етсеңдер, бергеннің үстіне бере түсемін»,-деген. («Ибраһим» сүресі, 7 аят).
Рамазанның ортасынан бастап кешірім басталады. Оразаның бір бөлігі өтуі
себебінен, оның сыйы мен құрметі кешірімнен басталады. Ал, оразаның үшінші
бөлігі тозақ отынан азат ету болып табылады.
Көп хадисте Рамазанның соңындағы тозақ отынан азат етілудің сүйіншісі жайында
айтылған. Жоғарыда айтылғаннан Рамазан үш бөлімнен тұратыны анықталған
болатын. Қаламгердің ойынша бұл үш бөлім рахмет, кешірім және тозақ отынан
азат етілу болып бөлінуі адамдар үш топқа бөлінуіне байланысты. Бірінші топқа
күнәсі болмаған адамдар жатады. Бұларға Рамазанның бірінші күнінен бастап
рахмет пен нығметтің нөсері нәсіп болады. Екінші топқа біршама күнәсі
болғандар жатады. Оразаның бірнеше күнінен кейін, соның сыйы ретінде оларға
оразаның берекеті мен күнәлардың кешірімі нәсіп болады. Үшінші топқа
күнәлары көп болғандар жатады. Бұлар оразаның басым бөлігі өткеннен кейін
тозақ отынан азат етіледі. Рамазанның бірінші күнінен Хақ Тағаланың рахметіне
қол жеткізіп, күнәлары кешірілгендер мол игілікке ие болады. Анығын Алла
Тағала біледі.
Хадисте Расулуллаһ ﷺ төрт нәрсені көбейтуді бұйырады. Оның біріншісі – кәлима
шаһадат (куәлік сөзі). Хадистерде бұл кәлима «зікірдің абзалы» деп айтылған.
«Мишкәт»-та Әбу Саъид Әл-Худри (радиаллаһу әнһу) риуаят еткен хадис
бар: «Муса Алла Тағаладан: «Я, Алла Тағала! Оны айтумен Сені әрдайым еске
Достарыңызбен бөлісу: |