9-шы сабақ. «Әңгіме құрастыру» оқыту ойыны (жеке жұмыс)
Ойынның шарты:
Оқулықтан деңгейлік тапсырмаларға бөлінген тақырыптар беріледі. Оқулықтағы сурет бойынша тақырыпқа байланысты әңгіме құрастырылады.
Оқушылар өз қалауы бойынша тапсырманы таңдайды. І-ші, ІІ-ші,ІІІ-ші деңгейдегі өз үстелдеріне отырады.
І-ші деңгейдегі тапсырманы орындаған оқушылар мұғалімге жауап береді. Бағаланады. І-ші деңгейдегі тапсырманы орындаған оқушылар ІІ-ші; ІІІ-ші деңгейдегі тапсырманы таңдап алған оқушылардың үстеліне отырып, жауаптарын тыңдайды, бағалайды.
ІІІ-ші деңгейдегі тапсырманы орындаған оқушылар келесі үстелге көшіп, ІІ-ші деңгейдегі тапсырмаға жауап береді, бағаланады.
ІІ-ші деңгейдегі тапсырманы орындаған оқушылар І-ші деңгейлік үстелге көшеді, өз қалауы бойынша керісінше, егер ІІ-ші деңгейдегі тапсырманы орындай алмаса, ІІІ –ші деңгейлік үстелге ауысады.
«Томирис» тақырыбында оқулықтан 52 беттегі Дүзелхановтың суреті
бойынша әңгімелеп, қортынды жасаңыз.
«Сақ көші» - тақырыбында 46 беттегі суретті қарап, қазақ елінің көшімен салыстыру, әңгіме құрастыру, бейнелеу, ұқсастығын атау, дәлелдеу, өз пікіріңді білдіру.
«Тайпа көсемін сайлау». 48 беттегі сурет бойынша әңгімелеу.
«Сақ сарбазы шырақ» 55 беттегі суретті талдау, шырақтың ерлігі жайында қосымша әдебиеттен толықтырып, әңгімелеу.
«Сақтар тұрмысы» - 44 беттегі сурет бойынша әңгіме құрастыр.
«Есік қорғанына саяхат» 62 беттегі сурет бойынша әңгіме құрастыр.
Енді мұнда көңіл аударатын келесі мәселе – оқушының оқу процесінде оқу материалын меңгеру қабілеті әртүрлі болады. Кей оқушы материалды және соған сай іскерлік пен дағдыны жеңіл меңгереді, ал кейбір оқушының жеке қабілетіне байланысты аталған жайт күрделі тиеді. Ол оқушылардан зерделілікті талап етеді, өйткені олар бір–бірін тыңдай отырып, өздеріне қажетті материалды игереді.
Интерактивтік тәсілді пайдалана отырып жүргізілген жұмыста ұйымшылдық, келісушілікпен бірге жұп, топ алдында екі бірдей міндет тұрады: оның бірі – танымдық, шығармашылық мақсатқа қол жеткізу болса, екіншісі – әлеуметтік–психологиялық міндет, яғни тілдік қарым–қатынастың мәдениетін сақтауға үйрету. Бұл әлеуметтік қарым–қатынасты көздейді. Оның негізінде оқушылар түрлі әлеуметтік рөлдерді атқарады: зерттеуші, сыншы, қорғаушы, бақылаушы, тексеруші және т.с.с.
Сонымен, диалогтық бөлімде интерактивтік тәсілді қолдану мынадай ерекшеліктерімен маңызды болып табылады:
оқыту процесінде барлық оқушының белсенділігін арттырады;
оқу процесін әртүрлі формада құрастыруға мүмкіндік туғызады (жеке, жұптық, топтық және ұжымдық);
мұғалімге жұпты немесе топты, ондағы әрбір оқушыны бір уақытта бақылай алуға мүмкіндік береді;
оқушыларды жеке, жұппен, топпен жұмыс жасауда өз бетінше әрекет етуге үйретеді;
әрбір оқушының жауапкершілігін арттырады;
оқушылардың коммуникативтік іскерлігі мен дағдыларын қалыптастырады;
оқушылардың шығармашылық қабілеттерін арттырады.дік туғызады (жеке,топтық,жұптықзды болыылаушы, тексеруші және т.с.с.
Оқу модулінің қорытынды бөлімі – бақылау. Егер диалог бөлімінің барлық сабақтарында оқушылардың бір-біріне көмегі, оқытуы, түрлі ғылыми көздерді пайдалануы құпталынып келсе, енді қорытынды бөлімде оқушы өзінің білімін ешкімнің көмегінсіз көрсетуі тиіс.
Модульдің қорытынды бөлімі тақырыпты немесе тарауды түгелдей оқу циклының соңғы қорытындылаушысы болып табылады. Бұл диалогтық бөлімде оқушылардың меңгерген білімін, іскерлігі мен дағдысын тексеруге және бағалауға, танымдық іс-әрекет процесінде олардың қалыптасуын тексеруге арналған.
Нақты осы бөлімде оқушылар соңғы қорытындыда әрбір оқушының іс-әрекетінің жалпы нәтижесін анықтайтын бағалар алады.
Оқу модулінің қорытынды бөліміне бірнеше тексеру (бақылау) түрлері енгізілген.
Бірінші – міндетті тестен өткізу.
Екінші – мұғалімнің қалауы бойынша (пәннің ерекшелігіне, тақырыбына, тарауына байланысты). Бұл «релелік» сынақ, бақылау жұмысы немесе сынақхат, мазмұндама, шығарма т.с.с.
Біздер тек тест алу материалды меңгеру деңгейін анықтауға мүмкіндік бермейтіндігін, сондықтан да бақылаудың 2-3 түрін қолдану керектігін дәлелдеп отырмыз.
Тесттен өткізу – білімін тексеру және бақылау әдісі сияқты оқытылу нәтижелерінің сандық көрсеткіші болып саналады және бұл өте маңызды. Сонымен қатар бұл жеке тұлғаның қорғалуына психологиялық жағдай туғызады, ішкі кедергілерді алып тастайды, тексерушімен (мұғаліммен) қарым-қатынас жаңаша түрде жүргізіледі. Бұл бақылаудың мұндай түрінің жағымды жағы.
Тесттен өткізу – тексерудің басқа түрлерінде мынадай мақсатта:
а) білімін объективті бағалау;
ә) бағасын дұрыстауға қайтадан мүмкіндік беру (жоғары балл алу) үшін тексерудің өте қажет түрі;
Кез-келген жағдайда, егер, тексерудің бір түрінен жаман баға алса, басқа түрінде оны түзетуге мүмкіндік туғызылады. Егер оқушы төмен баға алып, екінші қайтара тексеру тесттен жақсы өтсе, қорытынды бағасында төмен баға алмауға толық мүмкіндігі бар.
Бiздiң жетекшiлiгiмiзбен модульдiк технологияны сараптамалық ендiру әртүрлi жастағы оқушылар топтарында және әртүрлi оқу пәндерi бойынша жүргiзiлдi. Мұны төменде берілген кестеден көруге болады (15, 16 кесте).
Сонымен қатар, оқу модулінің диалог (даярлық) бөлімін құруда оқу материалының өсу бағытымен жеңілден күрделіге қарай яғни, жүйелі түрде шығармашылық тапсырмалардың берілуі оқушы тұлғасын дамытуға жағымды ықпал ететініне зерттеу нәтижелері мен эксперименттік жұмыс қорытындысы көз жеткізді (17 кесте).
17 кесте – Кеңқияқ орта мектебінде оқушылардың интерактивтік модульдік оқыту технологиясы бойынша оқытылу деңгейі (В.П.Симонов бойынша)
Көрсеткіштері
|
Эксперимент кезеңдері
|
МОТ қам-тылған оқу-шылар саны
|
ІІІ деңгей
|
ІІ деңгей
|
І деңгей
|
саны
|
%
|
саны
|
%
|
саны
|
%
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
7
|
8
|
9
|
1. Деңгейді таңдағандар-дың саны және % көрсеткіші
|
1998-1999
|
550
|
174
|
32
|
239
|
43
|
137
|
25
|
1999-2000
|
553
|
148
|
27
|
244
|
44
|
161
|
29
|
2000-2001
|
558
|
137
|
25
|
313
|
56
|
163
|
29
|
2001-2002
|
560
|
110
|
20
|
279
|
50
|
171
|
30
|
2002-2003
|
572
|
105
|
18
|
282
|
50
|
185
|
32
|
2. «5», «4», «3» алған оқушы-лар саны
|
1998-1999
|
|
«5»-120
|
«3»-0
|
«5»-219
|
«3»-9
|
«5»-130
|
«4»-6
|
«4»- 54
|
«4»- 11
|
«3»- 1
|
1999-2000
|
«5»-132
|
«3»-0
|
«5»-222
|
«3»-2
|
«5»-100
|
«4»-35
|
«4»- 16
|
«4»- 20
|
«3»- 26
|
2000-2001
|
«5»-107
|
«3»-0
|
«5»-201
|
«3»-90
|
«5»-103
|
«4»-10
|
«4»- 30
|
«4»- 22
|
«3»- 50
|
2001-2002
|
«5»-103
|
«3»-0
|
«5»-215
|
«3»-19
|
«5»-103
|
«4»-18
|
«4»- 7
|
«4»- 45
|
«3»- 50
|
2002-2003
|
«5»-94
|
«3»-0
|
«5»-202
|
«3»-60
|
«5»-135
|
«4»-30
|
«4»- 11
|
«4»- 20
|
«3»- 20
|
3.Тапсырманы орындағандардың саны мен %
|
1998-1999
|
550
|
174
|
32
|
239
|
43
|
137
|
25
|
1999-2000
|
553
|
148
|
27
|
244
|
44
|
130
|
24
|
2000-2001
|
558
|
137
|
25
|
313
|
56
|
131
|
23
|
2001-2002
|
560
|
110
|
20
|
279
|
50
|
142
|
25
|
2002-2003
|
572
|
105
|
18
|
282
|
50
|
161
|
28
|
4. Білім сапасы (% есебінен)
|
1998-1999
|
|
|
100
|
|
94
|
|
99
|
1999-2000
|
|
|
100
|
|
99
|
|
84
|
2000-2001
|
|
|
100
|
|
71
|
|
69
|
2001-2002
|
|
|
100
|
|
93
|
|
71
|
2002-2003
|
|
|
100
|
|
79
|
|
90
|
17 кестенің жалғасы:
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
7
|
8
|
9
|
5. Үлгерімі (% есебінен)
|
1998-1999
|
|
|
100
|
|
100
|
|
100
|
1999-2000
|
|
|
100
|
|
100
|
|
100
|
2000-2001
|
|
|
100
|
|
100
|
|
100
|
2001-2002
|
|
|
100
|
|
100
|
|
100
|
2002-2003
|
|
|
100
|
|
100
|
|
100
|
6.Оқушылар-
дың оқытылу деңгейі (% есебінен)
|
1998-1999
|
|
|
0,34
|
|
0,52
|
|
0,78
|
1999-2000
|
|
|
0,35
|
|
0,56
|
|
0,78
|
2000-2001
|
|
|
0,32
|
|
0,48
|
|
0,81
|
2001-2002
|
|
|
0,34
|
|
0,61
|
|
0,87
|
2002-2003
|
|
|
0,29
|
|
0,61
|
|
0,98
|
Сараптама жүргiзiлген сыныптардағы тәжiрибелiк жұмыстың мазмұны оқушылардың жас мөлшерi мен сараптамашы педагогтардың мұғалiмдiк мамандығына қарай түрлендiрiлдi. Сонымен қатар оқушылардың оқытылу деңгейі В.П.Симоновтың бағалау жүйесі бойынша мынадай формуламен анықталды:
ООДI=К1+0,64 К2+0,36 К3/КI
ООДII= 0.64К1+0,36 К2+0,16 К3/КII
ООДIII= 0.36К1+0,16 К2+0,04 К3/КIII
Мұндағы, К1- «5» алған оқушылардың саны;
К2- «4» алған оқушылардың саны;
К3- «3» алған оқушылардың саны.
Ал, КI - I деңгейдің тапсырмасын орындаған оқушы саны;
КII - II деңгейдің тапсырмасын орындаған оқушы саны;
КIII – III деңгейдің тапсырмасын орындаған оқушы саны [144,214 ].
Технологиялық тәсiл оқу процесiне қажеттi жағдайлар мен құралдарды қамтамасыз етудi көздедi. Бұл - оқушыларды шығармашылық өзiн-өзi дамыту және осы шығармашылық өзiн-өзi дамыту процесiн өз бетiмен жүргiзу iскерлiгi мен дағдыларына үйрету. Технология қажеттi психологиялық-педагогикалық жағдайларды қамтамасыз етедi. Мұндай жағдайларға мыналар жатады:
педагогтың iзгiлiктi бағытталуы;
оқыту барысында еркiн қатысым жасау және шығармашылықпен өзiн-өзi жүзеге асыру үшiн жағымды психологиялық ахуал туғызу;
оқушылардың жеке ерекшелiктерiн есепке алу.
Сараптамалық сыныптарда тәжiрибелiк жұмыстың басында және соңында әдiстемелер кешенiн пайдалана отырып, диагностикалық байқаулар жүргiзiлдi. Қорытындысында алынған нәтижелер оқушылардың шығармашылықпен өзiн-өзi жүзеге асыруы туралы мәлiметтермен салыстырылды.
Тәжiрибелiк-сараптамалық зерттеу барысындағы өзгерiстер туралы мәлiметтер алу үшiн және оларды талдау мақсатында сараптамалық жұмыстың тиiмдiлiгi жайлы дұрыс ақпарат алуға мүмкiндiк беретiн өлшемдер мен көрсеткiштердi таңдау қажет болды.
Өлшем деп бiз “бағалау белгiсiн, тексеру құралын, өлшемiн” түсiнемiз. Көрсеткiштер – сапалық белгiлер, оларға қарап қандай да бiр өлшемнің дәрежесiн бағалауға болады.
Өлшемдерді айқындау процесiнде бiз оларды анықтап, негiздеудiң педагогикада мынадай белгiлi талаптарын ескердiк:
өлшемнің көмегiмен зерттелушi құбылыстың барлық құрамдары арасында байланыс орнатылды;
сапалық көрсеткiштер мөлшерлiк көрсеткiштермен бiрлiкте қолданылды;
өлшемдер көрсеткiштер арқылы ашылды.
Тәжiрибелiк-сараптамалық жұмыста диагностиканың үш бағытын айқындап, өлшемдер қатарына қосу қажет болды: 1) оқушыларды шығармашылықпен өзiн-өзi дамытудың неғұрлым жоғары деңгейiне жеткiзу; 2) дамытушылық бiлiм беру процесiн қалыптастыру; 3) оқушылардың шығармашылығын ашу дәрежесi.
Жеке тұлғаның шығармашылығын дамыту мәселесi бойынша қазiргi психологиялық-педагогикалық әдебиеттi талдау негiзiнде бiз оқушылар шығармашылығын қалыптастырудың құрылымдық-компоненттiк құрамын анықтадық.
Қорытынды кезеңдегi диагностиканың қорыту мәлiметтерi интерактивтік модульдiк оқыту технологиясы бойынша мақсатты түрде бағытталған жұмыс нәтижесiнде сараптамалық топтарда оқушылардың жетiстiкке жетуге деген қызығушылығы едәуiр артқанын, өзiнiң қалыптасуына күдiкпен қарайтын алаңдаушылықтың төмендегенiн растайды (20-ға төмендеген), ал бақылаушы топтарында айтарлықтай өзгерiстер байқалмады (4-ға артқан).
Жалпы алғанда, осы өткiзiлген диагностика мен алынған нәтижелердiң талдауы сараптамалық топтардағы оқушылар шығармашылығының дамуы бақылаушы топтардағыға қарағанда көрсеткiштердiң неғұрлым динамикалық өсуiне әкелетiнiн дәлелдедi.
Бұл параграф бойынша мынадай жинақталған қорытынды жасауға болады:
Зерттеу қисындылығы мен мiндеттерiне сәйкес интерактивтік модульдiк оқыту технологиясы негiзiнде оқушылардың шығармашылығын дамыту жөнiндегi сараптама оның тиiмдiлiгiн көрсететiн қорытындылардың нақты шындығы мен әдiлдiгiн арттыру мақсатында әртүрлi жас топтарында және әртүрлi оқу пәндерiнiң материалында бiр мезгiлде және өзара келiсiлген бiрқатар сараптамалар ретiнде жүргiзiлдi.
Интерактивтік модульдiк оқыту технологиясын қолдану бiлiм беру процесiнде оқушының шығармашылығын дамытуды қалыптастырады, оның мәнi төмендегiдей:
оқушылар өзiн-өзi шығармашылықпен дамытуды қалыптастырудың неғұрлым жоғары деңгейiне өтедi;
дамытушылық бiлiм беру кеңiстiгiнiң басты сипаттамасы ретiнде психологиялық ахуалдың динамикасы.
Сараптама қорытындысы бойынша оқушылардың шығармашылығын дамыту динамикасы жалпы алғанда бiз әзiрлеген бiлiм беру процесiнде оқушылар шығармашылығын дамытуды ғылыми-әдiстемелiк қамтамасыз етудiң нәтижелi екенiн растайды, мұны сараптама мәлiметтерi көрсетiп отыр: сараптамалық топтарда жоғары динамика байқалады.
Алынған сараптамалық нәтижелер бақылау топтарындағыға қарағанда сараптама жағдайындағы оқушылардың шығармашылық қабiлет-қуатын дамыту жеке тұлғаның шығармашылығының дамығандығы және оның белсендi түрде өзiн-өзi шығармашылықпен жүзеге асыруы туралы көрсеткiштердiң анағұрлым динамикалық өсуiне жағдай жасады деген қорытындыға келуге мүмкiндiк бердi.
Достарыңызбен бөлісу: |