ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
Орындаған:Ермек Аружан
Эссе
Қазақ-Жоңғар қатынасы. Аңырақай және қалмақ қырылған шайқастары
Жоңғар хандығы 1635-1758 жылдар аралығында өмір сүрген. Жоңғарлар ұлт емес. Бұл атау сол жақ, сол қанат деген түсініктен шыққан.Яғни Шыңғыс хан әскерлерінің сол жақ қанаты деген мағынада. Жоңғар хандығы 1635 жылы құрылды. Мемлекеттің негізін қалаған Батыр Қонтайшы болды.
Қазақ-жоңғар қатынастарына келсек , әсіресе Батыр Қонтайшы билік құрған кезде ерекше шиеленіске түсті.Одан кейін Қалдан Бошоқты билеген кезде, оның мұрагері Цеван Рабдан өкімет басына келгенде қазақ-қалмақ қатынастары шиеленісіп кетті.
1728 жылы Ұлытау өңіріндегі Бұланты және Білеуті өзендері аралығында қазақ жасақтары ірі жеңіске жетті. Онда 60 мың қазақ-қырғыз Біріккен әскері қалмақтарды талқандады. Бұл оқиға тарихта Бұланты-Білеуті шайқасы немесе жоңғар әсерінің көп өлуіне байланысты «Қалмақ қырылған « деп аталды. Осы жеңістің арқасында қазақ халқының әскери,моральдық рухы көтерілді. Жауға қарсы күресте халықтың күш-жігері, ұмтылысына серпін мен үміт берді. Қазақ өлкесінің солтүстік-батысы азат етілді.
Аңырақай шайқасына келетін болсақ ол 1729-1730 жылдары көктемде Балқаш көлінің оңтүстік-батысында Итішпес-Алакөл жерінде болған. Ол біріккен қазақ қолының жоңғар басқыншылығына қарсы жүз жылдық азаттық соғысында бетбұрыс жасаған ең ірі жеңісі болды .Саяси және әскери бірлікке қол жеткізген үш жүз жасақтары 1728 жылы бастап, Балқаш пен Шу бойына қарай жылжып, ұрысқа әзірлене бастады. Бұл кезде жоңғарлар қазақ жерін тұтастай иелену ниетінде еді. Қазақтардың әрекетін сезген олар да Шу мен Балқаштың оңтүстігінде үлкен шеп құрды.Үш жүз жасақтары шешуші шайқас алдында Хантауында, Сұңқар тауында жиналды. Шайқас солтүстігі Балқаш, оңтүстігі Отар даласы, батысы Шу, шығысы Күртіге дейінгі аралықтағы жерлерде өткендігін осы өңірлерде жиі кездесетін қазақ, қалмақ қорымдары дәлелдейді. Аңырақай аталатын да осы өңір.Ұрысқа бас қолбасшылар Қабанбай батыр, Бөгенбай батырлар сайланды,Орта шепті Бекжан батыр басқарды. Бұл шайқаста (40—45 күн) қазақтар ірі жеңіске жеткен.
Қорытындылай келсек қазақ-жоңғар қатынасы нәтижесінде 1730 жылы біріккен халық жасағы ыдырайды. Болат ханның қайтыс болғаннан кейін таққа талас басталады . Қазақ ақсүйектері Әбілмәмбетті хан сайлады. 1741-1742 жылдары Қалдан Серен өзінің екінші жорығын жасады. Ал 1743 жылы Орта жүз бен Жоңғар арасында бейбіт келісім жасалып, олар аманатқа қазақ балаларын алып, жоңғар билігіне мойындауын талап етеді.