Ораза энциклопедиясы



Pdf көрінісі
бет4/8
Дата09.05.2022
өлшемі251,23 Kb.
#33521
1   2   3   4   5   6   7   8
Ораза энциклопедиясы  

«Мазаһир  хақ» кітабында: «Үзірсіз  намазын  жамағатқа  қосылмай  оқыған 

адамның мойынынан парызды орындау міндеті түскенімен, оған намаздың 

сауабы  жазылмайды»,-деп  айтылған.  Оған  қоса  шам  намазы  көбінесе 

ауызашардың құрбаны болып кетеді. Ал оның бірінші тәкбиріне кешігу мәселесін 

айтудың да қажеті жоқ. Сауабын тарауих намаздың сауабымен толықтырамыз деп 

құбтан намазын уақытынан бұрын оқитындар да баршылық. 

Міне Рамазан айындағы намаз тәрізді маңызды құлшылығымыздың  түрі осы. Бір 

парыздың себебінен біз үш намазды қаза етіп жатырмыз. Бесін намазын ұйықтау 

себебінен,  аср  намазын  ауызашарға  қажетті  нәрселерді  сатып  алу  себебінен  қаза 

етіп  жатқандарды  өз  көзіммен  көргем.  Осыдан  соң  Рамазан  айында  басқа  да 

парыздар қалай орындалып жатқанын ойланып көріңіз. 

Адамдар  он  бір  айын  дүние  тіршілігімен  өткізгеннен  кейін,  ең  болмағанда  бір 

айын ыждағаттылықпен құлшылық етіп өткізсе қандай жақсы! 

Кеңселерінде  таңғы  оннан  кешкі  төртке  дейңн  отыруға  мәжбүр  болған 

қызметкерлердің Рамазан айында таң атқаннан сағат онға дейін Құран оқуы қиын 

ба?! Жұмыстан тыс уақытымызды дүние ісі үшін қандай болғанда да уақыт тауып 

жатамыз.  Бір  белгілі  қызмет  немесе  жұмыс  уақытымен  қолдары  байланбаған 

шаруалар  да  егіннің  басында  жүріп-ақ  Құран  оқыса  болады.  Ал,  саудамен 

айналысатындарға  бұл  берекелі  айда  дүкенді  ашу  уақытын  біршама  кеміту, 

болмаса дүкенде отырып-ақ Құран оқу тіпті жеңіл. 

Жәбрәил (ғалайһис-сәләм) әр жылы Құранды Расулуллаһқа ﷺ бастан-аяқ оқитын. 

Басқа  хадистерде  Жәбрәил   Құранды  Расулуллаһтан   ﷺ   тыңдайтыны  жайында 

айтылған.  Осы  хадистердің  негізінде  ғалымдар  Құранды  оқу  және  тыңдау 

қажеттілігі  жайында  айтқан.  Қазіргі  уақытта  бұл  дәстүр  кеңінен  тараған.  Бір 

сөзбен  айтқанда  мүмкіндігінше  Құран  оқығанға  көп  көңіл  бөлу  қажет.  Уақытты 

бекер өткізген жараспайды. 

Хадистің  соңында  Расулуллаһ  ﷺ   төрт  нәрсеге  көңілімізді  ерекше  аударып, 

Рамазан айында ол амалдарды көбейтуімізді бұйырады. Ол: «кәлима тоййиба» мен 



истиғфарды көп айту және Аллаһ Тағаладан жәннатқа кіргізу мен тозақтан сақтауын 

көп тілеу.» 

Осы себептен осы төрт амалға неқұрлым көп уақытымызды жұмсалғанын бақыт 

деп  білуіміз  керек.  Расулуллаһтың  ﷺсөзін  құрметтеу  дегеніміз  осы.  Оған  қоса 

тілімізбен  Пайғамбарымызға  салауат,  кәлима  айтып  жатып  тіршілігімізбен 

айналысудың не қиындығы бар?! Мұның сауабы мәңгілікке қалады. 

Осыдан  соң  Расулуллаһ  ﷺРамазанның  кейбір  өзгешеліктері  мен  әдептерін  баян 

етті.  Біріншіден: бұл  сабыр  айы.  Кейбіреулердің  Рамазан  айы  жаз  маусымына 





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет