Ордабекова Хафиза Арысбайқызы



Pdf көрінісі
бет21/131
Дата16.06.2022
өлшемі1,73 Mb.
#36950
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   131
Байланысты:
Ордабекова Хафиза Арысбай ызы

 
 
Кесте 1.Екпін түрлері (фонетикалық табиғаты бойынша)
Дыбыс екпіні ‒ сөз ішінде дыбыстың бөлектеніп, көтеріңкі дауыспен 
немесе созып айтылуы. Мысалы: па-й, па-ай, та-ма-ша! Дыбыс екпіні көңіл-
күйді білдіретін сөздерді айтуда жиі қолданылады. Айтылуда сөйлеушінің 
эмоциясын білдіреді. 
Ой екпіні ‒ сөйлем ішіндегі ерекше назар аударылатын сөзді оқшаулап, 
бөлектеп айту. Ой екпіні сөйлем ішіндегі сөзді бөлектейді. Мысалы: Айбек 
ерте тұрды. Ой екпінін түсіру арқылы нақтылау, дәлелдей түсу мақсаты 
көзделеді. 
Тіркес екпіні ‒ бірнеше сөздің тіркесе, тізбектеле біртұтас екпінмен 
бөлектене айтылуы. Бұл көбінесе күрделі сөздерге, негізгі және көмекші 
сөздердің тіркесіне тән.
5 Тарихи және қолданбалы фонетиканың зерттеу нысаны мен 
қарастыратын мәселелері. Қазіргі түркі тілдері жүйесіндегі дауысты 
ЕКПІН
Тоникалы екпін -
өзге буыннан бір буын
тонының ырғағы арқылы
ерекшеленеді (қытай, тай,
вьетнам)
Квантативті екпін -
басқа буындардың ішінде
бір
буын
құрамындағы
дауысты
дыбыстың
созылыңқы айтылуы (грек,
латын тілдері)
Динамикалы екпін
-
буынның
біреуі
басқа
буындардан
айрықша
айтылады
(қазақ
орыс,
ағылшын )


37 
дыбыстардың сипаты көне түркі жазба ескерткіштерімен байланысты 
қарастырылады. Түркі тілдерінің дауысты (вокализм) және дауыссыз 
(консонантизм) жүйелерінің даму тарихы мен кезеңдері салыстырмалы-тарихи 
әдістер арқылы сипатталады. Осы арқылы туыстас түркі тілдерінің дауысты 
және дауыссыз дыбыстар жүйелерін бір-бірімен салыстыра отырып, олардың 
ұқсастығы мен ерекшеліктерін анықтау, олардың тарихи даму кезеңдерін 
айқындау, фонемалардың пайда болу және қалыптасу жолдары сипаттау 
мәселесімен айналысады.
Қазіргі түркі тілдерінің үлкен бір бұтағын құрайтын қыпшақ, қарлұқ, оғыз 
тобындағы тілдер мен көне түркі дәуіріндегі жазба ескерткіштер тілін 
вокализм, консонантизм, морфонология тұрғысынан зерделеу тіл тарихы, яғни 
тарихи фонетика, тарихи грамматика, тарихи лексикология (этимология) 
мәселелерімен айналысуға жол ашады. Сондай-ақ, мұндай тілдік зерттеулердің 
қазақ тілінің салыстырмалы және салғастырмалы тіл білімінің дамуына да 
өзіндік үлесін қосады.
Бүгінгі күні қазақ тілінің қазіргі лексика-грамматикалық формалары мен 
лексика-фразеологиялық бірліктерінің этимологиясын көрсетуде дыбыстардың 
архетиптері мен түркі ататілінің фонемаларының құрамын анықтауда 
қолданбалы фонетиканың қосар үлесі өте мол.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   131




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет