Оптикалық сәулеленулерді түрлендіру және алу


ӨНДІРІСТІК КӘСІПОРЫНДАРДЫҢ ІШКІ ЖАРЫҚТАНДЫРУЛАРЫН ЕСЕПТЕУ ЖӘНЕ ЖОБАЛАУ



бет7/17
Дата24.05.2023
өлшемі0,94 Mb.
#96479
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   17
ӨНДІРІСТІК КӘСІПОРЫНДАРДЫҢ ІШКІ ЖАРЫҚТАНДЫРУЛАРЫН ЕСЕПТЕУ ЖӘНЕ ЖОБАЛАУ

  1. Шамадарды орналастыру

Жобалау жұмыстарын жасағанда шамдарды орналастыру кезінде, шамдардың жарықтехникалық, энергетикалық және экономикалық жағынан тиімді болуын қарастыру керек. Есептерді шығару кезінде әдетте шамдардың арасындағы L қашықтық пен есептелген h биіктіктің қатынасымен алынып, λ әріпімен белгіленіп сәйкесінше индексіне «с», «э», «о» әріптері жазылады. λ шамасының азаюы қондырғы мен жарықтандыру қызметінің қымбаттауына, ал оның ұлғаюы кенеттен жарықтылықтың бірқалыпсыз болуына және энергия шығынының артуына алып келеді. λ шамасы 1 кестеде көрсетілген. λ шамасының есептелген мәні, жарық көзіне және шамның жарық күшінің қисықтық таралуына тәуелді. Қатар бойынша немесе қатар аралық шамдар арасындағы қашықтық мына формула бойынша анықталады.
L=hλ=(hn-hp)λ=(H- hc-hp)λ, м.

Люменисцентті шамдары бар шырақтарды (светельник) ғимараттың ұзындығы бойынша параллель орналастыру қажет. Әдеттегі жағдайда шамдардың орналасуы төбенің кесігі (в разрезе) бойынша және өндірістік ғимараттың жоспары бойынша іске асады. Сурет 1.



Сурет 1. Шамдардың орналасу схемасы: а- тобенің кесігі бойынша; б,в,- жоспар бойынша
Жұмыс орнының қабырғаға жақын орналасуына байланысты, шамдардың соңғы қатары қабырғадан l=(0.3÷0.5)L қашықтықта болуы қабылданған. Ғимараттың геометриялық өлшемін LA×LB×H м, деп алсақ, мұндағы LA және LB сәйкесінше ғимараттың ұзындығы және ені. Ғимараттың ұзындығы бойынша параллель шырақтардың қатар бойынша орналасуы мына формула бойынша есептеледі.

Мұндағы lb –шырақтардың соңғы қатарларынан А қабырғасына дейінгі қашықтық. Алынған n мәні бойынша L өзгермеген мәнінде l=(0.3÷0.5)LA шартының орындалуын тексеріңіз.

Кесте 1


Тип КСС

λс

λэ

К-концентроталған

0,6

0,6

Г- глубокая

0,9

1,0

Д-косинусная

1,4

1,6

М-равномерная

2,0

2,6

Л-полиширокая

1,6

1,8

«Нүктелік» жарық көздері бар шырақтарды (қыздыру шамы, газразрядтты шамдар) квадрат, тіктөртбұрышты жарық өрістерінің шыңдарына орналастырылады. Жалпы жағдайда қатардағы N шырақтардың саны мына формула бойынша анықталады



Мұндағы lа –шырақтардың соңғы қатарларынан В қабырғасына дейінгі қашықтық.
Жалпы түрде мынадай қатынас сақталу керек La/LB≤1.5. Мынадай шектерде La=LB=l квадраттық жарық өрісін аламыз.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   17




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет