Ордабекова Хафиза Арысбайқызы


Тілдің құрылымдық-жүйелілік сипаты



Pdf көрінісі
бет5/131
Дата16.06.2022
өлшемі1,73 Mb.
#36950
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   131
Байланысты:
Ордабекова Хафиза Арысбай ызы

2 Тілдің құрылымдық-жүйелілік сипаты.Кез келген тіл белгілі бір 
құрылымға негізделген жүйелер жиынтығынан, атап айтқанда, тілдің 
фонологиялық, сөздік құрамы (лексикология), сөзжасам және грамматикалық 
жүйесінен тұрады. Әрбір құрылымдық жүйе өз ішінен кішігірім жүйелерге 
бөлінеді. Тілдің бір бүтін құрылымдық-жүйелілік сипатты иеленетіндігін 
төмендегі кесте бойынша көре аламыз:
 
Фонетика 
‒ 
тілдің 
дыбыстық 
жүйесі 
мен 
дыбыстық 
заңдылықтары 
туралы ілім. Тілдік жүйедегі
әрбір 
дыбыс 
үш 
аспектіденқарастырылады: 
дыбыстың 
акустикалық, 
артикуляциялық 
және 
функционалдық сипаты. Осы 
зерттеу аспектілеріне қарай 
функционалды 
фонетика, 
жасалым 
(артикуляторлы) 
фонетика 
және 
айтылым 
(акустикалы) 
фонетика, 
естілім 
(перцептивті) 
фонетика  болып бөлінеді. 
Жалпы тіл білімінде фонема теориясының ілімін қалаған – Бодуэн де Куртенэ 
болатын. Тілдің фонологиялық жүйесіндегі антропофоника теориясын 
қалыптастырған Н.В.Крушевский еді. Фонология ғылымының морфема туралы 
аспектісі Москва фонология мектебі, ал семасиологиялық (психологиялық) 
аспектісі Ленинград фонология мектебінің негізін қалауға ұйтқы болды. 
Мәскеу 
фонологиялық 
мектебінің 
(Ф.Ф.Фортунатов,Р.И.Аванесов, 
А.А.Реформатский) теориялық негізі ‒ фонема туралы ілім. Тілдің фонемалық 
құрамын анықтауда морфологиялық ұстанымдарды пайдалану қажеттілігі 
басты қағидат ретінде саналды. Әртүрлі дыбыстарды бір фонемаға жатқызу 
үшін дыбыстар фонетикалық орнына қарай өзара алмасып, белгілі бір морфема 
құрамында алатын орны белгілі болуы тиіс. Мәселен, орыс тіліндегі с 
ТІЛ
СӨЗ-
ЖАСАМ
МОРФО-
ЛОГИЯ
ФОНО-
ЛОГИЯ


10 
фонемасы (с) с отцом, з (з братом), ж (ж женой), ш (ш шурином) дегенде 
сөйлеу әрекеті үстінде тіл дыбыстарының позициялық қолданыстарын 
байқаймыз.
Ленинград фонология мектебінің негізін салушылар Л.В.Щерба, 
С.И.Бернштейн, Л.Р.Зиндер, М.И.Матусевич тілдің дыбыстық жүйесін 
зерттейтін фонологиялық мектеп ретінде қалыптасты. Л.В.Щерба фонеманы 
сөз бен оның формаларын бөлшектеп көрсетуге қабілеті бар тіл бірлігі ретінде 
қарастырады. Ленинград фонология мектебінің негізгі бағыты ̶ фонеманың 
лингвистикалық (әлеуметтік) табиғатын сөйлеу қызметімен байланыстыра 
зерттеу.
Лексикология – тілдің лексикасы және оның тарихи даму заңдылықтары, 
сөз мағынасының атқаратын қызметі туралы ілім. Зерттеу мақсатына қарай 
сипаттамалы лексикология, тарихи лексикология және салыстырмалы-
салғастырмалы лексикология болып бөлінеді. Лексикологияның бір-бірімен 
тығыз байланысты бірнеше тармақтары бар: терминология, этимология, 
диалектология, ономасиология, фразеология, семасиология.
Сөзжасам ‒ тілдің атау жасау процесін жүзеге асырады. Қазіргі қазақ 
тілінің сөзжасамдық жүйесі ұзақ уақыт дамудың нәтижесі. Тіліміздің сөзжасам 
жүйесі өз бастауын көне түркі тілінен алады, содан бергі уақытта үнемі 
толығып, дамып, қазіргі жүйелі дәрежеге жеткен. Сөзжасам процесі өмірде 
пайда болған жаңа ұғымдарды атау қажеттігін өтеу үшін қызмет етеді. Қазақ 
тілінің сөзжасам жүйесінде көне түркі дәуірінен қолданылып, әбден орныққан, 
қалыптасқан сөзжасамның негізгі үш тәсілі бар: 
- синтетикалық тәсіл; 
- аналитикалық тәсіл; 
- лексика-семантикалық тәсіл. 
Сөзжасамдық тәсілдер арқылы жасалған туынды сөздердің бәрі сөзжасам 
процесінің нәтижесіне жатады. Сондықтан туынды сөздер тілдің сөзжасам 
саласының зерттеу нысаны болып табылады, әрі сөзжасам процесінде негізгі 
орын алады. 
Тіл білімінде сөзжасам жүйесі, сөзжасамдық мағына және сөзжасамдық 
тәсілдер жайлы жазылған тілдік зерттеулер көптеп кезедеседі. Түркі тілдеріне 
ортақ теориялық мәселелер А.Н.Кононов, А.М.Щербак, И.А.Батманов, 
Н.А.Баскаков, 
Е.С.Малов, 
Б.А.Серебренников, 
Н.З.Гаджиева 
сынды 
ғалымдардың еңбектерінде талданды. Қазақ тіл ғылымында А.Байтұрсынов, 
Қ.Жұбанов, Н.Сауранбаев, А.Ысқақов, М.Томанов, Ә.Қайдар, Б.Сағындықұлы, 


11 
Р.Әмір, Н.Оралбаева, Б.Қалиев, Ж.Манкеева, А.Салқынбай, Б.Қасым т.б. тілші-
ғалымдардың ғылыми еңбектері қазақ тілінің сөзжасам жүйесінің бағытын 
айқындап берді.
Грамматика –тілдің грамматикалық құрылымын, сөздердің түрлену 
жүйесін зерттейтін тіл білімінің ең үлкен саласы. Зерттейтін нысанына қарай 
грамматика екі салаға бөлінеді: синтаксис және морфология. Морфология
тілдегі сөздердің формасын, түрлену, өзгеру жүйесін зерттейді. Синтаксис
тілдегі сөз тіркестерін, олардың байланысу амал-тәсілдерін, жай және 
құрмалас сөйлем құрылысын зерттейтін сала. Қорыта айтқанда, тіл- 
құрылымдық және жүйелілік сипатқа ие бір бүтін жүйе. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   131




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет