Ордабекова Хафиза Арысбайқызы



Pdf көрінісі
бет28/131
Дата16.06.2022
өлшемі1,73 Mb.
#36950
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   131
Байланысты:
Ордабекова Хафиза Арысбай ызы

 
Әдебиеттер
1 Сағындықұлы Б. Қазіргі қазақ тілі (лексикология). –Алматы: Санат, 2004.
2 Оразов М. Қазақ тілінің семантикасы. –Алматы, 1991. 
3 Қалиев Б. Сөз мағыналарының негіздері. –Алматы, 2002. 
4 Кеңесбаев І. Қазақ тілінің фразеологиялық сөздігі. – Алматы, 1977.
5 Ғалиев Қ., Болғанбаев Ә. Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы мен 
фразеологиясы. – Алматы, 2003.
6 Сыздық Р. Сөздер сөйлейді. –Алматы: Арыс, 2004.
 
Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар: 
Сөздің лексикалық мағынасы мен ұғымның арақатынасы.
Сөздің атқаратын негізгі қызметі мен оның жалпылауыштық сипаты. 
Полисемия құбылысы. Сөздің көпмағыналылық сипатының қалыптасуының 
себептері.
Лексикалық омонимдер, олардың жасалу сипаты мен пайда болу жолдары.
Тілдегі полисемия құбылысы мен омонимияның өзіне тән ортақ белгілері мен 
ерекшеліктері.
Тілдің лексикалық жүйесіндегі парадигмалық және синтагмалық қатынастар. 


48 
Лексикалық антонимдер, түрлері мен жасалу жолдары, олардың көркем 
шығарма тіліндегі қызметі. Контекстуалды антонимдер. 
1.6 Қазіргі қазақ тілінің сөзжасам жүйесі мен құрамы 
Жоспар: 
1 Сөзжасам ‒ тіл білімінің жеке саласы. 
2 Сөзжасамның тілдің өзге салаларымен байланысы. 
3 Қазақ тілінің сөзжасам жүйесі мен сөзжасам тәсілдері.
4 Туынды сөздер және олардың өзіне тән тілдік белгілері.
5 Сөзжасамдық бірліктер: сөзжасамдық ұя, сөзжасамдық жұп, сөзжасамдық 
тізбек, сөзжасамдық тарам, сөзжасамдық саты.
1 Сөзжасам ‒ тіл білімінің жеке саласы. Сөзжасам ‒ жаңа атау жасау 
қызметін жүзеге асырады. Жаңа номинативті бірліктердің жасалу түрлері мен 
тәсілдері, сөзжасам бірліктері мен сөзжасам үдерісіне қатысты мәселелерді 
зерттеумен айналысатын тіл білімінің бір саласы. Қазақ тіл білімінде 
сөзжасамның жеке ғылым саламы ретінде қалыптасуы Н.Оралбаеваның 
еңбектерімен тікелей байланысты. Сөзжасамның зерттеу нысаны ‒ мағынасы 
мен дыбысталуы жағынан түбірлес лексемалармен байланысты сөздер.
Сөзжасамның лингвистикалық негізі ретінде түбір мен жұрнақ және олардың 
арасындағы байланыс алынады. Қандай да бір сөздің жұрнақ қабылдау, яғни 
сөзжасамдық формант таңдау қабілеті сөздің лексикалық мағынасына тікелей 
байланысты. Сөзжасамдық формант немесе сөзжасамдық жұрнақ ‒ тұрпаты 
мен мағынасы жағынан ең кіші сөзжасамдық құрал.
Түркі тілдерінің сөзжасам жүйесі өзара ұқсас болып келеді. Тілдік 
жүйедегі фоно-морфо-семантикалық ортақтықтар сияқты сөзжасамдық 
ортақтықтар да тілдің о баста бір негізден тарағандығының негізін құрайды. 
Мәселен, Қаракемер гидронимдік атауындағы кемер сөзі тува тілінде кем 
түрінде дыбысталып «өзен» мағынасын білдіреді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   131




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет