Ордабекова Хафиза Арысбайқызы


Ұлттық бағыт және қазақ жазуы



Pdf көрінісі
бет64/133
Дата27.09.2023
өлшемі1,75 Mb.
#110758
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   133
Байланысты:
Тіл біліміне кіріспе Ордабекова Х. Оқу құралы

Ұлттық бағыт және қазақ жазуы
Қазақ халқының жазу тарихы көне 
түркі жазуынан бастау алады.Араб жазуын түркі халықтары, оның ішінде, 
қазақ халқы ұзақ уақыт қолданған. Алғаш араб әліпбиіндегі әріптер түгел 
қолданылған, тек 1926 жылы А. Байтұрсынов оған реформа жасап, ондағы 
артық әріптерді шығарып тастап, жазуды көп жеңілдеткен. 1926 жылдан 
бастап 1940 жылға дейін қазақ халқы латын әліпбиінде жазып келіп, кейін 
кириллицаға (1940 жылдан бастап) көшті. Қазіргі түркі мемлекеттерінің 
көпшілігінде қайтадан латын әліпбиіне негізделген жазуға көшу үрдісі бел 
алып келеді.
 
Араб әліпбиі мұсылман дінінің, ислам мәдениетінің кеңінен таралуына 
байланысты көптеген түркі халықтарының жазу-сызуына әсер етті. Қазақ 
тіліндегі дыбыстар жүйесін арнайы зерттеп, әліпби құрастырған қазақтың 
алғашқы фонолог-ғалымы, әрі қазақ тіл ғылымының негізін қалаушы ‒ Ахмет 
Байтұрсынұлы. А.Байтұрсынұлы қоғам, ғылым және мәдениеттің өркендеуі 
жазылым 
әрекеті 
арқылы 
іске 
асатынын 
жақсы 
түсінді. 
1912 
жылы А.Байтұрсынұлы қазақ жазуы тарихында алғаш реформа жасады. Ол 
қазақ жазуы тарихында 
төте жазу
деп аталды. Араб жазуын қазақ тілінің 
фонологиялық жүйесіне сәйкестендіріп, сингармониялық бағыттағы 
ұлттық
әліпбиді 
(24 әріптен тұрады) түзіп шықты.
Әліпби 1913 жылдан бастап мұсылман медреселерінде, 1929 жылға дейін 
кеңестік мектептерде қолданылды. ХХ ғасырдың 20-жылдары аяғында 
әліпбиді ауыстыру жайлы түркі, қазақ зиялылары арасында айтыс жүріп, 


102 
А.Байтұрсынов реформалаған әліпби қолданыстан шығарылды. Дегенмен 
ҚХР Шыңжаң автономиялық ауданындағы қазақтар әлі күнге дейін 
А.Байтұрсынов әліпбиін қолданып келеді.1929 жылы КСРОқұрамындағы түркі 
халықтары латын әліпбиіне көшірілді.1940 жылы Кеңес Одағы халықтары 
біртекті әліпбиді қолдануы қажет деген саясатпен кирилл әліпбиі қолданысқа 
енгізілді. Орыс тілінде жоқ қазақ тілі дыбыстарының таңбалары кирилл 
таңбаларына ұқсастырылып 
(қ-к, ғ-г, ө-о, ң-н)
қабылданды. Бұл әліпбидің қазақ 
тіліне тән ерекшеліктердің бәрін толық таңбалай алмауына байланысты кейінгі 
жылдары қазақ жазуын 
латын әліпбиіне
көшіру мәселесі көтерілуде. 
ХХ ғ. алғашқы жартысында Орта Азия халықтарының арасында латын 
әліпбиіне көшіру үдерісі басталды. Өйткені қазақ қоғамының латын 
графикасына көшірілуі саяси-идеологиялық жағдаяттарға негізделді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   133




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет