18
Қазіргі лингвистикалық психологизмнің үлкен бір тармағы Америка
лингвистикасынан берік орын алып отыр. Америка психолингвистері тіл
білімінің негізгі міндеті –тілдік сигналдарды кодқа түсіру, сөйлеу әрекеті,
сөйлеу тілінің туындауы мен қабылдануы, ақпаратты қабылдау, оны түсіну
процестерін
зерттеумен
шұғылдану
дегенді
айтады.
Кеңестік
психолингвистикалық мектептердің негізін қалаушы А.Леонтьев жаңа ғылым
саласының пайда болуын адамзат қоғамының дамуымен, оның ішінде,
адамның жасанды интеллектуалды әрекеттердің, ғылыми танымның даму
қажеттіліктерімен байланыстырады. Интеллектуалды әрекеттің жоғарғы
психикалық қызметін атқарушы сөйлеу әрекеті және ойлау процесін жүзеге
асырушы құрал ретінде тіл жүйесі ХІХ–ХХ ғғ.психологтар мен лингвистердің
айрықша назарына ілінген мәселелер болатын. Осылайша, психолингвистика -
адамның сөйлеу әрекетін, сөйлеу коммуникациясы мен индивидуалды сөйлеу,
сөйлесу, ойлау әрекеттерін психологиялық және лингвистикалық аспект
тұрғысынан зерттейтін ғылым саласы ретінде өткен ғасырдың 50-жылдары екі
ғылыми ілімнің, лингвистика мен психология ғылымдарының тоғысуы
нәтижесінде пайда болған.
Қазақстандағы
психолингвистика
салыстырмалы
түрде
қазақ
тілтанымында енді ғана қалыптасып келе жатқан жас ғылым саласы болып
табылады. Қазақ психолингвистикасы саласында Э.Сүлейменова, Т.Аяпова,
З.Ахметжанова, Б.Хасанов, Н.Шаймерденова, Л.Екшембеева, Г.Мәдиева,
Ә.Шаяхметова сияқты тілші-ғалымдар қазақ тілін екінші тіл ретінде меңгерту;
билингвизм жағдайында балалар тілінің даму ерекшеліктері; тілдік сананың
ұлттық-мәдени ерекшеліктері, сөйлеу тілінің патологиясы бойынша өз
зерттеулерін жүргізуде.
Достарыңызбен бөлісу: