Орақова амангүл шахарбекқызы оқу процесінде оқушылардың шығармашылығын дамытудың педагогикалық шарттары



бет2/67
Дата09.05.2022
өлшемі2,25 Mb.
#33218
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   67
Байланысты:
Диссертация АШО1

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі...........................................................

123







Қосымшалар...............................................................................................


131



Кіріспе
Зерттеу тақырыбының өзектілігі: Оқу процесінде жеке тұлғаға бағытталған оқыту технологияларын қолдану мен оны озық тәжірибемен сабақтастыра зерттеу – бүгінгі күн талабынан туындап отырған педагогика ғылымының маңызды міндеттерінің бірі. Осыған байланысты қазіргі кездегі білім берудің көкейтесті міндеті оқушылардың шығармашылық қабілетін қалыптастыру болып табылады.

Осы орайда Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында, Елбасымыздың «Болашақ», «Дарын» бағдарламаларында, «Қазақстан-2030» атты Қазақстан халқына Жолдауында, «Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасында» білім беру саласындағы мемлекеттік саясаттың басты қағидалары ретінде жеке адамның білімділігін ынталандыру және дарындылығын дамыту, білім берудің дамытушы сипатын арттыру мәселелері айқындалып, басымды міндеттер қатарына қойылған.

Бұл міндеттерді жүзеге асырудың бір жолы – дидактиканың әртүрлі ұтымды әдіс-тәсілдерін пайдалану есебінен мектеп оқушыларының ой-өрісінің даму деңгейін көтерудің, олардың ғылыми танымдық іс-әрекеттерін белсендірудің, оқуға, білім алуға ынталандырудың тиімді әдістемесін жасау болып табылады.

Қазақстан Республикасының әлемдік өркениетке кірігу, демократиялық дәстүрге өту жағдайында халықтың ғасырлар бойы жинақтаған жалпы адамзаттық құндылықтар мұрасына ден қоюы адамгершілік, гумандық процестің айқын көрінісіне айналуда. Бұл мәселе соңғы жылдар ішінде ғалымдардың зерттеу объектілеріне айналумен қатар, мектеп мұғалімдерінің тәжірибесінде мектеп оқушыларын жеке тұлға етіп қалыптастыруда олардың шығармашылық қабілетін дамыту басты нысанаға алынған.

Соңғы он жылдықта оқу–тәрбие процесіне жеке тұлғаны дамытуға бағытталған оқыту технологияларын енгізу мен жеке тұлғаның шығармашылығын дамытуға үлкен мән берудің өзі Қазақстанда болып жатқан өзгерістерді жаңаша тұрғыдан қарастыруды талап етуде. Соның бірі, 12 жылдық білім беру жүйесінің дүниеге келуі – қоғамдағы сүбелі өзгерістер мен адамдар арасындағы қарым-қатынас құралдарының қарыштап дамуына байланысты жаңа адамды қалыптастыруды көздеген заман талабы. Мұндағы жаңа білім мазмұны әлемдік білім кеңістігіндегі оқытудың озық технологияларын қамтиды.

Жеке тұлға – өзіндік құндылық. Оның шығармашылық дамуы мен қалыптасуы мектепте оқыту мен тәрбиелеудің басты мақсаты болуы керек. Бұл мәселе ежелден-ақ ұлы ойшылдарымыз әл-Фарабиді, Ж.Баласағұнды, ұлы Абайды ерекше толғандырған, сондықтан еңбектерінде адамның жеке басын, қабілеттерін дамытуды үнемі көтеріп отырған. Д.Кішібеков, Р.Н.Нұрғалиев жеке тұлғаның дамуы қоғамдық қатынастардың нәтижесі деген философиялық тұжырым жасаған.

Көрнекті педагогтар К.Х.Ушинский, Ы.Алтынсарин, А.С.Макаренко, В.А.Сухомлинский шығармаларында қабілеттерді дамытудың жолдары қарастырылса, оқушы шығармашылығына бағыт-бағдар беруді ең алғаш білім мазмұнына енгізген белгілі педагог-ғалым М. Жұмабаев болды. Психологтар мен педагог ғалымдар Ж.Пиаже, Л.С.Выготский, С.Л.Рубинштейн, Л.В.Занков, А.Н.Леонтьев, Д.Б.Эльконин, А.Г.Ковалев және қазақстандық көрнекті ғалымдар Т.Тәжібаев, С.Қ.Қалиев, К.Ж.Қожахметовалар өз еңбектерінде жеке тұлғаны дамыту мәселесіне теориялық және практикалық талдау жасаған.

Оқыта отырып, баланың қабілеттерін, шығармашылығын дамыту мәселесі Ш.А.Амонашвили, К.К.Платонов, В.С.Библер, Б.М.Теплов, А.Н.Лук, Б.Т.Ананьев, В.А.Крутецкий, В.И.Кириенко, Н.С.Лейтес, А.В.Петровский, В.Т.Пушкин, Д.Б.Богоявленская, В.Ш.Андреев, Г.А.Давыдова және т.б. еңбектерінде қарастырылады. Қазақстанда бұл мәселеге назар аударған ғалымдар М.Ә.Құдайқұлов, Е.Ө.Жұматаева, Г.К.Нұрғалиева, Г.Т. Жақыпбекова, Б.А.Тұрғынбаева, Ү.Б.Жексенбаева, А.Б.Мырзабаев, Л.Г.Дирксен, К.К.Жұмадирова және т.б.

Оқушы шығармашылығын дамытуда оқу процесін гуманизациялау идеясын қолдау және оны жүзеге асыру бағытында бірқатар ғылыми-әдістемелік жұмыстарды, Ресейлік және Қазақстандық ғалым-педагогтардың С.Н.Шиянов, Л.В.Хазова, А.А.Столяр, А.А.Бейсенбаева, М.Ж.Жадрина, Х.М.Рахымбекова, Н.Н.Хан, А.Ә.Жайтапова және т.б. ғылыми зерттеулерін атауға болады.

Ал, оқу процесіне жеке тұлғаның дамуына бағытталған технологияларды енгізуді В.П.Беспалько, П.С.Селевко, С.С.Кашлев, В.М.Монахов, В.М.Волков, М.В.Кларин, Д.Б.Эльконин, В.В.Давыдов, Ш.А.Амонашвили т.б. қарастырса, Қазақстанда Ж.А.Қараев, Г.М.Құсайынов, М.М.Жанпейісова, Т.Галиев, Н.Н.Нұрахметов, Г.К.Нұрғалиева, Ә.Ә.Жүнісбек, К.К.Қабдықайыров және соның iшiнде модульдік оқыту технологиясымен айналысқан ғалымдар П.И.Третьяков, К.Я.Вазина, Т.В.Васильева, М.А.Чошанов, И.Прокопенко, П.Юцевичене, В.В.Титова; ал Қазақстанда Г.С.Күдебаева, С.С.Құнанбаева, К.Ж.Жаксылықова, Л.Екшембаева, М.М.Жанпейісова т.б. теориялық және практикалық жағынан дәлелдеп беріп отыр.

Жоғарыда аталған ғалымдардың еңбектерін зерделей келе, оқушылардың шығармашылығын дамытуға олардың арнайы тоқталмағандығын байқадық. Осыдан келіп мектепте оқушының жеке тұлғасын объект ретінде емес, субъект деп қарау, оның шығармашылығын дамыту, яғни, өзіндік іс-әрекет оқу процесін интерактивтік модульдік технология негізінде ұйымдастырудың нәтижесінде оқушының шығармашылығын дамытудың маңызды ролiн ғылыми негіздеу тақырыбымыздың өзектілігін арттыра түсті.

Біз көтеріп отырған проблема жөнінде жоғарыда аталған зерттеулерге ғылыми-теориялық талдаулар нәтижесінде оқу процесіне жеке тұлғаға бағытталған оқыту технологияларын енгізудің оқушының шығармашылығын дамытуға ықпалы бiр-бiрiне байланыссыз жеке-жеке бағытта қарастырылып, оқушының шығармашылығын дамытуда оқу процесін гуманизациялаудың маңызы жете қарастырылмаған. Оқу процесінде оқушылардың шығармашылығын дамытуда тұлғаға бағдарланған оқыту технологияларын ендірудің педагогикалық тұрғыда негізделуі әлі де жеткіліксіз деп есептейміз.

Демек, оқыту процесінде оқушының шығармашылығын дамыту қажеттілігі мен оның жалпы білім беретін орта мектеп жағдайында кешенді түрде іске асыру мүмкіндіктерінің жүйеленбегендігінің арасындағы қарама-қайшылық айқын көрінеді. Аталған қарама-қайшылықтарды шешу жолдарын іздестірудi бiздiң зерттеуімізде мақсат еттiк. Оқу процесін гуманизациялауды ғылыми негіздеп, теориялық тұжырымға сүйене отырып, оқушылардың шығармашылығын дамытуда мектеп ортасында қолайлы жағдай туғызу, интерактивтік модульдiк оқыту технологиясын пайдалану және оның тиімділігін дәлелдеу қажет деп санадық.

Осыдан бүгінгі таңда жалпы білім беретін орта мектепте оқу–тәрбие процесіне интерактивтік модульдік оқыту технологиясын енгізу арқылы оқушының шығармашылығын дамыту мәселесін теориялық және практикалық тұрғыда негіздеу қажеттілігі біздің зерттеуіміздің маңыздылығын айқындайды.

Сондықтан бiздiң ғылыми зерттеу жұмысымыздың тақырыбы «Оқу процесінде оқушылардың шығармашылығын дамытудың педагогикалық шарттары» деп айқындалды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   67




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет