Ордабекова Хафиза Арысбайқызы



Pdf көрінісі
бет91/133
Дата27.09.2023
өлшемі1,75 Mb.
#110758
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   ...   133
Байланысты:
Тіл біліміне кіріспе Ордабекова Х. Оқу құралы

 
 
Берілген ғылыми пікірлер бойынша сөйлеу тілі дыбыстарының қандай 
белгілері негізге алынғандығын өзара салыстырыңыз.
Тіл дыбыстары 
‒дыбыстау мүшелерінің көмегімен алынатын сөйлеу 
тілінің элементі. Фонетикалық жіктелімі тұрғысынан алғанда, ары қарай 
бөлшектеуге келмейтін дыбыстық тілдің ең қысқа единицасы 
(Розенталь Д.Э., 
Теленкова М.А. Словарь-справочник лингвистических терминов. ‒М., 1985. 
С.80). 
Тіл дыбыстары 
‒сөйлеу тілінің дыбыстық жүйесін құраушы, акустика-
артикуляциялық сипатқа ие сөйлеу тілінің мәнді бірлігі. Біз сөйлеген кезде 
дыбыстарды шығарамыз. Тілдік жүйеде сол дыбыстар дауысты және дауыссыз 
дыбыстар жүйесін құрайды.
Берілген сөйлемдердегі [у] дыбысының акустика-артикуляциялық 
сипатына талдау жасаңыздар.
Мұндай қарқынмен биікке шығу қиын. Шұғыл шаралар қажет. Әсіресе, әр 
буындағы кадрлар жоғары талаппен іріктелсе! Төле би мен Қаранай батырдың 
тапсыруымен ол топ бастап, жауларына қарсылық көрсете, жекпе-жекке 
шығып, өзінің дүлей қара күшінің, жаужүрек батылдығы мен алғырлығының 
арқасында талай-талай тарлан қарсыластарының табанын үзеңгіден тайдырды 
(Қ.Төретайұлы. Намыс найзағайы).
 
Сөз құрамында немесе сөз аралығында көршілес келген дауыссыз 
дыбыстардың артикуляциясына байланысты фонологиялық талдау 
жасаңыз: 
басшы, сүзсе, жұмысшы, көнбе, сенбі, алтын кірпік, сзади, летчик, 
подтаять, balls, cats, shoes. 
 
Анлауттық фонетикалық құбылыстарға талдау жасаңыз. 
Әлде өтірік, әлде шын, ақсұңқар мен ылашын өлген құсты жеп қалды 
(Қобыланды)
. Аударыспақ алпыс құл ойнаған соң, әрқайсысын әр жерге 
ылақтырыпты 
(Қозы Көрпеш-Баян сұлу). 
Ылайла, ылай оймен тұнығыңды 
(Абай). 
Ырас десең, ырас сөз мен айтайын 
(«Бекболат» дастаны). 
‒Тағы 
айтарым бар. Жазу үстелім жаңа, айрықша сапалы қызыл былғарымен 
қапталған 
(Ауд. Қ.Қараманұлы).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   ...   133




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет