Оралхан Бөкей «Құм мінезі» повесіндегі кейіпкерлер жүйесі С. М. Дүйсенғазин



Pdf көрінісі
Дата15.03.2017
өлшемі0,53 Mb.
#9279

Оралхан Бөкей   «Құм мінезі» повесіндегі кейіпкерлер жүйесі 

 

С.М.Дүйсенғазин, 

ф.ғ .к., доцент, 

                                                                                              А.Бейсен  

4 курс студенті 

Қазақстан, Астана 

 

  

 

Оралхан  Бӛкей  сомдағ ан  сырлы  әлем  –  кемелсана  иесіне  ғ ана  сыры  танылатын  терең 



философиялық  ойлар  мен  ғ ажайып  сұлу  сӛздердің  әлемі.  Жазушының  шығ армалары  жарық 

кӛрген  сәтінен-ақ  оқырмандар  қауымы  мен  әдебиеттанушылардың  қызығ ушылығ ын  тудырып 

келеді.Ол ӛткен ғ асырдың 60-жылдары әдебиетке келген қазақ жазушыларының ішінде табиғ аты 

ӛзгеше,  шығ армашылығ ы  ешкімге  ұқсамайтын  айрықша  талантты  суреткер.  Ә.Кекілбаевтің 

сӛзімен  айтсақ,  ол  «...жиырмасыншы  ғ асырдағ ы  қазақ  әдебиетінің  ең  сүйікті,ең  сүлей 

суреткерлерінің бірі ретінде  әлемдік танымалдыққа ие болды.Алыс-жақын елдерде аты «қазақ» 

деген  сӛзбен  қабаттаса  айтылатын  азғ антай  тұлғ алардың  біріне  айналды.  Оралхан  азғ антай 

ғ ұмырында сондай асқарлы биікке ӛзін де, елін де, туғ ан әдебиетін дешығ арып  үлгерді» *1,1+. 

Оралхан 

шығ армаларына 

байланысты  сыншы  Т.Тоқбергенов:«Жас  жазушының  сӛз 

саптауы,  ой  тастауы  бӛлек.  Ӛзгеге  кӛп  ұқсай  бермейді.  Ӛздігімен  ӛзгеше  болып  кӛрінгісі  келеді 

екен.  Даттарлығ ынан  мақтарлығ ы  басым.  Қазірдің  ӛзінде  сыншы  санайтындардың  кӛбін 

елеңдетіп отырғ ан жайы бар», – дейді *2,14+. 

Оралхан  Бӛкей  шығ армаларының  тақырыбы  әр  алуан,  баянладатын  оқиғ алардың  ауқымы  кең. 

Бұл  мақалада  қаламгердің  белгілі    шығ армаларының  бірі  «Құм  мінезі»  повесіндегі  кейіпкерлер 

жүйесіне тоқталмақпыз.Қаламгердің «Құм мінезі» повесіндегі кейіпкерлердің сыр-сипатын ашуғ а 

арналғ ан  жұмыстың  негізгі  ой  ӛзегі-бас  кейіпкер  бейнесінің  ӛсу  жолын,  қалыптасып  жетілуін 

қоғ ам дамуымен байланыстыра түсіндіру болып табылады. Образдылық – кӛркем әдебиетке тән 

негізгі  ерекшелік.  Мұнда  адам  ӛмірі  суреттеледі.  Ол  адамдардың  ӛзара  қатынасы, 

қоғ амғ а,қоршағ ан  айналағ а  кӛзқарасы  арқылы  кӛрсетіледі.  Демек,әдеби  бейне  –  адам  ӛмірін 

қоршағ ан  ортамен байланыста  суреттеудің  кӛркемдік құралы, белгілі бір  ойды,  идеяны ашудың 

жолы. Сонда  әдеби кейіпкер дегеніміз  – ӛмірлік фактілердің негізінде кӛркемдік бояумен белгілі 

бір  идеяны  мегзейтін  адам  ӛмірінің  нақтылы,жинақталғ ан  бейнесі.  Кейіпкер  –әдеби  туындыда 

ӛзінің  шығ армадағ ы  орны  мен  қызметіне  қарай  бас  кейіпкер,  қосалқы  кейіпкер  деп  бӛлінеді. 

Кӛркем шығ армадағ ы бейнелі  суретке  қатынасатын  адамдардың бәрі  де  кейіпкер  болады.  Егер 

кейіпкер  шығ арма  оқиғ аларының  нақ  ортасында  жүріп,сюжеттік  оқиғ алар  жүйесін  дамытатын 

болса,  ондағ ы  шиеленіскен  түйіннің  шешілуінде  жетекші  қызмет  атқарып,  автордың  айтар 

идеясын  аңғ артса,  онда  ол  бас  кейіпкер  болып  саналады.  Ал  автордың  айтар  ойының  ашыла 

түсуіне,оны  толықтыруғ а  кӛмек  ететін  кейіпкерлер  қосалқы  кейіпкерлер  деп  аталады  *3,88+. 

Мысалы,  повесте  бас  кейіпкер  рӛлінде-Бархан,  қосалқы  кейіпкер  рӛлдерінде  –  жары  Жұмакүл, 


қайын атасы Егемқұл, қызы Нұргүл, озат шопан Сейітқұл, совхоз директоры Әліқұл, құдықшы үш 

жігіт,құдықшы Серік,т.б. суретеледі. 

Образ  жасауда  жазушы  даралау  мен  жинақтаудың  мол  тәсілдерін  қолданғ ан.  Мұндай 

жинақты бейнелер арқылы қаламгер ӛмірлік шындықтың мәнді мәселелерін қамтып, ондағ ы сан 

қилы  құбылыстар  мен  жағ дайларғ а  ӛзінің  әділ  тӛрелігін  айтады.  Бархан  –  повестегіоқиғ ағ а 

басынан  аяғ ына  дейін  қатысатын  негізгі  бейне,  шығ арманың  бас  кейіпкері.  Оның  бейнесін 

оқырманғ а  таныстыруды  жазушы  шығ арманың  алғ ашқы  сӛйлемдерінен-ақ  бастайды.  «Күйек 

аяқталғ ан соң да Барханның мазасы болмады.Адам тірлігінің ұшы-қиыры жоқ, таусылмас күйбеңі 

бұйдалап  алып,  ой  мен  қырғ а  дедектеп  кеп  жүргені...  Бархан  міне  қырықтың  бесеуіне  келді  – 

ертеңнен  қара  кешке  дейін  тыным  таппай  қанша  еңбектенсе  де,  буыны  босап  шаршағ ан  да, 

кӛңіліне  қаяу  түсіп  жалыққан  да  емес.  Қойын  қоралап,жұбайы  қайнатып берген  шайды  терлеп-

тепшіп ішіп алғ ан соңғ ы бос уақыты жүйкесін тоздырады-ай...»*4,16+.  

Қарапайым ғ ана Барханның ӛз тіршілігіне, ӛз ғ ұмырына ғ ана жететін қажеттіліктен басқа, 

даңқ  пен  абыройғ а  жеткізетін  бақыт  пен  байлық  қажет  емес-ті.  Алайда  айналасындағ ы 

тоғ ышарлардың  оны  езге  балап,  әрқайсы  бір  басынатыны,  жайдақ  адамғ а  теңеуі  оны 

ширақтырады. Елден сауғ алап жиып, сауын айтып сұрағ ан жалғ ан малмен ӛз атағ ын шығ арғ ысы 

келген  Сейітқұлдың  «бас-аяғ ы  бес-ақ  жылда  пайда  болғ ан  ожарлығ ы»  қанша  кӛнбіс  болса  да 

ақыры  Барханның  тӛзімін  шарт  сындырады.  Бархан  асырағ ан  еліктің  лағ ын,  Сейітқұлдың  итінің 

жеп  кетуіБархандыызаландырады.  Жазушы  оқырманды  оқиғ ағ а  қызықтыру  үшін  кейіпкерлер 

арасындағ ы қайшылықты үсті-үстіне дамытып отырады. 

Қаламгер  сомдағ ан  кейіпкерлер  жӛнінде  академик  С.Қирабаев  былай  деп  жазады: 

«Оралхан  геройлары  – біздің бүгінгі  замандастарымыз.  Кәрісі бар,  жасы бар  –  қайсысыболса  да 

қазіргі дәуірдің азаматтық міндеттерін белсенді атқарып жүрген іс адамдары. Жазушы солардың 

әрекеті, мінез-құлқы, кӛзқарасы арқылы бүгінгі ӛмір шындығ ын, оның алуан сырларын ғ ана ашып 

қоймайды,  ӛткенімізге  де  ой  тоқтатып  қарайды,  болашағ ымызғ а  да  кӛз  жібереді.  Ол 

характерлерді шебер ашады, солардың кӛзқарасы, түсінігі арқылы дәуірдің ӛзекті проблемаларын 

батыл кӛтереді» *5,1+. 

О.Бӛкейге  әдебиеті  дамығ ан  кӛрші  елдің  сыншыары  да  жоғ ары  бағ а  береді.  Сӛзіміз 

дәлелді болуы  үшін    орыс  сыншысы  Владимир Литучин мына  пікіріне  де назар  аудара  кеткенді 

жӛн  кӛрдік:  «Бӛкеевтің  повесінің  әуені  мұңлылау,  әрі  мұнтаздай  болып  келеді.  Сондықтан  әсері 

күшті...»*1,1+.  

Мына бір авторлық баяндау Бархан образын аша түседі: «Барханның міндеті мен  ӛз ісіне 

адал,  бүлкек-бүлкек  желіп,  шаруасын  тиянақты  атқару;  атақтың  құрметтің  аяққа  тұсау,  арқағ а 

артық  жүк  болар  байлықтың,  тіпті  аспандағ ы  жұлдыздай  түнде  бар  күндіз  жоқ  алдамшы 

бақыттың  бұғ ан  бес  имандық  құны  жоқ»  *4,24+.  Ал  Барханның  жан-жары,  он  бес  жыл  бойы 

отасқан әйелі Жұмакүл болса,  қой аузынан шӛп алмас момын, шаруасына берік тұйықтау адам. 

Барханмен сол он бес жылдың ішінде ешбір шәй десіп бірінің бетінен бірі алғ ан кезі болғ ан емес. 

Қандай  қиын-қыстау  шақта  ақылмен  ғ ана  қимылдап,  жұмысқа  ӛзара  үнсіз  келісумен  кірісетін. 

Жұмакүлдің  әкесіЕгемқұлкӛпті  кӛрген,қарапайым  қария.  Барханды  туғ ан  ұлынан  бетер  жақсы 

кӛріп,  қызы  Жұмакүлмен  кӛңіл  қосуын  іштей  кӛксеп  жүретін.  Жұмакүл  мен  Бархан  бата  сұрап 

келгенде  кӛзінен  жасы  шығ ып  қуанып,  маңдайларынан  алма  кезек  сүйіп  «Бағ ың  ашылсын,қос 

ботам!» *4,18+, – деп батасын береді.  



ЖазушыБарханғ а қарама-қарсы кейіпкер бейнесінде Сейітқұлды алғ ан. Сейітқұл ӛзінен он 

жас  кіші  болса  да  құм  санайтын  қу,  кеңкілдеп  ӛтірік  күліп,  реті  келгенде  кеңірдектеп  кеңістік 

бермей дауласатын сұм адам. Ол совхоз директорының жалғ ан мақтауымен Бархан ала алмағ ан 

озат  шопан  атағ ын  алып,  екі  орденмен  марапаттғ ан.  Шығ армада  билеп-тӛстеуші  совхоз 

директоры мен озат шопанның екі жақты қанауындағ ы еңбекші халықБархан мен  әйелінің ауыр 

тұрмысы  дәлелді  деректермен  шебер  суреттеледі.  «Талды»  совхозының  директоры,  бӛлімше 

басқарушысы,  ӛркӛкірек  Әліқұл  қысым  кӛрсетеді.  Оны  қарапайым  шаруа  деп  езгіге  салады,  ал 

оның  күн  сайын  себепті  ұрсатынын  Бархан  түсінбейді.  Бас-аяғ ы  бес-ақ  жылда  ӛтірік  даңққа  ие 

болғ ан  Сейітқұлды  Барханғ а  үлгі  етеді.  Қаламгер шығ армада  ол  эпизодты былайша  суреттейді: 

«Оңбайсыңдар, қыс болса мынау, тойдан құр қалғ андай сықсиып келіп қалғ ан. Сен болсаң мынау, 

не  қораңның  қиы  ойылмағ ан,не  бүтінделмеген,  жағ аң  жайлауда,есінеп-құсынап  жүргенің.  Анау 

ӛзің секілді, ӛзің секілді деймін-ау, боғ ыңмен жасты Сейітқұлды қарашы. Қандай азамат,жем-шӛбі 

мол,қорасы  саңдай,алты  ай  қыс  болса  да  қыстырмаймын  деп  отыр.  Қырықтан  асқанша  сен 

қыртып, айналдырғ ан алты жүз тұяққа ие бола алмай жүрсің, сенде жиырма жыл мал бақсаң да 

анау  есіктей  кеудеңе  қадар  значок  те  жоқ,ал  қаршадай  ғ ана  Сейітқұлда  бір  емес,қос  орден 

бар,осы  бесжылдықтың  аяғ ында  тағ ы  наградағ а  ұсынамыз»*4,24+.  Осылайша  Әліқұл  жӛн  сұрап 

амандасудың  орнына  жақтырмай,  бірден  сүйектен  ӛтерлік  ауыр  сӛздерден  бастайды.  Оның 

Барханды басынуы шығ армада былайша берілген:«Сен оңбайсың, – деп бастады сӛзін Әліқұл. –Он 

жыл болды сӛзін осылайша бастаудан таңғ ан емес.  – Егер сен оңды шопан болсаң, менің тӛбем 

кӛрінгеннен  қарсы  шауып,қарсы  алуың  керек  еді.  Егер  сен  оңсаң...»*4,24+  –деп  кете  береді. 

Міне,осындай келеңсіз кӛріністер,зұлымдық, әділетсіздік шаруа баққан момын Барханның жанын 

жегідей  жеді.Бірақ    Бархан  болса,бұғ ан  тӛзе  біледі,    тіпті  Әліқұлдың  бақырып-шақырғ ан  сӛзін 

шыбын  шаққан  құрлы  кӛріп,елемейтін,оғ ан  бас  қатырып  есіне  де  түсірмейтін  ӛте  сабырлы 

жан.Оралхан  ӛз  кейіпкерлерінің  туғ ан  далағ а,еліне,жұртына  сүйіспеншілігін,  ішкі  сезім 

иірімдерін,оның  нәзік  қалтарыстарын  дархан  табиғ аттың  әсем  де  әсерлі  суретімен  сырласуды 

ӛрнектейді:«Күні кеше жер қайыстыра жартып жүрер аң-құс қайда? Бір жағ ы Жамбыл, бір жағ ы 

Фрунзеден келіп түні бойы машинаның жорығ ымен аулап құртқан. 

 



Ей, Қызылқұм, баяғыдай неге көшпейсің? 

 



Көше бергеннен көрген пәтуаң қане? 

 



«Адамдар үшін жалғыз жұтым суыңды неге қимайсың? Қазған сайын қаша бересің?»  

–«Қазір адамдардан су ғ ана емес, табиғ аттың орман-тоғ айы, аң-құсы бәрі-бәрі қашып барады. 

 

Ей,Қызылқұм, сен неге күлмейсің?» -  



дептабиғ атпен 

сырласа 


отырып, 

бойын 


ауыр 

күрсініс 

билейді*4,632+. 

Бархан  ӛзі  жиі-жиі  қоятын  сауалдардың  жауабын  ӛзі  ғ ана  біледі.  Бірақ  жазушы  оны  тек  ойлау 

тұрғ ысынан  бере  салмай,  тілдесу  тұрғ ысында  әсерлі  суреттеген.Тоқтаусыз  ағ ын  судай  асылғ ан 

монологтар Барханның бар табиғ атын нақтылай түседі. Бір ғ ана Сейітқұлмен кӛрші бола отырып, 

соның ӛзіне жасағ ан озбырлығ ына нали жүріп, ӛмірдегібүкіладамзат баласына тән пендешіліктің 

парқына,сырына  үңіледі.  «Биіктен  қараса  не  нәрсе  кемшіліксіз,  әдемі  болып  кӛрінеді,  білем. 

Сондықтан  байқамайды-ау»  *4,26+-дейді  Барханның  ойы.  Баяғ ыда  әлі  озат  шопан  болмай 

тұрғ анда    Сейітқұлдың    еріншектігіне  налып,  «әй,інішек,  ерте  тұрғ анның  бір  ісі  артық  деген, 

жайбасарды  –  май  басар.  Елгезек  бол!»  *4,26+  –деп    ақыл  айтатын.  Сонда  Сейітқұл  күліп: 

«Ой,отағ асы десе, «асықпағ ан арбамен қоян алады», «жүгірген алмайды, бұйырғ ан алады»деген 

нақылды  қазакем  бекер  айтпағ ан»*4,  26+  –дептеріс  қарап  ұйықтай  беретін.  Енді  Бархан  ойлап 

қараса Сейітқұлдың сӛзінде жан бар екен. Кейіпкер ойының, ішкі монологтың автордың идеясына 

қаншалықты ұтымды қызмет етіп тұрғ анын тануғ а болады. Жазушы Шерхан Мұртаза: «Аспанда 

ұшып бара  жатқан  самолетке ызадан  тас  лақтыру тек  қана Оралханның  ойына  келуі  мүмкін. Он 



мың метр биіктікте кетіп бара жатқан самолетке дені дұрыс адам тас лақтыра ма? Сӛйтсе мұнда 

мән 


бар 

екен. 


Бархан 

үшін 


управляющийден 

бастап, 


зоотехник, 

директор, 

аудан,облыс,Республика,  Одақ  басшыларының  бәрі  биік.  Бәрі  зау  биікте»  *1,1+.  Осы  жолдар 

кейіпкер  санасына  шолу  жасағ ан  ішкі  монологтың  қызметін  айқындап  тұр.  Қаламгердің 

шығ арманы «Құм мінезі»  атағ ан  себебі-осы  Қызылқұмды басып  жүрген  әр  адамның мінезі,  ой-

түсінігі  әр басқа  екендігінде. Оралхан  қандай  шығ арма  жазып,  қай  кейіпкерді  сомдаса  да  оның 

жан сырына  үңілуге тырысады.  Құмдағ ы мінездердің тамырын басып, психологиясын,тұрмысын, 

жүріс-тұрысын,  ең  бастысы  –  жанынұғ ынып  білу  –  дарын  иесіне  ғ ана  дарығ ан,сондықтан  әр 

кейіпкерді танытудағ ы жазушы еңбегін, талантын дұрыс бағ алауымыз керек.  

Жазушының  суреткерлік  шеберлігі  «Құм  мінезі»  повесіндегі  кейіпкер  жанының 

тазалығ ына, адалдығ ына 

нандырады.Бұл 

Барханның 

ӛмірге,қоғ амғ а,  дүниеге  деген 

кӛзқарастарын сұңғ ылалықпен суреттеп,айналасындағ ы адамдардың ішкі ойын,  пенделік

 

осалдығ ын,  адамдық  мақсаттарын,  «мына  аппақ  дүниенің»  құпия  сырларын  Барханның 



түсінуін бейнелеуде қаламгер алымдылық танытады: 

-«Осы совхоз басшылары қызық, Сейітқұлғ а жіберген оқушыларғ а мағ ан неге 

кӛмектес 

демейді?» 

-«Осы  совхоз  басшылары  қызық,  Сейітқұлдың  шӛбін  жер  қара,  күн  жылыда  тартып  береді,  ал 

мағ ан тышқан ізін салғ ан жоқ». 

-«Осы  совхоз  басшылары  қызық,Сейітқұлғ а  саулық  қойдың  ең  іштісін,  егіз қозылайтынын  жиып 

бергені несі?»*4,18+. 

-«Осы  совхоз  басшылары  қызық,Сейітқұлды  екі  күннің  бірінде  ауданғ а,облысқа,тіпті  анау 

Алматығ а  машина  жіберіп шақыртып  жатыр,  мал-жанына  «сен ие бол». Ой,пәтшағ арлар-ай  «ие 

бола  тұрыңыз»  демейді,  «ие  бол!»*4,18+,  -  деп  кесіп  айтады.Егер  есептеп  беретін  есі  бар  адам 

табылса,  Сейітқұлдың  қойын  одан  гӛрі  мен  кӛп  бағ ып  келемін»  Осындағ ы  «Осы  совхоз 

басшылары қызық» дегенді бір-ақ рет айтқызуғ а болар еді. Кейіпкер ойының және оларғ а деген 

ызасының,  ішкі  қарсылығ ының  тегеурінін  арттыру  үшін  қайталауғ а  жол берген. Бұл  жазушының 

ӛзіне ғ ана тән ерекшелігі. Кейіпкер ойында жан әлемін аяусыз соққылағ ан сауал –жауабын іздеу 

бар.  Ӛз  ӛмірімен  салыстырғ анда  Сейітқұл  тіршілігінің  кӛш  ілгері  екенін  сезе  тұра  Бархан  әсте 

іштарлық  танытқан  емес.  Қайта  ол  туралы  айтқандарғ а  (құдықшы  қазушылар,  сақман  қыздар) 

тыю  салып,  отыратын  адалдығ ы  басым.Қаламгер  кейіпкеpлерінің  барша  әрекет-қимылдары 

қарапайым әрі иланымды.  

Сыншы  Ә.Меңдеке:  «Оралхан  Бӛкей  –  қатпарлы,  ұлтжанды,ұтқыр  жазушы.  Мұндай 

жазушыны толық ашу үшін органикалық сын қажет»-дейді*5,617+. 

Ал жазушы шығ армаларындағ ы ӛзекті тақырып жайында академик С.Қирабаев: «Адамды 

ардақтау,оның ұлылығ ын жырлау,жалпы алғ анда,Оралхан повестерінің негізгі тақырыбы десе де 

болады»*6,1+ -деп қорытынды жасайды. 

Шығ армада  ӛркӛкірек  Әліқұл  Барханды  адам  құрлы  кӛрмей,  итке  теңеп  балағ аттайды: 

«Әй,қара құрт шаққандай қипақтамай отыр. Сенің де сырың белгілі. Иә,бұғ ан түктің, еш нәрсенің 

абсолютна нарқы жоқ, подумаешь  қызықтырмайды. Рас,итке темір медальдің керегі не?» *4,28+. 

Онымен  қоса,  Әліқұл  тағ ы  да  әр  сӛзінде  Сейітқұлды  мақтап,  әңгіме  қылады:  «Мына  ӛзіңнен  он 

жас  кіші  Сейітқұлды  қарашы,  майғ а  тыққан  күміс қасық  секілді,  иненің  кӛзінен  ӛтердей  болып, 

жылпылдап  тұр-ау,жылпылдап  тұр.  Анау  күні  жұмысшылар  комитетінің  жиналысында  қалай 



қатырып  сӛйлеп  берді.Әй,бала,-деді  Сейітқұлды  сұқ  саусағ ымен  нұқи.  –  Сен  ғ ой,  сонда  аздап 

бӛсіңкіреп  жібердің,ә...понимаешь...»  *4,29+.  Сейітқұлмен  жарысу,  ӛмір  бақи  озбайтын  жарыс. 

Бірақ  «Ерді  намыс  ӛлтіреді»  дегендей,  Әліқұлдың  әр  сӛзі  оның  намысына  тиеді.  Бірақ  осындай 

қиын  тірлікті  тастап  кетпей  тӛзудің  ӛзі  ерлік  емес  пе?  Ӛз  адамдығ ыңа  ӛзің  сенуіңнің  ӛзі 

батырлық.Тіпті    Барханның  үнемі  сырласып,  қиналғ ан  сәтте  ойын  бӛлісетін  Қызылқұмы  да  оны 

сынайды.  «Осы  сәтте  қатты  құйын  кӛтерілгендей  болды  да,  жылдар  бойы  сіресіп  жатқан 

Қызылқұм  айдаһардай  ысқырды.Иә,бүгін Қызылқұм  бӛтен  мінез  кӛрсетті. Неге  ашуланды,  ненің 

ырымы бұл? Үйіне сүріне-қабына балаша зыр жүгірген Бархан ашық қотанда бағ ана ғ ана бейбіт 

жусап  жатқан  отардың  бірде  біреуі  жоқ,тақыр  таза  орны  ғ ана  қалғ анын  кӛрді»*4,35+.  Бархан 

қойларын  қуып  жетеді.  Ӛйткені  оның  тақымында  азап  деген  арғ ымақ  бар,  майысқанымен 

сынбайтын Қызылқұмның ӛр мінезі бар, жылдар бойы тамшылап жиналып, тас тесер ашу-ызасы, 

айта алмағ ан арманды сӛздері бар. 

Бірақ бұл құйында Әліқұлдың жиырма бес қойы ӛледі, қанша мал-жаны кӛп болса да іші тарылып 

ызаланады. Қанағ аттың жӛнін білмейді. «Понимаешь, беда деген аяқ астынан. Бұлай боларын кім 

білген,  үш  ұйықтаса  ойымызда  бар  ма,  тәйірі?  Жиырма бес  қой,тфу,безобразие,  ішпей-жемей!» 

Бірақ бар кінәні күмістей жылтылдағ ан,қатырып сӛйлейтін озат шопаныСейітқұлғ а жабады: «Осы 

итке  қаншама  рет  қақсадым,  понимаешь,  артық  пысықтық  маңдайғ а  сыймайды  деп...  Түрмеге 

қамағ андай,  қотанның  сыртын  темір  сыммен  қоршап...  Енді  міне  дауылғ а  шыдай  алмай,  ӛре 

түрегеліп ыққан    отар  сым шарбаққа  қыстырылып, бірінің  үстіне бірі шығ ып,бастырылыққан  да 

қалғ ан. Жиырма бес саулық тіл тартпай кетті, он шақтысының кірпігі ғ ана қимылдап жатыр»*4,36+. 

Жайшылықта итке теңеп, адам құрлы кӛрмейтін Барханнан кӛмек сұрап, аянышты түрімен мақтай 

түседі:«-Әй, Бәке-ай, мына қарқыныңмен Сейітқұлдың бір қора қойын бір сағ атта сойып шығ атын 

түрің  бар-ау!  Понимаешь,  -  деді  ӛзі-ӛзі  болып  тауып  айтқан  сӛзіне  насаттанғ андай»*4,38+.  Бұл 

Әліқұлдың  жалғ ан  болса  да  Барханды  ең  бірінші  мақтағ ан  кезі  болатын.  Бәлкім,  Тәңірі  осы 

құйынды  Барханның  беделін  шамалы  болса  да  арттыру  үшін  жасағ аны  болар?!Үнемі  аузын 

аштырмайтын,Әліқұлжаны  қиналғ анда    Барханнан  кеңес  сұрайды.  «Аузымды  ашсам  алқымғ а 

жармастыңыз.  «Бәрібір  орденге  ұсынбаймын»деп  қорқытқанан  бұрын  жұдырықтап  байбалам 

салдыңыз... Мағ ан сол сіз алып берген жалғ ан атақтың бес тиынғ а керегі жоғ ын білмедіңіз»*4,39+- 

деп    Бархан  да  айта  алмай  жүрген  ойларын  бір  мезетте  ақтарып  салады.  Әліқұл  дұрыс 

жасамағ анын,  жеңілгенін  осы  сәтте  мойындайды.  Шығ армада  қаламгер  бәрі  бір  жақсылықтың 

түбінде  жеңіске  жететіндігін  насихаттайды.  Бірақ  Барханның  нәзік  жүрегі  оларғ а  кӛмектеуге 

келіседі.  Жиырма  бес  қойды  қалай  қайтарып  аларын  білмей  Әліқұлдың  басы  қатады.  Сонда 

Бархан:  «Дұрыстап  тұрып бақшалап  соялық, сосын  автоклубқа  тиеп,  сонау Шу  шаһарына аттану 

керек.  Құмырсқаша  быжынап, біреуді-біреу  танымайтын  қан базарда бұл  қойдың,  иә  һарам,  иә 

һалал  ӛлгенін  ешкім  білмейді.  Килосын  үш  сомнан,  тіпті  бес  сомнан  пышақ  үстінен  үлестіріп 

аларына  кепілдік  беремін»*4,41+  –  дейді.  Бұл  сӛзді  естіген  тоғ ышар  Әліқұл  мен  аяр  Сейітқұл 

халықтың  емес,  ӛздерінің  жеке  бастарының  қамы  үшін  келісе  кетеді.  Айтқан  ақылының  есесіне 

Барханғ а  қысқа  жететін  жем-шӛппен  қамтамасыз  етуге  уәде  береді.  Уәде  берген  жем-шӛпті 

қайдам,олар  Барханды  тағ ы  талан-таражғ а  салады.  Ӛз  күнін  ӛзі  әрең  кӛріп  жүрген  Барханнан 

келесі жылғ а дейін наградағ а ілігу үшін елу қозы қарызғ а сұратады. Бархан қатты қинала отырып  

елу қозыны беруге келіседі.  

Қаламгер Барханның арманы мен мұратына жету үшін түс кӛргізу тәсілін қолдана отырып 

бейнелейді. Мәселен, бас  кейіпкер  самолетке  ӛңінде  ешқашан ұшпаса  да, түсінде  ол  арманына 

жеткендей  болады.  Оны  бейне  бір  зынданғ а  қамап  қойғ андай,  қанша  құтылуғ а  тырысса  да 

қолынан келмейді. Осы кезде құм құдықтың сонау ернеуінен Сейітқұл  мен Әліқұл сығ алайды да, 

мұның тӛбесінен тас жаудырып, қарқылдап күледі екен дейді. Бір қызығ ы әлгі жоғ арыдан зулап 



тӛмен  қарай  құлағ ан  тас  қаншама  құлдырап,  Барханның  үстінен  жаңбырша  жауғ анымен  оғ ан 

жетпей  қояды.  Осы  кезде  самолеттің  гүрілдеген  даусы  естіледі.  Самолеттенбір  адам  арқан 

жібереді.  Қараса,  әкесі  болып  шығ ады.  Сонда  Бархан:  «Құдая,  биіктен  қарағ андарғ а  мен  тіпті 

құмырсқадай  болып  та  кӛрінбейді  екем  ғ ой.    Бұғ ан  дейін  қалай  ғ ана  байқамағ анмын»*4,51+  – 

дейді. Барханды тағ ы бір ой үнемі мазалайды: «Бақыт деген не  ӛзі? Бақыт дегеніміз байлық па, 

әлде  самолетке  мініп  жер  шарын  шыр  айналып  шығ у  ма?    «Мені  жұрттың  бәрі  біледі,  мен 

кереметпін»  дейтін  шақырымпаздарғ а,  «мені  тірі  жан  білмейді,  мен  жай  ғ ана  қарапайым 

қойшымын»  деп  қарсы  жар  салуғ а  халқымыз  неге  жоқ?  Әлде  менен  басқа  елдің  бәрі  «атағ ы, 

алтыны бардың кемтарлығ ы білінбейді», деген қағ ида үшін күресе ме?»*4,51+-дейді ішінен.    

Зерттеуші  Айгүл  Рамазанова:  «Оралхан  Бӛкеев  –  әлемдік  әдебиеттің  тың  толқынының 

қатарында  «ішкі»  және  «сыртқы»  тақырыптарды  меңгеріп,адам  санасының  табиғ атпен  екі 

арaдағ ы  «қос  жарылуын»(раздвоение  личности)  қазақ  ӛнеріне  алып  келген  жазушы.    Жазушы 

адамдар  арасындағ ы  теңсіздіктің  себебін,  олардың  бір-бірімен  қоршағ ан  ортамен  қарым-

қатынасы  арқылы  тіршілік  философиясын  ӛзінің  де  түсінгісі  және  ӛзгеге  түсіндіргісі  келеді»-деп 

жазады  *7,1+.Оралхан  кейіпкерлерінің  ерекшелігі  –  олар  арманшыл,қиялшыл  болумен 

бірге,ойшыл, мұңшыл, жан-дүниелерінде сағ ынышқа толы аңсау,күрсініс пен ӛкініш, жұмбақ сыр 

жатады. 

 

Әдебиеттер тізімі 



 

1.  Кекілбаев Ә. «Ӛмірстанғ а тағ ы бір саяхат». –А.: Ӛнер, 2000  

2. Тоқбергенов Т. «Қос қағ ыс». –А.: Жазушы, 1981 

3. Сманов Б. «Кейіпкер бейнесін талдау». –А.: Рауан, 1990 

4.Оралхан Бӛкеев «Ән салады шағ ылдар»(«Құм мінезі» повесі). –А.: Жазушы, 1978 

5. Кекілбаев Ә. Он екі томдық шығ армалар жинағ ы. –А.: Ӛлке, 1999 

6. Қирабаев С. «Шығ армалар». –А.: Жазушы, 1992 

7. Қабдолов З. «Сӛз ӛнері». –А.: Санат, 2002 



 


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет