Орақова амангүл шахарбекқызы оқу процесінде оқушылардың шығармашылығын дамытудың педагогикалық шарттары


Ә ҚОСЫМША ОҚУШЫЛАРДЫҢ ЖЕКЕ ТҰЛҒАСЫН ЗЕРТТЕУ ӘДIСТЕМЕЛЕРI



бет50/67
Дата09.05.2022
өлшемі2,25 Mb.
#33218
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   67
Ә ҚОСЫМША
ОҚУШЫЛАРДЫҢ ЖЕКЕ ТҰЛҒАСЫН ЗЕРТТЕУ ӘДIСТЕМЕЛЕРI

(әдістемелер әртүрлі дерекнамалардан алынған)
Оқушының жеке тұлғасының ес процесін зерттеу

I. Естің түрлерін зерттеу.
Жүру тәртібі:

Зерттеушілерге рет-ретімен есте сақтаулары үшін 4 топтағы сөздер беріледі. Эксперимент жүргізуші (мұғалім) I-ші қатардағы (топтағы) сөздерді ретімен, арасына 4-5 сек. салып оқиды (дыбыстық есте сақтау). 10 сек. соң оқушылар естерінде сақталған сөздерді жазады. 10 мин. кейін 2 қатардың сөздерін мұғалім тақтаға жазады. Оқушылар үнсіз оқып есте сақтап, жазады (көріп есте сақтау). 10 мин. соң зерттеушілерге 3 қатардың сөздері беріледі: эксперимент жүргізуші сөздерді оқиды, ал оқушылар осы сөздерді іштерінен қайталап, саусақтарымен ауаға (партаға) жазады, содан соң есінде қалғандарын қағаздарына түсіреді (моторлы-дыбыстық есте сақтау). Аз ғана үзілістен соң 4 бағандағы сөздер беріледі. Бұл жолы экспериментатор тақтада жазылған сөздерді оқиды, ал оқушылар әрбір сөзді сыбырлап қайталайды. Содан соң естерінде қалған сөздерді қағазға түсіреді (көру-есту-моторлық есте сақтау).

Нәтижелерін өңдеу:

Ес түрінің коэффициентін есептеп (С), оқушыда естің қай түрінің басымырақ екендігін анықтауға болады.



,

мұндағы А - дұрыс жазылған сөздердің саны, В - берілген сөздердің саны.

Зерттелушінің қай қатардағы сөздерінің саны бірлікке (100%) жақын орналасса, зерттелушіде естің сол түрі жоғары дамыған.

Сыныптағы оқушылардың басым көпшілігі оқу материалын жақсы есте сақтап қалуы үшін сыныпта естің қай түрі басымырақ екенін анықтап алу керек. Бұл үшін естің әрбір түрінің жалпы коэффициенті есептеледі.



,

мұндағы С, С2і, ..... Сni - естің берілген түрінің жеке көрсеткіштері.

n - зерттелушілердің (оқушылардың) саны.

1-4 сыныптарға - 10 сөз;

5-6 сыныптарға - 12 сөз;

7-8 сыныптарға - 15 сөз;

9-11 сыныптарға - 20 сөз.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   67




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет