген "тармақтарға" немесе "бөліктерге" бөлінеді, компьютер есептер арасында көшіп отырып, оларды өңдейді. Мыңдаған осындай бөліктер компьютердің әртүрлі құрылғыларымен орындалуы тиіс – бір бағдарламаға электрондық кестені есептеу қажет, екіншісі – құжатты принтерге басуды, үшіншісі деректер қоймасы орналасқан ұйым серверіне қатынасады және т.б. ОЖ міндеті – компьютердің барлық компоненттерінің жұмысын барлық қосымшалар тез және тиімді орындалатындай етіп үйлестіру. Ол үшін операциялық жүйеге компьютердің әртүрлі ресурстарын (алдымен, ОП, ОЗУ және қатты диск) қолдануды жоспарлау қажет. Әр есепке орындалу басымдылығы меншіктеледі, соған сәйкес жоспарлау жасалады. Біздің мысалда баспаға басу тапсырмасынан кестені есептеу жоғары басымдылықта болуы мүмкін.

Бақылау

ОЖ компьютер жұмысын бақылайды. Ол әр есептің орындалу стадиясын қадағалайды, сонымен бірге тіркеу журналын жүргізеді – кім компьютерді қолданып отыр, қандай бағдарламалар жіберілді, деректерде немесе бағдардамаларда санкцияланбаған қолдану жағдайлары болған, болмағанын бакылап отырады. Кез-келген жағдайда кез-келген компьютердің ОЖ және мэйнфрейм, ДК өз бетінше үлкен бағдарлама. Сондықтан оперативті жадта әрқашан ОЖ-нің тек ядро (kernel) деп аталатын бөлігі ғана сақталады. ОЖ-нің үлкен бөлігі қатты дискіде сақталады. Операциялық жүйе сақталатын диск жүйелік (system disk) деп аталады.

Қорытынды

Компьютердің барлық басты әрекеттерін сондай-ақ қатар операциялық жүйенің басқаруымен іске қосылатын басқа программалардың жұмысын басқаратын, көбінесе тұрақты сақтауыш құрылғыда тұратын, машиналық кодта жазылған программа. Алғашқы компьютерлердің операциялық жүйесі болған жоқ, себебі басқару программалары тек компьютердің нақты бір типіне арналып жазылды, бірақ шалғайлық жабдықтарға стандарттардың пайда болуымен, сан алуан компьютерлер үшін осындай жабдықпен әрекеттестіктің бірыңғай программаларын жазуға мүмкіндік туғызды. Операциялық жүйені жазудың екі жүйесі бар — тұрақты сақтауыш құрылғыға барлық жүйені жазу және қатқыл дискіден операциялық жүйенің қалған бөлігінің тек жүктеу программаларын ғана жазу. Мекемеде пайдаланылатын шағын компьютерлер, әдеттегідей, MS-DOS немесе ең соңғы OS/2 операциялық жүйесін пайдаланады. Ықшам машиналарда, дискжетектердің қажеттілігінен аулақ болу үшін, тұрақты сақтауыш құрылғыда жазылған операциялық жүйені пайдаланады. Миникомпьютерлерде UNIX немесе өте танымал емес жүйелер PICK немесе BOS сияқты операциялық жүйе пайдаланылады; сондай-ақ компьютердің нақты бір типіне арналып әзірленген операциялық жүйелер де кездеседі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет