Ордабекова Хафиза Арысбайқызы



Pdf көрінісі
бет72/133
Дата27.09.2023
өлшемі1,75 Mb.
#110758
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   133
Байланысты:
Тіл біліміне кіріспе Ордабекова Х. Оқу құралы

ысырыңқырап 
қойды. 
(О.Бөкей) 
Кенже қызы облыс орталығына 
кеткен күннен бері
ыбырсыңқырап
 қалған ыдыс-аяқты жуып, әр затты 
тиісті орнына қойды
(О.Бөкей). 
Категориялды жағдаят. 
Кез келген жағдаят түрі сөйлеу процесімен 
тығыз байланысты. 
Категориялды жағдаят
– сөйленіммен берілетін жалпы 
жағдаяттың бір қырын танытатын және белгілі бір функционалды-
семантикалық өріске негізделетін типтік мазмұндық құрылым (2, 359). 
Қимылдың өту сипатының (аспектуалды функционалды-семантикалық өріс) 
категориялық жағдаяттары сөйленіммен берілетін мазмұндық құрылымдар 
болып табылады. Мысалы: Ет артынан Сүйіндіктің көптен сауғызып отырған 
қысырларының сары қымызы да келді. Оны да жақсы 
әңгімелесіп, ұзақ 
отырып ішісті
(М.Әуезов) деген сөйлемде қимылдың созылыңқылық 
сипатымен бірге жақ, етіс, шақ және модальдылық элементтері қамтылған 
(2,361). Категориялды жағдаят сөйлеу процесінде айтылатын ой-пікірге 
қатысты тілдік бірліктердің өзара мағыналық қатынастарына негізделеді.
 
Әдебиеттер:
1 Байтұрсынұлы А. Тіл құралы. – Алматы, 2003. 
2 Қазақ грамматикасының өзекті мәселелері. – Алматы, 2007.
3Қордабаев Т. Қазіргі қазақ тіліндегі етістіктің шақ категориясы. – Алматы, 
1953. 
4 Ысқақов А. Қазіргі қазақ тілі. – Алматы, 1991.
5 Маманов Ы. Қазақ тіл білімі мәселелері. – Алматы, 2007.
 
♦ Тапсырма
Тіл біліміндегі ономасиологиялық және семасиологиялық бағыт жайлы түсінік 
беріңіз. 
Тіл біліміндегі грамматикалық және семантикалық категориялар туралы 
түсінік беріңіз. 


114 
Құрылымдық және функционалды грамматиканың өзара қатынасы туралы 
баяндаңыз. 
Қазақ тіл біліміндегі функционалды-сеамнтикалық өріс түрлері туралы 
баяндаңыз. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   133




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет