Ордабекова Хафиза Арысбайқызы


Құрмалас сөйлемдерді теріп жазып, бағыныңқы баяндауыш



Pdf көрінісі
бет100/133
Дата27.09.2023
өлшемі1,75 Mb.
#110758
1   ...   96   97   98   99   100   101   102   103   ...   133
Байланысты:
Тіл біліміне кіріспе Ордабекова Х. Оқу құралы

 
Құрмалас сөйлемдерді теріп жазып, бағыныңқы баяндауыш 
тұлғасына қарай таңдап, мағыналық түрлеріне қарай ажыратыңыз.
Жылымықтан көбесі сөгіліп, сірісі босаған қар қылп-қылп етеді. Жентек қарды 
көзіме басып, жып-жылы күн шуағына шомылып көңілді қайттым 
(Т.Жұртбай). Өзінің мүддесін оңай шешу үшін заңды аттап, бегіленген жолды 
бұзып, қылмыстық жолға барады. Жәутіктің ойы кейде бұлттан шыққан 
қырандай жарқ етіп бой тастайды, кейде құйылып алдына қайтып келеді 
(Х.Ерғалиев). Нияз телміріп ұзақ қарады, Ләззат оның көз шарасынан бар 
сырын ұғып тұрған еді (Т.Ахтанов). Шынында, елу жыл отасқан ерлі-
зайыптылардың арасында нендей сөз болуы мүмкін? Әңгіменің бәрі айтылған, 
сарқылған. Кемпіріне оқта-текте ғана тіл қатады. Онда да көкірегіне жиналған 
запыранды төгу керек болғанда, күшаладай божып тұрған ашу кемерінен асып 
кеткенде, басқаға соқтыға алмай Күлайша байғұсқа дүрсе қоя беретіні бар 
(Қ.Жұмаділов). Көгілдір үйрек шын мәнінде өжет еді, бірақ әлі қауырсыны 
қатпаған жас болатын. Көгілдір үйрек қалың құрақ ішінен құрт-шабақ 
аулайды, бір мезгіл жиекке шығады, ұяластары жиекте күншуақтап жатыр, 
көгілдір үйрек олардан аулақтау кетіп, өзіне құмдақ жер таңдап алды
(С.Бақбергенов). 
Үлгі бойынша берілген сөйлемдердің сөйлемге тән белгілерін 
анықтаңыздар.
Сөйлемдер
Сөйлемге тән белгілер
предикативті 
қатынас
модальды 
қатынас
мақсат-мәнді 
қатынас
Интонация
Келіншегінің 
Бұрынғы 
Ашық рай 
Хабарлы
Хабарлау, 


146 
сырын 
алғашқыда 
Еламан 
да 
түсінген жоқ.
өткен 
шақ, 
болымсыз 
түрі 
баяндау 
 
-
Бар! Осы қазір жылқыдан бір үйірді өзің Мұқатайдың ауылына айдап апар! 
Айыбыңның өтеуі - сол. Тез, жөнел! –Бәрін де көріп, бәрінде біліп тұрмын. 
Жүрек қынжылып, жүрек жылағанмен не пайда? Адам қолымен істелген істің 
қашанда орны толар ма? Осы кеште Тәкежан ауылының шеткі лашығы –Иіс 
кемпірдің үйінде сары уайым еді. Өзіне шақ күнкөрісі, өзіне шақ қуанышы бар, 
әйелі бар жылы үйге Бағлан ұзақ тұрақтай алмады. Құрдастық қалжыңдар 
күлдірсе де, Жомартты жадырата алмады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   96   97   98   99   100   101   102   103   ...   133




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет