ЖЕТІМ БОТА
ақтау қаласына келіп қонған ақ шағаладай лайнерден
жаңаша киінген, сұңғақ бойлы, бұйра шашты, қара көзілдірігі
бар сағыз шайнаған қазақ жігіті түсіп келе жатты. Қолында
дипломаткасынан басқа ұстаған заты жоқ; жан-жағына
алаңдамастан бірден таксиге отырды. Ол – азан шақырып
қойған есімі Тасжан, бүгінде Тас деп қысқартып атап кеткен
заманымыздың аса дарынды сәулетшісі.
Үш айдан соң жаңа қаланың жобасын тапсыруға
дайындалып жүрген беті...
Қиырына көз жетпес шалқар теңіздің жағасында төбесі
көк, аяғы жер тіреген ақ шағала үйлері сап түзеген алып қала
тыныстап жатты. алыстан немесе тым-тым биіктен қарағанда,
су жағалап жусаған бір қора қой секілді үйіріліп көрінеді.
Шайдай ашық күндері үстін қоп-қою түтін басып, мұнарға
тұншығып жатар қаланың көрінісі, әсіресе ішіне кіргенде бар
сымбатын алдына жайып салар еді. Дүние жүзіндегі басқа,
миллиондаған тұрғыны бар жойқын шаһардан сырт көзге
айырмашылығы жоқ болып көрінгенімен, анықтап қараған
адам ала бөтен ерекшелігін де табар еді. Әсіресе төрт тағанға
орналасқан алты қабатты үйлер қаздай тізіліп, өзінің ешбір
елде жоқ әсем архитектурасымен көз тартатын. Күндіз
қырдан, түнде теңізден соққан жел иін тірескен қызыл кірпіш
үйлердің қалқасында қамалып қалмай, арбайған таған-
сирақтардың арасынан сусылдап өтер еді де, қаланы иіс-
қоңыстан тазартып, желпіп тұрар еді.
Телегей-теңіз бен салқар сахараның түйісер тұсында соңғы
жиырма жылда пайда болған қаланы – ақтау деп, ал анау
жанталаса жағалауға ұмтылып, бірақ өмір бақида да өз
арнасынан аспаған көк теңізді жергілікті халық атырау деп
атайтын. Басқа-басқа, дәл маңғыстаудың күн қақтаған тыр
жалаңаш сахарасына әлемнің аузына іліккен әсем қала
орнайды деп кім ойлаған. Ендігі үміт, анау шалқып жатқан
252
судың бетіне үй салу, – қандай керемет болар еді. Ол
кереметті көруді екі мыңыншы жылы келер ұрпаққа
қалдырайық та, ендігі әңгімені қазіргі заманның ұланына
берейік.
«менің бұл қалаға келгеніме үшінші күн. «Интер-
континенталь» атты қонақ үйдің ең үстіңгі қабатынан ойып
орын
алдым.
Жалғызбын.
Жасым
қырықтан
асты.
мамандығым – архитектор. Үйленгенмін, бірақ сүйіп қосылған
әйеліммен алдыңғы жылы айрылысып кеткенім. Қазір
бойдақпын. Осыдан жиырма жыл бұрын, осы қаланың
алғашқы жобасын жасауға қатыстым. Диплом жұмысым да
атырау бойына салынар ақтау деген қаланың архитектурасы
болды. Еңбегім еш кеткен жоқ, екі жастың біріне келмей
жатып-ақ атағымды аспаннан бір-ақ шығарды. Өмірге жаңа
қала келді... Және қандай десеңізші... Дүние жүзілік конкурста
бас жүлдені алды. Соның арқасында сан рет шетелге шықтым.
Кешегі малшының баласы, бүгінде мемлекет қайраткерлері
білетін белгілі адам, беделді азамат дәрежесіне көтерілді. Кең-
байтақ Отанымыздың, тіпті жұмыр жердің қай-қай қиырында
жүрсем де, қызық, осы ақтауды, анау қатал да қайырымды
атырауды сағынамын. Оның заңды себебі де бар, оның себебі
сол – мен осы қаланың әкесі секілдімін. Иә, менің жобам
бойынша дүниеге келді ғой; иә, менің бүкіл ойым, бұған дейін
абстракты болып келген идеям мыңдаған адамның тұрғынына
айналған ақшағаладай қала болып орнады. Қонақ үйдің
балконына шығып, сонау терезелерінің шамы самаладай
жарқыраған үйлерге қараймын, қараймын да қайран қаламын.
Шынымен-ақ, осыншама адамға шат күлкі, баянды бақыт
сыйлаған менің ақ қағазға түскен әрбір сызығымның жемісі
ме; шынымен-ақ, түнгі ұйқымды төрт бөліп, көз майымды
тауыса еткен еңбегім жайнаған жастықтың, қайнаған
тіршіліктің мәңгі сарқылмас қазанына өшпес от болып
жағылғаны ма. Иә, ағайын, өмірдің үнсіз әуенін тудырып, тас
пен топыраққа жан бітіретін сәулетші өнерінен асқан,
сәулетші мамандығынан ардақты не бар екен бұл жалғанда.
рас, анау қарлығаштың ұясындай сәнді үйлерде біреулер өлер,
біреулер туар, талай жылдар өтіп, жаңа ғасырдың
табалдырығынан да аттармыз, ол күнге менің ғұмырым жетер,
бәлкім, жетпес те, бірақ мен салуға қатысқан ақтау қалады
253
артымда; оны жер бетінен жоғалтып жіберетін күш жоқ.
Ендеше, оныншы қабаттан қарғып өлсем де арман не... Бар
арман, дәл мынадай халықтың керегіне жарар ізгілікті іс
қалдыру ғой. Қой, мантырай бермей бүгін ертерек ұйқтап,
ертерек тұрып теңіз жағасына барайын. Кәрі атыраудың
салқын самалын жұтайын кеуде керіп».
Өзіне-өзі аса риза болған Тас салқын суға шомылды да,
балконның есігін ашып қойып, рақаттанып тұрып ұйқтауға
кірісті. Дегенмен әлгіндегі ризалық сезім, қанағаты мол ойдан
көпке дейін арыла алмады. Дөңбекши ары аунап, бері аунап
мазасы әбден кеткен соң, төсек үстінде шалқалап жатқан
қалпы темекі тартты. Қала жым-жырт. Оқта-текте көшеден
өткен бірлі-жарым машинаның гүрілі ғана енді-енді көз
шырымын алған тыныштықты тілгілеп өтеді. аңқайта
ашылған балконның есігінен теңізден соғар самал желпіп
келеді, тек өзі ғана емес, теңіздің жағасында қойбатпаққа
ұйлыққан жалбыздың күлімсі иісін қоса ала келеді. міне
екінші күн болды, Тас осы жағымсыз иістен зәрезап күй
кешті. Басын тұмшалап орап жатса көрпені лақтырып
жіберетін. Қанша елемеген, қанша ойламағанмен мұрнынан
күлімсі иіс кетпей-ақ қойды. Қарғып тұрып есікті жабады.
Бірақ бөлмеге қамалып алған аптап, темекінің түтініне
қосылып тынысын одан ары тарылтады, өне бойы жіпсіп
терлеп, ій жаққан қойдың терісіндей ылжыраған өз денесінен
өзі жиіркеніп есікті қайтадан аңқайта ашып тастайтын.
Осындайда таңдайың кеберсіп, шөл қысатыны бар. Кранның
суы жуынудан басқаға жарамайды, ал күндіз кезекші әйел
толтырып кеткен шыны құмандағы суды ерте жарықта ішіп
тауысқан. Бағана қайнардың суын сұрап буфетке барып еді,
бес күннен бері бүкіл қалаға түспегенін айтты. Енді не істеу
керек дегендей, жалаңаш күйде балконға шығып еді, теңізден
мүңкіген иіс қолқасын қапты. Бағанағы желікті ой, тоқ пейіл
көңілі масқара жасыған ол осы қалаға келгеніне тұңғыш рет
өкінді. атыраудың иіс-қонысына әлдеқашан үйренген
тұрғындар желдеткіштерді, терезе-есіктерін шалқайта ашып
тастап, мұрындары шуылдап кәперсіз қорылдайды-ай.
Балконда жападан-жалғыз, темекісінің оты жылтырап секиіп
тұрған Тас маса талағандай мазасыз, шырт ұйқыда жатқан
қаланың үстінен үңіледі. Бұл тұстан бүкіл ақтау
254
алақандағыдай болып байқалар еді, тек жердегі кісілер ғана
құмырсқадай қыбырлап, түр-түсі анық болжанбайтын. Ол
алғаш рет өз қаракетінің байыбына бара бастады. Осы
қаланың жобасын жасап отырғанда, апырау, сызықтардан
басқа ештеңе көре алмап еді ғой, соншалықты дәлдікпен
есептелген айқыш-ұйқыш быжынаған сызықтар ғана, бірде-
бір адам көз алдына елестемеген.
«Осыдан екі ай бұрын маған атыраудың жиегіне салынар
жаңа қаланың жобасына қатысуды өтінді. Әрине, келісімімді
бердім. Тағы да жер мұнайы табылған екен. менің талантыма
сенгені ғой. Әйтпесе қазір архитекторлардан көп кім бар.
Жаңадан салынар қала, сөз жоқ, тағы да тағанның үстіне
орналасады. Қырдан соққан аптапты теңізден ескен салқын
жел кері қайырып, ауаны табиғи түрде тазартып тұру үшін
бұрынғы тәсілімізді қайталауға тура келер. Бірақ үйлердің
түр-түсін өзгертпесе болмайды. Қалай? Сирақ қайталанған соң
оның үстіндегі құрылысты өзгерте аламыз ба. мәселе осында...
ал егер ақтаудың жобасын екінші рет ұсынса қайтер еді.
Өйткені бір ғасырда салынған үйлер бір-біріне ұқсап жатса,
несі айып, керісінше сол дәуірдің өз қолтаңбасын танытпай
ма?.. Ондай, егіздің сыңарындай, ұқсастық атақты қалалар
Париж, Вена, ленинградта да бар ғой. Біздің ойлап
тапқанымыз іргетастың орнына төрт таған қойдық, ендеше,
жиырмасыншы ғасырдың екінші жартысына осы ерекшелік те
жетпей ме. Кейде біз бояушы-бояушы дегенге сақаламызды
бояп жүрміз. Бүйректен сирақ шығарып, жоқтан өзгені ойлап
таба беру – архитектурадағы футуристік, тіпті хулигандық.
Ондай жеңілтектікке қоғам жібермейді, өнер кешірмейді.
Қазіргі заманға керегі – әрі күрделі құрылыстың арзан, тиімді
әрі тез салынуы. моноструктураның заманы өткен. мен –
полиструктураның өкілімін. Олай болса...»
...Осы кезде «Интерконтиненталь» қонақ үйінің астынан
құлаққа соншалықты жат үн естілді де, Тастың қиялын
тасталқан қылды. алғашында ұлып жатқан қаңғыбас көп
иттердің бірі шығарға жорыған. Түн тылсымын бұзған
қыңсылаңқы дауысты қаланың саққұлақ иттері де естісе керек,
әр балконнан абалап үре бастады. Әлгі тұрпайы үн тіпті де
хайуандікі емес, ойбайлап көмек сұрап жалбарынған әйелдің
бажылы екеніне күмәні қалмаған жігіт беліне дейін шығара
255
ұмтылып төмен қарап еді, ештеңе көре алмады. Қонақ үйдің
қарсысындағы тұрған үйдің шамы жанды да, ала қалат киген
егде еркек шықты. Қолындағы аңшыларға арналған үлкен
дүрбімен әуелі «Интерконтинентальді» бір сүзіп шықты,
содан соң айқай естілген жерді тіміскілей бастады. Қорлана
жылаған әйелдің сыңсуы одан ары үдеген соң, Тас шыдай
алмады білем, тез киініп дәлізге шыққан. Қырсыққанда лифті
түнгі сағат бірден кейін істемейді, амал жоқ, оныншы
қабаттан ирелеңдеген сатымен жаяу түсті.
Қонақхананың бүгінгі кезекшісі қартаң кісі:
– Оны қайтуші едің, балам, рестораннан шыққан мас
біреу шығар,– деп есікті еріншектене ашты.
– Көмек сұрап жатыр ғой, обал емес пе, ақсақал.
– Қаланың қатындарына обал жоқ, – деп күңкілдеді.
Танауды сасытқан күлімсі иіс далада тіпті мүңкіп тұр екен,
тыжырына мұрнын басып, төрт тағанның астына асығыс
жетті. Бүк түсіп, қорсылдап жылап жатқан әйелді «Не болды
сізге?» – деп көтере беріп еді: – Что тебе нужен, дурак! – деп
бетінен сарт еткізіп ұрып жіберген. алақан оқыс тигені
соншама, Тас ауырсынғандай сілейіп тұрып қалған. Шашы
дола-дода мас әйел сұп-суық жанары жарқылдап, қадала
қарады. Содан соң Тасты бас салып жұлмалай жөнелді.
– Елім-ау, жұртым-ау, қайдасыңдар, қорлады ғой,
зорлады ғой. Көмектесіңдер, ойбай! Помогите, ей, люди!
маңайдағы иін тірескен үйлердің шамы жағылмағаны
қалмады. Барлығы да жалаңаш-жалпы терезеден, балконнан
үңіліп, дабырлап сөйлей бастады. Қала дүр сілкінгендей
болды. Жігітте ес қалмады. Ендігі қаракет келіншектің
бүркіттей саусақтарынан құтылып шығу ғана. мас адамның,
оның ішінде, долданған әйелден қарулы ештеңе жоғына әбден
көзі жеткен Тас жағасына жармасқан айғыз бет келіншекті
сүйрей қонақ үйдің табалдырығына ілікті. «масқара-ай, пәле
болды-ау».
– Ей, люди, помогите! мынау мені зорламақ! «Құдай-ай,
ұятқа қалдым-ау. Енді қайттым».
– Жібер
деймін,
босатыңызшы.
Бар
жазығым
көмектесейін дегенім бе.
– Не болтай! Сен мені қорлағың келді!
– Қойыңызшы. Қайдағыны айтады екенсіз.
256
Осы кезде қонақ үйден кезекші милиционер шықты. Оны
көрген келіншек одан ары азандады.
– мына сүмелек мені зорлап, ақшамды тартып алды.
Ішкізіп, мас қылған да осы! – Әлгіндегідей емес, қолын боса-
тып, мүләйімси қалған.
– Өтірік,– деді ширыққан Тас. – Жалған айтады. Бар
жазығым...
– Қарашы бұлталаққа салуын, – деген әйел жігітке қайта
ұмтылды. мұншама жасып, намыс отына өртеніп көрмеген
Тас жасқана шегіне бергенде, оны енді милиционер қапсыра
құшақтай алған-ды.
– Екеуің де милиция бөлмесіне жүріңдер.
– Жігіттің кінәсы жоқ, – деді шал қалам-қағазын сайлап,
жауап алып отырған аға сержантқа. – мен бәрін көрдім,
жалғыз куәң – мына мен. Пайғамбар жасына келгенде сақалды
басыммен жалған айта алмаймын.
– Ей, қақбас, сақал текеде де бар, жоқтан өзгеге
саудаламай-ақ қой.
– албасты-ау, үйдің астында қыңсылап жатқаныңда қол
ұшын берейін деп барған жігітті нақақ неге күйдіресің. Сені
кім білмейді бұл ақтауда. Қысыр жыландай сумаңдап,
ресторанның босағасын босатпайсың.
– Жазыңыз, жолдас милиционер, – деп шаптыққан
келін- шек қамаудағы қасқырдай қанталаған көзімен шалды
ішіп-жеп барады. – личносымды оскорбит еткен сөз айтты.
Бұл да мені бірнеше рет қорламақ болған.
– астапыралла! – деп жүрегін ұстады кезекші шал. –
лағынет! лағынет! – Келіншекті шапалақпен осып жіберді.
– Құры, сайтанның сапалағы.
– Қойыңыз, ақсақал. Жұмыс бабында қол жұмсамаңыз.
– мұны қоса қама, – деді келіншек екі мықынынан таяна
жұлқынып. Шалдың шапалағын шыбын шаққан құрлы
көрмеген, екілене түсті.
– азамат, аты-жөніңіз кім? – деп сұрады мең-зең тұрған
жігіттен.
– Танимын деді ғой, анадан сұраңыз, – деп қитықты.
– айтсаң да алдап, өтірік айттың. – Тіпті шімірікпейді-
ау, шімірікпейді.
– атым – Тас, фамилиям – Тасболатов.
257
– Жалған! – деп шаңқылдады келіншек. – Тас деген ат
болмайды.
– Енді әкесі азан шақырып қойған атын өзгерте ме, – деп
кезекші қайта араласып еді, милиционер: – ата, сіз бара
тұрыңыз, артынан шақыртам, – деген соң күңкілдей сөйлеп,
басын шайқап бөлмеден шығып кетті.
– Паспортыңыз қайда?
– Бөлмеде.
– мамандығыңыз...
– архитектор.
– Қашан, қайдан келдіңіз?
– Осыдан бір тәулік бұрын, алматыдан.
– Нендей мақсатпен?
– Осы ақтау қаласын жобалаған менмін. Туған баламдай
болған соң, тағы бір көріп, қандай адамдар тұратынын білгім
келді. Енді өкініп отырмын.
– Неге? – деді аға сержант таңырқай сұрап.
– Біріншіден, мынадай ар-ұяттан безген келіншек үшін
қала салғаныма, екіншіден, осында бекер келгеніме.
– Бәрі өтірік, – деді әйел әлі де тайынбай. – ақтауды сен
салсаң, біз неге білмейміз. Есіміңді ойып, қабырғаға неге
жазбайды?
– архитектордың есімі – қала, құрылыс салғанда әріппен
жазылмайды, тек қана кірпішпен.
– азамат Тасболатов, философияны қоя тұрыңыз.
Әзірше бөлмеңізге бара беріңіз, ертең анық-қанығына
жетерміз. ал сенімен басқаша сөйлесеміз, – деді әйелге. Ол
баж ете қалды:
– Оңбағанды босатасың, жазықсызды жазалайсың, а!
Үстіңнен управлениеге арыз беремін.
– маған десе одан арыға айтыңыз. Бұдан былай
«Интеркон- тинентальдің» маңына жоламаңыз, айтпады деме,
абақтыға қаматамын.
– Оны көреміз, кімді-кім қаматарын. Сенің бастығың
менің... Одан арғы сөздерді естіген жоқ. Есікті тез жауып
шығып кеткен Тас: «Уһ, құтылдым-ау», – деп демін ауыр
алып еді. Қолын артына ұстап ары-бері теңселіп жүрген шал
бұған жақындап келді де:
258
– Балам, есіңде болсын, – деді шыншыл да қамқор
көңілмен. – Жалғанда қаланың қатынына жолама – қарасы
жұғады, әсіресе ішіп алып, жылағандарына... апыр-ау, түбі не
болар екенбіз.
– Бұл, ата, мен үшін үлкен сабақ. Бұдан былай буынып
жатса да жалғыз сүйем жақындамаспын. Қайта бағым бар,
милиционер ақылды екен.
– рас, есті жігіт.
– Иә, адамдар әр түрлі.
Оныншы қабатқа көтерілгенше жүрегі қағып қара терге
түсті. Еркін күрестің шебері, соңғы кезде жасына қарамай
каратэмен шұғылданып жүрген спортсмен жігіт айналдырған
он қабат үйге шыға алмай, алқынғанына қайран қалды.
«Нервный шоктың әсері шығар» деп ойлады.
Таң атқанша көз ілген жоқ. Кірпігі айқасса болды, тұлан
тұта долданған келіншек шабынып шыға келеді. Күштеп
барып жанарын жапса көзінің еті ашып, жастыққа жас
саулайды. Әлсін-әлсін темекі тартып, салқын сумен бетін
жуды. Салқын деген аты ғана, қайсы шүмекті бұрасаң да жып-
жылымшы су ағады. Өзін осыншама, дестелеп шөп
шапқандай, шаршаңқы сезініп көрген жоқ-ты. ал енді
балконға шығайын десе, әлгі бір уақиғадан соң белең алып
қалған ба, жүрегі дауламады. мұндайда кісінің есіне өмірдің
тек жамандық жағы елестері бар. Тастың жүйкесін тоздырған
әулекі әйелдің шаңқылы, шіріген жалбыздың жағымсыз иісі
ғана емес, туалеттің толассыз сарылдап ағып тұрған суы да.
Әлде бұрандасы кеткен, әлде әлдекім сындырып кеткен, құлақ
етіңді жеген сарылы тоқтамайды-ау. Тас бірнеше рет
жөндегенсымақ болып еді, бәрібір баяғы әуенінен жаңылған
жоқ.
«Бекер-ақ келдім. Одан да қазір жайлауда отырған елге
тартып кетуім керек еді. Қаланың қапырығына қамалғанша
қымыз ішіп, атқа мініп желпініп қалар едім. Енді өкінгенмен
не пайда, ауылдың бетін көрмегеніме не заман, жүз жыл өтіп
кеткендей. Оған мұрша болды ма. Әкем соңғы рет келгенінде
ашуланып қатты ұрсып еді. «Ит пен құсқа жегізгенше
малымды санап ал. Таратып беретін қайбір ағайын туғаным
бар, жар дегенде жалғыз ұл сен болсаң, ала қағаз бен
алматыдан алты адым ұзасаң ұшынатындай айлап-жылдап
259
аттап баспадың. Сен үй тұрғызғанда, қалған қазақ қоңыз теріп
жүр ме екен. О, несі-ай, елден безгені. Сен салған қалада
тұрмай-ақ жетпісті желкеледім. Кең сарайдай боз үйің өзіңе,
кемпірім екеуімізге жаман лашығым да жетеді. Екі кірпішті
бірінің үстіне бірін қаламай-ақ қазақ аштан өліп, көштен
қалмай мың жасаған. Есің барда еліңді тап, ұлым. мықты
болсаң сол үйіңді ауылға неге салмайсың». мен не дерімді
білмедім, қанша қазып түсіндірсем де, әкем бәрібір
ұқпайтынын сездім. ал біздің шалдың мінезі белгілі,
қыңырайған жағынан трактормен тартсаң да ешқашан
түзелмек емес. Оның үстіне келінін қоя берген айыбым бар.
Ол айып мені талай сыйдан қағып, сандаған есемнен
қалдырды. Әйел тастағанның алды-арты жалғыз мендей-ақ,
қызметте қадір, туысқан алдында бедел қалмаған. мені
қинайтыны, олардың ешқайсысы да «кінә кімнен?» – деп
сұрап, істің байыбына барған емес, тек қана еркек кінәлы...
Баяғыдан солай, барлық жаланы бізге жабады. Тырнақтап
жиналған үй-мүлкімді, тіпті кітаптарыма дейін қалдырып,
қамыттан босаған аттай қара чемоданымды көтеріп кете
бермедім бе. Қол жұмсағанды қойып, «сен сондайсың»– деп
бетіне қараған емеспін. Бәрібір мен кінәлымын. ал ол болса
алты айдан соң басқа еркекті кіргізіп алды. Қызметі өсті.
Қағанағы қарқ өмір сүріп жатыр. мен жүрмін қаңғыбас күй
кешіп. Әй, өзіме де сол керек, соттасып, үй-мүлікті тең
бөлмей, азаматтық жасап нем бар еді. Даудың басы неден
өрбіп еді өзі... Е-е, ол айтқан: – Сен пысық емессің, елдің
еркегі секілді ойдан орып, қырдан қырып табыс таппайсың
деген. айлықтан басқа аларың жоқ деген. Қалада нең бар, одан
да шошқа қора мен тауық фермасын салып, мал таппайсың ба,
байғұс деген. архитектураны өнер ретінде түсінген емес, тек
сызықтар ретінде қабылдаған. Ондай кеще адаммен қатар
жатқанды қойып, қатар өмір сүру мүмкін бе? менің ұққаным,
ол үшін мәдениет пен ұяттан, ізгілік пен адалдықтан жұрдай,
бергеннің қолынан, бермегеннің жолынан алатын жылпос
күйеу керек. мен секілді мөңіреп айлыққа қарап отырған ашық
ауыздардың түкке қажеті жоқ. Қыз кезінде қандай еді?!
Қырдың қызғалдағы сықылды, тал бойында тарыдай міні жоқ,
асқан сұлу болатын. Сұңғақ бойлы, бұйра шашты палуан
жігітті өзі ұнатып, мен қатысар жарыстың бірде-біреуінен
260
қалмай, жымия күліп гүл ұсынып тұратын ақ сары қыз
айналдырған он жылдың ішінде жалғыз көзді жалмауызға
айналып шыға келді. Пәтерден пәтер ауыстырып, сандалып
жүрген кезімізде қойдай қоңыр еді. Қанша ауыртпалық көріп,
басыңа тартсаң аяғыңа, аяғыңа тартсаң басыңа жетпейтін
дүниенің келте көрпесін қоса жамылып, қуаныш пен қайғыны
бірге бөліскен сүйікті жарым, тұрмысымыз енді түзелді-ау
деген шақта бастады. Неге? Демек, адамды сынау үшін
қиындықтан гөрі үйіп-төгілген байлық пен бақыттың
айдынына жүздіру керек шығар. Сонда ғана ол сыр береді. Біз
бір-бірімізді танимыз, баяғыдан білеміз деп ойлаймыз, түптеп
келгенде, түк те олай емес, біз ең әуелі өзіміздің кім екенімізді
зерттеп алайық та. Бұл жалғанда адам тану ғылымынан қиын
әрі күрделі, ер екенінді білейін, соны анықтап алшы...»
Таң атты. Түн бойы иненің үстінде жатқандай кірпік
ілмеген жігіт мыж-мыж күйде балконға шыққан. Оның
бөлмесі тура шығысқа қараушы еді, дәл қарсы алдындағы
толқыған теңіздің астынан отқа ұстаған жез табақтай қызарып,
күн көтеріліп келеді екен. Қайран қалды, осы қалпында күннің
сәулесі нұрландырған су беті лапылдап жанып жатқан секілді,
ал қызыл жалынды толқындары майда ырғалады. аспан мен
атыраудың дәнекершісі іспетті алтын күн көк төсіне
өрмелеген сайын, су бетіндегі жақұттай жарқыраған сәуле
күннің бауырына қарай жылыстап, қашық тарта береді.
Жалбыздың жағымсыз иісі азайып, ауа ептеп тазарған, бой
сергітер салқындық бар. Тас анау алаулы көрініске қарап
тұрып, кеуде кере дем алды, тарыдай бытырап кеткен ес-
ақылы енді ғана жиналғандайтын.
Қала қыбыр-қыбыр ояна бастапты. Осы тұстан анықтап
қараған кісі сонау алыстан, күлгін төбелердің арғы бір
жағынан мұнай сорған машиналарды көре алар еді. Бейне бір
бойында жаны бар секілді өз-өзінен қимылдап, жантақ жеген
түйедей басын жерге бір салып, бір көтереді. Қала теңізге тым
жақын орналасқан, ал қонақ үйдің үстіңгі қабатында тұрсаң,
теңіз кешкендей әдемі әсерді табар едің. Сол жер мен судың
түйісер жағалауын жиектеп... тәңірім-ау, Бота жетелеген қыз
кетіп барады. Тас өз көзіне өзі сенбегендей уқалап жіберіп
қайта қараған: жойқын цивилизация мен телегейтеңіздің
шекарасында үкі қадаған ботасын жетелеп, асықпай аяңдап
261
бара жатқан көгілдір көйлекті қыз бұл тұрған зәулім
«Интерконтиненталь» қонақ үйіне көз қырын да салған жоқ;
өзгеше бір кербездік, баяғыда тозыңқырап қалған қазақы нәзік
қимылымен ештеңеге назар аудармастан жұмсақ басады.
Қапқара шашын қос өрімдеп арқасын аса тастаған, көгілдір
көйлек үстінде жеңіл ырғалады. Ол осы қалпында ботасын
ертіп көк айдынды теңізден шыға келген – судың сұлу
қызындай еді; тымтым жоғарыдан қарағандықтан дидары
анық болжанбайды. Есі шыға таңырқай үңілген. Тас
балконның жақтауынан асып кетердей ұмтылды. Бота
жетелеген қыз, әне, көз ұшында бұлдырап, сонау көкжиекке
сіңіп барады. Қайдан шықты, қай жаққа бет түзеді, бәрі-бәрі
жұмбақ. Енді қайтып көре ала ма, жоқ па. Жігіттің жүрегі
сазып, белгісіздеу бір өкінішті сезім биледі. Іргедегі тұрған
үйдің балконына ала шапанды, ақ самайлы еркек шығып, ол
да қолындағы дүрбісімен көз ұшында кетіп бара жатқан
қызды қуалай қарады. Неге екенін өзі де білмейді.
аспанда шөкімдей бұлт жоқ. Бүгін де әуе айналып жерге
түсетін аптап болары сөзсіз. Күн теңіз бетінен арқан бойы
көтерілмей-ақ тымырсық ұйып, тынысты тарылтады-ай.
Тас асығыстау жуынды да, қонақ үйдің астынан жеңіл
тамақтанды. Содан соң, теңіз жағасына келді. мұнда салқын
самал бар. Теңкиіп-теңкиіп жатқан алып жартастардың
қуысын қуалап, шапалақтап жатқан толқын, тым жақын
отырған адамның бетіне көбік түкіреді. Шалбары мен
көйлегін шешіп тастап, судың дәл жиегіндегі жартастан
секірді. Бірер сүңгіп алды да, құлашын сермеп, теңіздің
ортасына қарай жүзе жөнелді. Су жып-жылы. Түні бойғы
айғай-шудан, азапты ойдан сәтке арылған жігіт рақатқа
кенеліп еді. Жүз метрдей малтып барды да кері қайтты.
атыраудың жағасында мәңгі мекендеп қалған жап-жалпақ
тастың үстіне шалқалап жатып, түпсіз тұңғиық аспанға
қарады. аспан да теңіз секілді, көкпеңбек. Жағаны ұрғылаған
толқынның шуылы, денесін сипалаған самал, майда ғана
қыздырған күннің сәулесі – осының барлығы болдырған
жанына жарылқаушы күш дарытып, болымсыз үмітке
бастаған. Өкініші мол өткенін ұмытып, санасына әзірде
қонған сандуғаш сайрайды. «Құрысыншы бәрі де» – деп,
қолын тарақтап басына жастады. Денесіндегі ұсақ-ұсақ су
262
моншақтар біртіндеп кеуіп, күн нұры өне бойын балқытты.
Ұйқы мен ояудың екі арасында маужырап жатқан жігітті ала
шапанды еркек дүрбілеп тұр. Осы қаланың сақшысындай-ақ,
әр қылт еткен нәрсені қалт жібермей қадағалайды.
Тастың үстінде қыбыр етпей серейіп жатқан жігіттің
төбесінде шыр айналып шағалалар ұшып жүр, қанатымен
сипап өтердей аласа ұшады.
«Сонымен атыраудың жағасынан салынар жаңа қаланы
қалай жобалау керек. ақтаудың құрылысын қайталауға
болмайды, бағанағы ойым былжырақ, тек тағанын ғана алу
керек те, қалған үйлерді басқаша қалаған жөн. Әр шаһар әр
адам секілді, өзіндік түр-сипаты, кескін-келбеті, яғни өзіне тән
мінез-құлқы ерекше организм. Қала дегеніміз белгілі бір
ортаның немесе кеңістіктегі құрылыстың жиынтығы, жоқ
болмаса, қабырғасы қалқайған баспана ғана емес, сонымен
қатар ол – сол заманның мәдениетін, рухани байлығын,
өмірлік көзқарасы мен психологиясын танытар көркемдік
айнамыз. Ендеше, ең алдымен орталықтағы құрылыстың
композициялық орындалуы әдемі болғанда ғана эстетикалық
талапқа сай сәулет дәрежесіне көтерілмек. ал қаланың кіндігі
іспетті әсем архитектуралық үйді қоршаған маңайындағы
құрылыстарды ансамбльдей өріп, оның заңды жалғасы секілді
стильдік бір бүтіндікті бұзбай дамытса... ленинград, Париж,
Вена сияқты тамаша қалаларға ұқсаған мәңгілік туынды жасай
аламыз. рас, қаланы бүгін үшін салу ағаттық. Бізге
құрылыстағы ой, сана жетіспейді. Сәулет өнері қатып қалған
музыка дегенге де дауым бар. Сәулет өнері – өмір бойы ән
шырқап тұратын жүрегі, миы, тілі бар тірі бейне, әр ғасырдың
музыкалық аспабы дер едім. алып құрылыстарды тек өзіміз
өмір сүріп жүрген кезеңнің тілегін қанағаттандыру үшін ғана
салып жүргеніміз қандай ағаттық, тіпті қателік. Сәулет өнері
әсте де бүгіннің еншісі емес қой, бүгінгі тұрмыстың игілігіне
жаратқанымызбен, болашаққа аманат, хабаршы, рухани
қазына. Біз салған үйлердің бір жыл өтпей кетеуі кетіп
қалатыны қалай? Осыншама байлықтың ортасында отырып,
ғаламат техниканы пайдалансақ та, орта ғасырлық қол
күшімен
орнатқан
архитектураның
биігіне
көтеріле
алмауымыз – ұрпағымыздан ұят емес пе. Дәуір қанша шапшаң
дамып, космостық жылдамдықпен зымырағанымен, біздер –
263
сәулетшілер асықпауымыз керек еді-ау. Біреу болса да бірегей
салсақ...
Шағалалар шаңқылдай ұшады. Теңізге шүйіліп, нәсібін
іздейді. Күннің көзі қыза бастаған. ысылдап ыстық түсті. Оған
теңіздің әлі келмейді. Дүрбілі кісі жұмысқа кеткен бе, қайтып
бас қылтитпады. Қонақ үйдің балконынан бірлі-жарым
адамдар шығып, теңізге телміреді. анау бір, жетінші қабаттан
кермаралдай керілген жирен шашты қыз көрінді. Үстіндегі
көйлегін сыпырып тастап, күнге қыздырына бастады. Тегінде,
дүрбілі еркектің тағы бір ермегі осы қыз сықылды... Киініп,
шешінгенін сырттай аңдып, көрер таңды көзімен атқызады
білем жазған... Ендігі сәтте етбетінен жатқан жігіт ұйқтап
кетсе керек, қыбыр етпеді. Теңіз жағасына адамдар қаптап,
қара-құра көбейе түсті. Қала оянған. Әр күн жалғыз әуенмен
басталар ақтау тірлігі дүрілдеп, қалыпты ырғағына көшкен.
Осылайша тағы бір күн өтеді, келесісін асыға күтеді. адамдар
аз ғана ғұмырын тез өткізуге жан ұшыра жүгіріп жүргені. Әр
айды, әр жылды неге ғана сағына тосарын бір құдайдың өзі
білер, сол ай мен жыл өмірін де есепшотқа салып есептеп,
жасын жалмап жатқанын ойламайды-ау. Суға шомылып
шулаған балалар ғана бақытты. Қалғандары ертеңгі күнді
қалай өткізудің жоспарын жасап, бастары қатып отыр.
Ешқандай ермек табылмаған соң, кешке ресторанға барды.
Қайқаң қағып даяшы келді.
–
Не ішесіз? – деп қалам-қағазын жалаңдатты.
–
алдымен меню әкеліп беріңіз.
–
Әлі қараған жоқ па едіңіз... – деді де сынықси
басып кетіп қалды. ресторанның іші ығы-жығы, қызын
ерткен жігіттер толастар емес. Тас екі кісілік столды әдейі
таңдап еді, әзірше өзінен басқа жалғыз келген жанды көре
алмады.
Жастар шыдамсыздық танытып, айқайлап музыканттарды
шақыра бастады.
Даяшы келіншек едәуір жоғалып барып қайта айналған.
–
Сонымен не ішіп-жейтін болдыңыз?
–
Ең алдымен маған меню әкеліп бермейсіз бе? –
Қаттырақ айтып жіберді ме, даяшы шарт ете қалды.
264
–
Көршіңізден сұрап алуға ерініп отырсыз ба? –
Келесі столда жатқан қатырма қағазды жұлып алып,
жігіттің қолына да ұстатпастан, алдына жалп еткізіп
тастай салды. «мұныңыз мәдениетсіздік» деп, дүрсе қоя
беруге оқталды, бірақ түндегі оқиға есіне оралып, жым
болған.
–
Жүз грамм коньяк, салат, бифштекс, бір
шөлмек су. – Тез-тез жазып алған даяшы қыржың етіп,
бұрылып жүре берді. «Осы қалаға келгелі ұрыс-керістен
арылмадым-ау», – деп, кейіңкіреп отыр еді.
–
Сіздің жаныңыз бос па?– деген майда үнді
естіді. Басын көтермеген қалпы:
–
Бос, отыра беріңіз, – деді.
–
рақмет, сізден заказ алып кетті ме?
–
алды.
–
Көп тосып қалатын болдым-ау. – Жігіт
дастарқандасының жүзіне осы кезде ғана анықтап қарап
еді, уыздай жас қыз екен. Иығына төге салған сап-сары
шашы көгілдір көзіне, ақ құба бетіне әдемі жарасады.
Бағанағы балконға шығып, күнге қыздырынған қыз,
бәлкім, осы шығар.
–
менюді бере тұрасыз ба?
–
мінекиіңіз.
–
рақмет.
Бір шөлмек су, салаты мен коньякты көтеріп даяшы келді.
–
менен де заказ алыңызшы, – деді қыз.
–
Тұра тұрыңыз, бикеш, әлі ертерек.
–
асығыспын. ригадан звонок күтіп отырмын.
–
мұнда асықпайтындар ғана келеді. Буфетке
барып тамақ- таныңыз.
Қыз даяшымен сөз таластырғысы келмеді ме, жеңіл-желпі
тамақтар өтінді, оны әйел көңілсіздеу жазып алды. Қаңылтыр
даңғыр ете қалды да, музыканттар өз жұмысына кірісті. Қыз
бен жігіт біраз үнсіз отырған. Тас көзінің астымен ұрлана
қарап қояды. Электр шамымен жалтыраған қыздың ақ сары
шашы сұмдық әдемі көрінеді екен. Бір столда қарама-қарсы
екеу ғана отырып, жақ ашпауды ыңғайсыз санаған, қыз сәл
күлімсіреп барып, европалық аштықпен: – Таныспаймыз ба, –
265
деді. Өз кемшілігін жаңа ұққан жігіт: – Кешіріңіз, менің есімім
– Тас, – деді.
–
ал, менің атым – Вайра, латвиядағы Елгава
деген қаладанмын. Сіз Қазақстаннансыз ғой...
–
алматыданмын.
–
Әдемі қала деп естимін, бірақ көрген емеспін.
–
ригада бір-екі рет болғанмын. Жалпы,
Прибалтика қалалары маған өте ұнайды... рига, Вильнюс,
Таллин – бәрібәрі де өздерінің ескі готикалық
архитектурасы мен жаңа типті үйлері толық ансамбль
тапқан ерекше сүйкімді қалалар. Әсіресе тазалығын
айтсаңызшы.– артық сөйлеп қойдым ба дегендей
лағыңқырап кеткен ойын ірке қойды.
–
Сіз архитектор емессіз бе?
–
Дәл таптыңыз. Сіздің де мамаңдығыңыз
осыған жақын-ау. – Вайра күлді. Бетіне құлаған шашын
сілке иығына қайырып тастады.
–
Әріптес болдық.
–
Ендеше, мен сіздің не мақсатпен келгеніңізді
де білемін. ракушишник деп аталатын маңқыстаудың
материалына заказ бермексіз.
–
Көріпкеліңіз бар-ау деймін.
–
мынадан ептеп сізге құйсам, қалай қарайсыз,–
деп коньякты ыңғайлай беріп еді, қыз азар-безер қарсы
болды.– Сонда мүлдем ішпейсіз бе?
–
Неге, шампаннан аздап ұрттайтыным бар.
–
Ендеше, соны алдырайық.
Қыздың тамағын әкелген даяшыға: – Бір шөлмек шампан
беріңіз, – деп еді. «Қазір-қазір», – деп лып ете қалды.
–
Бір шөлмегіңіз көп-ау.
–
Ештеңе етпес, бөлісерміз, ал тамаққа кіріселік.
– алға- шындағы ыңғайсыздықтың пердесі ашылғандай
болған соң, асқа қысылмай еркіндеу кіріскен. Құлақты
жарар музыка басталды. Шағын сахнаға қолына
шеңгелдеп микрофон ұстап сусылдаған ұзын етек көйлегі
бар әнші қыз шықты. Омырауын аңқайта ашып қойған
екен, еркектер жағы амалсыз тесіле қарасты. Көз қиығын
Тас та жүгіртіп өткен. Даяшы жайраңдай басып шампан
266
әкелді. Оны еппен ашып, Вайраның алдында- ғы бокалға
көпіршіте құйды да: – ал, таныстық үшін алып қоялық,–
деді жымиып.
–
рақмет.
Екінші тостағанға келгенде, қыздың бетіне қан жүгірген.
Би басталды да, анау столда отырған төрт жігіттің бірі
кердеңдеп келіп, Вайраны шақырды.
–
Кешіріңіз, мен билемеуші едім.
–
меселімді қайтарма, достарымнан ұят,– деді
жігіт бетпақ- танып.
–
Сіз рұқсат етесіз бе?– деді Тасқа қызара қарап.
–
мейліңіз.
Би аяқталған соң, әлгі жігіт өз столына бұрылып кетті де,
қыз жалғыз қайтты. Тас атып тұрып Вайраның орындығын
ұсынған. Оның ілтифаты мен сезімталдығы қыздың назарын
еріксіз аударып еді.
–
рақмет, сонымен не үшін ішеміз,– деді жанары
жана күлімсіреп.
–
Сіз үшін.
–
Жоқ, одан да архитекторлар үшін алайық.
–
Бұл табылған сөз.
Шарап аздап бойға тарады ма, екеуі де балқып, жайлары
жарасты. Келесі биге бірге шықты.
–
Сіз осы замандық бидің шебері екенсіз. Соған
қарағанда, мұндай жерде көп боласыз-ау деймін.
–
Енді қартайсақ та, уақыттан қалмау керек қой.
–
айып етпеңіз, жасыңыз нешеде?
–
Қырыққа жеттік, тіпті асыңқырадық.
–
Өңіңіз өте жас, отыздан жаңа асқан секілдісіз.
–
рақмет комплиментіңізге. «Кішкентай ит
қартайғанша күшік»– деген мәтел бар емес пе орыс
халқында.
–
Қалжыңдайсыз... Қырық – ер жігіттің ақыл
тоқтатқан нағыз іскер шағы. музыка үзіліп барып қайта
ойнағанда бағанағы дудар бас жігіт тағы келді қылқиып.
Қыздың онымен билеуге тіпті зауқы соқпап еді, анау
қадалып тұрып алды. Тас амалсыз араласты.
–
маза беріңізші, жігітім. адам құсап дем алайық.
267
–
Немене, қызғанамысың,– деп гүр етті дудар
бас. Содан соң түйіле қарап біраз тұрды да шұғыл
бұрылып, орнына барды. Жолдастары мазақтаған болу
керек, шу етіп күлген. Жігіт бұлар жаққа жалтақ-жалтақ
қарай береді. «апыр-ай, тағы да шатақ шығып кетпесін»,–
деп ойлады Тас ішінен. Вайра сәл көңілсіздеу отырып
қалған.
Осы кезде ресторанға кеше түнде ойбайлаған келіншек
кірді. Сәндене киініп, жарасымды боянған. Тастың жүрегі
зырқ ете қалды, тіпті қолындағы шанышқысын түсіріп ала
жаздаған. Қарсысындағы жігіттің боп-боз болып кеткен
жүзіне таңырқай қараған қыз да еріксіз есік жаққа бұрылып
еді, әлдекімді іздегендей жан-жағына жалтақтаған қара шаш,
қара көз әдемі келіншекті көрді.
–
Танысыңыз ба? – деп сұрады.
–
Жоқ.– Қыз Тастың жауабына қанағаттанбаса
да қазба- ламады.
–
Уақыт болды. мен қайтайын. ригадан телефон
соғу керек еді.
–
асықпаңыз, сәл отырайық. – абырой болғанда,
бұлардың жанынан тық-тық басып өте шыққан әлгі әйел
Тасты таныма- ды. «Қайдан көрдім» дегендей әуестікпен
батыл
қарағаны
болмаса,
кешегідей
жаналқымға
жармаспаған. «Сыртынан аса сұлу екен, сайтан», – деп
ойлады жігіт.
–
Сізге көңілсіз-ау деймін, Тас .– Күліп барып
сөзін жал- ғады. – атыңызды айту соншалықты оңай,
мағынасы не бұл есімнің?
–
Орысша «камень» деген сөз.
–
Қызық екен, дегенмен мазмұныңызға сай емес,
мінезіңіз жұмсақ.
–
Оны қайдан білдіңіз? «Бет перде ғана, шын
адам соның ар жағында» демеуші ме еді.
–
Түсі игіден түңілме деген де сөз бар. Бет –
адам жанының айнасы... айып етпеңіз, менің қайтқым
келіп отыр.
–
Олай болса, амал не, даяшыны шақырайық,
есебін алсын. – Қыз қол дорбасына қол салып еді: – О не
дегеніңіз, мен-ақ төлеймін ғой, – деп, шапшаң ұмтылып
268
даяшыны іздеп кетті. Қайтып келсе бағанағы жігіт қыздың
жанында тағы да қылжақтап тұр екен. «апыр-ай, пәлеге
ұшырамасам жарар еді». мұны көрген Вайра орнынан
қуана көтерілді. Осы кезде дудар бас жеңінен тартты:–
Сенімен сөйлесетін сөз бар.
–
Иә, айта бер.
–
Бұл жерде емес.
–
Қойыңдар, Тас, жүр кетейік.
–
Сіз араласпаңыз, бикеш, – деп кергіді дудар
бас шатынап. Тасқа шегінетін жер жоқ, намыс пен
сақтықтың қыспағында қалған.
–
Олай болса, далаға шығалық,– деді жүрегі
алқымына кептеліп.
–
Қойыңыз, Тас, байланыспаңыз. Осы қаланың
әтештері ғой.
–
Тіліңді тарта сөйле, сайқал! – деді жігіт еденге
былш еткізіп түкіріп.
–
амал не, інішек, жүр кеттік, – деді Тас неге
болса да белді бекем буып.
–
мен де барам, – деп Вайра қолтығынаи ұстады.
–
Сіз бөлмеңізге бара беріңіз. Өзім звондармын.
–
Оған шамаң келсе, – деді дудар бас.
Бәрі бейне бір рестораннан бірге қайтқан дос-жарандардай
қаз қатар тысқа шықты.
–
Теңіздің жағасына баралық, – деді Тас
жұрттың көзіне түскісі келмей.– Қыдырған соң дұрыстап
дем алайық та.
–
Бұл тілегіңіз мені қанағаттандырады.
–
мүмкін бітімге келерсіздер, – деді Тасты
қолтықтаған қыз. Ол әлгіндегідей емес салмақты, расында
да, қыдыруға шыққандай жайбарақат еріп келе жатқан.
–
Вайра, сен қалсаң қайтеді, – деп өтінді Тас. –
ригамен сөйлесем деп едің ғой.
–
Қинамаңыз. мен сізді тастап ешқайда
бармаймын.
–
міне нағыз қыз деп осыны айт. асылы, маған
мынадан гөрі сен керексің, – деп күпінді ата қаздай ырғала
басқан дудар бас.
269
Олар атыраудың жағасына келді. Түнгі теңізде жел бар
екен, жиегін көмкерген алып тастарды тепкілеп, тынымсыз
жатыр. «Интерконтинентальдің» самаладай шамдары жаға-
лықты да жарқырата көрсетеді. Теңізден ескен жел Вайраның
шашын желбіретіп, қопсыта көтеріп әкеледі де бет-аузын
жауып қалады. Дудар бас жігіт көйлегінің жеңін түріп, соғым
соятын қасапшыдай-ақ дайындала бастады, Тастың алғашқы
қызуы басылып қалған ба: – Осы жекпе-жекті кейінге
қалдырсақ қайтеді, – деп еді, анау басын шайқап, келіспейтін
сыңай танытты.
–
амал жоқ онда, Вайра, костюмімді ұстай
тұршы. – Ол шешіп ұсынған костюмді иығына желбегей
жауып алған қыз: – Тас, бұл жалғыз емес, шайкасы ере
келіпті, – деп шыр ете түсті. – милицияға хабарлаймын.
Тұра жүгірген қыздың алдын кес-кестеген сойталдай үш
жігіт қапсыра құшақтап жібермеген. Тастың қаны қайнап,
жыны қоза бастады.
–
Тегінде, байқаусызда мертіктіріп алсам, арыз
бере көрме. Тиіскен өздерің.
Дудар бас шықылықтай ішегін басып өп-өтірік күліп
барып, кеудесін оқыс көтере жұдырығын оңдырмай-ақ сілтеп
еді, Тасқа тигізе алмады. Тағы сілтеді. Бәрібір тимеді. Қарсы
алдында екі қолын екі жағына тарбайта ұстап, каратэнің
қорғанысында тұрған Тас қарсыласына бірде-бір жұдырық
жұмсаған жоқты. Жігіттің шымбайына батқаны, осы болды.
Долданып келіп ұрады – дарымайды. Теуіп те байқады, Тас
ақырын қағып қалса, өзі шалқасынан құлайды. Вайра
сылқылдап күлдіай. Жолдасының осыншалық мазаққа
ұшырағанына шыдай алмаған еңгезердей үш жігіт лап етіп
Тасты қоршай шабуылға шықты. Вайра «аһ» деп барып, көзін
баса қойған. Осы кезде оның құлағына мысықтың мияулағаны
секілді өте жат үн естілді, не болды деп, алақанын ашып еді,
міне қызық, төрт жігіт төрт жерде жайрап жатыр да, Тас
аяғымен түрткілеп өлітірісін тексеріп жүр. Қуанышы қойнына
сыймай: Ура!– деп балаша айқайлап жіберді. Жүгірген бойы
Тастың мойнынан қапсыра құшақтап, бетінен сүйіп алды.
–
рақмет! – деді Тас жайбарақат қана. Осы сәтте
басын тақырлап тұрып қырғызып тастаған атан жілік
біреуі орнынан атып тұрып, ұмтылған. Тас қаша шегіне
270
түсіп, жайдың оғындай шапшаңдықпен арыстанша секірді.
Іштен тиген екі аяқтың екпіні ананы шалқасынан ұшырып
түсірді. ал Тастың өзі құлаған жоқ, циркшілерше шыр
көбелек айналып барып, тұрып кеткен. Қыз алақанын
шапақтап тағы уралады. Сұлап жатқандардың бетіне
алақанымен су әкеліп тамызды, олар ауырсына
қыбырлаған.
–
Тез кетейік бұл жерден,– деді қыз асықтырып.
–
Енді ғана ригамен сөйлесуге болады,– деді Тас
костюмін киіп.
–
Бұлай төбелесуді қайдан үйрендіңіз?– деп
сұрады Вайра қонақ үйге беттеп келе жатқандарында.
–
мен еркін күрестен спорт шеберімін. Соңғы
кезде каратэмен әуестеніп жүрмін.
–
Осының бәрі неге керек, жас емессіз...
–
Сіз мені қорлайтын сөз айттыңыз, қымбаттым,
«жас емессіз» дегеніңіз қалай. Кешірім сұраңыз.
–
Кешірім сұрамасам, каратэні маған қолданасыз
ба?
–
Жоқ, әрине. Қазіргі заманның азаматы жан-
жақты қабілетті болғанда ғана жалтақтамай, жасқанбай
өмір сүре алады. Әрине, өзім ешкімге бірінші қол
жұмсамаймын, ал қорғана алатын қуатым бар.
–
Браво. Джентльмен двадцатого века.
–
Каратэні қыздар да үйренуге көшті ғой.
–
Бұл өнер маған қонбайтын шығар. – лифтімен
көтеріліп әуелі жетінші қабатқа тоқтады.
–
мен осы бөлмеде тұрамын, қолыңыз тисе
хабарласарсыз. Әзірше сау болыңыз.
–
Ертең теңізге шақырсам қарсы болмайсыз ба?
– деді жігіт Вайраның сүйріктей саусақтарын қысып.
–
Сіздей адам о дүниеге бастаса да әзірмін.
Тас біразға дейін шылым тартып балконда тұрды. атырау
ұлы шуылмен теңселіп жатыр. ала шапанды еркек дүрбісін
сайлап, қонақ үйді аңдып отыр. ресторан араның ұясындай
дуылдайды. Толқын шайып кетті ме, кешегі күлімсі иіс жоқ,
түнгі ауа тымық та таза.
Тас шешініп жатып қалды.
271
«Тағы да бір пәледен құтылдым-ау. Соңғы кезде, неге
екені белгісіз, осындай оқыс оқиғаларға жиі ұшырап жүрмін».
«Қолыңнан кәріп-кәсірлерге садақа беріп қой, ұлым», – деуші
еді анашым. Бірақ мен шешемнің ол сөзін діни сенімге жорып,
ешкімге көк тиын татырған емеспін. Қалай қаңғысам да туған
жерді сағынатын секілдімін. алтайдың тамылжыған табиғаты
тұрғанда, ыстығы миыңды қайнататын ыстығы бар
маңқыстауға келдім: Жасанды болса да осындай теңіз еді ғой.
Дегенмен көк айдынды атырауға не жетсін, шіркін! Енді үш
күн шыдап, демалысымның қалғанын өз аулымда өткізгенім
абзал шығар. Бала кезде жалаң аяғым талай таптаған тауы мен
орманы, өзені мен көлі бар көк жасыл алтайға тартамын.
Жайлауға шығып, жылқышылар мен қойшылардың қара
қосынан дәм татамын. мүмкін, сонда ғана рухани тоқыраудан
азаттанатын шығармын.
Шешем байғұс
қалбалақтап
алдымнан шығады. Сау-тамтығымды қалдырмай сүйіп,
көзінің жасын көл қылады. «Құлыным-ау, бізден неге бездің, –
деп, жасқа толған жанарымен қарайды да, – түу, аппақ қудай
болып жүдегеніңай», – деп тағы да айналып-толғанады.
Әкеммен қол беріп қана амандасамын, қашанғы әдетіміз осы.
Бұдан арыға баруға ол кісінің қаттылығы, менің, өзіне тартқан
салқын мінезім жібермейді. Содан соң... Әрине, көрші-қолаң
жиналады. Бәрімен жағалай есендесемін. Көрші кемпір
Құспат «Деніңқарның сау ма, Тасжан?» – деп, ол да анам
сияқты қолымнан сүйеді. Жүгіріп кара домалақ балалар
келеді. Әсіресе, ала жаздай борбайына лыпа кимей, мейіздей
қарайған анау бір – Бауыржан деген ұлды айтсаңызшы. «С-ә-
әлеметсіз бе» – деп қолын ұсынады. Сол баланы көрген сайын,
есіме осыдан отыз бес жыл бұрынғы өзім түседі. Шешем есік
алдындағы кілемдей төселген көк шөпке көсіле отырып алады
да: «Тасжан әкелген дәм ғой», – деп тәтті жағын қаздың
балапанындай қаумалаған балаларға, ал шай жағын
кемпірлерге үлестіре бастайды. «Кемпір-ай, қазан-ошағыңды
әзірле, қой соямын», – дейді пышағын қайрап отырған әкем.
міне осы күні біздің үйде шағын той болады. Диван үстінде
қиратып келгендей, шәниіп мен жатамын. Сорпа суытып
маған жалтақ-жалтақ қарағыштаған анам: «Неше күн боласың,
құлыным?» – дейді. Әрине, оны мазалаған менің келуім емес,
кетуім. «Он күннен соң», «Күнің тым аз екен, бірер ай жатып,
272
қоң жинасаңшы», – деп, кеседегі сорпаны әуелі өзі татып
көреді де, маған ұсынады. ағаш үйдің іші қоңыр салқын,
алдында ас; жамбасында төрт қабаттап салған жұмсақ көрпе,
басыңда құс жастық... Қандай рақат. Біздің үйдің дәулеті
ортаймаған, мал басы шүкіршілік мол, алматыдан келген бір
қауым қонақты риза қылып аттандырар халдері бар. Осының
барлығы да жаман шалдың арқасы. Қартайса да қайғы
ойламай, шаңырағын шайқалтпай ұстап отыр. ал мен болсам
өз үйіме – өзім масыл болған көп арамтамақтардың бірі едім.
Қара шаңыраққа мен қосқан бес тиын үлес жоқ. Сәулетшімін,
үй жобалаймын деп мақтану бұл ауылға түкке қажеті жоқ.
Соңғы барғанымда Досым деген жолдасым: «Тым болмағанда
әкеңнің шатырын шегелеп берсең етті. Ескіріп, қопарылып
кеткен. Жаңбыр жауса тамшы ағады»,– деп қатты ұялтты,
кірерге тесік таппадым. Ертеңінде Досым екеуміз үйдің
шатырын қамсауладық. Шегені қаққанымнан гөрі, балғамен
бармағымды ұрғаным көбейіп, кәдімгідей өндірістік травма
алдым. Әне, содан бері үш жыл зымырап өте шыққан екен.
Әйеліммен бөлінгеннен бермен, аяғымды аттап басқан
емеспін. Не бетіммен көрінемін елге. Қалай түсіндірем.
«мінезім үйлеспеді» десем: «Он жылдан бері ай қарап жүрдің
бе, ертерек неге құтылмадың»,– деп, ақыл үйретпей ме.
Соңғы рет елге барғанымда балалықтың базарын бірге
өткізген Досым қонаққа шақырды. аузын ашса жүрегі көрі-
нетін ауылдың адал азаматы емес пе, бір тоқтысын сойып,
шамасынша дайындалған екен. Досым екеуміз даңқұрдас бол-
сақ та күн тимей, жел қақпай көлеңкеде көктеген шөп секілді
ақ сұр менен әлдеқайда ересек тартқан, ал мен оның қасында
әлі бала секілдімін. айырмашылық жүзімізде ғана емес,
мінезқұлқымыздан, сөйлеген сөзіміз бен іс-әрекетімізден де
атойлап білініп тұратын. Ол жасына қарамай салмақты,
сабырлы – кішкентай ғана ақсақалың әншейін. Жұбайы Бақыт
етжеңді, осы үйдің бас бәйбішесі болған, бүгінде алты
баланың анасы, жетіншісі құрсағында жатыр. мен Бақытты
көргенде өз әйелімді еске алып едім. Біздің он жылға созылған
дауымыздың басы – алғашқы нәрестені алдырып тастауынан
басталған-ды. Егер Досым секілді ауылда тұрсам, менде де
алты бала болар еді-ау, деп армандаймын. Енді міне, не үйір
жоқ, не үй жоқ сәуріктей бекерге оқыранып сәнденіп жүрген
273
кеспірім мынау... Досымның әкесі барлық ғұмырын
ұсталықпен өткізген, шынашақтай ғана қатқан сары шал.
Кемпірінен ертерек айрылып қалды да, ендігі жұбанышты
немерелерінен тапқан. Келіні атасының алдынан көлденең
өтпейді екен. айрандай ұйыған іргелі үйелменнің берекесі –
анау тал шыбықты атқылап мініп, шапқылап жүрген қара
сирақ ұлдар-ау, деген ойға берілдім. Досымның әкесі Нұқ
ақсақал тілі мірдің оғындай қиқар шал. мені көрген жерден: –
Үйші бала, хал қалай, – деп қарқылдай күліп қарсы алды. – Бір
қаланы бір өзі салды деп естіп едім, сенің атыңа қойылған
шығар.
– Жоқ, ақсақал, ақтаудың жобасын бес адам жасағанбыз.
– Көптің бірімін, қолдың кірімін деші...
– Әке, қойсаңызшы,– деп қалды ұлы.
– атақсыз көп үй салғаннан, ел айта жүрер бір үй салған
озық дегенім ғой.
Шалдың оспағы жаныма батты, дегенмен сөздің төркіні біз
айта беретін «личность», «индивидуальность» – деген
ұғымдарда жатқанын аңғарып, қарсы уәж айтқан жоқпын.
Әкелі-балалы екеуінің де қолы месекерлі, темірден түйін
түйіп, ағаштан арғымақ жасайтын шеберлер екені бұрыннан
мәлім. Үй-жайы, қора-қопсысы тықадай, көзге оғаштық жасар
артық зат таппайсың. Бұлар жасаған архитектурадан иненің
жасуындай да кемшілік көре алмас едің. міне, осылайша олар,
мәңгі өмір сүреді, бүтін бір халықтың ұлттық дәстүрін
ұрпағына қалдырады. Әке көрген оқ жонар деген осы да. атақ
үшін айқайламайды. Еңбектері абстракты емес, күнделікті
қарапайым ғана өмірімен мәңгілік. «Болашақ» деген үлкен
ұғымдарға нақты үлес қосады. Өнер адамдарына, әттең, осын-
дай еңбек иелерінің нақтылығы жетіспейді-ау.
Досым екеуміз балыққа бардық. Ол аулайды, мен от
жағып, тастақта жан тапсырғалы тыпырлап жатқан
балықтардың қарнын жарып, жуып отырмын. Бұқтырманың
біз мекендеген айлағы балық қармақты жақсы қабатын, әдемі
де оңаша тұсы еді. Жағалауын тал-терек, мойыл мен қадық
көмкерген өзеннің суы мөп-мөлдір, жаздың ортасы болып
қалса да ішсең тісіңді зыр еткізетін суық. ауада ептеп желемік
бар, сондықтан да шыбын-шіркейі аз, тымық та тынышты. Не
тоңдырмайтын, не күйдірмейтін алтайдың жайма-шуақ күніне
274
мамырлап жата бергің келеді. Досым бір нәрсеге ынтасы ауса,
дүние өртеніп кетсе де мойын бұрмайтын, әсіресе балық
аулағанда сенің өмірде бар-жоғыңды тас ұмытар еді де, екі
көзін су бетінен ешқашан да алмай қадала қатып, арбасып
қалатын.
Оның
осына
берілгіштігі
мен
беріктігін,
шыдамдылығы мен шыншылдығын маған берсе ғой. Әр сызық
сайын орнымнан қарғып тұрып, бөлменің ішінде теңселіп
жүріп алар ұшқалақтық, жоқ болмаса өз-өзімнен себеп
іздейтін творчестволық айнығыштық, ұлы істерден дәметкіш
көңілімнің аусылына айналған. Егер менің орнымда Досым
болса, олай етпес еді, бастаған жұмысынан нәтиже
шығарғанша соның қыр соңында өлер еді деп түйдім. апыр-ай,
тағдыр дегеннің көзі жоқ-ау, көзі мен көңілі сайрап тұрса
осыншалық әділетсіздік жібермес-ті, адамдардың орнын қалай
болса солай ауыстыра береді: мен Досым екеуміздің табиғи
орнымыз ауысып кеткенін тұңғыш рет сездім әрі бетімнен
отым шыға ұялдым.
– Әлі мыжғылап отырсың ғой, – деді мойнына асқан
дорбадағы балықты сау еткізіп төгіп. Бұдан соң қынынан жез
мойын, мүйіз сап пышағын алып, көз ілеспейтін шапшаң-
дықпен тазалай бастады. Өзеннің жағасындағы тасқа
жабысыпжабысып қалған балықтың қабығы күмістей
жылтырайды. Досым балықты аршып болған соң тілгілеп,
ара-арасына тұз септі, үйден ала шыққан газетті суға малып
дымдады. Әлгі балықтарды әдемілеп орады да қызарып
жатқан шоқтың арасына көмді. мен таң қалдым. Балықты
осылай да пісіруге болады екен. Біраз уақыт өткен сон
қарауыта бастаған шоқты ысырып-ысырып тастады да,
сыртқы қабаты күйіп; соңғы қабаты сарғайған орауды оттан
алды. Шоқтың табына былбырап, бүлінбей піскен балықты
менін алдыма тастады. Қоржыннан бір шөлмек «россия»
арағын алды, екі кесеге құйды. Содан соң:
– ал, Тасжан, сенің келуіңмен, – деп түйістірді де,
жұтып салды.
– Саған ризамын, Досым, – дедім арақ жып-жылы
күйінде асқазаныма жата қалған соң. – Сен алғашқы күйіңде
қалған екенсің.
– Өзің ше, өзгеріп кеттің бе?
275
– мен баяғы Тасжан емеспін, мүлдем бөтен біреумін.
«Жаны» жоғалып, тек «Тасы» қалған...
Газетке орап пісірген балық өте дәмді екен, көбін мен жеп
қойдым, бір шөлмек арақ жұмырымызға жұқ болған жоқ. Таза
ауа, судың жағасында емін-еркін отырып ішкен арақ кісінің
басына шаппайды, бар болғаны балқытып, көңіліңді ғана
көтереді. Досым тастақтың үстінде шалқасынан жатыр. Оның
қоңырқай жүзі, өне бойы, тікірейіп тұратын қайратты шашы,
тыртық-тыртық қолы – осының бәрі-бәрі жер емшегін емуге
жаратылған жігіттің, өмірдің бетіне батыл қарай алатын
жігердің жиынтығы іспетті. ал мен болсам атыраудың асау
толқынымен арпалысып, өз әлімді білмей малтыған боламын
және өзім де біліп, сезе бермейтін белгісіз бір жағалауға қарай
асығыс жүземін, сол жағалауы белгісіз «Барсакелмес» аралға
сапар шеккен жолымның әншейін құр бекерлігін кеш түсініп,
өзін-өзі жоғалтқан адамның қысыр қимылын ғана арқалап
жүрген жайым бар. Бұлай болып жаратылмаған соң, арманды
алыс аралдан іздеп не керек еді, мен ең әуелі өз өмірімнің
сәулеттік жобасын жасай алмаппын-ау...
– Қолым сәл қалт етіп босаса болды Бұқтырмаға
жүгіремін, – деді темекісін құшырлана сорып жатқан Досым.
– Қандай сиқыры бары белгісіз, қармақ салмасам ішкен асым
батпайды. Осы ермегім үшін шалдан таяқ жедім, Бақыттан сөз
естідім. Қадет қой, қартайғанша қоя алмайтын шығармын.
Бұқтырма менің екінші өмірім секілді...
Қалыпты күндері жұмған аузын ашпайтын Досымның,
соншалықты ашылып, ұзақ сөйлегенін алғаш рет көрдім.
Сонау түпсіз көк аспаннан әлдене іздегендей жанары
жасаурап сарыла қарайды.
– Сенің арманың жоқ-ау, Тасжан, – деді сол әуеге
тесілген қалпы, үнінде мұң бар. – Бармаған жер, баспаған
тауың қалмады. Дүниені шыр айналып шықтың. Тым
болмағанда жердің доп секілді домалақ екенін өз көзіңмен
көрдің. мен болсам тек географиядан ғана білем...
Келгеннен бері Досымның қарапайым тірлігіне, осындай
бейбіт те берекелі тұрмысы бар сүп-сүйкімді өміріне
қызыққан көңілім адыра қалды, бақсам ол менің дәруіштігімді
биік тұтады екен-ау. Кісілер қандай қызық, біреудің тамтығы,
біреудің таңсығы деген осы да.
276
– Біздің жүріс – бос сандалбай. Отан дегеніміз – от басы,
бақытты ғұмыр кешу дегеніміз – сол отты өшірмеу, – деп
кесіп айтып едім, Досым ол пікіріме келіспеді.
– Сенің пәлсапаңды түсінетін зерде жоқ менде. адам
болып жаратылған соң екі аяқтың қызығын, дүниенің кеңдігін
көргенге не жетсін. Өзіңмен бірге ойнап, бірге өскен қаншама
бала сол, сен мадақтаған от басы, ошақ қасында омалып
қалды. Қане солардың шыққан биігі, көрген қуанышы? Қане
солардың жеткен жері, созған қолы. «Бақыттымысыңдар» –
деп сұрашы, сөз жоқ, барлығы басын шайқайды. Неге?
арқандаулы аттай қора маңын шиырлап, шиыршық атады...
Оқыранады, кісінейді байғұстар, амал не, шиелеп тұрып
байлаған арқанды үзіп кете алмайды. Босатшы, берші
бостандығын, қалай-қалай шырқайды екен.
– Кім сонда соларды байлап жүрген? Өздері емес пе.
– Әлбетте, өздері, өздерінің үйкүшіктігі, мақсатының
малға айналып кеткендігі, – деп басын қақшаң еткізіп көтеріп
алды. Неге екенін кім білсін, ашуланғанда қолы дірілдеп, өне
бойы қалшылдап кетеді екен. Бала кезде ондай әдеті жоқ еді,
ненің әсері, білмеймін. Әйтеуір, енді бір сөз айтсам мені ұрып
жіберетіндей қорқынышты көрінді. Ойын аяқтауға толық
мүмкіндік беруге тура келді.
– айталық, аспанға ұшпасақ та, жерде жүріп қырылып
қалмас едік, бірақ ұшып жатырмыз. Неге? Өйткені адамның
қиялын түрмеге қамап ұстай алмайсың. Сезім, түйсігін де
солай. мәселен, бағана әкемнің немересіне балтаның сабын
қалай жонып, жасауды үйреткенін өзің көрдің, бірақ бұл ол
ұлға өмір бақи балтаның сабын жасап өт дегені емес қой. ал
мен өз ұлымның өзімнен озып туғанын, менің емес, сенің
жолыңды қуғанын қалар едім. Халықаралық конкурста бәйге
алыпсың, сол аламан жиында қазақ баласының аты аталғаны
зор мәртебе, біле білсек. Өз үйім – өлең төсегімнің күні
әлдеқашан қошқошын айтқан. мен Досымның қызынып
айтқан пікірлеріне таң қалдым. Таң қалған себебім – осы
сөздерді мен айтсам бірсәрі, оның аузынан естігенім, соңғы
кезде пайда болған тағдырыма деген өкінішімді өшіре
бастады. Демек, мені ұғатын, мені бағалайтын азаматтар бар.
– Досым,
сен
үйлі-барандысың,
ата-бабамыздың
мыңдаған жыл қалыптастырған жолына түстің. мен болсам,
277
сол жолдан тайқып шығып, адасып қалғандаймын. Інінен ұзап
жайылған суыр ажалын таппаушы ма еді...
– Бопсаламай-ақ қой, айтпағың алты жүгірмек пе.
Жарқыным, бала сол сен айтқан суырда да, қасқыр мен итте
де бар, – деп қолын бір-ақ сілтеді...
– Барлық түйткіл сонда ғой, баланың ұшқан құс,
жүгірген аңның қай-қайсына да жат еместігінде болып тұр
ғой. Өмірдегі ең сәулетті архитектура осы, Досым, осы...
– Ей, менің шие бөрілерімнің жартысын бөліп алып
кетші, қой демейін. О несі, екі жастың біріне жетпей жатып
«бала-бала» деп зарланғаның. Басың жас. Найман бабамыз
тоқсанында да бала таптырған. Әрине, әйеліңнің алғашқы
құрсақты ішін жарып, алып тастағаны қиянат болған, түбінде
сол күнәсіз нәресте қылқындырып өлтірер оны...
– міне маған сенің осы мінезің ұнайды. Қисайған
жағыңнан он бала жабыла тартып түзете алмаушы едік.
– Ә, солай ма, баяғыңды есіңе түсірейін бе осы, а,– деп
мені астына салып жұмарлай бастады. мұрныма бұдан
жиырма жыл бұрынғы Досымның әдемі иісі келді.
– Солай, Досым, өзің үшін де, мен үшін де еңбектене
бер...
– Тырысамыз, әрине, бірақ сен ауық-ауық ақша салып
тұр, ей.
– Оған келістім,– деп арқасынан қақтым
алтайды жиектей жүзген күн ұясына кіруге шақ қалыпты,
өзеннен салқын самал есе бастады. ызыңдап масалар пайда
болды. Табиғат жарықтық кешкі намазға дайындалып жат-
қандай еді. Төбемізден сусылдап бір топ көк ала үйрек ұшып
өтті. Судың беті оқта-текте бүлк ете қалады да, шыбын
аулаған балық айдынға сақиналап шеңбер жасайды.
– ал, енді қайтайық, армансыз оттадық, мал өрістен
қайта- тын уақыт болды. Шал шатақ шығарар, – деп Досым
орнынан
тұрды.
Қармағын
шешіп,
асай-мұсайларын
қоржынына салып алды.
Қалың тоғайдың ара-арасымен оның артынан бүлкек-
бүлкек еріп келемін. Ол менен гөрі әлдеқайда қуатты,
әлдеқайда арманшыл, бітім-болмысын әлі күнге жоғалтқан
жоқ. Өзім ше?..
Тағы да таң атты.
278
Тастың кішкентай кезінен бастап үйреніске айналған әдеті
бар-ды. Жылдың қай мезгілі болса да, күн шығып келе
жатқан- да әлдекім бүйірінен түртіп жібергендей қарғып
тұратын, қазір де түнде ұйқтамағанына қарамастан, ерте
оянды. Ең әуелі есінеп-құсынап балконға шықты: тура
айнымаған кешегі көрініс. Қып-қызыл алып шар атырауды
өртеп, көкжиек пен көк теңізді ұштастыра балқытады. Түндегі
жел дауылға ұласа ма деп еді, беті қайтқан, су бетінде майда
толқындар ғана бірін-бірі қуып, жарыса ойнайды. Көрші
үйдегі еркек дүрбі салып, айналасын шолып тұр. Әне, жазған-
ау, әне, теңізді жиектей бота жетелеген көгілдір көйлекті қыз
өтіп барады. Тастың жүрегі тайдай тулап, кеудесін тепкілей
бастады. Өңі ме, түсі ме? Бұл неғылған қыз? атыраудың
астынан шыққан су иесі Сүлейменнің сұлуы сияқты,
байыппен басып, сынаптай толқып маңып барады. Қонақ
үйден жүгіріп шығып, артынан қуа жөнелуге оқталды да:
«Қой, пәле болар», – деп өзін-өзі тоқтатты. ала шапан еркектің
де аңдығаны сол қыз... Жойқын цивилизация мен көсілген
теңіздің шекара сызығын жасап, адам күші мен табиғат
тылсымын қанды шайқасқа жібермей, қоршап, қорғап жүрген
жалғыз жанашыр, жалғыз сақшы дәл сол бота жетелеген
жұмбақты қыз екеніне сәулетші жігіттің күмәні қалмаған.
«Сол, сөз жоқ, сол, – деп күбірледі. – Ендеше, оның
тыныштығын еш бұзуға болмайды».
Қыз көзден тасаланып, теңіздің суын тазартып, ауыз суына
айналдыратын
үлкен
қондырғының
қалқасына
сіңіп
жоғалғанша Тас та, дүрбілі еркек те көз алған жоқ. «мына кәрі
төбетке не керек екен», – деп кіжінді Тас. Бөлмесіне кіріп,
жуына бастады. Тамаққа әлі ерте, буфет ашылған жоқ.
Жұмсақ креслоға жайғасып алды да, Бэнемнің «Қазіргі
архитектураға көзқарас» деген кітабын оқи бастады.
англияның белгілі сыншысы әрі теоретигі профессор рейнер
Бэнемнің, бұл кітабы, осы замандық сәулет өнері жайлы
мағлұматтар бергенімен, ойпікірлері сәл ескілеу секілді. Оның
кейбір талдаулары қазіргі замандағы қарыштаған құрылыстан
қалыңқы, көбінесе ричард Нейтр, ле Корбюзье, Вальтер
Грониустің еңбектерін, осы кісілердің өмірбаянын ежіктеп
кетеді. ал бұлардың барлығы да алпысыншы жылдарға дейінгі
европалық архитектураның құдайлары ғана. Содан бері
279
жиырма жылда қанша соны формалар мен ультра құрылыстар
жүргізілді. Зәулім үйлерді төрт тағанға орнату олардың түсіне
де кірмеген. «менімше,– деп ойлады Тас,– нағыз ғажап сәулет
өнері бұдан былай азиядан басталуы керек. Шығыстық
стильге енді аз уақыттан соң қайта айналып соғамыз. Біз –
ояну дәуіріндеміз».
Күн қыза теңіз жағасына барды. Суға сүңгіп шығып,
үйреншікті орнына етпеттей жатып қыздырына бастады.
Осындайда ептеп мызғып алатыны бар еді, көзі ілініп кеткен
екен, желкесін әлдене қытықтаған. Жалт қараса, Вайра отыр
күлімсіреп.
– Ту, ұйқыңыз қандай қатты еді! Түні бойы
қыдырғансыз ғой.
– Сәлеметсіз бе? Түс көріп жатыр едім, бекер ояттыңыз.
– Кешіріңіз. Олай болса мен әрменірек кетейін.– Жо-
жоқ, ол не дегеніңіз. Көңіл күйіңіз қалай?
– рақмет, жаман емес... кешегі оқиға әсер етті ме, көпке
дейін ұйқтай алмадым. – Қыз алды ашық гүлді көйлегін
шешіп тастады да; суға шомылатын киімімен ғана, жігіттің
жанына жайғасты. Денесін күн көзі енді-енді ғана қызарта
жалаған. мүсіні келісті, көркем гимнастикамен шұғылданғаны
байқалады: «міне, әдемі архитектура деп осыны айт,
табиғаттан асқан сәулетші жоқ-ау», – деп ойлады Тас.
– Сіз көп сөйлемейді екенсіз, – деді қыз арқасына
төгілген ақ сары шашын бетіне жауып.
– мен ылғи да өзіммен-өзім сөйлесемін.
– Қызық екен. Дегенмен жаныңыздағы адамға деген
ілтифат болу керек.
– Не туралы айтайын?
– архитектура жайлы.
– Жазушының
әдебиет,
мүсіншілердің
мүсін,
дәрігерлердін медицина тақырыбын қаужайтындарынан жек
көретін нәрсем жоқ. Оны қазақтар «қырттық», яки мағынасы
жоқ болтовня дейді.
– Әйтсе де, сіздер жобалаған ақтау маған қатты ұнады.
архитекторлық ой көркемдік шешімін өте дәл әрі тамаша
тапқан. Тау-тас, орман-тоғайдан жұрдай сарғайған жалаңаш
далаға мынадай керемет қала орнату – ерлік. Әсіресе көше
бойындағы ағаштарды айтсаңызшы...
280
– Сол әр түп ағашты бағып, күту үшін қанша қаржы
жұмсаларын білесіз бе... Екеуміздің бір жылдық табысымыз.
– Әдемілікті ақшамен өлшеуге болмайды ғой.
– Әрине. ақтауды салғанда көптеген кемшіліктер жібер-
ілді, оны келесі жолы қайталамаймыз. мен ригада орган
тыңдағаным бар еді, – деп әңгімесін одан ары жалғастырды
Тас. – Бейне бір жұмақтан шалқыған пейіштің самалындай,
жансарайыңды кеулеп, мәңгі сарқылмас рақат дүниесіне
кенелесіз. Біздің ауылда қобызшы шал бар еді, мен органды
тыңдап отырып сол кісіні есіме алдым. музыканың
құдіреттілігі сонда – ешбір аударманы, ешқандай шек-
шекараны білмейтін жалпы адамзаттық сипатында; жер
бетіндегі адамдарды тек музыка ғана біріктіре алады.
«архитектура – остывшая музыка» – деп жар салғанымызбен,
онда үнсіздік, яғни тілсіздік бар, өзің барып арнайы көрмесең
– сенбейсің; ал музыка аса тез тарайды да, адамдардың
жүрегінен терең орын алады. Жылжымалы үй салсақ қана
бүкіл әлемнің игілігіне айналдырар едік. Сонымен қатар ән
қашықтықты да мойындамақ емес.
– Сонымен сіздің ендігі арманыңыз астында моторы бар
көшпелі мәдениет үйлерін салу ғой, – деп қыз сықылықтап
күлді.
– мазақтамаңыз. Енді бір ғасырдан соң ұшып жүретін үй
саламыз. айталық, москваның үлкен театрына қашан барсаң
да билет таба алмайсың, ендеше, оны ұшатын немесе
қозғалатын етіп жасау керек. Қазір сол тұрған қалпымен
ақтауға ұшып келіп қона салса ғой, гастрольге жұмсалатын
ақша қанша үнемделер еді...
– Бір сөйлеген соң сізді тоқтату қиын екен. Қиялыңыз да
баланікі секілді.
– рас айтам, бұл балалық емес, қаныма сіңген ұлттық
қиял: баяғыда қазақ халқы ғасырлар бойы көшпенділік өмір
кешті, демек олардың архитектурасы да көшпелі болған.
Қонысы ескіре бастаса болды, киіз үйлерін бұзып, түйеге
артып алатын да келесі бір көк майсаға қона салатын. Кей
ретте бізде мынандай оқиғалар болады: бір жерден
кәсіпорнын ашамыз, ал оның табиғи қоры елу жылға әрең
жетеді делік. Сонда әлгі өндіріс үшін орнатқан әсем
қаламызды жарты ғасырдан соң не істемекпіз? Басқа жақтан
281
шикізат тасып, завод, фабрика сала- мыз. Кететін шығын –
шаш етектен. мемлекеттің осы пробле- мадан құтылуына
архитекторлар араласуы керек. Демек, қалай болғанда да
алмалы-салмалы немесе жылжымалы құрылыс қажет. Кейде
мен маңқыстаудың мұнайы таусылғандай қауіп туса, мына
зәулім үйлерді қайтемін деп мазаланамын...
– Бір құрылысты екінші жерге көшіре салса,
архитекторлар кәсіпсіз қалмай ма,– деп, Вайра тағы күлді. –
Жасыңыз бен қиялыңыздың арасы жер мен көктей.
– мазақтай беріңіз,– деп қызарақтады Тас. Тым
лағыңқырап кеткенін білсе де, берілмеді.– мәселен, космоста
салмақсыздық бар, әттең, сол кеңістікке аэродром мен үйлер
салса. Өзінен-өзі қалықтап жүрген үйлерге ракетаға мініп
ұшып, қона салсақ.
Бұл жолы екеуі де күлді, Күн тас төбеге өрмелеп барады.
аспан шүйкедей бұлтсыз, бетпақтанып тұр. мәңгілік деген
ұғымды ақиқаттайтын жалғыз ноқат іспетті.
Күн құдіреттің түнде де өмір сүрерін біз астрономиядан
білеміз, өйткені ай Күннің арқасында ғана жарқырап көріне
алады. Даралық деп осыны айт! Екеуі де әңгімеден шар-
шағандай біразға дейін үнсіз жатты. Қыздың таң қалғаны –
мына іргесіндегі алпамсадай жігіттің жоқ дегенде әуестікпен
наз айтпауы, дарақылыққа бармай-ақ қойсын, ырымға болса
да еркектік емеурін білдірмеуі. «аса ұстамды жігіт екен, – деп
ойлады, – мүмкін жалыққан, мүмкін, мен оның талғамынан
шықпағаным. Шығыс жігіттері шыдамсыз келеді дейтіні
қайда». Неге екені белгісіз, осы қазақты кеше түнде-ақ ұнатып
қалған. Қазір сол ойда жоқта пайда болған сезімі алқымына
кептеліп, жүрегін майда мұң шарбылады, жеңіл күрсініп
жылағысы келді. Көзінен жас шыққан жоқ. «Қандай келісті
пішілген дене!» Тасқа байқатпай көзінің қырымен қарады. Ол
білегін жастанып, бейне бір бұл әлемде өзінен басқа тірі жан
жоқтай теріс қарап, баяу тыныстайды. Тағы да ұйқтап кетті ме
деп ойлаған Вайра оны қайтып мазаламады. арада он
минуттай уақыт өткен соң:– Сіз білесіз бе, менің не
ойлағанымды?– деді басын көтеріп. Қыз басын шайқады.–
Даралық, мәңгілік деген сөздердің анықтамасы туралы.
– Ежелден белгілі шындық қой!
282
– Белгілі екені рас, бірақ осы ұғымдардың мағыналық,
яки, өмірлік мәнінің жоғалып бара жатқандығы.
– Неге?
– Неге екенін өзім де білмеймін.
– мына сіз салған қала мәңгілік деп есептемейсіз бе?
– Жоқ. Өйткені мұның даралық сипаты айқын емес,
бәрібір жер бетіндегі сандаған градостроительствоның біреуі
ғана. Бұдан да әдемі, модернизациялы үйлер салынбайды
дейсіз бе? адамды асқаралы биікке көтеретін, оның ойының,
ісінің озықтығы ғана емес, ең әуелі ешкімге ұқсамайтын,
мысал үшін айтсақ Пикассолық оқшаулығында. Қазіргі
заманда коллективтік жаңалық ашулар, коллективтік өнерлер
мен тобымен бір-ақ алатын сыйлықтар қаптап кетті. міне,
мұндай
жалпылама
табыстар
жекелеген
адамның
индивидуальдық мүмкіндігін, талантын дара дамытуға кедергі
жасайды; демек, табиғат сыйға тартқан қабілетін жояды;
демек, ғылыми жаңалықтардың басын біреу, қонышын екінші,
ұлтанын үшінші біреу қондырып жататын майдагерліктен –
мануфактурадан айырмашылығы болмай қалып жүр. мәңгілік
өнер даралықтан ғана туып, тарихи мирасқа ұласпақ. мен өз
талантымның коллективтік еңбекте ғана өмір сүре алар
бейшаралығын ендіенді түсініп келе жатырмын. Данышпан
болып жасалмайды, данышпан болып жаратылады. Көбіміз,
тіпті бәріміз делікші, ерінбегеннен етікші шығады деген
қағиданың төңірегін шиырлап жүрміз. Егер мен осыншалық
рухани тоқырауға душар боларымды ертерек сезгенде кез
келген шаруа баққан адамдар қатарына қосылып, мыңдаған
жылдар тіршілікті жалғастырып келе жатқан қарапайым да
қасиетті өмір жолына түсер едім. Не жасасақ та көкейімізде
оның бағасы, салмағы тұрады мен мұндалап. Біздер, өнер
иелері, ұлылыққа қатты дайындаламыз, тіпті сол ұлылар
тізімінен орын сайлаймыз, ал шын талант, ұлылық деген сөзді
ұғымнан сызып тастап, есі ауыса еңбек еткенде ғана бір
ғасырда жалғыз-ақ рет таңқалдырып туар даралықтың тағына
көтеріледі. Осы замандық өнер марафондық жарысқа ұқсас,
барлығымыз жүгіріп келеміз, біреулер алда, біреулер артта...
Жасырақ кезімде аты-жөнім газетте басылғанына балаша мәз
болып қуанатын едім. Не деген аңғалдық десеңізші... мәңгілік
пен даралықты сабақтап таратып ойлай бастасам, менің
283
алдымда бас айналатын без- дна – түпсіздік пайда болып,
Писарев айтқандай «душевная апатияға» тап келемін.
Жанталаса шегінгім, осы азаптан азаттанғым-ақ келеді, амал
қайсы, мен шегінетін жер қалмапты. Кешегіден, яғни
өткеннен тартылған жол бар, бірақ сол өзің жүріп өткен
жолмен қайтып кету жоқ тірлікте. рас, жалғыз-ақ соқпақ
қалды, оның өзі де қара жердің астында... айтыңызшы,
айналайын латыш қызы, мені осы апаттан құтқаратын не?
Тәңірім-ау, мен ғана ма, бәрімізді...
– мен сізден қорқа бастадым, – деді Вайра күрсініп.
Көзінде жас бар.– Жұрттың барлығын өзіңізден терең
санайсыз-ау. Өнерді де, өмірді де соншалық қиындатып
жібереміз.
Өзіңіздіөзіңіз
танығаныңыз,
жаныңыздың
тұңғиығында
жасырынып
жатқан
кемшіліктеріңізді
ашқаныңыз дұрыс-ақ, алайда он тоғызыншы ғасырдағы орыс
классикалық әдебиетінің кейіп- керлеріндей тірі өлікке
айналуға болмайды ғой. Егер осы санаңызға саңылау түсірген
бүкіл толғаныстарыңыз саф өнерге бағышталса ше... артық
айтсам, айып етпеңіз, Сіздің ең үлкен қателігіңіз – Даралық
үшін күреспей, сол Даралықтың көлеңкесінен қарадай
үркуіңіз.
– мен бұл әлемде жалғыз-ақ нәрседен қорқамын, – деп
қыздың сөзін бөліп жіберді. – Ол – өзім.
– Сіздің рухани күйзелісіңізбен мен де ауыра бастадым.
Жүріңіз, суға шомылайық,– деп Вайра қарғып тұрды.
– Шомылсақ – шомылайық. Бірақ іштегі жалынды теңіз
де баса алмайды ғой.
Екеуі, әне, асау толқынды атырауға қарай зыр жүгірді.
Олардың соңынан қараған адам бейне бір түн мен күн баласы
жарысып бара жатқандай, қара шашты жігіт пен ақ сары
шашты қыз жұптасуындағы жарасымға қайран қалар еді,
Европа мен азия анау Тас пен Вайрадай таза да тәкаппар
пиғыл-ниетпен көкжал толқынды шалқар теңізге шомылып,
мөлдіреген сезім, өзара ұғысумен достаса ала ма, жоқ па оны
білмейміз, біздің білетініміз – бейбіт өмір, асығыс ғасырға
еркелеген, сол зымыран мезгілден өздерінің даралығын, жеке
менін іздеген қыз-жігіттің ортақ сезім, ортақ тілекпен
кеңістіктің көкжиегіне ұмтылысы ғана. адамдар бір-бірін
шынайы түсініп, ұғу үшін қаулы-қарар, халықаралық
284
симпозиумдар емес, тек қана адал, ыстық ықыластан туған
мағыналы мақсат жеткілікті, оған жарқыраған жалғыз-ақ күн
керек.
Тас бөлмесінде кітап оқып жатыр еді, телефон шыл-
дырлады.
– алло, тыңдап тұрмын.
– Бұл мен ғой, – деген қыздың даусы естілді. – Енді үш
сағаттан соң ұшамын, шығарып салмайсыз ба?
– Онда сіздің жолыңызды жуайық, ресторанға түсе
беріңіз.
– Жо-жоқ, онда бармаймыз. Тағы да біреумен
шатақтасып қалуыңыз мүмкін. менің бөлмеме келіңіз.
Күтемін.
– Қазір-қазір, – деп жігіт қалбалақ қақты. ыңылдап,
әлдебір әннің әуенін ысқырып жүріп тез киінді де, лифтіні
шақырып, төменге түсті. Бір шөлмек шампан, бір плитка
шоколад алды да Вайраның бөлмесіне көтерілді.
– Кеш жарық.
– Кіре беріңіз, – деді күлімсірей есік ашқан қыз. Бүгін
күндегісінен әлдеқайда сұлуланып кеткен секілді. Иығы ашық
жеңіл көйлек киген. арқасын жаба судырап төгілген ақ сары
шашы жан біткендей жалт-жұлт ойнайды. Шағын ғана
дастарқан жасапты. Қолындағы сыйын қызға беріп жатып
бетінен сүйді. мұрнын француз әтірінің иісі қытықтады.
– рақмет, – деді Вайра қызарып. Жігіттің лыпыған жеңіл
қимылы, еркіндеу бірақ өте жарасымды әрекетіне шын ықы-
ласымсн сүйсіну бар жүзінде, жайраңдай басып дастарқанға
шақырды.
– Түу, осынша мол тамақты қайдан тапқансыз! – деді
Тас отыра беріп. Жұқалаң тілінген нанға уылдырық жағып
ұсын- ған Вайра, тағы да майда күлімсіреді.
– Шампанды ашыңыз. Жеделдетіп ішіп алмасақ уақыт
өте аз қалды.
– Такси шақырып қоялық.
– Қам жемеңіз, заказдап қойғанмын.ақ көбік атқан
шарапты екі бокалға құйды:– ал, жолыңыз болсын, Вайра.
Самолетіңіз жеңіл ұшып, жайлы қонуы үшін алып қоялық.
– рақмет, өзіңізге де осыны тілеймін.
285
Екеуі бір-біріне тесіле қарады – қимай қинала қарады. Тас
қыздың қолын алақанына салып, өзіне жақындата тартты да,
ернін тигізіп еді, Вайра көзін сәл жұмғандай болды да: – Үш-
ақ күнде сізге осыншалық үйреніп кеткеніме қайранмын, –
деді. – Жүз жылдан бері білетін секілдімін. Сіз маған ұнайсыз.
– Сіз де... Үш ғасырлық әсер қалдырдыңыз. Бірақ
осының өзі стереотиптік сезімдер мен электромузыкалық
еліктірулер емес пе екен?!
– Тым болмағанда ендігі еншіміздегі екі сағаттың
мазасын алмайықшы, – деді қыз қасы дірілдей.
– Кешіріңіз. Технократиялық сана не айтқызбайды... мен
сізді ғана тыңдаймын.
– Олай болса, құлақ салыңыз. Сіз маған өте ұнайсыз,
сондықтан да командировканың күні бітпесе де ертерек билет
алып, қайтайын деп отырмын. Жақсы көрген адамыңның
жанында ұзақ болу – қауіпті, тамаша әсеріңді бүлдіріп аласың.
Жалпы, сізді қанша сүйгеніммен, болашақ өмірді бірге өткізу
мүмкін емес, өйткені сіз жалғыздыққа жаратылған жансыз,
жарыңыз да – сол жалғыздық. Бұдан былай үйленбейсіз-ау
деп ойлаймын. мені әуестендірген – ауылда өссеңіз де орысша
тілге жүйріктігіңіз, ақыл-парасатыңыздың кеңдігі, мол
мәдениетіңіз, өмірге деген көзқарасыңыздың әрі айқындығы,
әрі тұмандығы. У вас есть какая-то магическая сила. мен сізді
құрметтеген сайын аяймын. алғы тірлігіңізден хабардар
болғым келеді, мазасыз тағдырыңызды қалай аяқтарыңызды
білгім келеді, адресімді тастап кетейін, анда-санда хат жазып,
не болмаса телефон шалып тұрыңыз. Қолыңыз тисе, Балтық
жағалауына келіңіз.
Жігіт темекісін сора түсіп ойланып қалды. Жүйелі сөзден
жеңілгенін мойындағаны ма, көпке дейін үндемей отырды.
– Келіңіз, сіздің даралығыңыз үшін алып қоялық,
мәңгілікті көре жатармыз,– деді Вайра бокалын көтеріп.
– рақмет. Сіздің де...
Шарапты сыздықтата ішіп, сыпайы отырған жаппай
комму- никацияның жас өкілдері қадір түнін күзеткендей
тыныш- тыққа беріліп еді.
– Балтық теңізіне міндетті түрде барып, сізге қосылып
янтарь теремін, – деді Тас. – Әсіресе електен өткізгендей
286
сусыған қызыл-қоңыр құмы қандай десеңізші. Күн-күн сайын
су шайып жатқан теңіз құмынан таза не бар.
– Теңіз жағалауға қоқысты ғана емес, асылын да
лақтырып тастайды. Ол да бір замана толқыны секілді... Біздің
мақсат – салындылармен бірге жағалауға шығып қалмау...
– абай деген атамызда мынадай философиялық толғау
бар. мен сізге мазмұнын аударып көрейін. «Дүние шалқар көл,
заман соққан жел, алдыңғы толқын – ағалар, соңғы толқын –
інілер, кезекпенен өлінер, баяғыдай көрінер».
– Керемет екен, – деді қыз сүйсіне тыңдап.– Бұдан
артық айтам деу бекершілік шығар.
– Өмірде ешкім жаңалық аша алмайды, бар болғаны
белгі- лі, айтылған шындықты қайталайды. америкалық
жазушы Торитон Уайлдердің «Я не новатор, а раскапыватель
забытых ценностей», дегені – әділ сөз. Ендігі гәп сол
шындықта бар затты қалай, қайтып пайдалануда болып тұр
ғой. Даралық пен мәңгілік ұғымы да осыдан өрбиді.
– Сіз тағы да өзіңіздің ауруыңызды айта бастадыңыз.
– Ә, солай екен-ау.
– Біле білсеңіз, адамзаттың өзі де мәңгілік емес, несіне
басымызды қатыра береміз. Келіңіз, одан да шарап ішелік,
көңілді қоштасалық.
– Не үшін аламыз бұл тосты.
– мәңгілікке пара-пар теңесетін әдемі кеш үшін.
Осы шақта бұрыштағы ақ телефон кісінеп қоя берді.
Орнынан атып тұрған қыз: – Такси болар, – деп трубканы
көтерді. – Жақсы, қазір шығамын.
– апыр-ай, – деп өкінді Тас, – осыншама келте
қайырыла- рын білсемші.
– Сіз әрқашанда өткізіп алып, өкінесіз... маған
дастарқанды жинауға көмектесіңіз.
Екеуі жабылып жүріп бөлменің ішін тазартып, ретке
келтірді. Қыз кезекшіні шақырып, қонақжайды тапсырды.
Бұлар далаға шыққанда такси күтіп тұр екен, сарт-сұрт
отырды да, аэропортқа тартты. Самолет уағында ұшты.
ақырғы рет қоштасарда екеуі бірдей ұмтылып келіп, ыстық-
ыстық сүйісті.
287
– Сізбен танысқанымнан гөрі, айрылысқаным қымбат
мен үшін. Түбі бір жолығармыз, – деді қыз Тастың құшағынан
әрең босап.
– мен де сондай сенімдемін. Қос сызық бір-бірімен
қилыс- пағанмен, әрқашанда қатар созылады кеңістікке.
– мен сізге ризамын. Сүйемін сізді. – Вайра соңы рет
жігіттің мойнына асылды да, шұғыл бұрылып, самолеттің
трапына қарай жүгіріп кетті. ақ сары шашы желбіреп,
иығындағы жол дорбасы шайқалақтап кетіп бара жатқан
Вайраның соңынан қарап қалған жігіт дүниеде осындай жаны
таза жақсы адамдар барына қуанды. «Осылар болмаса әлемнің
әйнегі баяғыда бытшыты шығар еді», – деп күбірледі.
Төңіректі жаңғыртып от алған алып лайнер маңқыстаудың
көкпеңбек аспанына көтеріліп, солтүстікке қарай самғап ба-
рады. Кішкентай құсқа айналып, көрінбей кеткенше Тас
тұрған жерінен қозғалмаған. Көңілі құлазып, жүрегін
жалғыздықтың желі қайтадан кеуледі-ай. аққұсқа айналып,
аспанға ұшып кеткен латыш қызы Тастың бөлініп қалған
«жанын» жалғағандай. Енді ол – Тасжан.
Осы күні түнде қалаға келгелі алғаш рет рақаттана
ұйқтады. Түс көрді. аспан кеудесіне найзадай шаншыла
сұғынған ға- ламат биік үйдің төбесінде тұр екен дейді... Бұл
тұстан төрткүл дүние түгел көрініп, жер бетіндегі алты
құрылық аяғының астында қалды. Соншама зәулім биіктіктен
қарағанымен жердегі зәредей зат алақанында жатқандай
айқын... Ұшпаққа шыққан дегеніміз осы шығар... Даралық-
данышпандық дегеніміз де осы деп тебірене қуанады. Енді
маған теңелер адам баласы жоқ! майда-шүйделіктен арылып,
мәңгілікке сапар шегемін. масқара зәулім үйдің төбесінде
тұрып, шығысқа күн сала үңіліп еді, міне ғажап, мал жайғап
жүрген әкесі, сиыр сауып отырған шешесі, тіпті есік көзінде
жатқан ала мойнақ итке дейін көрді. Әне, Досым қолында
құрық, аяғында қонышы ұзын резина етік, өзенге беттеп
барады. Үй маңында балалары шулап ойнап жүр. «Досым, –
деп айқайлап еді, ол естімеді ме, бұрылмады. – Әке! Тәте!»
Ешқайсысы да басын көтеріп қараған жоқ. «асқақтап тым-тым
биіктеп кеткен екенмін, сондықтан да жердегілер мені көріп,
үнімді ести алмады. Даралықты тек жерде, адамдардың
арасында ғана айқындауға болады екен-ау. Салған үйің
288
неғұрлым биік болса; сен де солғұрлым табиғаттан
алыстайсың, америка небоскребтарында тұратын халықтың
қатыгез болатыны да сондықтан-ау, – деген ой келді. – Енді
менде өлу ғана қалды. Қазір секіремін. мүлде құримын. Құмға
түскен із секілді теңіз толқыны шайып жоғаламын жарық
дүниеден. Секіремін! Секірдім...» Жүрегі зу ете түсті.
айқайлап орнынан атып тұрған күйі балконға жүгіріп еді,
абырой болғанда, түнде есігін жел жауып тастаған екен,
шыныға соғылып аман қалды. «рухани сырқатым дене дертіне
көшті, енді менен түк те шықпайды» – деп әйнектен жерге көз
жіберді.
– Теңіз бетін қан қызылға бояп ыңырана көтерілген күн,
бетін жыртып, игеріп тастаған арқаның ұлан даласына ұқсаған
жал-жал толқындар. Құрлық пен атыраудың шектескен
сызығында... бота жетелеп, баппен басып бара жатқан қыз...
«Жазған-ай, мәңгілік дегеніміз осылар ғой». Бұдан ары
санасын бекер қамшылап сандалтпады. Беті-қолын сумен
сипап, асығыс сүрте салды да, ұйпаланған шашын тарауға да
шамасы кел- мей; шапшаң киініп сыртқа шықты. Бота
жетелеген қыздың артынан қуа жөнелді. Жүгірген бойы қуып
жетті де: «Сәлеметсіз бе?» – деді. Түрі есі ауысқандай боп-боз
еді. Қыз аялдаған жоқ. Көзінің қиығымен қарады да:
«Сәлеметпіз», – деді.
– мен сізді күнде көремін. Кімсіз? Қайда барасыз? –
айрылып қалардай сұрақтарын асығыс төпеледі-ай. Қатарында
келе жатқан жігіттің жүзіне енді ғана бажайлап қараған қыз,
аңтарыла сәл тұрып қалды: – мен сізді қайдан көрдім! – деп
таңырқай сұрады.
– Қонақ үйден болар.
– Жоқ, одан көре алмаймын, өте биік. Түсімде шығар, –
деді де ілгері тартты. Жетегінде жаудыр көз ботақан үкісі
желбіреп, Тасжаннан үріккендей.
– айналайын, атыңды айтшы.
– Сіз маған ермеңіз,– деп кесіп айтты қыз. – Әне, үйдің
бал- конынан ағайым қарап тұр, ұят болар.
– Қайдан табамын!
– Осы бағытпен жүре берсеңіз, ал қазір қалыңыз.
Ботасын жетелей, бозамық кеңістікке сіңіп бара жатқан
жұмбақ қыз су тұщытқыш алып қондырғының ар жағына
289
түсіп, көрінбей кеткенше бір орнында сілейіп тұрған Тас,
қазіргі Тасжан «осынын барлығы түсім емес пе өзі» – деп
шошына қауіптенді. Шыдай алмады білем, жүре шешініп
атыраудың жағасына жетті де, көк толқынды айдынға
секірді...
Бөлмесіне кіргені сол еді, телефон шырылдады. Трубканы
көтеріп «алло» дегенде ар жағынан: – Әй, жігітім, – деп гүр
еткен еркектің даусы естілді. – Бұдан былай боталы қызға
жолаушы болма. Әйтпесе сүйегіңді алабұғаға жегіземін.
«Бұл кім?» деп сұрағанша, құлағына дыңылдаған бір
қалыпты телефон үні ғана естілді. «Қыздың ағасы!» Терезеден
жасырына сығалады. ала шапанды адам мықшыңдап гантель
көтеріп, дене шынықтыруға кіріскен екен... Ұлы шайқасқа
дайындалған болар...
Осы күн ол ешқайда шыққан жоқ, тамаққа да зауқы
соқпады. арасан суының екі-үш шөлмегін алып келіп, соны
ішіп, бүк түсіп сұлық жата берген. Бар ермегі әлсін-әлсін
темекі тарта беру, шағын бөлменің ішін көк ала түтін қылып
жіберген. Кітап оқып көріп еді, тартпады. ақ қағаз алып,
болашақ салынар қаланың жалпы сүлдесін сызғылады, бәрі
жалған болып шыққан соң жыртып-жыртып тастады да, басқа
қағаз алды. ақ бетке қара қарындашты тез-тез жүргізіп, шашы
арқасын жапқан Вайраның суретін, содан соң, бота жетелеген
қыздың бейнесін келтірді. Екеуіне ежірейе қарап отырды да,
қарындашты лақтыра салып, төсекке жантая кетті.
«ауылға соңғы рет барып келген соң сәулетшілдік
жұмысты біржола қоюға бекінгенмін. Дүниеге басқаша көзбен
қарай бастадым. Бұған дейінгінің барлығы кеуек өмір, өз-
өзіңді алдау деп түйдім. Сонымен қатар жұмыста да
жайсыздық болды. менімен бірге істейтін Бекбау деген жігіт
бар еді, «Тас менің жұмыстарымды көшіріп алды» – деп арыз
беріпті. алдында ақтаудың жобасы үшін сыйлық бергенде
ішіне қан қатып, жалғыз сол ғана құттықтамаған-ды. Ішегіне
қыл айналмайтын қызғаншақ, өзім деп қана өмір сүретін
эгоист, бірді-бірге шағыстырып, өсек айтпаса өлетіндей
болатын пасықтарды кейбіреулердің жақсы көреріне таңым
бар. Бекбаудың жеке бастың өшінен туған домалақ арызын
қызметтегі шефім дәсердей қылып, үлкен әнгімеге
арқаулағанына жыным келді. Өзі құлағалы тұрған тауға қой
290
жайған соң оңсын ба, әлгі арызқой лағынетті жағынан бір
періп едім, шалқасынан құлады, әрине, тағы да кәсіподақ
жиналысында қарап, ескерту берді. Жұмыстан мүлдем
босанып, облысқа кетем деп өтініш жаздым.
Басқарма бастығы босатпады. Көпке дейін ешбір жобаға
қатыспай, сандалып жүріп алдым, ең ақырында атыраудың
жағасында салынар жаңа қаланы қолға алуды тапсырды. Біз,
бес жігіт, ол жұмысты жылдың аяғына дейін бітіруіміз керек.
менің түрім болса мынау, шабыт шақырайын деп келген
ақтауда барымнан айрылып жатқаным.
Қазіргі адамдарды таң қалдыру аса қиын, өйткені біздер
таң қалу сезімімізді жылдар жылжыған сайын жоғалтып
барамыз. атыраудың жағасынан орнатар болашақ қала ақтау-
дан он есе озық салынса да, он-ақ жылдың қызды-қызды
әңгімесіне жарайды да, бірте-бірте ұмытылып, жер шарының
үлкен картасы бетіне жалғыз ноқат болып кейде түседі, кейде
түспейді. Сондықтан профессионал сәулетші болсам да, өз
ісімнің айқындығын сезіне алмай келемін; сондықтан да өнер
семьясының ішіндегі ең түсініксізі, ең абыройсызы және
халыққа есімің жариялы емесі де осы архитектура атты бала.
айталық, жер бетіндегі мыңдаған қалада миллиондаған адам
мекендейді, бірақ солар өзі тұрған шаһарды кім жобалап, кім
салғанын біле ме, жоқ, ал жазушының шығарған кітабына
атыжөні жазылады, суретшілер де солай, сәулетшілер ше...
Қазіргі қала дегеніміз, кеңістіктің комплексті ортасы,
жекеліктен гөрі жалпылық сипаты басым. Ендеше, жаңасын
саларда, сөз жоқ, тағы да рухани мәдениетті практикалық
мәдениетке
ұластырамыз.
Сондықтан
да
салған
құрылыстарымызда өзіміз өмір сүрген дәуірдің санасы
сәулеленбей қалады; сондықтан да практикалық жағынан
пайдалы болғанымен, көркемдік асылымызға айналмай
қалады. Гоголь айтқандай, әлемнің шежірешісі іспетті сәулет
өнерін кәсіптік сипатқа бұрдық. Біз қалаған үйлерде адамның
өмірге деген көзқарасы, уақыттың көңіл күйі жоқ, ішкі
кеңістік пен тектоникасы айшықталмаған. Қазіргі ең керемет
деген құрылыстарда жалаңаштық, жеңілдік басым; бірыңғай
шыныға, темір бетон, каркастар мен син- тетикалық-
пластикалық материалдарды орынсыз пайдалану, панельдер
мен алып блоктарға арқа сүйеу басым. міне, мұның барлығы
291
конструктивті шешімі жағынан тамаша болғанымен, сәулет
өнері дәрежесіне көтеріле алмай қалады. Баяғыда әдемі қала
тұрғызу үшін кереметтей көркем де ыңғайлы жер таңдайтын.
Қала жобаланбас бұрын кеңістікті, өзен-көлді, орман-тоғайды
ескере отырып, құрылыс пен табиғи орта бірбірін
толықтырып, эстетикалық жарасымын тапса ғана үлкен істі
бастайтын. Қазір ше, қай жерден жер асты қазынасы
табылады, сол жерге үй қалауымыз керек, жердің үстінде не
бар, не жоғына қарамаймыз, өйткені уақыттың талабы солай.
Осындай амал жоқтық сәулет өнеріндегі брутализмге соқты-
рады. рас, біз де суреткерміз, бірақ фантазиямыз бен концеп-
циямыз шектеулі. Шектеулі болатын себебі өз жұмысының,
демек өз туындыңның объектісін, образын біз таңдай
алмаймыз. Егер маған ерік берсе, құлан жортпайтын, бір
ұрттам сусыз, тіс шұқитын ағашсыз қиян далаға сәулетті қала
салар ма едім... Өмірдің, өндірістің талабынан туып
отырғандықтан, амал жоқ, көнесіз, әрі соған көндігесіз.
Бүгінде архитектор ағайындардың творчестволық қиялын
ғылыми техникалық революция билей- ді. Өнерпаздықтан гөрі
кәсіптік ыңғайға көшуіміз заңдылық- қа айналып отыр деген
сөз. Ендеше, шақшадай басымды неге шарадай етіп, қайдағы
бір даралықты көксеймін. «Әр таудың басын аңсаған арқар
аштан өледі» – деп атам қазақ бекер айтқан жоқ, өзімнің
бетімді іздегенше, дәуірдің бетіне жалтақтап жан сақтағаным
жөн емес пе. Жер бетінде әзірше жеті-ақ ғажайып ғимарат бар,
адамзаттың ғұмырына осылар да жетер. Әлемнің бетіне
бедерлеп өз есіміңді әріптеп жазу – бір ғасырдың жемісі. ал
жиырмасыншы ғасыр жалғыз-ақ адамды тудыруы мүмкін, ол
кім? Әзірше ешкім бал ашып айта алмайды. менің білетінім,
әйтеуір, Тас емес... Әлде ондай данышпан тумаған да шығар...
Сонымен уақыт ағысына қарсы жүзгенді қойып, сол уақыт
ағыстың үстінде жүзген көп салындының бірі ретінде, қашан
жағалауға ығысып шығып қалғанша, ықтай бергеннен артық
абырой жоқ. атыраудың жиегіне салынар жаңа қаланы
ақтаудан артылтам деу бекершілдік – айнытпай қайталап бере-
мін. Дүниеде қайталаудан оңай нәрсе жоқ... рас, мен қателікті
тым ертерек жіберіп алған секілдімін.
Ол қателік – сәулет өнеріндегі ұлттық сананы түбегейлі
түсінбегенім, демек, жаңалыққа құштар көңілдің жетегінде
292
жүріп, қазақтың өз топырағында баяғыда бар болған, кескілес-
кен ұрыстар мен кер заманның құрмалдығы болып кеткен
керемет өнерімізді түбірлей зерттемегенім, үйренбегенім.
алғаш Қожа ахмет Яссауидің мазарын қалпына келтіруге
шақырғанда бармай, бүгінгі архитектураға ойысып кеткеніме
енді ғана өкініп жүрмін. Бәлкім, жиырмасыншы ғасырға
біздердің сол ата-бабамыз мирасқа қалдырған дүниелерді
зерттеп, жөндеп әлемге жария етсек те жетер ме еді... Бүкіл
жастығын, жігерін осы ұлағатты іске сарп етіп жүрген
Темірдің тағдыры, мүмкін кейінгі ұрпаққа үлгі болар. ал
менікі ше?.. ақтау қаласында зәредей болса да ұлттық нақыш,
ұлттық бояу, ұлттық үлгі мен халықтық ой бар ма? Кім байқай
алады? Ешкім де, өйткені ол қаладағы бірде-бір мәдени
құрылыстан қазіргі қазақ архитекторларын толғандырып
жүрген өзіндік өрнектерді, яғни сәулет өнеріндегі ұлттық
сананың жетілгенін бедерлеп бере алмадық. Ендігі міндет, осы
тұрғыда еңбек ету шығар. Біреудің өнерін біреу ешқашан да
жасап бере алмайды. Ендеше, неге қазақтық архитектураны
тек қана өзіміз қолға алмай қаңғып жүрміз... Бұл менің ғана
қателігім бе?»
Қас қарайып, көз байланған екі кештің арасында теле- гей
теңізді жағалап, бота жетелеген қыз кеткен бағытта ымырт-
шылап жолға шықты. Бұрынғыдай емес, жанының жарақаты
жазылған, басы қисапсыз сұрақтардан қаңырап босаған, көңілі
де құсы қайтып, базары тарқаған көл секілді тыншу. алайда
баяғыда, бозабала кезінде табиғаттан туып, ертерек жоғалтып
алған ішкі жан сезімінің кіп-кішкентай күміс қоңырауы қайта
қағылғандай, тот баса бастаған жүрегі тоқтап қалмай, әлі де
соғып тұрғанын сол күміс қоңыраудың әлсіз сыңғыры есіне
салып еді. айқыш-ұйқыш сызылған санасы қаланың
қоқыстарынан тазарып, шуақты аңсаған қариядай, таяғына
сүйеніп жуас тыныстағысы келді. Қарттыққа тән ақыл-ой
өзөзінен жасарып, әлем проблемаларымен шатақтаса беретін
мінез-құлқы желідегі құлындай тулап-тулап, тырайып жусап
жатыр. Қаншама өңешін созып өзеурегенімен екі аяғы бар жай
ғана пенде екенін кеш, кеш болса да мойындады-ау, әйтеуір.
Екі, қолын артына ұстап, теңіз жағалап лағып бара жатқан
жігіт қайта туғанына қуанған да, өкінген де жоқ, бұған дейін
масқара қиындатып келген өмірдің соншалықты оңайлығына
293
сәл тақырқау бар бойында. Тіршілікті құлай сүюді дән
тасыған
құмырсқадан
үйрену
керегін
бұрын
неге
бағамдамаған. асылы, адам дегеніміздің өзі егіннің дәні ғой,
топырақтан нәр сорып өнесің, жайқалып көктейсің, сарғайып
пісесің, содан соң тағдырдың диірменіне түсесің де, өзгенің
керегіне жарар ұн болып үгілесің. Зым-зия жоғаласың. «мен
осыған дейін жоғалмаймын деп жанталасыппын, қандай
ақымақтық. ал бұл қарапайым ұғымды Досым әлдеқайда ерте
түйсіктеген. Өмірдің мәні – құмырсқа болу ғана. Сана
материядан тысқары емес дейтініміз осыдан-ау. Олай
болғанда адамның ақыл-ойы жалғанда да жаратылысты жеңе
алмайды».
Су тазартқыш қондырғыдан өтіп, ақтаудан ұзап кетті. ай
әлі шықпаған, қараңғылық қоюлана түсті. Қаланың шамдары
мұқым даланы жарыққа бөлеуге шамасы жетпейді, алыстаған
сайын арты ағараңдап, алды қараңғылана берді. Әйтеуір,
теңізден айрылған жоқ, кедір-бұдыр тас, топырақ-томарларды
аттап-бұттап жүріп келеді. мөлшермен бір шақырымдай жол
жүрдім дегенде, тура қарсы алдынан сықсиған әлсіз жарық
сәулеленген. Түнгі от алыстан көрінеді ғой, әлі де едәуір жер
барын топшылады. Бірақ анау аспандағы жұлдыздай
жымыңдаған жарықты жағып отырған кім? Оны әзірге
білмейді, не болғанда да сол отты бағытқа алу керек. Теңіздің
шуылы саябырлау, шолақ толқымай, тереңге тарта тебіренеді.
Түн баласында су жағасының өзгеше бір салқыны болады,
омырауыңды ашып тастап, саулаған самалды армансыз
жұтып, қарабарқынданған теңізден ашу мен ызаны,
шалқарлық пен шаттықты үйренесің. Күндіз кенезесі кеуіп,
маңқайып жатар даланың мұрынды жыбырлатар қаңсық иісі
болушы еді, қазір сезілмейді, атыраудан ескен жел айдап
тастаған. Биылғы жаз жаңбырға сараңдық жасады. Ербиіп
үркіп-үркіп шығар өсімдік әлдеқашан қурап қалған,
Тасжанның аяғы шалып бырт-бырт үзілді. ақтаудың жалпы
пошымы күңгірттеніп, самаладай жарқыраған шамдары ғана
шоқтай жайнап жатты. Сонау телебағананың басындағы
қызыл жарық бәрінен де биік, осы тұстан көз салғанда жер
мен көктің екі ортасында ілініп қалған жетім жұлдыз секілді.
Жаһандағы жалғыз от тым жақын. Әне, сықсиған терезесі бар
294
тамды көрді. Сыртынан қарағанда молаға ұқсаған. Іргесіне
келіп, көпке дейін батылы жетіп кіре алмай тұрып қалды.
Тамға жапсарлас салынған қора бар екен, бір бұрышында
моп-момақан шөгіп жатқан ақ бота қараңғыда қалбақтаған
бөтен адамды көрген соң, шошына түрегелді. Жігіт жақындап
барып мойнынан құшақтайын деп еді, қашқалақтап маңына
жолатпады. Тоқал тамның іргесінде қайық төңкерілген.
Келуін келсе де, әлі де не істерін білмей, торуылдап жүрген
Тасжан сол қайықтың үстіне отырды. Темекі тұтатты. Тырс
еткен дыбыс жоқ. Үйге кіріп баруға жүрегі дауаламаған. Неге
екені белгісіз, бойын сиқырлылау қорқыныш биледі.
Ертеректердегі
жалмауыз
кемпірдің
баспанасындай
жерменжексен болып жатқан балшық там ұлы шулы
цивилизацияны торуға шыққан аңшының итарқа қосындай
көзге қораш, көңілге жат. Әрі-сәрі мелшиіп отыра берудің
жөні жоқ-ты, не де болса үйге кірмек ниетте темекісін өшіріп,
солай қарай беттеген. Есіктің тұтқасын сипалап тауып, айқара
ашуға және де жасқанды. Жүрек лүпілін естіді. «Әке-шешесі
бар болса қайтемін?» Тәуекел жасады. Қаладағы әдетпен
тақылдатты, жауап болмады. ашты, табалдырықты аттап, ішке
ене бергенде төбесін босағаның маңдайына оңдырмай соқты-
ай. ауырсынуға мұрша қайда, тілін тістеген күйі бір-екі басып
төрге озған. Тірі жан көрінбейді. Шаңырағы бар шамның
жарығы аядай бөлмені ала көлеңке көрсетіп, әр затқа
абажадай көлеңке түсірген. Жан-жағына қарап еді, мұнтаздай
жиналған мүлік бейне бір кішкентай қыздың қуыршақ үй
жасап ойнағанындай әдемі. Іргеде сықырлауық ағаш төсек,
басы терезеге жетіп тұр, төр алдында оюланған ескілеу
сырмақ, әйнекке шетін тірей қойған стол, сол столдың үстінде
шам, босаға жақта тандыр пеш орналасқан, қыстан бері
жағылмағандықтан гүлді матамен жабылған. Пеш пен
төсектің ортасындағы бос қанатқа қолдан ілгіш жасалған,
онда қыздың киім-кешектері ілулі тұр. Үйдің ең қымбат мүлкі
– төсектің бас жағындагы желбірегі бар қос етек көйлек пен
үкілі сәукеле еді, қамар белбеу мен күміс таналары
жылтыраған шашбау, бір-біріне мінгестіре ілген күміс білезік,
әдемі тастан көз жасаған сақина, жүзіктер еді. Тасжан
архаизмге айналған жиһаздарды көргенде он тоғызыншы
ғасырдағы этнографиялық музейге кіргендей аңырайып тұрып
295
қалды. мұндағы әр зат көненің көздеріндей қаладан қашып
осынау тоқал тамға жасырынған секілді. Тіпті ескілікті
ыдысаяқтар тым мол, әсіресе анау жастыққа жантайған
домбыра жан бітіп, өз-өзінен сөйлеп, «Түрмеден қашқанды»
аңыратып қоя беретіндей ме-ау... Ол жасқаншақтана
жақындап, домбыраны қолына алды да, тықылдата шертіп
көрді, құлақ күйі келтірілген, бабында екен. Иесі жоқ үйде
рұқсатсыз жүре беруге қысылған Тасжан домбыраны орнына
қойып, тысқа шықты. айналайын табиғаттан сұлу не бар бұл
жалғанда, әне, ұлан-байтақ теңізді қақ жарып, күміс табақтай
дөңгеленген буаз ай ыңырана туып келеді. Теңіздің бетін
күміспен қақтап тастағандай жалтырайды. Дүние ақ сүтке
шомылып, аста-төк мол қуанышқа кенеліп, жарылқанып
жатты. Жер жарықтық жаңа ғана босанып, қалжасы жаққан
анадай рақат пен қуаныштан жап-жарық көрпесін қымсына
бүркенеді. «Қалада ғой табиғаттың осы сұлулығын аңғара
бермейміз»,– деп күрсінді. Кім білсін, ай өте тез көтеріліп еді.
Жұмбақты үйдің жанында жын соққандай делдиіп тұрған
Тасжан теңіз жақтан ағараңдап келе жатқан аппақ сүлдені
көрді. Сасқалақтап, қашаға сүйене төңкеріліп жатқан
қайықтың астына сып етіп кіріп-ақ кеткені. анадан жаңа
туғандай аппақ сүлде асықпай басып, тура қасынан өтті. Қап-
қара ұзын шашы тал бойын жасырып су иесі Сүлейменнің
қызы жанынан өте бергенде, жігітте ес қалмаған: қыздың тыр
жалаңаш мүсіні таңсық болмай-ақ қойсын, бірақ осыншалық
күмістен жонып жасағандай сұмдық сұлу бейнені көргені осы
және бұдан былай көрмейтін де шығар-ау... «мен
күнәһармын,– деп ойлады жерге кірердей ұялған жігіт.–
Жаһанда бұдан өткен ұрлық бар ма, саф тазалыққа рұқсатсыз
қарап арымды былғадым. Тез жоғалу керек бұл маңнан,
қарамды батыру керек!» Осылайша өзін-өзі балағаттап,
орнынан тұра беріп, төбесін тағы да қайыққа сарт еткізіп ұрып
алды. «Сол керек!» – деп жерге былш еткізіп түкірді, артына
қарайламастан қалаға тартты...
Дегенмен сезімі ай астында қарауытып жатқан тамда қал-
ған-ды. ай сәулесі арқасынан түскендіктен, көлеңкесі ұзарып,
жеткізбей бара жатты. Көңілін зіл-зала мұң басты. Баяғыда,
оныншы класта оқып жүргенде болар, көрші ауылдан дәл
осылай тауаны қайтып, тауы шағылып оралып еді-ау.
296
Сегізінші кластан кейін оқымай сауыншы болып кеткен қызды
тұңғыш рет бар ділімен, бар жастық болмысымен құлай
ұнатты. Бозбала шақта оны махаббат деп атайтын және осына
киелі сезімді бар деп ойлайтын. Кейін жоқтығына көзі жетті.
Әлдекімдер әңгіме қылып отырса тырқылдап күлетін. Неге?!
«мектепті бітіретін жылы, сол махаббат атты ұлы сезіммен
мүлдем қош айтыстым. Ол қыз көрші ауылдан келіп, біздің
мектепте оқып жүрген. Қара торының әдемісі болатын. алғаш
көргеннен-ақ ұнатып қалдым, амал не, келесі жылы сабаққа
келмей қойды. Олардың аулы Черновая деп аталады,
Бұқтырма өзенінен төтелей өте шықсаң, үш-ақ шақырымдық
жер. менімен бір партада қатар отыратын амантай деген бала
да сол Черноваядан. мен досыма еріп әр демалыс сайын із
құрғатпай барып тұратынды шығардым. амантай екеуіміз
өткелден өте шығамыз да, қайыңды қалың тоғайдың арасымен
өлең айтып, ысқыртып жаяу тартамыз. Әлі есімде, май
айының аяқ кезі болатын. мемлекеттік емтиханға дайындалу
қамына кіріскенбіз. Сабақ аяқталған, қол бос. Бұқтырма
шанағынан асып-тасып жатқан, ағаш басы толық бүрлеп,
алтайдың ең бір тотыдайын таранған бойжеткен мезгілі еді.
амантай емтиханға арғы беттегі өз үйінде әзірленбек болып
кетіп қалған. Құлазып жанымды қоярға жер таппай зеріге
бастадым. Не істесем де санамда сол Қыз тұрады, көзімді
жұмсам да көрерім сол... Жүрегім бірде атша тулап, бірде баяу
соғып, денең бір ысып, бір суиды екен. Еш нәрсеге зауқың
шаппайды, еш нәрсе қызықтырмай дел-сал, басың ауған жаққа
қаңғи бергің келеді, етбетіңнен түсіп сұлық жатып алғың
келеді. Емтихан жайына қалды. Қырсыққанда ең алдымен
әдебиеттен шығарма жазамыз, менің осы пәнді суқаным
сүймейтін. Ол шақта дүниедегі көк мылжың пән – осы әдебиет
деп ойлайтынмын; баяғыда өліп қалған әлдекімдердің
өмірбаянын, өлеңдерін жаттап, жазған өтірігін басымызды
қатырып оқимыз. Оның күнделікті өмірімізге қандай қатысы
бар, қайдағы бір Құнанбай, Итбай, Игіліктердің не керегі бар,
– деп быж-тыжым шығар еді. Дегенмен, анау күзде арғы
беттегі ғашығыма хат жазғанда сол өзім жек көретін жазушы
қауымнан көмек сұрауға мәжбүр болдым. Бейімбеттің
«Шұғаның белгісі» шығармасындағы Әбдірахманның хатын
әдемілеп көшіріп, өз атымнан айдап жібердім. Әлі жауап жоқ,
297
сондықтан да тықыршып, мазам кетіп жүр. мақтанғаным емес,
өз замандастарымның ішінен менен артық жүзетіні кемде-кем
еді. Өзен ағаш басына шығып тасып жатқанда ар жағына
малтып өтіп, мойыл тістеп қайтадан қайтып келетін
әумесерлік бар-тын. Енді, міне, сол ерлігім пайдасын тигізейін
деп тұр. Не болса да Бұқтырманы қақ жарып өтіп,
Черноваядағы амантайға бару, оным өтіріктеу, әрине, өзімнің
алғашқы махаббатыма жолығу. Тегінде, теңіз, көлдерден гөрі
таудың асау өзеніне жүзудің мүлдем бір-біріне ұқсамайтын
ерекшеліктері бар. ауылдың атақты матросы атанған мен
алғаш рет осы атырауда жүзгенімде шым батып, қақалып-
шашалып әрең шыққаным есімде. Бұқтырма – суын тау
басындағы қардан алатындықтан, аса суық, екі жағасын кезек
кеміріп ағатын тентек өзен. Оған қарғығанда ықтап малту
керек те, құлашты ақ бас толқынның жалына салған жөн. ал
мың бүктетілген толқынның астауына немесе соқпа
жылымына түсіп қалсаң, қайтып тірі шыға алмайсың. Сөйтіп,
көйлегім мен шалбарымды төбеме таңып алдым да бүгінгідей
айлы түнді жамылып, Бұқтырмаға қойып кеттім. Қалқақ қағып
арғы жағаға аман-есен өтіп шықтым, әйтеуір. Сыртына
орағандықтан көйлегім малмандай су болған, шалбарым аман
секілді. Жейдемді сығып, соқпақпен Черновая аулына тура
тарттым. Елегізіп қорқып та келемін. Соңғы кезде «осы жақта
түрмеден қашқан ұры жүр» – деген сыбыс тараған. Әйтсе де
махаббат күші қоя ма, алған бетімнен қайтқан жоқпын.
андасанда алдымнан елік кескестеп өтеді, пырылдап түн
құстары ұшып, секектеп қоян қашады. Қолыма бұтақ
сындырып, қару ретінде көлденең ұстап келемін. Едәуір жол
жүрген соң, ауыл иттерінің арпылдап үрген үні естілді.
Черноваяның тоғай жақ шетінде орыстардың бау-бақшасы
бар. Бұдан гөрі баларақ кезде қоңыр өгізге бес бала мінгесіп
келіп, жайқалып тұрған салқам, сәбіз, күнбағар-мактарын
талай отап кетіп едік. Осыдан барып Бұқтырманың екі
жағалауындағы ауыл балаларының арасында бітіспес дау
туған, қол жинап келіп төбелес ашатынбыз. Енді міне, сол
«дұшпан» ауылдың қызын іздеп безектеп, құстай ұшып келе
жатқаным. Сүйіспеншіліктің ең тәтті, ең адал, сезімге бай
шағы бозбалалық желікті кімдер ұмытсын. Бірақ ол кезде
жалғанда да «желік» – дел қабылдамағанбыз. Қашаға сүйеніп
298
демімді алдым, тым қатты жүрдім-ау деймін, жүрегім қағып,
көпке дейін ентігімді баса алмадым. Содан соң ауыл иттерінің
көзіне түспей баспалап амантайдың үйіне жақындадым.
Жұрттың барлығы ауыр ұйқының құшағында тұншыққан кез,
елбең еткен елес, тырс еткен дыбыс жоқ. амантайдың қайқы
құйрық мойнақ иті бар-ды, мені көріп шәу етті де, таныған соң
бұлғақ қағып аяғыма оралды. Ептеп басып терезеге бардым.
амантайдың қай бөлмеде жататынын білетінмін. ақырын ғана
әйнекті саусағыммен тықылдатып едім, ешкім ояна қоймаған,
қаттырақ қақтым. ай сәулесі түспесін деп тұтылған перде
ысырылды да, айналайын амантайдың қою қара шашы
көрінді. Қатты қуандым. «Бұл кім?»– деді ұйқылы-ояу
дауыспен. «мен, Тасжанмын». Киініп далаға шықты. Әрине,
алғашқы сауалы «Не ғып жүрсің түнделетіп?» болды. «Шыдай
алмадым, сені сағынып...», «Иә, мені сағына қалғаның, жүр
былайырақ шығып әңгімелесейік». Екеуіміз қораның түбінде
жатқан дөңбекке мініп отырып сырласа бастадық. «Кімді іздеп
келгеніңді білемін, – деді ол есінеп. – Судан қалай өттің?»
«Кәдімгідей, жүзіп». «Өстіп жүріп бір күні сол қыз үшін
өзенге ағып өлесің ғой»,– деді, ересек адамдай қоңыр үнмен.
Ол тегінен салмақты, біртоға бала болатын. Көп нәрсені,
әсіресе кербездікті, тектілікті содан үйрендім десем бір өтірігі
жоқ. «Жүр, қыздың үйіне барайық». «Дәл қазір ме?» «Дәл
қазір». «ағасы ұстап алып, құйрығымызға дүре соғар. мінезі
жаман». «Екеуімізге әлі келмейді». «Сүйген қыздың ағасымен
төбелесуге болмайды; – деді амантай маңғазданып: – Одан да
бүгін қон осында, ертең кешке жолығармыз». «Оған дәтім
шыдамайтын түрі бар». «Иә, сен рас ғашық екенсің, жігітім.
Тәуекел, кеттік».
Үй-үйдің арасымен бүгежектеп басып келеміз. Барлауға
шыққан партизан балалар да бізден сақ қимылдамаған шығар.
Тіпті ауылдың зар жақ иттерінің бірде-біреуіне дыбысымызды
білдіріп, үргізген жоқпыз. абырой болғанда, қыздың үйі
ауылдың ең шетінде еді, кең етіп қоршаған бақ- шаның
түбімен еңбектеп келеміз. Қолымызды қышыма шағып,
оңдырмай дуылдатады: Бәрі де жалындаған жастықтың жүрек
жұтар батылдығы ғой, төтенше жасырын тапсырма орындап
келіңдер деп класс жетекшіміз жұмсаса, әй баспас едік. «О,
құдай, ағасы жоқ болса екен», – деп тілейді амантай. айнымас
299
досым-ау, өнер қуамын, атақ аламын деп, қаңғыбас күй кешіп
жүріп сенен де хабарсыз қалдым-ау, қайдасың қазір?
Даңғарадай ағаш үйдің бұрышында ін аузындағы баршатыш-
қан құсап, шоқиып-шоқиып отырмыз. Біріміздің тынысымыз-
дан біріміз қорқатындаймыз. Қызға мен емес амантай келген-
дей бұйрығын күтіп, қыбыр етпеймін. «Не де болса терезесін
қағайық, – деді амантай. – ағасы шықса тұра қашамыз. Ұстап
алса бұзау іздеп жүрміз дейміз». «Түн ортасында бұзау іздей
ме екен» – деп сыбырлаймын. «Әй, сен ақымақ екенсің ғой
өзің, енесінің желінін сыздатып, ембеген бұзауды таңға жуық
та іздей береді. мына түріңмен қатынсыз қаларсың».
Дауласуға дәрмен жоқ, күнбағыстың жапырағы арасымен
түскен ай сәулесі бетін ала шабырлаған досыма жалтақ-
жалтақ қарай беремін. Жүрегім кеудемді кезіп жүр. Екі дізем
дір-дір етеді. Осыншалық ынжық жаратылғанымды алғаш
мойындап отырмын. Басқа істің бәріне батырмын, ал қызға
келгенде, не сайтан түртерін білмеймін, суға түскен тауықтай
сүлкиемін де қаламын. Тұрмыс құрғанда осы мінезім көп
кесірін тигізді, сондықтан да өмірлік жар таңдауда оңбай
қателестім. амантай болса жалғыз қызды сүйді, сонымен ғана
жүрді, соған үйленді, ұйытты, семья құрды... Әлқиса, не
істерімізді білмей әлі отырмыз. Жаздың таңы қандай ерте
атады дейсің, күншығыс бозара бастаған. амантай шыдай
алмады білем, орнынан созалаңдай тұрды да маған: «арқаңды
тос, спортсменсің ғой, аяғымды тіреп, терезе қағайын», – деді.
Қыздың тұратын үйі баяғыдағы кержақ байынан қалған екі
қабатты, аса биік... астыңғы бөлмелері жартылай жер там,
жерге кіріңкіреп жататын. мен, амал жоқ, арқамды төседім. Ол
басқышша басып маған шықты. Шарқай бәтіңкесінің өкшесі
жанымды көзіме көрсетті-ақ. Қайтесің, махаббат үшін төзу
керек. Терезені амантай саусақтарымен тырсылдатып қатты
қақты ма, жоқ болмаса, қалшылдаған маған солай көрінді ме,
дүние жаңғырығып шулаған сасқанымнан арқамды қозғап
қалсам керек, үстімдегі досымның табаны тайып ұшып түсті.
«Не деген шыдамсызсың, әкең.... басымды жарып тастай
жаздадың ғой», – деп күңкілдеп, үйелеген малдай әрең тұрды
орнынан. Ешкім жауап қатпады. «Қайта қақ әйнекті», – деп
арқамды төседім. «Осы жолы қипақтап құлатсаң, айтпады
деме, бұл болмасаң күл бол, бір түкіріп, үйге тартам». Терезе
300
тағы тықылдады. Осы жолы тістеніп, мығым-ақ тұрмын. ар
жақтан «Бұл кім?» – деген қыздың әрі қорқынышты, әрі нәзік
үні естілді. «Біз ғой, Тасжан мен амантай». Қыз әрі қарай көп
сөйлеспеді, көп ұзамай есік ашылған. «Жолың болды, қыз
жалғыз», – деп қутыңдаған досым мені құйрықтан тебіңкіреп
жіберді. Біз үйге кірдік. Қыз шам жаққан жоқ, бөлменің ішіне
ай сәулесі нұрын төгіп, жап-жарық. Үшеуміз үш жерде
отырмыз. Үнсіз, әңгімені қайсымыз бұрын бастарымызды
білмей дағдарыста қалдық. Әрине, сонау арғы беттен су
кешіп, түнделетіп келген маған қарағыштай береді. мен тобық
жұтып алғандай томпайып отырмын. «Үндемес ойнайық» –
деді одан арыға шыдамы жетпеген амантай. «Сол үшін кісіні
ұйқысынан оята ма екен?» – деді қыз. «Тасжан сені жақсы
көреді». амантай төтелеп тартты. «Оны өзім де білем, хатын
алғанмын». «ары қарай өздерің жалғастыра беріңдер, мен
жұлдыз санай тұрайын» – деген досым лып етіп, далаға шыға
жөнелді. арада тағы да жайма-шуақ тыныштық орнады. ай
сәулесіне шомылған Қыздың ақ дидарына қарап бір ғасыр
бойы отыра берсем де жалығатын емеспін. мен оны рас жақсы
көріп едім. Жеңіл дем алғаны, күлімсірегені, қоңыр үні, майда
жүрісі әлі күнге көз алдымда.
«мен сенің хатыңды оқыдым, – деді ол даусы дірілдеп.
мендегі сезім-халді ол да кешіп отырғанына күмәнім қалма-
ған. – Сондай әсерлі жазыпсың». маған батылдық бітті.
«Сырым мен шыным сол хатта түгел ақтарылған, басқа не
айтайын. Жауап бермеген соң, әдейі іздеп келдім». Төсекте
отырған Қыз ысырыла түсті де, «менің жаныма келші» – деді.
Оқыс әрекет буын-буынымды қалтыратып, денемді ток соғып
өткендей қалшылдап кеттім, қалтырап тоңам ба-ау, күйіп-
жанып ыс- тықтаймын ба-ау, әйтеуір, тәлтіректей басып
жақындадым; қарға адым жердің осыншалық қашаң тартып
кеткеніне таңым бар, өкпем күйіп, өлдім-талдым дегенде әрең
жеттім.
Қыз байсалды мінезін өзгерткен жоқ, терезеден сыртқа
қараған қалпы белгісіздеу мұңға берілді, жиі-жиі күрсінеді.
мұндайда не істеу керек? Бас салып құшақтап аймаласам ба?..
Оным тым ерсілік, жайған торыма енді-енді қондырдымау
дегенде үркітіп ұшырып алармын... ақырын ғана қолынан
ұстадым – үндемеген; екінші қолымды ақырын ғана иығына
301
салдым – қарсылық білдірмеген. Содан соң, не болсын енді...
Тұңғыш рет... сүйістік. Ол жылады, мен де... шошына алыста-
дық, ынтыға жақындадық... қайта табыстық... еріндеріміз
қайта жабысты... бетімізді алақанымызбан бастық – отша
лаулап жанады. Жүрегіміз лүпілдеп соғып өзара сөйлесіп
жатты. Біз аузымызды ашқан жоқпыз... боз ала бөлме, жусаған
тыныштық, жүректің ғана дүрсілдеп, сезімімізді балғалап
шыңдағаны естіледі... Қыз бетін басып отырып қалды... Жүз
жыл өтті, мың жыл өтті, бәлкім, қас қағым сәт өтті, түгін
білмеймін, менің құлағымда мәңгілікке қатып қалғаны:
«Тасжан, мен тұрмысқа шығамын» – деген алқынды сөз ғана.
«Кімге?» – деймін әрісәрі болып. «Сенен басқа жігітке».
Қақаған аязда үстіме бір шелек су құя салғандай немесе
түшіркене ұйқтап әдемі түс көріп жатқанымды қойныма сұп-
суық жыланды салғандай-айай-ай... ай... ай... «ай-ай!» менің
айқайлаған үнімді естіп есік сарт ашылып, амантай кіріп
келді. «Не болды?» «Бәрі болды». Иә, бәрі осымен тынған,
өшкен, мәңгілікке құрыған, мәңгілікке есте қалған. Бақилық
ғұмырыңа жетерлік қайғы мен қуаныш адам баласының
басында өлшеуі ғана болады. ал артылған тұста, адам көтере
алмай жан тапсырады. мен неге сол сәтте өліп кетпегеніме
күні бүгінге дейін таңым бар. рас, уыздай пәк сезім мен
беріштей берік сенімді жерлеп, қош-қошымды айтып
қайттым. «Сен түсін мені, – деді өксігін басқан Қыз. – Сен
оқуға баруың, білім қууың керек. мен не істеймін сонда.
ағайым- ның айғайын естіп, құсығын жуып омалып отыра
беремін бе? Оған шыдайтын түрім жоқ бойымда. Әлсізбін.
Қорғаншақпын. Жетімдіктің зарын көп тарттым. аяғыңа тұсау
болғым кел- мейді». Сасқанымнан «махаббатты қайтеміз,
махаббатты» деп бажылдаппын. амантай ұстай алды.
«махаббат дегеніміз – айрылысу», – деп кесіп айтты Қыз.
Бұқтырмаға ағып өлгім келді. асау толқындар өз жағалау-
ына лақтырып тастады.
Сүйген қызым үш күннен соң көрші ауылдағы тракторист
жігітке тұрмысқа шығып кетті. Бала-шағалы, үлкен үйелмен
болған. міне сол уақыттан бері жиырма жылдан астам уақыт
өтсе де «махаббат» деген киелі дүниенің түбіне жете алмадым.
Біреу бар, біреу жоқ дейді. ал менің есімнен Қыздың
«махаббат дегеніміз – айрылысу» деген сөзі кетпей-ақ
302
қойғаны. Кейде ойлаймын, рас-ау. Егер онымен қосылсақ қой,
бүйтіп өмірімнің бой тұмарындай күндіз ойымнан, түнде
түсімнен шығармай, ардақ тұтпас па едім. Үйленген соң
ыдыс-аяқ сылдырамай тұрмайды, ұрысып-керісіп, бір-
бірімізді айнытып алар ма едік, бәлкім. мәңгілік дегеніміз –
махаббат шығар.
Кейін сана сарабына сала келе маған мынадай ой келді:
махаббат абстрактылы, сондықтан да теориялық жағы дами
береді де, нақтылы мәнін жоғалта бермек. Негізінде, сезім
дегеніміз адамға ғана тән қасиет, бірақ ол айнығыш. айнығыш
болатын себебі – адамзат өзінің жаратылысынан еш нәрсені
қанағат тұтқан емес, арман мен қиял, үміт пен мақсат –
осының қай-қайсысы да тек бір ғана ұмтылыс ұғымымен
шектелмейді, тапқан дүниеңнің, шыққан биігіңнің аздығы мен
аласалығын айғақтап, үнемі бір тың, басқа, жаңа да жақсы
белгісіз бірдеңелерді көксеумен күн кешеді. Әдемілік пен
сүйкімділіктің өзі салыстырмалы да шартты, өйткені қандай
да бір керемет көркемдік сіздің көзіңізге теңдесіз
көрінгенімен, басқаға әншейін жай ғана нәрсе болуы мүмкін.
Әдетте, біз бір адамды құлай ұнатқанда, оның бойындағы
сандаған кемшілікті елепескермейміз, яғни сезім алдауына
түсеміз. Сөйтіп, үйленеміз. Күн өткен сайын, оған жақындаған
сайын біртіндеп сіздің жан дүниеңізге сай келмейтін қайшы
қылықтары ашыла бастайды, осыдан айну сезімі пайда бола
бастайды немесе өмірде одан да жақсы кісілер барын
мойындайсың, жарыңыздың болмысында аз, тіпті жоқ қадір-
қасиеттер мен өзгеше ерекшеліктерді өзгенің жарынан
байқайсыз, осылайша асылдан да озған асыл, сұлудан да
артық сұлу бар екенін түсінесіз. Көңіліміздің көк дөнені бұған
дейін шапқылап жүрген шеңберін тастайды да, анау топқа
қосылғысы
келеді.
Жалғанда
ғаламат
деп
ойлаған
аяулыңыздың кемшілігін көріп қалудан азапты не бар?!
Жақсыға жақындаудан қауіпті не бар?! асылыңды
жоғалтқаннан артық не бар?! Шіркін-ай, дегізер, оның өкініші
өміріңіздің өзегіне айналады. Осы «әттең-ай» мен «шіркін-ай»
– нағыз махаббат. арманда қалу, көксеген затыңа қол жетпеу
де – махаббат. махаббат дегеніміз – қосылмау десек, оған
мынадай дәлел келтірелік. айталық, әлем әдебиетінің арғы-
бергісін ақтарып отырсақ, сүйген жастардың бірде-біреуін
303
үйлендірмеген екен. Неге? Неге ромео Джульеттаға, Фархад
Шырынға, Қозы Баянға, Қыз Жібек Төлегенге, абай Тоғжанға
қосылмады?! Неге біздер аһ ұрып қосыламыз, арпылдап
айырлысамыз? «азапсыз махаббат – арзан махаббат», «Шын
ғашық бұл дүниеде қосылмайды»– деген атамыз қазақ нені
меңзеді?! Бүгінде біз сыйластықты, үйренісуді, үлгілі семья
құруды махаббат атты ұлы ұғыммен шатастырып алып
жүрміз, сондықтан да алғашқы, ортаншы, ақырғы махаббат
деп топқа бөлеміз. Шын ғашықтық – бірегей ұғым, Даралық
пен мәңгілік дегеніміз де осы. Үйлі-баранды, балалы-шағалы
болу – табиғаттың бұйрығы, ол жан-жануардың барлығына
тән,
ақыл-ойдың
емес,
шартты
рефлекстің
жемісі.
Саналылықтың арқасында өмірді жалғау формасын өзгерттік,
адамзаттың айырмашылығы – үй салуында, жиһаз жинауында;
сәулетті тұрмыс құруға үнемі ұмтылуында. ал алғаш адам
пайда болғанда осының бірде-біреуі жоқ еді ғой. От оттап, су
ішіп жүріп-ақ бізді осы дәрежеге жеткізді. алтын дегеніміз –
ырыстың күні түскенде пайда болар. Нанның көлеңкесі десек,
махаббат дегеніміз – жалғыз-ақ жан үшін жанған сезіміміздің
жарқ етіп сөнуі. Семья құрудың міндеттілік, қажеттілік
сипаты
басым.
ғылым
мен
техника
бар
жерде,
цивилизацияның масқара дамуы тұсында адамның табиғи
сезімі әлсіреп, стеоротипті сезімі үстемдік алады. Ендеше,
махаббат әсте де зор саналылықтың, білгір-білімділіктің,
асқан ақыл-ойдың жемісі болмақ емес, ол – тек жерде ғана
өмір сүретін, біртебірте архаизмге айналатын, тууы бар, өсіп-
өнуі жоқ көзге көрінбей мәңгі жасайтын бейнесі белгісіз Дара
ұғым.
«махаббат дегеніміз – қосылмау», – деп бірер рет көрген,
бөтен жігітке тұрмысқа шығып, ақарлы-шақарлы семья құрып,
немере сүйейін деп отырған сол бір Қызға мың да бір
рақметімді айтамын. Боз ала түндегі бозбала дәурен менің
бұған дейін тірі жүруіме себепші болмағанына кім кепіл. Ол
дұрыс-ақ делік. Теңіздің қызы – бота жетелеген Қызды кім
дейміз?! Бәлкім, боз ала түндегі сол бір Қыздың жастыққа
айналып, қайта жасауы ма, мәңгі өлмейтін, оралуы ма?! Не
сонда?! мына жүрісті немен ақтауға болар?! Өзім де
түсінбейтін елес, бейуақыттың елесі?!»
304
Бөлмеге қалай кіріп, қашан шешініп жатып қалғаны есінде
жоқ, таңға жуық көзі ілініп ұйқтап кетіпті. Телефон
шылдырағанда оянды. Төмендегі әкім әйел екен, күнін
ұзартып, ақшасын төлеу керегін, өйтпесе белгіленген мерзімі
біткенін ескертті. Ол тағы да үш күнге создырды. Сонда бір
аптаға толады. Қара басып, бүгін қатты ұйқтап қалса керек,
электрон сағаты тоғызды көрсетіп тұр.
Бөлменің іші қапырық ыстық: әдетінше балконнан қарап
еді, бота жетелеген қыз да, дүрбілі еркек те көрінбеді.
ақшам жамырап, қас қарайған мезгілде Тасжан жолға қайта
шықты. Күлге аунаған қотыр түйедей исініп жата бергенше,
жер басып жүру өзіне әрі ұнаған, әрі әлжуаздана бастаған
бойын сергіткендей-тін. Көптен бері жаяулап көрмегендіктен
денесі көбең тартып, кешегі жүрістен екі қара саны сыздап
ұйығандай. Қапырық үйде қамалғанша, түнгі далада
серуендейтін ермек тапқанына қуанулы. Ширақ аяңдап
келеді. Су сүзгіш құрылыстың жанынан өтіп, қаладан
алыстаған соң, сасық қоқыстан арылып, сахараның төл
жұпарын жұта бастады. мәңгілікке сақау болып қалғандай
табанының астында тілсіз жатқан даладан бойына өзгеше
қуат дарыған. ысқырып әлдебір әуенді қуалады. Үміт пен
қауіп кезек жеңісіп, көңіл түкпірінде жұмыртқадай шайқалып
келген балапан сезім қабығын түрткілеп жарық әлемге
талпынады. Оның қанаттанбай-ақ қауызында жата бергені
абзал еді, осы әрекетінің арты неге соғар екен. Өзінен жүрегі
озыңқырап, жүрісін жеделдете түскен. Сонадайдан жалғыз
тамның жарығы көрінгенде кешегідей арсалаңдап жетіп
бармай, сақтыққа көшті. Әуелі жан-жағын барлады. Теңіздің
жағасын шолды, ешкім байқалмайды. Қорада бота жатыр.
аппақ. Үкісі жел- бірейді. Осы жолы үріккен жоқ, маңқия
қарады да, кәперсіз тұра берді. Көңілі алабұртқан Тасжан
бұдан ары не істерін білмей делдиіп; үйге кіруге жүрегі
дауаламай дел-сал халді бастан кешті. Тіпті тәңірім-ау,
буындары қалтырап, екі тізесі дірілдеп кеткені несі, қырықта
ғой... Бұдан ширек ғасырға жуық бұрын Қыздың үйіне
барғанда нақ осындай сезім селкілдетіп еді-ау. Бұл не сонда,
305
ғашықтық па? Құдай сақтасын! аяғын санап басып, тамға
тақалды. міне, қайыс тұтқаға қолы ілінді. Тарт! Тартты.
Әндетіп ашылған есіктің ар жағында... төсектің үстінде
домбыра шертіп Қыз отыр. Бұған сәл сескеніспен жатырқай
қарады, бірақ әлдекімдер құсап шыңғыра атып тұрмады.
Шоқтай жанарын қадап, қасын қозғады. Тасжан ескерткіш
болып қатып қалған. Жүзіндегі таңырқаныс жымиысқа
ұласқан Қыз қолындағы домбырасын жастығына сүйеді де,
орнынан жеңіл тұрып, шамның білтесін шығарыңқырап
қойды. Төсекке қайта барып отырды. Көзімен босағада
серейіп, тілін жұтып теңселмей тұрған жігіттің басынан
аяғына дейін сүзіп шықты. «аллам-ау, мынау сол ғой, боз ала
түн, бозбала шақтағы Қыздың өзі ғой. Өңім бе, түсім бе.
мүмкін емес, мүмкін емес?!»
– Төрге шығыңыз. – Тасжан бұл сөзді естігенде басы
айналып, көзі қарауытып кетті. Қаны ысыды. Жүрегі баяулап
қана соғады. Құлап қалмас үшін тәлтіректей басып, бар күшін
жинап арқалығы жоқ ағаш орындыққа әрең дегенде жетті-ау!
Қарға адым жерді жүз жыл, мың жыл жүріп өткендей.
Баяғыдан айырмашылық жоқ.
Ол шын ауырлап еді. Соңғы кезде беймәлім сырқаттың
жағаттай бастағанын осымен екінші рет сезді. Қонақ үйде
айқайлап, түсінен шошып оянды. Ондай сәтте ақ орамалмен
денесін ысқылайтын, қайта-қайта суық су іше беретін.
Шекесін ұстап, сұлық отырып қалған. «мінекиіңіз» деген
сөзден басын көтеріп еді, Қыз тостағанға құйылған су ұсынып
тұр екен. сыңғыта ішті.
– рақмет, қалқам. – Қыз төсекке барып жайғасты. – мен
сізді қорқытып алдым-ау деймін.
– Жоқ, мен сізді қорқытып алған секілдімін.
Соншалықты құбыжықпын ба?
– О не дегеніңіз, адамның қуанғаны мен қорыққаны
бірдей емес пе.
– Оныңыз рас, – деді қыз. – Бірақ біз бір-бірімізді
танимыз ғой. Сіз кеше де келгенсіз. – Жігіт селк ете түсті.
– Оны қалай біліп қойдыңыз?
306
– Домбыраны ұстап көріпсіз, жусап жатқан ақбота үркіп
орнынан тұрып кеткен, содан соң үйден бөтен адамның иісі
сезілді.
– ғажап екен! – деді басын шайқап. – ғажап екен!
– Жападан-жалғыз тұрған соң бәріне үйренеміз ғой.
– маған осының барлығы ертек секілді, – деді Тасжан
ағынан ақтарылып. – Қатты ұйқтап, содан ояна алмай, түс
әлемінде маңып жүрген секілдімін.
– Ондай мең-зең сәт кейде менде де болады. айталық,
сізді тым ертеден білетіндеймін, тіпті елегізіп тосып та
жүрдім. адамдардан қашқанмен, әйтеуір, түбінде әлдекімнің
іздеп келерін сезуші едім. Сіз үш күн бойы балконнан мені
аңдыдыңыз.
– Демек, мені көрген екенсің ғой.
– Иә, бірақ бұрылып қарауға болмайтын еді. Биік
үйлерден басым айналады.
– Ендеше, сол биік үйлерді мен салғанмын, – деді
Тасжан.
Қыздың әлпеті өзгеріп қызыл тартқан.
– ақтау – құрдасым, мен туған жылы пайдалана
бастапты.
– Ендеше, сізге әке болуға жарағаным. – Қыз шошына
қарады.
– Сіз өте жассыз, менен де... Ниетіңіз таза. Егер адал
адам болмасаңыз, кеше жым-жырт аттанып кетпес едіңіз.
Сондықтан да сізге сенемін әрі жатсынбаймын.
– Олай болса, таңертеңгілік артыңыздан қуғанымда неге
аялдамадыңыз?
– мен ағайымнан қорқамын. Ол менің жүрген-
тұрғанымды дүрбімен шолып тұрады, – Енді ғана түсіндім.
– Түсінсеңіз, қазір қайтуыңыз керек. Кейде ағайым түн
ортасында келіп тексеріп кетеді.
– Қызық екен...
– Сіз үшін қызық, әрине, – деді Қыз жалт қарап.
– Жақсы, кет десеңіз кетейін-ақ. атыңыз кім?
– ақбота. Сіздің ше?
– Тасжан. «Жанын» кейде алып тастап атайды.
– мен «Тасын» алып тастар едім.
307
Тасжан далаға шыққан. – мен сізбен мүлдемге қош-
таспаймын, Жан-аға, – деді қыз. – Бүгінге осы жетер.
– Дегенмен айдаладағы қотыр тамда соқа басыңыздың
отырғанына қайранмын. Үлкен өмір, шулы қаладан неге
соншалық қашасыз? Екі жастың біріне келген жоқсыз...
– Сіз маған олай сөйлемеңіз,– деді ақбота үні
жарықшақта- нып ерсі шықты. – Әйтпесе жек көріп кетуім
мүмкін. Өзіңіз туралы ойлаған пікірімді өзгерткім келмейді. –
Сол думанды қалаңызға ертерек барыңыз, сайран салыңыз.
Бұрымдап өрген қара шашын арқасын сілке лақтырып тастады
да, теңізге қарай тәкаппар басып, бет алды. Жігіт, амал жоқ,
кейін, өз қаласына қайтты. Жүз қадамдай жүріп артына
қарағанында, ақботаның атыраудың жағасында шешініп
тұрғанын көрді. Ендігі сәтте ай нұрына шағылысқан күміс
дене шолп еткізіп, қара барқын тартқан суға құлаған, бәлкім,
секірген.
«Құдай біледі, мен ұйқтап жатырмын, не болмаса өліп,
арғы дүниеде жүрмін. атом ғасырында мұндай экзотика болуы
мүмкін емес. Цивилизация әне, қол созым жерде сиқырлана
жарқырап жатыр».
Бүгінгі түн тіпті тымырсық, ауаны жабыла жұтып,
тауысып қойғандай тынысқа тар. Жалғыз жаяу быршып
терлеген соң көйлегін қолына алды. Кешегідей емес, мұң
қабыздаған.
Жаңбырды сағынды.
«ауылға соңғы рет барған жылдың жазында әкеме еріп
жайлауға шықтым. астымызда жүріске мықты, тағасы
тарсылдаған белді ат бар. Біздің жақтың жайлауы алыс, сон-
дықтан да адам аяғы аз тиген соны. Өркеш-өркеш таулардан
асып, қалың орманды, аттың тоқымдығынан келетін жасыл
шалғынды, сайлауынан сарқырап бұлақ аққан ата қоныстарды
басып өтесің. Осының барлығы мен үшін таңсық емес,
көкірекке жақын көріністер болғанмен, араға жылдар салып,
есейіп орал- ғаныңда қайта туғандай толқиды екенсің.
Әкемнің артынан үнсіз еріп келе жатып, сыны бұзылмаған
табиғаттан бір кездегі өзімді іздеймін. Кейде бұта-қарағайлы
беткейде иіліп тұрған қарақатты көріп, аттың басын шұғыл
бұрам да, желе жөнелемін. Қарақаттың арасына бір кірген соң
шыққың келмейді, уыстап алып, қарпи асаймын. Қарақатты
308
бұтаны қақ жарып өтесің, екі тізең қып-қызыл болып
қанданады. Ұзаңқырап кеткен әкем «Тасжан, қайдасың?» –
деп айғайлайды. Әдетте қарақатты көп жесең тісің тамақ
шайнатпай зырылдайтын. Жылқылы ауылға жетіп қой
сойылғанда алдыңа келген табақ-табақ етке, анау көпіршіген
қымызға беттей алмай отырып қаласың. Әлі есімде,
шұрқыратып бие байлаған қымызды ауылға түнедік. Сол күні
кешке найзағай ойнап, қатты бұршақ жауды. Үлкендігі
қойдың құмалағындай бұршақ бүкіл тау-тасты әп-сәтте аппақ
моншақпен қымтап тастаған. Шапқылап өте шыққан
бұршақтан соң аспан ашылып, күн шыққан. Батуға
ыңғайланған күннің соңғы сәулесі тек шоқылардың ұшар
басын бояп, ал қызыл шатырға айналдырды: Содан соң, сол
шоқылардың кемер белбеуі секілді жіп-жіңішке кемпірқосақ
туады. Таңға жуық әдетімше оянып кеттім. Жылқышылар
құлын байлап, сауыншылар сабадағы ашыған қымызды
қотарып жатыр. Әкем де тұрып кетіпті, жаным бос.
Байқаймын, сыбдыр-сыбдыр жаңбыр жауып, жарма есіктен
суық келеді. Көрпені бүркене түсіп, жаңбырдың әңгімесін
тыңдаймын. Қай-қайдағы қиялға берілемін. маған адамдар көк
тәңірісінен жаңбырмен бірге жауып түскендей болады да
тұрады. айтпақшы, тауда шөмелешөмеле құмырсқаның
илеуінен аяқ алып жүргісіз. Күн ашықта жыбыр-жыбыр
тіршілік жасап мың-миллион болып, қайшыласа қаптайды да
жүреді. мәңгілік қозғалыстағы құмырсқалар адам секілді, ал
доп-домалақ илеу жер шарына ұқсайтын. Сонда табанымды
сол құмырсқалар мекеніне жақындатамын, қашан басып
жібергеніңше саспайтын. Ойлаймын, бізді де біреудің алып
табаны төбемізден таптай салса қайтер едік, құмырсқадағы
кәперсіздік адамдарда да бар-ау... Құмырсқа бейбіт те
бейкүнә, еңбек-сүйгіш жәндік.
Жаңбырдың ертегісі әлі таусылған жоқ. мен елеңдей құлақ
түріп, табиғаттың нұрлы жаңбырына табынамын. Шіркін-ай,
сол бір жайлаудағы ақ жаңбыр дәл қазір жауар ма еді, кенезесі
кепкен даланың ғасырлық шөлін басар ма еді, жайқалып шөп
өсіп, ақтаңдақ жердің бәрін ал қызыл гүлмен көмкерер ме еді;
тап-тақыр айды шұқылағанша сор мен құмға бөгіп жатқан
туған топырағымызды, қалай да бір айласын тауып,
баубақшалы, өзен-көлді мекенге айналдырар ма еді! аспанның
309
үстін зерттегенде, аспанның астын қайда қоямыз... Шіркінай,
мынау маңқыстауға үш күн, үш түн нөсер құяр ма еді. Әй,
жаумайды ғой, жаумайды... адамзат өзіне нақты керекті зәруер
дүниені ешқашан да ескерген емес...»
Таңның таңдайы сөгіліп, айдынды алып теңіздің астынан
Күн көтеріліп келе жатты. Тасжан балконға шықты. Бота
жетелеген қыз өтіп барады. Дүрбілі еркек өз орнында тұр.
«Интерконтинентальдің» өкпе тұсынан өте берген қыз жалт
қарады. Жігіт оныншы қабаттан құлап кете жаздады.
ымырт жабыла тағы да жолға шықты.
Бүгін теңіз бетінде жел бар.
Көйлегі ағараңдаған қыз бірін-бірі итермелей арпалысқан
асау толқындарға қарап үнсіз ойланып тұр. Шашын өрмей,
тарқатып бос жіберген, атыраудан соққан желмен желбіреп,
бейне бір ақ қайыңның ұшына байланған қара жалау іспетті,
түн қараңғылығымен ұласады. Түннің өзі – жайып жіберген
ақботаның шашы сынды. аспаннан сансыз жұлдыздар «жерде
не болып жатыр» дегендей тесірейе қарайды, расында да,
көктен белгісіз біреулер бақылап тұрғандай бойыңа
қорқыныш ұялайды. Сол белгісіз біреулер Тасжанды қазір
алып кетсе, арманы болмас еді... Сол беймәлім біреулер мен
анау теңіздің жағасындағы теңдесіз сұлу Қыз ғана тілдесіп,
«сақтай гөр адамзатты» – деп, жалбарынатын шығар-ау.
Жігіт жанына келгенде қарауыта толқыған теңізге телмір-
ген қалпын бұзбастан: – мен сізді тосқанмын, – деді. – Іздеп
келуіңізге сенгемін. Бүгін үндемеңіз, тек мен ғана сөйлейін.
адамдармен әңгімелеспегеніме мың жыл өтті. атыраудың асау
толқындары жартастарды солқ еткізіп соғады. Судың беті
көрінбейді, тек ақ бас жалдар ғана жағалауды сырылдатып,
жүгіріп өтеді. Түнмен қойындаса теңселген теңізден сыздау
иіс келеді мұрынға, жаңа ғана ұстаған тірі балықтың иісіне
ұқсайды.
– атыраудың бетіне дауыл тұрған сайын осында келемін,
– деді ақбота. Үні қатқыл да қасіретті.– Желмен бірге ата-
анам- ның иісін сеземін. Толқынға мініп, үйге қайтып
оралатындай... Олар осы түбекте түйе баққан. Қала салынып,
түйелерді басқа жаққа айдап, көшіретін болған соң, қара
мекендерін қимай қалып қойған. Кәсібін теңізден іздеген. Үш
жыл бұрын қара қайыққа мініп, балық аулауға аттанған еді,
310
қайтып оралмады. Толқын тек бос қайықты ғана жағаға
шығарып тастады, әтіс тамның іргесінде төңкерулі жатыр, ал
олар әлі жоқ... Күнде кешке сарыла тосамын, суға сүңгіп
іздеймін – жоқ. Өлдіге қимаймын. Әйтеуір, бір күні аппақ
кемеге мініп аман-есен қайтып келері даусыз. менің
сағынышым әке-шешемді жеті қат жер асты мен жеті қат
көктен де шығарып алады. Тірі екенін теңіздің өзі айтып
жатыр емес пе, тыңдаңызшы... анау арыстандай айбатты
толқындар әкемнің ашуы ғой; күндіз соншалықты тыныш
жатты, ол – анашымның мейірімі. Тегінде, атырау осы
екеуінен – адайдың тентек мінезінен, анамның, махаббатынан
жаралған. Кеше судың астында көп жүріп қалдым, әке-
шешемнен бір хабар айтар ма деп балықтардан сұрастырдым,
үндемейді... Сіз секілді. ай туып еді, бір айдан бері алғаш рет
пайда болған ұзыншақ бұлт қаққа бөліп, анық ажарын
далдалап тастады. атырау әлдекіммен алысқандай арпалысып
жатыр. Күдерін үзді ме, ақбота шұғыл бұрылды да: – Әкемдер
бүгін келмейтін болды. Жүріңіз үйге барайық, – деді.
Қорада елегізіп тұрған ботаның мойнынан құшақтап,
тұмсығынан сүйді.
Шам жақты. Бөлменің ішінде өзгеріс жоқ. Тап-таза.
– Отырыңыз, – деді тамға орнатқан тіреу секілді
қақайып тұрған жігітке. – Тым жасқаншақ екенсіз.
Төрдегі орындыққа жайғасты. ақбота үй ішіндеті кейбір
заттарды жинастырып, күйбеңдеп жүр. Содан соң, столдың
үстіне бір жапырақ нан мен тостағанға құйып айран қойды.
– Осыдан басқа ештеңе жоқ, өзімнің қорегім де осы.
– Сіз маған жұмбақ жансыз.
– Білемін. Кеше де емеурін танытқансыз. – Шамның
жанына келіп отырғанда ажары анық байқалды: ақ құба өңді,
қалың қара шашты, иілген қара қасты, кірпігі ұзын; тұнық,
ағы аз, қарашығы үлкен көзді. Күлгенде ғана емес, сөйлегенде
де бетіне оймақтай шұңқыр пайда болады. Осы қалпында
қазақтан гөрі иран қыздарына көбірек ұқсайтын. Кісінің
жүзіне қадалып тура қарайды. Дидарында мазасыздық бар,
сол мазасыздықты мұңмен көлеңкелеп, уыздай жас әлпетін
ақылдың мекеніне айналдырып жіберген. Жанарында жанған
от туа біткен сәулесін сәл әлсіреткендей ме, қалай, десек те
шамның жарығы түскен сайын қоздап, айтып жеткізгісіз зар-
311
наланы, айтып жеткізгісіз әдемілікті айқындайды. Бүкіл ішкі
ойын бетінен оқуға болады екен. Түйіліп, ашылып шағаланың
қанатын еске салатын қабағы лыпыған сезім түйсігін лезде
білдіріп қояды.
Әйтсе де жасырын суықтық байқалады-ай...
– Сіз мені зерттеуге келдіңіз бе, неге үндемейсіз?
– Бүгінгі әңгіме өзіңізден секілді еді ғой.
– Әйтсе де өзіңіз жайлы жалпылап айтып шықпайсыз
ба?
– мен дүниеден жалыққан адаммын, қым-қиғаш өмір
жолымның қайсы бірін айтып тауысайын, қалқам.
– рас, тағдырыңыз сан-сапалақ екенін сезгемін. Оның
маған керегі шамалы. Көп күресіп, бірде жығып, бірде
жығылып шаршаған сияқтысыз. мен болсам өмірімді
бастамай жатып аяқтайын деп отырмын.
– Қалайша?! – Тасжан шошына сұрады.
– Жанымда көгендеулі жатқан жазылмас сырқат бар.
Қан түйіршіктерінің қызылы мен ағы шайқасып, ағы жеңіп
кеткен. міне үш жыл болды өзгенің қанын қабылдап жер
басып жүр- мін. – Қыздың ақ жүзі қабарыта бастады. –
Көктемде, сонсоң күзде қатты ауырамын, обострение болады.
Әр ай сайын қалаға барып, дәрігеріме тексеріліп қайтамын да,
ботаның қасында ғұмыр кешкен жай бар. анда-санда ағайым
келіп, тамақ әкеліп тастайды, кейде өзім барамын. Барсам
болды басым айналады. ағайым әкеме тартпаған, өте қатал
адам, одан көңілім қалған. Осы үйде інген бар еді, сонау, ит
арқасы қияндағы түйелі ауылға апарып, өз қолымнан
қайытқанмын. Келесі жылында боталады. Ботасы аяқтанып,
шөп жеуге шамасы жеткен соң, енесін ағайым сатып, үйлеріне
мебель алды. Содан бері бота жетім. Әйтеуір маған үлкен
ермек. Теңіз жағалатып қыдыртамын, жетелеп апарып жайып
қайтамын. Қазір айран-сүттің қалдығын қорек ете береді.
Біздің тірлікке ол да үйренді. Осылайша екі бота бір жерде
тұрып жатырмыз. Қашанғы жүрер дейсіз. Қашанғы шыдар
дейсіз... мен баяғыда өліп қалар едім, көк теңізге балық аулай
кетіп қайтпаған әке-шешемді тосып жүрмін... Әйтеуір, бір
күні «ақбота» – деп, айғайлап судан шығып келе жатарына
312
сенемін. Оралуы мүмкін ғой, ағай айтыңызшы, жарымжан
қызын тастап мүлдем жоғалып кетуі мүмкін емес қой?!
– мүмкін емес! – деді Тасжан. Үнінде сенімсіздеу діріл
бар. Жанарына жас ұялады. Оны байқап қалған қыз:
– Сіз де ауырасыз, – деді жаудырай қарап.– Бірақ көп
жасайсыз. О дүниеге аттанар адам тым-тым арманшыл келеді.
айталық мен. – Күлімсіреді. Көңілдене бастады. – атыраудың
бетімен ботамды жетелеп, жаяу жүрсем деп қиялдаймын.
айтыңызшы, аға, мүмкін ғой?!
– мүмкін, айналайын, мүмкін емес нәрсе жоқ.
– менің ауруымды дәрігерлер емдеп жаза алмасын
білемін.
– Неге, сауыққан адамдар бар.
– мені жұбату үшін айтып отырсыз. Сіз білесіз бе, басқа
кісінің қанын құя берсе, адамның мінез-құлқы өзгере
бастайды екен, сөйтіп бірте-бірте өз болмысыңызды
жоғалтасыз да, анау сіз тұрғызған қаладағы, түрін көріп, атын
естімеген сандаған халыққа айналасыз. ал менің оларға
ұқсағым келмейді, сондықтан да осы аурумен ауырғаныма
қуанамын. мен – қан- сорғышпын, аға... – Солқылдап жылады.
«Тәңірім-ау, көзінен сорғалап аққан жасқа дейін жарасады», –
деп ойлады Тасжан.
Орнынан тұрып қыздың шашынан сипады.
– Сізге ренжуге болмайды ғой, ақбота.
– Әншейін, өзімді ұғатын адамды көрген соң көңілім
босап... Қойдым, енді қайтып жыламаймын.
– Домбыра шертші, – деп өтінді жігіт.
– Ертең, аға, ертеңгі күйімді де, түнімді де сізге
арнаймын. – Осы кезде есік ашылып, ақботаның ағасы кірді.
Сасқалақтаған Тасжан орнынан ұшып түрегелді. Дүрбілі
еркектің қолында тор дорба. Серейген жігітке алайып бір
қарады да нан, айран, колбасаларды столдың үстіне қоя
бастады.
– мұныңыз ұят, – деді гүрілдеген дауыспен.– Әкесіндей
емессіз бе? Оның үстіне ақбота ауырады...
– «ауырат» деген сөзді қойыңызшы. мен баяғыда
жазылып кеткенмін, әншейін жасырып айтпай жүргемін
сіздерге.
313
– Олай болса жұмысқа тұр. Еңбек ет, өзіңді-өзің асыра.
– айтпағыңыз менің арамтамақтығым екен ғой. Енді екі
күннен соң, сіздің ақылыңыздың бәрі-бәрін орындаймын, тек
бүгін маза беріңіз.– Қыздың беті тағы да қабартып, түрік ерні
дірілдеді.
– Жүріңіз, жігітім, қаламызға қайталық. Бұл тамға
екеуміз сыймаймыз, – деді Тасжанға. Ол, амал жоқ, дүрбілі
еркектің алдына түсті. Далаға шыққан соң еріншектене
аяңдап, қалыңқырай бастап еді, дүрбілі еркек: «Сен алға оз,
мен соңыңнан еремін, әйтпесе қайтадан кері бұрылып кетуің
мүмкін», – деген соң, жеделдете адымдап ұзаңқыраған.
«Нағыз каратэ қолданатын-ақ тип екен». ашулы ой азғыра
бастаған. «Күрестің айла-тәсілін тек осындай пасықтарға
қолдану үшін үйрену керек шығар». Зығырданы қайнағанмен,
сап-саппен өз-өзін тоқтатты. «Бізде жалғыз-ақ қателік бар –
кімді өлтіріп, кімді ұрарымды білмейміз. Сондықтан да
жазықсыз жандар жапа шегеді».
Ізін аңдып, иісшіл иттей сүмелеңдеп ерген еркектен
жиіркенгені соншама, одан тезірек құтылу үшін зымырап
жүгіре жөнелді. Оған осынау бұғағы салбыраған, не жеп
семіретіні белгісіз, санасы мен сезімі қарынға айналып кеткен,
жүрегін май басқан жайбасар, қатты жүрмейтін, әсте де қарап
тұрмайтын дүрбілі еркек өмір бақида өкшелеп қуып
отыратындай. «Ер екеніңді білейін, тоғышарлықтан қашып
құтылып көр».
Осы сапарда жан дүниесінде бұлқыныс буырқанып, кімге
екені белгісіз, ренжулі қайтқан Тасжан бөлмесіне бірден
көтеріліп, жылы бүркеніп жата қалуды қаламады, әлі де
базары тарқамаған ресторанға тартты. Даяшыға зіркілдеген
дауыспен: – Пожалуйста, маған екі жүз грамм коньяк, ащы,
қант қоспаған одинарный кофе әкеліңіз, – деді. Тегін
беретіндей бұлданған даяшы келіншек қолындағы қағазға
түртпестен теріс бұрылып жүре берді. Бұл – мақұлдағаны. «Өз
қалтасынан төлейтіндей бұлдануын» – деген шаптықты ой
келді Тасжанға.
Коньякты дем алмастан шалқая отырып тартып жіберді.
ғажабы ашырқанған жоқ, қымыз ішкендей тілімен ернін
жалады.
Орнынан
тұрып
барып,
келсін-келмесін
қайдағыжайдағы әндерді ұрғылаған жігіттерге бес сом ақша
314
берді... – Пожалуйста, ең ащы, шыңғырған музыка. – Өтініш
орындалды, бірақ ішкі жан айқайының пердесін тап баса
алмаған. «Қап, магнитофонымды ала келмеген екенмін.
Осындай күйзелген сәтінде алла Пугачева керек». алақтап
жан-жағына қарады, бас бұзар тентек ұлдардың бірде-бірі
көрінбейді. албаты кімге соқтығарын білмеген Тасжан,
бәйгеге жараған аттай ширығып, бір орнында отыра алмаған.
Ол төбелес іздеді, біреу тиіссе екен деп тіледі де, осындай
белді бекем буып, тас түйін дайындалғаныңда құдай ұрып,
жұрттың барлығы қойдан момақан бола қалатыны бар.
«Келіңдер жекпе-жекке!» – деп айқай салғысы келді. Өкінішке
орай, бұл ресторанның ішінен суырылып шығып, өзіне қарсы
тұрар лайықты «жауды» таппай қор болды. Бәрі іштей
аңдысады, бәрі арбасады, жоқтан өзгені айтып дауласады,
бірақ секіріп беттей алмай отырып қаласың. Әлі есімде,
шұрқыратып шығып, қасқая қарсы келер ешкім жоқ. «Иә,
ағайын, біздер телефонмен, өсекпен атысатын халге жеттік.
Кету керек бұл жерден, тезірек азаттану керек. Қайда?!»
Сүйретіле тұрды да, маңайына сүзеген бұқадай гүжірейіп
қарады. Бәрі күбір-сыбыр өтірік күледі, өтірік сөйлейді, әдейі
шатастыру үшін ақыл айтады. Әдейі бір-біріне ішкізеді...
Тасжан ғана артық секілді... «ақботаның обалы сендерде!» –
деп ақыра айқайлағысы келді. Белгісіз күш ондай
әумесерлікке жібермеген. ақбота «сіз көп жасайсыз» деген,
дұрыс айтады. мен тасбақадай зиянсызбын, әрі ешкімге
пайдасызбын, сондықтан да өлмеймін, өлу қолымнан
келмейді. Жолдастар, біздер – тасбақамыз! Түкке керек жоқ
бармақтай басымызды аман сақтау үшін тас немесе темір
сауыт киіп, жер бауырлаймыз!
Қандай сорлымыз!..»
Көзіне ине тіреп қойғандай. Әрі аунады, бері аунады.
Жожоқ, мастықтан емес, көптен бері бықсып жанған ішкі
жанар таулар әупілдеп атыла бастаған, бейне бір Куриль
аралы дерсіз...
Осының бәріне «кім кінәлі? Неге? мен емес, сен емес, ол
да емес – ешкім де емес... Ұшығы мен түйіншегі жоқ дөп-
дөңгелек дүние: қай жерден кіруге болады, қай жерден үзуге
болады, қай жерінен шығуға болады – мықты екеніңді білейін,
тауып көрші. айталық, мен алып бір самолеттің ішінде өмір
315
сүріп келе жатқандаймын, бірақ мен мінген самолеттің
моторы жоқ, ұшарын жел, қонарын сай біледі, бәлкім, қаңбақ-
тірлік дегеніміз осы шығар-ау... Біз асқан ақылды дәуірді
бастан кешудеміз, сондықтан да әлемнің ақылгөйсіген бетіне
қарағым келмейді, жек көргендіктен бе, әсте олай ойламаңыз,
тым-тым сұңғыла да сақ тірліктен шалдыққаным шығар. мен
ертерек туылғанымды сезе бастадым. ал ақбота өте кеш
жаратылған. Ол он сегізінші ғасырға лайық адам. Бүгінгі
ғылыми-техникалық дамудың қолды-аяққа тұрмайтын асығыс
ағысына ілесіп, иін тіресе итермелескен итіс-тартыс суетасына
көндіге алмаған. Осыдан барып шулы қаланың ластанған
ауасы, самолеттің гүрілі жа- нына туа біткен он сегізінші
ғасырлық психологиясына қатты әсер еткен. Осыдан барып,
қазіргі дәуірге лайық келмейтін бүкіл организмі уланған,
демек биосфераны техносфера жеңген. Ол бетонға еккен гүл
секілді... мұнайдың ішіне қоя берген балық секілді...
менің жалқы ақиқатқа көзім жетті. ғашық адамның бейнесі
жалғанда да жоғалмайды екен. Оның тек өзің үшін ғана
жаратылған, тек өзің ғана ұғып, көре алатын көркем бейнесі
жер шарының, әйтеуір, бір пұшпағында адаса жүргені рас.
Сен оны түптің түбінде табасың. Бозбала түндегі бозбала
шақтың іңкәрі болған Қыз махаббат құсына айналған да, пыр
ұшып кеткен екен-ау. Содан бері осы атырау жағалауын
мекендеген, ақбота сол! Жастығымның ақ құсы. менің
басқадан гөрі бақыттылығым – періштемді өлтірмей
ақботаның бейнесінде көруімде. монданақтай жер шарын
мәңгілік махаббат, оның өзінде бізге әзірше беймәлім тәңір-
қызының дара махаббаты ғана сақтай алады. ал ол ғарыштың,
әйтеуір, бір түкпірінде самғап ұшып жүр».
Таңға жуық ұйқтауға мәжбүр болды, өйткені жұп-жұқа
қабырғаның ар жағындағы кісі өте қатты қорылдайды екен,
сол үн кәперсіз ұйқыға еріксіз еліктірген. Сынықтан басқаның
бәрі жұғады деген осы да...
Теңіз жағасындағы жалғыз тамға күн батпай жетті. ананы
қара. Оман дарияның шетінде, толқын қанша жыл сабаласа да
міз бақпайтын жартастың үстінде, өткен ғасырдан зәуде қалып
қойған, немесе қашып келген қазақы қыз тұр. Кигені: қос етек
көйлек, кеудесі тар қынама бел қамзол, үкісі тербелген қатипа
тақия; құлағында үзбелі сырға, күміс білезік, әдемі алқа,
316
сылдыр-сылдыр шашбау. Тасжан өз көзіне өзі сенбеді,
шыныменен сол ма – ақботаның елесі ме? Техас шалбары,
арыстанның басы салынған белбеуі, ішінен бүгіп жіңішкертіп
тіккен шетелдік тар көйлегі мен аяғында биік өкше кебісі бар
жігіт тарихтың тірі куәсіне жақындауға батпады.
– Танымай қалдыңыз ба, аға? – деді ақбота сыңғырлаған
дауыспен, өзі бүгін аса көңілді. – Шешем тіккен киімдерімді
киіп, бой жасап тұрғаным ғой, қалай, жараса ма?
– Тотыдайсыз... тіл жетпейді.
– Баяғы өткен заманда бәріміз де осындай едік қой...
Әкемдер көрінбейді, тегі бүгін тағы да келмейді-ау деймін.
Ертең өзім іздеп шығамын... Жаяу...
«Қалайша, судың бетімен қалай ғана жаяу жүре алады».
Тасжан кімнің есі ауысқанын түсінген жоқ, әйтеуір, елес
дүние...
– мен бүгінгі түнімді сізге арнаймын деген уәдемнен
айныған жоқпын, аға. Жүріңіз, үйге баралық.– Құдды қор
қызындай қалықтай басып, шашбауы сылдырлап, үкісі
желбіреп алға түсті. Жанданған «архаиканың» соңынан
әлсірей бастаған «ультра» жігіт еріп келеді.
ақботаның мұншалықты жарқылдап көңілденгенін көрме-
ген Тасжан шексіз таңданыспен жаутаңдап қарай береді. Не
айтса соны орындаудан басқаға амалы қалмаған. Қыз стол
үстіндегі тостағанды қолына алды.
– Тасжан, аға,– деді жанары жаудырап. Көзінің ағы
жоғалып, бірыңғай тұңғиық тартты, әрі әдемі, әрі
қорқынышты.– мен сізге қазір... өмірде бола бермейтін, тіпті
көп жұрт сенбейтін ұсыныс айтайын деп тұрмын. мен сізге
тұрмысқа шығамын, таңданбаңыз да шошымаңыз... Неке суы
дайын. Таңға жуық кетесіз бұл жерден, мен қаламын.
мәңгілік, бәлкім, ызымғайым жоғалып кеткен әке-шешемді
іздеуге аттанармын, оған сіз араласпайсыз. Жалынып та,
жалбарынып та өтінерім – бұл некелесуге шын жүрегіңізбен,
адал ниетіңізбен, өзім қалай нансам, солай сеніңіз іштей...
Бұдан соң мені ойламаңыз, ұмытыңыз әрі ешкімге
мақтангершілікпен жария қылмайсыз. Егер жүрегіңізде
титімдей болса да бос орын қалса, бейнемді сонда сақтарсыз.
«мен түс көріп жатырмын. Әйтпесе мұндай оқиға жердің
бетін қойып, астында да болуы мүмкін емес. Не айтса соған
317
көне беру керек. Зар жұтып іздегенім де осы емес пе еді – елес
емес пе еді...»
– Өз-өзіңізге келіп, маған жақындаңыз, – деді ақбота.
«Бисмилла», деп неке суын ұрттайық. – Өзі ішті де, Тасжанға
ұсынды. Ол да ұрттады. – О дүние мен бұ дүниеде сіздікпін,
сіздің адал жарыңызбын, аға. – Екі көзімнен, содан соң
маңдайымнан өбіңіз. – Жігіт қыздың айтқанын бұлжытпай
орындады. Қайран қалды, ақботаның беті сұп-суық екен, тас
өбкендей болды. – Ішімнен күн туғандай бақыттымын. Енді
мен сізге өзім шығарған күйді ойнап беремін, «Жетім бота»
деп аталады.
Домбыраны қолына алды да, Тасжан ешқашан естімеген
күйді бастады. Сай-сүйегіңді сырқыратып, алпыс екі тамы-
рыңды иітетін мұңлы әуен, соны мақам. Өмір мен өлімнің екі
арасындағы адам баласы жүріп өтетін сапардың барлық
мазмұнын баяндап беріп жатқандай. Құрлық пен теңіздің
шектелер тұсындағы қалай қарай барарын білмей сенделген
жетім ботаның боздауы, сол жетім ботаны жетелеп,
әкешешесін сағына тосқан қыздың зары, аялы алақан, ыстық
ықыласты іздеген жалғыз жанның опасыз жалғаннан күдер
үзген соң, өз жаназасын өзі шығаруы.
Домбыраның ішегі тарс етіп үзіліп кетті. Оны иесі әдейі
үзген еді...
– Сіз менің алғашқы да ақырғы жарым болдыңыз. Енді
еш нәрсе де жасыра алмаймын. Қазір мен шешінемін. Әрине,
сіз үшін таңсық емес шығар. Бірақ мен осы жасыма дейін иісі
еркек атаулының алдында бірінші рет тәнімді көрсетпекпін.
Жанарынан
жас
саулаған
сәулетші
ақыл-есінен
айрылғандай ешбір қимыл-әрекетсіз мелшиіп тұра берді.
ақбота үстіндегі қазақы киімдерін судыратып шешіп, тек жұп-
жұқа іш киімімен ғана қалғанда шамды жарқырата, күн
тимеген ақкүміс санын көрсетті.– міне, қараңызшы, аға,
ұялмай дұрыстап қараңызшы, бүкіл екі қара саным, білегім
теңбіл-теңбіл, бұл терінің ар жағындағы шығатын жер таппай
ұйыған қан. Егер денемнің кез келген жерін шеге жыртып
кетсе сорғалап аққан қан қайтып тоқтамайды, кейде сыздап
келіп тісімнің арасынан саулайды... сондықтан да... сондықтан
да... мен сізге... рухани жар болып қаламын... арымды,
адалдығымды өмірде бір-ақ рет көрген, құлай сүйген адамыма
318
садағалаудан тайынбас едім, қайтейін құдай соны да
қызғанды... ағаш төсекте Қыз бен Жігіт қатар жатыр, жаңа
қосылған ерлі зайыптыларша жатыр, аймаласып, шын
ғашықтық құмарында таза да тәкаппар жатыр. Орталарын
бөлген зат жоқ, ортасында көзге көрінбейтін «бетон» қорған
бар... Одан екеуі де аттай алмайды...
– Тасжан аға, көзіңізде жас бар ғой...– алпамсадай, тепсе
темір үзетін жігіт жас балаша өксіп, ақботаның бауырына
тығыла солқылдап жылады, армансыз, ағыл-тегіл жылады,
уана алмай жан дүниесі ақтарыла жылады. адамдар тек
анасының алдында ғана осылайша мұңын шағып егіле алушы
еді ғой – дәл солай.
– Таң шапақтанды, қайтыңыз, аға, – деді ақбота
шашынан сипап.– Бұл сөзді құдай қосқан қосағыңыз айтып
жатыр. мені ұмытыңыз деп айта алмаймын, бірақ аз ойлауға
тырысыңыз. Жұмысыңызға кедергі болар. Әсіресе жаңа
қаланың жобасын жасағанда есіңізге аларсыз. Бұдан былай
артыңызға жалтақтамай, тура алға қараңыз. мен сіздің
тілеуіңізді екі дүниеде де тілеп өтермін. Соңғы рет сүйіңіз.
Қоштасалық.
Тасжан, яғни сәулетші жігіт теңіз жағасындағы жатаған
тамнан жалғыз-ақ оймен қайтты: «Осының барлығына мен
кінәлімін...» Біз, деп айтуға қорықты, кімнен – өзі де білмейді.
мұндай оқиғадан соң ұйқтау мүмкін бе, көз ілмеген қалпы
күннің шығуын күтті. Балконға шыққанында атыраудың
бетіне алтын жол салып, жарықтық күн де көтеріле берген.
Сол теңіз үстіндегі алтын жолмен асықпай аяңдап, жетім
ботасын жетелеген ақбота кетіп бара жатты... «Батады-ау,
қазір суға батып тұншығып өледі-ау»,– деп жан даусы шыға
айқайлаған қалпы, лифтыға мінуді де ұмытып, ащы ішектей
таусылып бітпейтін баспалдақпен тапыр-тұпыр жүгірген:
Жетім бота жетелеген қыз, әне, су бетімен шашбауы
сылдырап, үкісі желбіреп кетіп барады... мәңгілік сапарға
жаяу кетіп барады...
Тасжан екі өкпесін қолына алып зымырап келеді, құстай
ұшып келеді... Санасында сартылдаған ақботаның сөзі: «аға,
сіз салған қала мені маңқыстаудың маң даласынан қуып келе
жатып, теңізден сескеніп, серейіп-серейіп қатып қалған кірпіш
319
пен тастан жаралған алып адамдар секілді қорқынышты...
қорқынышты...»
Екі өкпесін қолына алып жүгіріп келеді...
Үлгерер ме?!
Үлгерер ме?!
Үлгерер ме?!
Телегей-теңіз болса өз қызының есен-сау оралғанына
қуанған ардақ анадай, шүкіршілік жасап, толғана толқиды...
жарықтық... ал үш айдан соң жаңа қаланың жобасын
тапсыру керек!
Достарыңызбен бөлісу: |