Өзара алмасу заңдылығы – шығыс байланысы Мр фотохимиялық рекацияның сәулелену шарттарында:
Mp=aEet
мұндағы а-реакцияның жылдамдығының тұрақтысы; Ee-сәулелену (сәулелендіретін беттің бірлік ауданындағы сәулелену қуаты), Вт/м2; t-сәулелену ұзақтылығы, с.
есепер Қабылдағыштың бетіне жиілігі v=3,75·1014 Гц сәулелену ағыны келіп түседі. Бұл сәулелену ағыны электромагнитті спектрдің қай облысына жататынына анықтаңыз.
Қабылдағыштың бетіне монохроматты сәулеленудің толқын ұзындығы λ=200 нм болатын секундына 1014 фотон келіп түседі. Осы бетке қанша уақытта энергиясы 1 Дж тең энергия берілетінін анықтаңыз.
Монохромотты көздің сәулелену толқын ұзындығы λ=496 нм, фотондар ағыны Φе= 10 Вт тең. Осы көз 1 мин ішінде сәулеленгендегі фотондар санын анықтаңыз.
Ультрафиолетті сәулеленудің максималды эритемді әсері 297 нм толқын ұзындықта өтеді. Осындай сәулеленудің квантының энергиясын анықтаңыз.
Гуторов 1.1 Мынадай толқын ұзындықтардағы фотон энергиясын табыңыз: 𝞴1=200 нм, 𝞴2=380 нм, 𝞴3=550 нм, 𝞴4=760 нм
Толқын ұзындықтары λ1=300 нм және λ2=580 нм болатын cәулелердің фотондарының энергияларының қатынасын табыңыз және олардың қай спектрдің ауданына тиесілі екенін анықтаңыз.
Монохроматты сәуленің, сәулелік ағын Фе(𝞴,d𝞴)=10 Вт, толқын ұзындығы λ=555 нм тең. Осы сәуленің фотондық ағынын табыңыз.
Жарықтандыру көзінен шығатын сәуленің фотондық ағыны 106 фотон, толқын ұзындығы λ=0.41 мкм тең. Осы сәулелену көзінен қанша уақыттың ішінде фотонның энергиясы 1 Дж тең болатын фотондар ағып шығады. Ал 1 сағаттың ішінде бұл энергия қаншаға тең болады?
Пластинкадағы фотондық сәулеленуді анықтаңыз, егер ол монохроматты ағынмен сәулелендіріп ал оның сәулелендіруі Eeλ=2 Вт·м-2 тең болса.
Бетіне түскен энергияның 90 % жұтатын қара пластина, секундына 100 кал жылу алады. Пластинканың ауданы 1 м2 тең және ол толқын ұзындықтары λ1=500 нм, λ2=2000 нм болатын монохроматты сәулемен сәулелендіреді. Пластинканың сәулеленуін анықтаңыз.
Монохроматты ағынның толқын ұзындығы λ=400 нм, ал оның энергетикалық экспозициясы He=10 Дж·м-2тең болса, осы ағынның фотондық экспозициясын анықтаңыз.
Фотондық экспозициясы Нфот =52·1020 Дж·м2, толқын ұзындығы λ=520 нм болатын фотондарды тудырады. Осы сәлеленудің жасайтын экспозициясын анықтаңыз.
Монохроматты сәулеленудің жарықтылығы (яркость) L(λ, dλ)=1000 кд·м-2, ал оның толқын ұзындығы λ=700 нм тең болса, осы монохроматты сәулеленудегі фотондық жарықтылықты (яркость) және фотондық энергетикалық жарықтылықты (яркость) анықтаңыз.
Жарықтандыру көзінен спектрі сызықты болатын, минутына 1020 фотон мынадай толқын ұзындықтарда: λ1=200 нм, λ2=300 нм, λ3=555 нм, λ4=2000 нм, λ5=3000 нм шығарылады. Спектрдің көрінетін инфрақызыл және ультракүлгін аумақтарындағы шығарылатын сәулелік ағынды анықтаңыз.
Монохроматты сәулелену көзінің толқын ұзындығы λ=500 нм, ал фотондық ағыны Ффот =10 эйнштейн. Осы көздің сәулелік ағынын анықтаңыз.