Оралхан б 3-том indd



Pdf көрінісі
бет17/23
Дата20.02.2023
өлшемі2,47 Mb.
#69521
түріБағдарламасы
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   23
Байланысты:
Сайтан көпір. Оралхан Бөкей

Қар қызы: – «Қар қызымын...» 
Нұржан әлі маужырап жатыр: – «Қар қызы... мынау 
сұпсуық өлкеде сыңсытып ән салатын ару сен екенсің ғой». 
Қар қызы: – «Иә, менмін». 
Нұржан қуанып кетті: – «Сенің мұңлы әніңді жер бетінде 
тек мен ғана ести алатынымды білесің бе? Тек мен ғана 
тыңдай аламын». 
Қар қызы: «Егер оны білмесем, іздеп келер ме едім». 
Нұржан жанында отырған аппақ қызды бауырына тартып, 
аймалайды: – «Көп іздедім ғой өзіңді... КӨП іздедім. 
Шаршадым, шаршатты мені. айыртауда Қар қызы бар екен, 
қыста қарлы шағылдардың арасына көзге көрінбей ән салып 
жүреді екен де, жаз шыға жетіқат жер астына сіңіп кетеді 
екен, – деген аңызды талай-талай естісем де, іштей 
иланбаушы едім.
Енді міне, өзіңді көріп отырмын. Қандай сұлусың». 
Қар қызы: – «Қандай сұлу болсам – сондай суықпын». 
Нұржан қыздың алақанын бетіне басады: – «рас суықсың.
Неге солай екен?» 
Қар қызы: – «мені адамдар мәңгілікке өкпелеткен». 
Нұржан: – «адамдарың кім сонда?» 
Қар қызы: – «Қоңқай шал...» 
Нұржан: – «Ол адам емес, Қоңқай ғой». 
Қар қызы: – «Қоңқайлар да адам. Олар керек. Олар 
жастарды адастыру үшін жаратылған. ал адамдар ең әуелі 
адасып алмаса, бірін-бірі әсте де іздеп таба алмас еді...» 


213
Нұржан: – «рас айтасың, егер сол Қоңқай шал адастырмаса, 
сені ешқашанда іздеп таба алмас едім». 
Қар қызы: – «Егер сол шал болмаса, мен дәл осылай 
мәңгібақи адасып, зар илеп, зар жұтып өтпес едім. Сен менің 
тілімді алсаң, қазір орныңнан атып тұр да, анау екі 
жолдасыңды қуып жетіп, ертіп қайт, кері қайтар».
Нұржан: – «Олар қайда кетті?» 
Қар қызы: «Қол-аяғын үсік ұрған екеуі, жер асты еліне 
беттеп барады». 
Нұржан ойланып қалады: «...мен дәл қазір орнымнан 
тұрып кетсем... Сені қайтып көре алмай қалармын. Сол жер 
асты еліне саған еріп менің де барғым келеді. Шын бақыт, 
шын махаббат, нағыз бостандық – жер астында ғана...» 
Қар қызы: – «мені сүйетінің рас болса, келе көрме бұл 
жаққа».– Екі қолын сермеп зәрезеп болып безектейді. 
Нұржан: – «Неге? Неге? Неге?» 
Қар қызы: – «Өйткені екеуміз қосылып қоямыз».
Нұржан: – «Қосылсақ ше? Біз ғашық жандармыз ғой». 
Қар қызы: – «Шын ғашық о дүниеде де қосылмауы керек. 
Бірге тұрсақ бәрібір ұрысып қаламыз. Қозы мен Баян арыз 
беріп баяғыда ажырасып кеткен. Өйткені адам, қайда да адам: 
жер бетінде де, жер астында да, тіпті көк тәңірісінде де... бәрі 
бір адам». 
Нұржан жалбарынып жылап жібереді: – «махаббат ше? 
махаббат!» 
Қар қызы: – «Жоқ болған соң да махаббатқа тым 
ынтызармыз. Егер зәуде бар болса, баяғыда жек көріп кетер 
едік. Нағыз махаббат жер астында да жоқ. Тұр! Егіле бермей, 
еңсеңді көтер. – Қолынан тартады. – Үсік шала бастаған екі 
досыңды оят. Сен секілді жігіттер жер астына ғана емес, жер 
бетіне керек. Тұр! Тұр! Тұр!» 
Ол Қар қызы емес. Нұржанның тамырында аласұрып, 
аязбен айқасқан, үсікке бой бермей жанталасқан қып-қызыл 
қаны, тулап соққан жүрегі еді... 
Өлдім дегенде тыныштықтың бұғауын үзіп, орнынан атып 
тұрды! аласа қаланған қар үңгірдің төбесіне төбесі тиіп құлап 
қалды. Өздерінің өне бойынан жан кетіп, үсікке ұрына 
бастағандарын сезді де, жалп етіп құлаған қардың астында 
қалған аманжан мен Бақытжанды жұлқылап, тіпті тепкілеп 


214
оята бастады. Жан дәрменде екі беттерінен ұрғылап, 
шымшылап жүріп, әрең естерін жиғызды. Ербиіп-ербиіп 
орындарынан көтерем сиырдай кирелеңдей көтерілді де, сылқ 
етіп қайта құлады. Нұржан жанталаса айғайлап: – Тұрыңдар! 
Жүгіріңдер! Үсіп өліп қала жаздаппыз! Ұйқтауға болмайды! – 
деп жұлмалайды екі жолдасын. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет