Ордабекова Хафиза Арысбайқызы


§ 1.8 тарауша бойынша орындалатын практикалық тапсырмалар



Pdf көрінісі
бет99/133
Дата27.09.2023
өлшемі1,75 Mb.
#110758
1   ...   95   96   97   98   99   100   101   102   ...   133
Байланысты:
Тіл біліміне кіріспе Ордабекова Х. Оқу құралы

 
§ 1.8 тарауша бойынша орындалатын практикалық тапсырмалар 
 
Мәтіндегі сөздердің өзара байланысу тәсілдерін айқындай отырып,
сөз тіркесінің түрлерін айқындаңыз. 
Мен ауылға қайтқанда Әбдірахман Есімбектікінде қалып қойып еді. 
Менің артымнан іле-шала келіп Беркімбайдың үйіне түсіпті. Қымыз ішкен 
адам ұйықтап қалған екем, екінді әдетінде далаға шықсам, ауылдың 
сыртындағы белесте ішінде Қажыбай ақсақал бар, бірталай адам сөйлесіп отыр 
екен. Мен де келдім.Әңгіме Әбдірахман турасында екен, жақындап 
келгенімде-ақ «Әбдірахманның өзі шынымен бұзылған ғой» деген Қажыбай 
қарттың сампылдаған даусы құлағыма сап ете қалды. Өзі сөзшең адам бірінен 
соң бірін тізбектетіп, не бар пәлені Әбдірахманның үстіне үйіп отыр. Оларды 
мұсылман деуге болмайды. Айтатыны ылғи құдайға қарсылық сөз (Майлин Б. 
Шұғаның белгісі). 
 
 
Мәтіндегі бейвербалды бірліктердің мәні мен атқарып тұрған 
қызметіне назар аударыңыз.
Жиренше қабағын бір шытып, қозғалақтап қалды. Абай енді байқады, 
әкесі сөзін аяқтап келеді екен.
̶ Қодар сұмның қылығы сырт елдің алдында менің бетіме салық болса, 
осы елге, өз еліңе келгенде, осы отырған бәрімізге салық. Мынау отырған 
сендерге салық! ̶ деп, аз тоқтап, Сүйіндікке қадалып отырған жалғыз көзін 
енді төрдегі Байсалға аударды. Одан өзінің оң жағында отырған Бөжейге 
қадалды.


145 
Бірақ Бөжей мен Байсал мызғыған жоқ. Өзге отырғанның барлығы сөздің 
салмағы мен түйінін өз арқаларынан сезгендей боп қозғалақтап, түйін боп 
бекініп, түйіліп алған көрінді. Отырғандар осы күйді танып қалды. 
Құнанбайдың бұлай беттеп алғанда қайта оралар қайырымы жоқ, оны бәрі 
біледі. Не айтысып, шарпысып кету бар. Немесе іштен қоштамаған уақытта 
Байсал, Бөжейдің бір тәсілі: міндет, мысалды Құнанбайдың өзінен бастатып, 
артын өзіне тастап кететін әдеті бар-ды. Жан күйер жер болмағанда, олар осы 
соңғы мінезді көп қолданатын. Екеуі де тіс жарып, сөйлемейтін. Бірақ 
Құнанбайдың мына сөзі үндемеске де қоймайды, үндеуге де жібермейді. Дел-
сал етті. Үй іші бірталай уақыт үнсіз отырды (М.Әуезов).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   95   96   97   98   99   100   101   102   ...   133




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет