Орбұлақ шайқасындағы қазақ батырларының ерлігі 300 спартандықтың ерлігінен кем түспейді



Дата20.05.2023
өлшемі14,83 Kb.
#95561
Байланысты:
Орбұлақ шайқасы


Орбұлақ шайқасындағы қазақ батырларының ерлігі 300 спартандықтың ерлігінен кем түспейді
Еліміздің тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Ұлы болашағымызды армандай жүріп, тарихымыз туралы ұмытпағанымыз жөн» деген сөзінің астарында үлкен сыр жатқаны белгілі. Қазақ халқының қаһармандыққа толы жүріп өткен жолы өскелең ұрпақтың тарихи санасын қалыптастырып, жадында сақталып қалуының өзі ұлттық тәрбиенің негізі болмақ. Тәуелсіздіктің туын желбіретіп, ереуіл атқа мініп, бес қаруын сайлап, елі мен жерін қорғаған баһадүр бабаларымыздың ерлігін насихаттау арқылы өскелең ұрпақтың ұлтжандылық қасиетін байыту өз қолымызда екені белгілі. Осындай тарихи оқиғалардың бірі – Орбұлақ шайқасы. Орбұлақ шайқасы – қазақ әскери өнерінің керемет үлгісін көрсеткен тарихи жеңіс. Бұл тарихи шайқас 1643 жылдың жазында Салқам Жәңгір бастаған 600 қазақ жауынгері мен Батыр Қонтайшы бастаған 50 мың жоңғар сарбаздарының арасында өтті.

XVII ғасырдың 30 – жылдарында шашырап, біріге алмай жүрген ойрат тайпалары біртұтас мемлекетке бірігіп, Жоңғар хандығының шаңырағын көтерді. 1635 жылы Қытайдың батыс аймағында Жоңғар хандығы деп аталатын, XIII ғасырда Шыңғыс хан құрған империяның сол қанатын құраған жоңғарлар жеке мемлекет болды. Хандықтың негізін қалаған – Батыр қонтайшы. Жоңғар хандығы мемлкеттік құрылымдарын жүйелеп алғаннан кейін сыртқы саясатқа басты назар аудара бастады. Әсіресе, көрші жатқан Қазақ хандығының Жетісу аймағындағы шұрайлы жерлеріне көз тікті. Осының салдарынан қазақ-жоңғар қатынастары шиеленісіп, әскери қақтығыстарға ұласты. Осындай қиын-қыстау кезеңде Қазақ хандығының тізгіні Есім ханның атақты ұлы Салқам Жәңгірдің қолында еді. Жоңғарлардың шабуылы күннен күнге күшейді. 1643 жылдың жазында Жетісу аймағын толыққанды жаулап алу мақсатында Батыр қонтайшы бастаған 50 мың жоңғар жауынгерлері қазақ даласына қарай бет алды.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет