14
Тілдің шығуы жөніндегі келесі бір теория – одағай теориясы.
Одағай
теориясы – адамның сезімі, көңіл-күйі шартты рефлекс негізінде шығаратын
дыбыстық ишараттар арқылы тіл пайда болған деп түсіндіреді. Бұл теорияның
негізін қалаушы – К.Кудрявский болса, оның жақтаушылары ретінде В. фон
Гумбольдт, Г.Штейнталь, Я.Гримм есімдерін атап өтуге болады. Одағай
теориясы тілдік жүйедегі
ау, әй, моһ-моһ, тәйт, бәрекелді, ойбай,
астапыралла, әттеген-ай, қап, оһо сынды одағай сөздерге негізделген.
Одағай сөздер зат туралы, оның сыны мен санын, іс-әркеті мен қимыл-
қозғалысын атап білдірмейді. Кез келген тілдік жүйеде есім сөздер мен
етістіктер одағай сөздерге қарағанда басымдық танытады және мұндай
сөздердің сөзжасамдық сипаты да жоғары болып келеді. Одағай сөздердің
тілдік коммуникацияда сөйлеушінің көңіл-күйін білдіру арқылы ондағы негізгі
мағынаны толықтырып, күшейтіп отырады, өзге сөздермен грамматикалық
қатынасқа түспейтіні белгілі.
Тілдің шығуы жөнінде қалыптасқан келесі теория –
еңбек айқайы
теориясы. Бұл теорияның негізін қалаушы – Л.Нуаре, К.Бюхер. Ұсынылған
теория бойынша, тіл алғашқы адамдардың бірігіп еңбек ету процесінде туған,
осы идеяны ары қарай дамыта түскен К.Бюхер тілдің негізін ұжымдық, яғни
«еңбек үстіндегі айқайлардан» шыққан деп тұжырымдайды.
Ф.Энгельстің тұжырымдауынша, тілдің шығуы мен алғашқы адамдардың
бірігіп еңбек ету процесі, еңбек ету барысында адам санасының дамуы тығыз
байланысты. Еңбек ету процесінде, бірігіп өмір сүру жағдаяты адамдардың
бір-бірімен тілдік қатынас жасау қажеттілігін туғызған. Психологиялық
тұрғыдан алғанда, тіл адам мен қоршаған орта арасындағы байланысты
құрайды, тілсіз болмысты танып білу процесі жүзеге аспайды.
Қазіргі тіл ғылымында, шет тілі ғылымында адамзат тілінің
ерекшеліктерін
оның
тумысындағы
табиғи
психофизиологиялық
механизмдермен байланыстыру туралы пікірі басымдық танытуда.
Психофизиологиялық тұрғыда тілдің шығуы еңбектің дамуы мен қоғамдық
қатынастың неғұрлым күрделене түсуінің арқасында қарым-қатынас процесі
мен функционалды жүйелердің қамтамасыз етілуі болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: