33
әсерімен келесі сөздің басындағы дауысты дыбыстың түсіп қалуы. Қазақ тілі
жүйесінде сирек кездесетін құбылыс: не істейміз? (нестейміз), не ішесің?
(нешесің).
Эпентеза–фонетикалық, морфологиялық өзгерістердің әсерімен сөз
ішінде дыбыс қосылып айтылуы: трактор (тырактор), трест (тірес), кровать
(кереует), нрав (ндрав), срам (страм).
Инлаутқа қатысты фонетикалық құбылыстарға
редукция, гаплология,
метатеза, диэреза құбылысы жатады. Редукция ‒позициялық өзгерістердің
бір түрі. Дыбыстардың әлсіреп көмескі айтылуы нәтижесінде өзгеріске түсуі:
дәрігер, қатынас, тәжірибе. Негізінен редукцияға ұшырайтындар екпін
түспеген буынды дыбыстар.
Метатеза –сөз ішіндегі дыбыстардың не
буындардың өзара орын
алмастырып айтылуы: тепкі –текпі, айналу –айлану, қақпан –қапқан, тарелка –
талерка, ладонь –долонь. Ал сөйлеу тіліндегі диэреза құбылысы:
грустный
(грусный), чувство (чуство).
Ауслаут құбылысына жататындар, негізінен,
эпитеза, элизия, апокопа,
синкопа сияқты фонетикалық өзгерістер енеді. Элизия –сөз тіркесінде кейінгі
сөздің бастапқы дауысты дыбысының әсерімен
алдыңғы сөздегі соңғы
дауысты дыбыстың түсіп қалуы. Мысалы: торы ала (торала), мына ауыл
(мынауыл), жақсы екен (жақсекен).
Синкопа ‒негізінен жабысыңқы (шұғыл)
дыбыстардың әсерімен сөз ішінде бір немесе бірнеше дыбыстың түсіп қалуы.
Мәселен, тағылым‒тәлім, бағана –мана, еге ‒ие, только ‒толико, спирт
‒spiritus.
Апокопа‒сөз соңындағы екпін түспейтін соңғы дауысты дыбыстың
түсіп қалуы: или (иль), чтобы (чтоб), уже (уж).
Эпитеза–сөз
соңынан
дыбыстың қосылып айтылуы: банк ‒банкі, факт ‒факті, абстаркт ‒абстракты.
Сингармонизм - түркі, фин-угор тілдеріне тән позициялық ерекше
құбылыс. Сөзге жалғанған қосымшалардың сөз түбірі соңындағы дауысты
дыбыспен үндесіп келуі. Сөз ішіндегі дауысты дыбыстар бір-бірімен тілдің
және еріннің қатысына қарай өзара үндесіп келуі.
Сингармонизм құбылысы
лингвалды және
лабиалды болып бөлінеді. Қазақ тіл білімінде
лингвалды
сингармонизм басшылыққа алынады.
Сөйлеу үстінде өзара кірігіп, біртұтас болып айтылатын дыбыс тіркесін не
жеке дыбыс
буын деп аталады. Дыбыстардың буынға кірігу тәсілі барлық
тілдерге ортақ болмайды. Себебі әр тілдің немесе туыстас тілдер тобының
өзіне тән бірегей буын құрау тәсілдері бар.
Достарыңызбен бөлісу: