1.2Инклюзивті білім беру жағдайында болашақ бастауыш сынып
мұғалімдерінің
ақпараттық-коммуникациялықтехнологияларды
қолдануға даярлаудың психологиялық-педагогикалық ерекшеліктері
Инклюзияның интеграциядан негізгі айырмашылығы ретінде қоғамның
ерекше бейімделу қажеттіліктері бар балаларға деген қарым-қатынасы аталады.
Инклюзивті білім беру үдерісінде ізгілендірудің рөлі күшейіп, тәрбиелік
аспектісінің орны зорая түседі.
Психологиялық тұрғыдан инклюзия мен интеграцияланған оқыту туралы
алғашқы идеяларды Л.С.Выготский айтқаны белгілі. Ол арнайы білім беру
мектептерінің барлық жетістіктерімен қатар оның ең негізгі кемшілігі – өзінің
тәрбиеленушісін оқшауландыратынында, көзі көрмейтін, құлағы естімейтін,
ақыл есі кем балалардың ұжымыоқшауланған әлемді қалыптастырып, ол орта
баланың тек ауытқужағдайына қарай жасалынғандықтан, баланың назарын
өзінің бойындағы кемшілігіне бағдарланатынын және оны шынайы өмірге
48
ендірмей тастайтынын атап көрсетіп, мүмкіндігі шектеулі балаларды қоғамға
кіріктіру қажеттілігі туралы мәселе қозғаған[15].
Л.С.Выготскийдің пікірінше, дамуында ауытқуы бар баланы тәрбиелеудегі
басты міндет– оны шынайы өмірге ендіру және оның кемшілігін басқа
жолдармен толықтыру. Сол толықтыруларды Л.С.Выготский биологиялық
тұрғыдан емес, әлеуметтік тұрғыдан түсіндірді. Дамуында ауытқуы бар
балалармен жұмыс жасау барысында педагог оқушының бойында көрініс
беретін тек биологиялақ деректермен емес, түрліше әлеуметтік себептермен де
кездеседі.«Кемшіліктері бар балаларды тәрбиелеу мен оқыту - әлеуметтік
тәрбиенің мәселесі ретінде қарастырылу керек. Негізінен, физиологиялық
тұрғыдан толыққанды дамыған балалар мен дамуында ауытқуы бар балаларды
тәрбиелеуде және психологиялық тұлғасын қалыптастыруда олардың арасында
ешқандай айырмашылық жоқ», - деп мүмкіндігі шектеулі балаларды қоғамға
кіріктіру мәселесін көтерді [15].
Л.С.Выготскийдің идеяларын дамыта отырып, дамуында ауытқуы бар
балалар мен дамуы қалыпты балаларды біріктіре интеграциялық оқытуда
рухани және тұлғалық даму мүмкіндігін, әр түрлі жасында орындайтын іс-
әрекетінің әлеуметтік тәжірибе ретінде қалыптасатыны туралы айтады.
Л.С.Выготский білім беру жүйесіндегі арнайы мектептерді толық жоққа
шығармайды. Оның айтуынша, ондай мектептер баланы өмірге үйретуде
қолдау жасап, көмек көрсетуі қажет, өйткені баланың өсіп-жетілуіне оның
айналасындағы ортасы шешуші рөл атқарады.
Инклюзивті білім беру жағдайында болашақ бастауыш сынып
мұғалімдерінің ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдануға
даярлаудың психологиялық негіздерінің мазмұны студенттерде оқытуды
ұйымдастырудың психологиялық ерекшеліктері мен оұу үдерісінде ақпараттық-
коммуникациялық
технологияларды
қолданудың
психологиялық
ерекшеліктерін қарастырға еңбектерді талдау және түйінді ойлар жасаудан
тұрғады.
Студенттерге арнайы курс ұйымдастырылып, онда жоғарыдағы
тармақшаларда қарастырылған «инклюзивті білім беру» ұғымына берілген
анықтамаларға сүйене отырып, әлемдегі, қазақстандық білім беру жүйесіндегі
инклюзивтік білім беру саласы туралы білім жинақтайды.
Студенттер қалыпты оқушылар мен ауытқуы бар, мүмкіндіктері
толыққанды емес балаларды біріктіре отырып білім беруде психологиялық
білімі кең әрі терең болуы міндетті. Сонымен бірге, мұғалім мұндай
сыныптарда жұмыс жасаудың ауыртпалығын да ескере отырып, өзінің де
физиологиялық, психологиялық, моралдық денсаулығының қуатты болуына
әрдайым назар аударып отыруы міндетті.
Негізінде, «адам» мен «компьютердің» өзара әрекеттері күн артқан сайын
қарқындап келе жатқан осы заманда инклюзивті білім беру саласында да АКТ
орны ерекше болатыны сөзсіз.
Психология ілімі болашақ бастауыш сынып мұғаліміне, қазіргі студентке
бірнеше қырдан психологиялық негіздеме жасауға жеткілікті болып табылады.
49
Күрделі мәселе - түрлі бағыттағы психологиялық ілімдерді бір арнаға бағыттау
екені белгілі.
Сондықтан, тақырыпқа сай болу үшін бастауыш сыныпта инклюзивті
білімі беруде ақпараттық-коммуникациялық технологияны қолданудың
психологиялық негіздерін былайша модельдеуге болады деп ойлаймыз.
Бұл психологиялық негіздеменің күрделігі – оның бірнеше аспекті тұрғысынан
қарастырылатыны екенін атап өттік. Бірінші аспекті - «бастауыш мектеп
оқушысының психологиясы», екіншісі - «инклюзивті білім берудің
психологиялық ерекшеліктері», үшіншісі - «ақпараттық-коммуникаицялық
технологияларды қолданудың психологиялық ерекшеліктері», төртіншісі -
«инклюзивті білімі беруде ақпараттық-коммуникациялық технологияны
қолданудың психологиялық ерекшеліктері» (4-сурет).
Сурет 4 - Бастауыш сыныпта инклюзивті білімі беруде ақпараттық-
коммуникациялық технологияны қолданудың психологиялық негіздері
Дәл осы модельдің бүгінгі күн үшін өзектілігіне еш дау жоқ. Бастауыш
сынып оқушысының психологиялық ерекшеліктері оқу-танымдық үдеріске
қатысуы арқылы анықталады. Ал қалыпты балалардың да инклюзивті білім
беру жүйесіне қатысушы ретіндегі психологиялық ерекшеліктері болашақ
мұғалімге танымал болады.
Сондықтан инклюзивті білім берудің психологиялық қыры жан-жақты
ашылуы тис. Оның үстіне ақпараттық-коммуникациялық технологияны
бастауыш мектепте инклюзивтік білім беруде қолданудың да танылуы тиіс
өзіндік ерекшеліктері де мол болары белгілі. Енді осы психологиялық негізді
құраушыларды қарастырайық.
•«инклюзивті
білімі беруде
АКТ-ды
қолданудың
психологиялы
қ
ерекшеліктері»
•«АКТ-ны
қолданудың
психологиялық
ерекшеліктері»
•«
инклюзивті
білім берудің
психологиялық
ерекшеліктері»
• «
бастауыш
мектеп
оқушысының
психологиясы»
бастауыш
сыныпта
инклюзивті
білім беруде
психологиялы
қ негіздері
ақпараттық-
коммуникаци
ялық
технологиян
ы
қолданудың
50
Бастауыш сыныпта оқушылардың танымдық үдерістері ерен қарқынмен
жұмыс жасайтыны белгілі. Олардың қабылдау, зейін, қиылдау, ес пен эадысы,
ойлауы, сөйлеуі – оқушылардың оқу әрекетіндегі маңызды компоненттері
болып табылады.
Бастауыш сынып оқушылары өздерінің бір-бірімен қарым-қатынас жасау
қажеттілігін, ойнау қажеттілігін, оқу және еңбек ету қажеттілігін
қанағаттандыруы үшін ол өзін қоршаған дүниені қабылдап үйрнеуі керек,
өзінің оқу не танымдық әрекеттеріндегі қандай да бір сәттерге байыппен назар
аударып, зейін қойып дағдылануы керек. Сонымен бірге, не істеу керектігі
туралы, нені есінде сақтау керектігін, не жөнінде ойлану керектігін, не туралы
сөйлеу керектігін алдын ала елестетіп барып жүзеге асыруға дағдылануы тиіс.
Бастауыш сынып оқушысы үшін оқу-танымдық үдеріс қоршаған дүниеге
басқаша есік ашып, ішкі жан-дүниесінде жаңа әлем қалыптастыратын
ерекшелікке толы үдеріс болып табылады. Онымен қоса, күн сайын бастауыш
сынып оқушысында бұл үдеріс күшейе түседі, дами береді. Солай етіп, ол
танымдық үдерістердің әрқайсысы баланың тұлға ретінде қалыптасуына өзіндік
ерекше үлес қоса беретін болады.
Бастауыш сынып оқушыларының оқу-танымдық үдерісінің психологиялық
құрылымын білуі арқылы болашақ мұғалімдер, студенттер инклюзивті білім
берудің тиімді әдістері мен амалдарын таңдауда, оның ішінде ақпараттық-
коммуникациялық технологияларды қолданудың да жекелеген ерекшеліктерін
тануға қалыптасады.
Оқу-танымдық үдерістің зерттелуі мен дамуына үлкен үлдес қосқан
ғалымдардың ішінде Л.С.Выготскийдің, А.Н.Леонтьевтің, Л.С.Сахаровтың,
Ж.Пиаженің, С.Л.Рубинштейннің, басқа да көрнекті ғалымдардың есімдері
белгілі.
Жоғарыдағы модельде көрсетілген «Инклюзивті білімі беруде ақпараттық-
коммуникациялық технологияны қолданудың психологиялық ерекшеліктерін»
одан әрі терең тану – келешектің міндеті. Өйткені инклюзивті білім берудің
психологиялық негіздері әлі де болса көптеген мәселелердің түйіні
шешілмегені себепті бір ортақ жүйеге түсірілмеген. Ол міндетті, біздің
ойымызша, арнайы қарастыру керек.
Жалпы білім беретін мектепте қалыпты балалармен бірге оқитын мүгедек
балалардың білім алуын ұйымдастыру үшін, оның ішінде ақпараттық-
коммуникациялық технологияны қолдана отырып оқытудың психологиялық
негізін білу үшін, қолда бар психологиялық зерттеулердің алдағы уақытта
мынадай компоненттерден тұратын жүйеге түсірілуі керектігі анықталды (5-
сурет).
51
Сурет 5 - Инклюзивті білімі беруде ақпараттық-коммуникациялық
технологияны қолданудың психологиялық ерекшеліктері
Ақпараттық-коммуникациялық технологияны қолданудың психологиялық
ерекшеліктері адамның көру және есту анализаторларының мүмкіндіктерін
қалай және қалай тиімді пайдалануды танытады.
Бастауыш сынып оқушыларының білім алу үдерісінің алғашқы кезеңінде –
сезіну мен қабылдауына әсер етіп, сезім органдары арқылы қабылданатын
сигналдарды дұрыс өңдеуіне, сөйтіп дерексіз ойлау аясына түсуіне АКТ игі
әсер ете алады. Осы үдерістің нәтижесінде оқушыда белгілі бір нәрсе туралы
қарапайым болса да байымдау және түйін ой қалыптасады.
Компьютердің есту мен көруді бір мезетте оқушыға жеткізе алатын
мүмкіндігі оқушының беріліп жатқан білімдік ақпаратты шамасы жеткенше
саналы түрде қабылдауына мүмкіндік береді. Саналы түрде қабылдау
барысында оқушының көрнекілікті қолдануы – ұғымдар мен ой қалыптасуына
негіз қалайды.
Сонда аудиобейнелі оқу құралдары саналы ойлауға алып келетін ойлау
үдерісі үшін қажетті шарттар пайда болуына әсер ететінін көруге болады.
Инклюзивті білім беруде бастауыш сынып оқушыларына берілетін білім
мазмұнының ұғынылуына және бекітілуіне санасында жарқын сәттердің
орнығуы арқылы тірек болады. Сондықтан мұғалім оқушыларға оқу
ақпаратының эмоциялық әсермен жеткізілуіне назар аударуы керек. Бұл жерде
жағымды эмоциялық әсер ету туралы сөз болып тұрғаны белгілі.
Сонымен қатар, түрлі-түсті бояулы бейне, сурет, тартымды әуен,
әріптердің жазылуы, нақты да айқын естілетін диктордың дауысы – барлығы
берілетін ақпараттың қабылдануы үшін аса маңызды болып табылады.
Инклюзивті
оқытудың
психологиялық
ерекшеліктері
қалыпты
балалар
психологиясы
естуі бұзылған
балалар
психологиясы
көруі бұзылған
балалар
психологиясы
сөйлеуі
бұзылған
балалар
психологиясы
қозғалысы
бұзылған
балалар
психологиясы
эмоциялық-еркі
бұзылған
балалар
психологиясы
психикалық
дамуы тежелген
балалар
психологиясы
52
АКТ-ны қолдануда мұғалім мен оқушының өзара бірігіп орындайтын
әрекетінің нәтижелі болуы, көп жағдайда, оқушылардың ақпаратты қабылдауға
зейінін қоюға және соны біраз уақыт ұстап тұруға байланысты болып келеді.
АКТ қолданып, оқушылардың зейінін сақтап ұстаудың бірнеше жолы ретінде –
әсерленуді күшейтуді, зейін қоюды тікелей талап етуді, енжарлық пен
алаңғасарлықты жоюға қарсы әрекет жасау, сабақты қызғылықты
ұйымдастырылуы.
Ақпараттық-коммуникациялық технологияны қолдана отырып сабақ
беруде оқушылардың зейінінің мынадай психологиялық ерекшеліктерін
ескеріп, реттеп отыру керек. Оқушының зейінін қадап отыруы, тұрақтылығы,
зейінінің дұрыс бөлініп отыруы, зейінін басқаға ауыстыруы. Осындай
амалдарды қолданып, оқушылардың сабақ барысында талдау, салыстыру,
қорытындылар жасау, соның арқасында сабақ оқуға деген жағымды мотивация
қалыптастыру мүмкін болады.
Қазіргі уақытта білім беру үрдісінде мұғалімдердің әр түрлі компьютерлік
технологияларды қолдану мүмкіндігі төмен екендігін айқындадық, бұл жағдай
олардың АКТ құралдарын қолдануда кәсіби дайындықтан өтпегендігін
білдіртеді, осы фактор оларды АКТ технологиялардың қолдану мүмкіндігінде
қиындық туғызғандықтан, белгілі бір ішкі үрей пайда болатыны белгілі.
Осыдан кейін мынадай мәселе туындайды: болашақ бастауыш сынып
мұғалімдеріне инклюзивті білім беру аясында жұмыс жасау дағдыларына
үйрету, білімдер беру мен технологияларды қолдану негіздеріне оқыту мен оқу
үдерісіне оларды тиімді интеграциялау және қолжетімді технологиялар арқылы
жетістікке жету қажеттілігін қанағаттандыру болып табылады. Қазіргі
заманның жоғарғы оқу орны түлектері, өзінің алдындағы бітірушілерінен
қарағанда компьютерлік технологияларды қолдануы құзіреттілігі жоғары десек
қателеспейміз.
Мүмкіндігі шектеулі балалардың әлеуетін тиімді ашу үшін білім беру
үдерісінің дәстүрлі тәжірибеге сәйкес сандық технологияларды ұтымды
қолдануға болады. Бұл үдерісте жеке рөл оқытушыға беріледі: ол белгілі бір
балаға психологиялық дамуы мен коммуникативтік дағдылар қалыптастыру
бойынша қандай құралдар пайдаланатынын және оң әсер беретінін анық білуі
тиіс.
Ғылыми-зерттеудің талдауы бойынша [128, р.49; 129, с.301], оқытушының
міндетіне дәстүрлі оқыту үдерісімен кезектесіп АКТ дұрыс таңдауы да кіреді.
Бұдан шығатын қорытынды, АКТ-ды қолдануда болашақ мұғалімдер
инклюзивтік құзыреттіліктің пайда болуына төмендегідей құзіреттіліктер
негізгі болып табылады:
1. Психологиялық құзыреттілік. Ол мектеп кеңістігінде жұмыс істеу
мақсатын, өзін-өзі дамыту мен өз білімдерін жетілдіру қажеттілігін,
педагогикалық қызметті өз бетінше және жауапкершілікпен жүзеге асыруды,
оқушының психикалық дамуына көмектесуді, ұдайы өз-өзімен, ойлау және тану
қабілетімен жұмыс істеуді көздейді.
53
2. Ғылыми-теориялық құзыреттілік. Ол педагогикалық ғылымды дамыту
тұжырымдамасын білумен, тұлғаны дамыту схемасын үлгілеу шеберлігімен
және т.б. теңдестіріледі.
3. Тәжірибелік құзыреттілік. Бұл – педагогикалық іс-әрекетті тиімді жүзеге
асыруға мүмкіндік беретін тәжірибелік білімдер мен дағдылардың жиынтығы.
4. Психофизиологиялық құзыреттілік. Ол тұлғалық қасиеттер мен
балалармен педагогикалық жұмысты іске асыруға мүмкіндік беретін белгілі бір
білімдердің үйлесімінен тұрады.
5. Физиологиялық құзыреттілік. Бұл – педагогтың физиологиялық және
психикалық денсаулығының кәсіпке қойылатын талаптарға сәйкестігі.
Құзыреттілікті әдетте тұлғаның тұтастығы тұрғысынан қарастырады.
Құзыреттілік, педагогтың қасиеті ретінде, психикалық уәждемелермен
шарттасады. Оның дамуы болашақ кәсібімен танысудан басталады. Одан әрі
жеке тұлға педагогикалық қызметін жүзеге асыруға мүмкіндік беретін белгілі
бір білімдер мен дағдыларды игереді. Таңдап алған мамандығына деген оң
көзқарасы бекіген сайын өзіне сын көзбен қараушылығы мен өз-өзіне
талапшылдығы арта түседі. Шын мәнінде, құзыреттілік уақыт өте келе
педагогтың жеке тұлғалық қасиетіне айналады. Педагогикалық білім беру
мекемелерінде бұл көрсеткішті студенттің дамудың әр кезеңінде өзінің кәсіби
міндеттерін сапалы орындау мүмкіндігі негізінде есептейді.
Болашақ педагогтардың өз кәсіби қызметтерін орындаудағы құзыреттілігі
мәселесі психологиялық-педагогикалық ғылымда айрықша орын алады. Оған
Ресейде де, шетелде де көптеген зерттеулер арналған. Оған Ресей мен шетелде
көптеген зерттеулер арналған. Бірқатар ғалымдардың зерттеулерін талдау[130,
131] бітірушілердің құзыреттілігі –бұл төмендегі құрамдастардан тұратын тұтас
білім деген тұжырым жасауға мүмкіндік береді. Олар:
–педагогикалық қызметті таңдау себептері (уәждемелік);
–болашақ мұғалімнің тұлғалық қасиеттері (тұлғалық);
–балалармен жұмыс істеуге икемділік (еріктік);
–игерілген білімдер, біліктер және дағдылар (когнитивті).
Осыған ұқсас тәсілдер педагогтардың оқыту үдерісінде АКТ-ны
пайдалануға кәсіби құзыреттілігі мәселесі бойынша зерттеулерді талдау кезінде
де кездеседі. Айталық, Г.А.Кручинина өзінің жұмысында болашақ
мұғалімдердің АКТ-ны пайдалану бойынша құзыреттілігінің мәнін анықтауға
әрекет жасаған және құзыреттіліктің құраушыларын бөліп көрсеткен
– психологиялық (кәсіби қызметінде техникалық құралдарды пайдалануға
бағыттанушылық, компьютерлік технологиялар саласындағы өз білімдерін
жетілдіру ниеті, осы салада өз бетінше білім алу қажеттілігі);
–ғылыми-теориялық (ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың
педагогикалық үдеріске және оқушылардың мектеп бағдарламаларын игеруіне
оң ықпалы туралы белгілі бір теориялық білімнің болуы);
–тәжірибелік
(компьютерлік
технологиялармен
жұмыс
істеудің
тәжірибелік машықтарының болуы);
54
– психофизиологиялық (болашақ педагогтың физиологиялық және рухани
денсаулығының кәсіпке қойылатын стандартты талаптарға сәйкестігі).
Егер осы тізімді инклюзивті білім беру ортасына қолданса, онда әмбебап
та, дамуында ерекшеліктері бар балаларға арналған мамандандырылған да АКТ
құралдарын пайдалану бойынша когнитивті құзыреттілік те болуы тиіс.
Жоғарыда
айтылған
факторларды
негізге
ала
отырып,
Г.А.Кручининастуденттердің педагогикалық іс-әрекетте АКТ-ны пайдалануға
дайындығына анықтама береді. Бұл құбылысты зерттеуші оқу үдерісіне АКТ-
ны ендірудің тұрақты мотивациясы, АКТ саласындағы ауқымды теориялық
білімдердің болуы және оқу бағдарламаларын іске асыру үшін ерік-жігер
қасиеттерінің көрінуі деп түсінеді [132, б.25].
Осыған ұқсас ұстанымды М.А.Ермағанбетова да ұстанады. Оқыту және
дамыту құралы ретінде АКТ-ны пайдалану бойынша құзыреттіліктің негізгі
элементтері ретінде ол мыналарды атайды:
– мотивациялық (АКТ-мен жұмыс істеуге қызығушылық, осы салада
белгілі бір табыстарға қол жеткізу);
–танымдық (оқыту үдерісінде, соның ішінде гуманитарлық пәндерге АКТ-
ны пайдаланудың маңызын бағалау);
– эмоционалды-еріктік (білім берудегі бәсекелестік артықшылықтарды
арттыру үшін АКТ-ны пайдалану қажеттілігін жете түсіну) [133, б.23].
I.Siraj-Blatchford өзінің еңбегінде ақпараттық-компьютерлік құзыреттілікті
2 қырынан қарастырады: дәстүрлі ақпараттық технологияларды шебер
пайдалану ретінде және білім беру нарығында бәсекелестік басымдыққа ие
болуға мүмкіндік беретін заманауи компьютерлік құралдарды сауатты қолдану
ретінде[134].
Айта кету керек, зерттеушілердің көпшілігі [135, 136, 137] болашақ
педагогтардың бойында инклюзивті білім беруді қалыптастырудың дәл соңғы
құрамдастағы мәселелерін бөліп қарастырады. Яғни ЖОО бітірушілерінің
санасында АКТ-ны қолдану XXI ғасырдың негізгі технологиясы деген ереже
қалыптасуы тиіс. Бұл оқыту мен өз бетінше білім алудың тиімділігін
арттырудың ұтымды әдісі, себебі оларды пайдаланған жағдайда мұғалімдердің
де, оқушылардың да өнімділігі жақсарады. Болашақ педагогтар АКТ-ны
пайдалану – білім беру үшін қалыпты нәрсе екенін түсінуі тиіс, сондықтан
оларда білім беру ортасындағы осы құрамдасты пайдалануға деген жағымды
уәждемелік-құндылықты көзқарас болуы қажет.
Тәжірибеде құзыретті педагог мыналарды білуі керек:
–АКТ-ны пайдаланған жағдайда оқу үдерісін жоспарлау;
–АКТ-мен жұмыс істеудің жеке және ұжымдық әдістерін ұйымдастыру;
–АКТ-ны пайдалану жөніндегі өзінің теориялық білімдері мен тәжірибелік
дағдыларын үнемі жетілдіріп отыру [138, б.30].
Осылайша, инклюзивті білім беру ортасында АКТ-ны пайдалану
педагогтан үнемі өз құзыреттілігін дамытып отыруды талап етеді, себебі
мұндай технологияларға ұдайы жаңғырту мен инновациялардың пайда болуы
тән. Бұл ретте, егер жаңа және жақсартылған АКТ оқушылар үшін оқу
55
үдерісінің қолайлылығы мен тиімділігін арттырса, онда олар жұмыс уақытын
пайдаланудың тиімділігіне әсер етпеуі мүмкін немесе кері әсер етпейді.
Осыған байланысты, бұл мәселенің күрделілігінің себебі, оқытудың озық
сипаты төмендегі ережелер негізінде тұрғызылуы қажет деп есептейміз:
–оқу үдерісін жаңғырту мұғалімнің және жалпы білім беру циклының
педагогикалық іс-әрекетені жиі өзгерістер енгізіп отыру жолымен жүзеге
асырылуы керек;
–оқытушы, оқу үдерісінің негізгі буыны ретінде, үнемі, көбіне жұмыстан
тыс уақытта өз бетінше білім алу жолымен АКТ-ны қолдану жөніндегі
білімдері мен дағдыларын жетілдіріп отыруы тиіс.
Кез-келген технологиядағыдай, АКТ-да басты рөл коммуникацияларға
беріледі. Біздің ойымызша, компьютерді осы мақсаттарда инклюзивті оқу
үдерісінде пайдалану оқушылардың, соның ішінде дамуында ерекшелігі бар
балалардың ауызша қызметін үш жақтан қамтамасыз етуге мүмкіндік береді:
1. Оқушылардың оқудан бос уақыттарында техникалық құрал –
компьютердің көмегімен электронды пошта немесе әлеуметтік желі арқылы
қарым-қатынас жасауы.
2. Оқушының компьютермен интерактивті өзара әрекеттестігі (сұраулар
жасау, ақпаратты өңдеу, электронды мәліметтер базасымен жұмыс істеу). Бұл
жағдайда компьютер қолданушының серіктесі ретінде қарастырылады.
3. Сынып ұжымының үшжақты қарым-қатынасы: оқушылар, мұғалім және
компьютер. Бұл – оқу қызметіндегі коммуникация тәсілдерінің бірі.
Яғни,
АКТ
пайдалану
ХХІ
ғасырдың
негізгі
технологиясы
ұстанымыжоғарғы оқу орындағы түлектердің санасында қалыптасуы тиіс
болады.Оларды пайдалану оқытушылар мен оқушылардың өнімділігін
жақсартады, солсебептен оқыту мен оқудың тиімділігін арттыру үшін бқл
ұтымды жол болып табылады.АКТ пайдалану – білім беру үшін норма болуы
тиіс, сондықтан осы компонентті білім беру ортасында пайдалануболашақ
мұғалімдер үшін мәндік және мотивация тарапынан оң көзқараста болуын
қажетсінеді [139].
Іс жүзіндемұғалім мынадай біліктіліктерге ие болу қажет:
– оқу үдерісін жоспарлау кезеңінде АКТ-ды пайдалану жолдарына;
– жеке жұмыс және ұжымдық жолдарын ұйымдастыру үдерісінде АКТ-ны
қолдану мүмкіндіктеріне;
– үздіксіз АКТ пайдалану, олардың теориялық білімі мен практикалық
дағдыларын
жетілдіру
іскерліктеріне.
Ол
инклюзивті
білім
беру
жағдайындаАКТ-дықолдану технологиясы үздіксіз жаңғыртылыптұрады және
түрлі инновацияларға тән пайда болған өзгерістерге ие болады, себебі мұғалім,
құзыреті дамытуда жалғастыруды талап ететінін атап өткен жөн.
Зерттеуші Chai Ching ғаламтор кеңістігінде: форумдарда, электронды
пошта арқылы, чаттарда, пікірлерде қолданушылардың қарым-қатынас жасау
ережелерін құрылымдауды жүргізген[140]. Біздің ойымызша, мұнда тағы да
өзара әрекеттестіктің ойындық нысандарын да қосу керек (оқытушы ойындар
болған жағдайда).
56
Профессор Ю.Подгурецки атап көрсеткендей, коммуникация егер оның
мәні барлық тарапқа түсінікті болса және оған деген жақсы қызығушылық
қалыптасса ғана тиімді болады [141]. Бұл өлшемдерді АКТ-мен жұмыс істеуге
көшіру оларды болашақ мұғалімдердің құзыреттілігін қалыптастыру үдерісіне
ендірудің табыстылығының бастапқы факторларын жасауға мүмкіндік береді:
–студентте компьютер мен арнайы құралдар және олардың қызметтері
туралы жеңіл-желпі білімдердің болуы;
–студенттердің білім алу мен кәсіби дайындық, сондай-ақ қарым-қатынас
үшін АКТ-мен жұмыс істеудің маңыздылығын жете түсінуі.
Табыстылықтың бірінші факторын қолданушыларға компьютерлік
бағдарламалық жасақтаманың ежелерін үйрету жолымен қалыптастыруға
болады. Екінші фактор оқытушының студенттің бойында компьютерлік
техникаға деген бейімділік пен ықыласты қаншалықты қалыптастыра
алатындығына байланысты. Дер кезінде психологиялық кедергіні жою
маңызды, әйтпесе АКТ тек жеккөрушілік туғызады.
Жоғарыда баяндалған жайларды ескере отырып, оқу үдерісінде АКТ-ны
пайдалану бойынша құзыреттіліктің дамуы техника мен бағдарламалық
өнімдерді игеруден басталып, олардың білім беру саласында іске асырылуын
жете түсінумен аяқталатындықтан, шиыршықталған сипатқа ие деген тұжырым
жасауға болады.
Осылайша, оқу үдерісінде АКТ-ны пайдаланудың 3 түрін бөліп көрсетуге
болады, олар: базалық, функционалдық және кәсіби. Олардың алдында
құзыреттілікке жатпайтын компьютерлік түсінік (қолданушы) деңгейі бар. Бұл
ретте бір сатыдан екіншісіне өту диалектикалық терістеуді көздемейді.
Мысалы: базалық құзыреттілікке теориялық білімдердің белгілі бір жиынтығы
тән. Одан әрі мұғалімнің педагогикалық іс-әрекет нәтижесінде теория басқаша
түсіндіріледі. Сосын тереңдетілген білімдер мен тәжірибелік дағдылар оқу
үдерісіне АКТ-ны ендірудің жаңа механизмдерін жасауға мүмкіндік беретін
бұдан да жоғары таным құрылымдарына жинақталады. Педагогтың осы
саладағы кәсіби құзыреттілігіне ойлаудың белгілі бір түрі – ақпараттық ойлау
тән. Оның мәні оқыту мен әдістемелік материалдарды жасау үшін АКТ
құралдарын икемді және еркін қолдану болып табылады.
Көбінесе педагогикалық оқу орындары бітірушілерінің және кейбір
педагогтардың білімдері базалық құзыреттілік деңгейінде жобаланғаннан
төмен. Осыған байланысты АКТ саласындағы бастапқы хабардарлықты
сипаттайтын, «нөлдік» деп аталатын тағы бір деңгейді бөліп қарастыру қажет
деп есептейміз.
Түрлі зерттеушілердің ұқсас бағдарлар бойынша ұстанымдарымен таныса
келе [54, 142, 143] біз әр деңгейдің сипаттамасын жасадық. Нәтижелері 6
кестеде келтірілген.
Сосын тереңдетілген білімдер мен тәжірибелік дағдылар оқу үдерісіне
АКТ-ны ендірудің жаңа механизмдерін жасауға мүмкіндік беретін бұдан да
жоғары таным құрылымдарына жинақталады (6-кесте)
57
Кесте 6 – Инклюзивті білім беру саласында АКТ-ны қолдану бойынша
құзыреттілік деңгейінің сипаттамасы
Педагог құзыреттілігінің
деңгейі
Сипаттамасы
Қарапайым
(Компьютерлік түсінік
деңгейі)
Педагог білім беру үдерісін ақпараттандырудың
маңыздылығын түсінеді және информатика
жөнінде
азғана
көлемдегі
білімге
ие.
Тәжірибелік дағдылары бірнеше стандартты
бағдарламаларды игерген.
АКТ
саласы
бойынша
функционалды
сауаттылықтың жеткілікті деңгейі болуы.
Базалық
Педагог өзін ақпараттық қызмет субъектісі
ретінде қабылдайды. Ол ең қарапайым
бағдарламалармен
танысады
және
алған
білімдерін
тәжірибеде
қолданады
(факультативтерде, үйірмелерде және т.б.)
Әрекетшілдік
(Функционалдық)
Педагог оқу үдерісіне АКТ-ны ендірудің
стратегиялық және тактикалық міндеттерін жете
түсінеді. Ол дамуында ерекшеліктері бар
балаларға
ақпаратты
қолжетімді
етуге
мүмкіндік беретін бағдарламалардың барлық
қызметтерін
сенімді
қолдана
отырып,
графикалық редакторларды, кестелерді және
электронды мәліметтер базаларын пайдалана
алады.Барлық машықтар оқу-тәрбие қызметінде
белсенді пайдаланылады.
АКТ-ны кәсіби, әлеуметтік, және жеке
міндеттерін шешуде тиімді және негізді
қолдануы.
Кәсіби (Жүйелілік)
АКТ-ның
көмегімен
жаттығу
барлық
оқушылардың толыққанды жұмыс істеу сәтіне
айналады.
Педагог
оқытуды
ақпараттандырудың терең тұлғалық мағынасын
жете түсінеді, оқушылардың бойында жағымды
көңіл-күй қалыптастырады. АКТ-ны пайдалану
дамуында
ерекшеліктері
бар
балалар
психологиялық және физикалық жайсыздықты
сезінбейтін күнделікті іс-шараға айналады.
Педагогтің инклюзивті білім беру саласында АКТ пайдалану бойынша
кәсіби құзыреттілігінің деңгейіне барлық алдыңғы деңгейлер кіреді және егер
педагогтің осы саладағы базалық құзыреттілік деңгейі қандай да бір білім,
білік, іскерліктер жиынтығы болып саналса, онда кәсіби деңгей бұған
58
тұлғалық-эмоционалдық саланы қосады. Бұл дәл осы педагогикалық қызмет
үшін өте маңызды, себебі ол субъект-субъектілік сала болып табылады, және
педагогтың сезім күйлерінің аясы мен оқытушылық пәнге және
пайдаланылатын құралдарға деген жеке көзқарасы оқушылардың оқу
ақпаратын қабылдауы мен игеруінің тиімділігін айқындайды.
Инклюзивті білім беру жағдайында болашақ бастауыш сынып
мұғалімдерінің ақапараттық-коммуникациялық технологияларды қолдануға
даярлауда маңызды орын алатын психологиялық ерекшеліктері деңгейлеп
ұлғайып, біртіндеп мазмұн жағынан толығып отырады. Оны төмендегі кестеден
көруге болады (7-кесте).
Кесте 7– Инклюзивті білім беру жағдайында болашақ бастауыш сынып
мұғалімдерінің АКТ-ны қолдануға даярлаудың психологиялық ерекшеліктері.
Достарыңызбен бөлісу: |