Ораза зекет Садақа



Pdf көрінісі
бет38/46
Дата15.04.2023
өлшемі1,16 Mb.
#82853
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   46
Байланысты:
ОРАЗА ЗЕКЕТ САДАҚА

70
Садақа
біржолата ешкімге сатылмайтындай, сыйлыққа 
берілмейтіндей, мұрагерлікке өтпейтіндей етіп, өз 
иелігінен шығарып, Аллаһтың иелігіне өткізу де-
ген сөз. Мұндай дүниеден түсетін пайда мен кіріс 
пақырларға, міскіндерге, қарызын өтей алмай 
жүргендерге, жалпы кіріптар-мұқтаж жандарға 
үлестіріледі. 
Исламның келуімен ең алғаш уақыф құрған 
кісі Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.а.у.) болды. Ол 
Мадина Мунаууара қаласындағы жеті құрма бау-
бақшасын, кейінірек Фәдәк және Хайбар құрма 
бақшасындағы өзіне тиесілі үлесін уақыфқа ата-
ды. 
Сонымен қатар, сүйікті Пайғамбарымыз (с.а.у.) 
өзінің сахабаларына да дүние-мүліктерінің бір 
бөлігін уақыф етіп, қайырлы іс жасауға үгіттейтін. 
Бұл турасында сахаба Жабир (Аллаһ оған разы 
болсын) «Мұһажир мен ансарлықтардың жағдайы 
болып тұрып, уақыф қылмаған бірде-бір кісіні 
білмеймін» 
(Ибн Қудама, әл-Муғни V, 598)
деген екен.
Хайбардан түскен олжадан Хазірет Омардың 
(Аллаһ оған разы болсын) үлесіне жақсы бір 
құрма бағы түскен болатын. Ол Пайғамбарымызға 
(с.а.у.) келіп: 
– Уа, Аллаһтың елшісі! Өмірімде алғаш рет 
өте құнды құрма бағына ие болдым. Не істеуімді 
бұйырасыз - дейді.
Аллаһтың Елшісі (с.а.у.): 


71
Садақа
– Қаласаң оны Аллаһ разылығы үшін уақыф ет! 
Түскен пайданы садақа қыл! Уақыфқа аталғаннан 
кейін ол ешкімге сатылмайды, сыйлыққа 
берілмейді, мұрагерлікке де өтпейді, жемісі Аллаһ 
жолында жұмсалады, мұқтаждарға тарқатылады - 
дейді. Содан кейін Хазірет Омар құрма бақшасын 
түгелдей уақыф қылады. Ол құрма бағынан 
түскен кірісті Аллаһ жолында жорыққа, жиһадқа 
шыққандар, құлдықтан құтылғысы келген құлдар 
мен әр түрлі мұқтаж жандар пайдаланып тұрды. 
Мешіт салып, садақа бергенде және басқа да 
қайырлы іс жасағанда шынайы ниетпен, тек Аллаһ 
разылығы үшін жасау керек. «Ел мақтасын», «Жо-
март адам екен», «Жақсы адам екен» деп айтсын 
деген ниетпен рия (көзбояушылық) қылып, яғни 
елге көрсету үшін немесе жеке қара басының пай-
дасы үшін берген садақаның, жасаған қандайда бір 
жақсылықтың Аллаһ алдында ешқандай да қадірі 
болмайды. 
иНФақта Әдеп
Зекет беруде және садақа таратуда әдепті болу 
өте маңызды. Әсіресе берген кісі алған кісіге 
рақмет айту сезімінде болу керек. Өйткені, алған 
кісі берген кісінің парызын өтеуіне себепші болып, 
сауапқа жеткізіп отыр. Сонымен қатар, берілген 
садақалар берген кісіге аурудан және пәлекет 
келуіне бөгет болады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   46




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет