20
ғалымдар тілдік таңбаны «барлығын да айтуға келетін» (А.Мартин), «барлық
басқа семиотикалық таңбаларды аударуға болатын» (Л.Ельмслев), «барлық
типтегі таңбалардың оркестрі» (Т. Милевский) деп санайды.
Тілдік таңбалар қатарына
фонема, сөз, морфема, сөз тіркесі
және
сөйлем
жатады. Дыбыс – тілдің ең кіші материалды бөлшегі. Дыбыс жеке тұрғанда
мағынасыз болады, сондықтан екі жақты мәні бар таңба ретінде емес, бір
жақты сипатқа ие тілдік таңба ретінде таныған дұрыс. Морфема – атауыштық
мәні бар лексемалар мен фонемалар арасындағы аралық категория. Ол – тілдің
жартылай құрылымдық, бірақ хабаршы таңба бола алмайды. Сөйлеу
сөйлемнен, сөйлемдер еркін сөз тіркесінен құралады. Сөйлем – сөйлеудегі,
пікір алысудағы ең негізгі және бірден-бір коммуникативтік таңба саналады.
Көмекші таңбаларды материалдық сипатына қарай
графикалық таңбалар,
акустикалық таңбалар, заттық таңбалар, ақша таңбалары, сәуле
таңбалары, ымдау, нұсқау таңбалары
ретінде жіктеп көрсетуге болады.
Семиотикалық таңбалардың күрделі бір саласы – ымдау, нұсқау, яғни әр түрлі
дене қимыл-козғалыстары арқылы белгі беріп, бір нәрсені хабарлау, түсінісу
әрекеттері. Ғылыми әдебиеттерде семиотикалық таңбалардың бұл түрі
ым-
ишарат тілі
деп те аталады.
Семиотика ұғымын алғаш рет ғылыми тұрғыдан айқындаған американдық
философ Чарльз Пирс болатын. Ч.Пирс таңбалардың негізгі үш типін
көрсетеді:
Достарыңызбен бөлісу: