Жылдық негізде есептеу мысалы: 1) 2021 жылғы 1-тоқсан үшін есеп: 2020 жылдың 31 желтоқсаны үшін, 01.01.2021 жағдай бойынша;
2) 2021 жылғы 2-тоқсан үшін есеп: (2021 жылғы 1-тоқсан) + (2020 жылғы 31 желтоқсанға, 01.01.2021 жағдай бойынша) - (2020 жылғы 1-тоқсан);
3) 2021 жылғы 3-тоқсан үшін есеп: (2021 жылғы 2-тоқсан) + (2020 жылғы 31 желтоқсанға, 01.01.2021 жағдай бойынша) - (2020 жылғы 2-тоқсан);
4) 2021 жылғы 4 - тоқсан үшін есеп: (2021 жылғы 3-тоқсан) + (2020 жылғы 31 желтоқсанға, 01.01.2021 жағдай бойынша) - (2020 жылғы 3-тоқсан).
1.2. С-2 индикаторы
1.2.1. 25 ірі қарыз алушыға берілген қарыздар сомасы (нетто) / 1.2.2. Негізгі капитал
25 ірі қарыз алушыға берілген қарыздар сомасы (нетто) – «Кредиттік тіркелім» ААП = банктің 25 ірі қарыз алушысы міндеттемелерінің жиынтық сомасы (негізгі борыш) – олар бойынша қалыптасқан резервтер (провизиялар). Банктің ірі қарыз алушылары қарыздар бойынша негізгі борыш қалдығының, сондай-ақ банк балансында ескерілетін кредиттік тарих субъектілерінің мерзімі өткен берешегінің шотына шығарылған қарыздардың сомасы бойынша анықталатын болады. Кредиттік тарих субъектілерінің атауы сәйкес келген кезде субъектілер бойынша негізгі борыштың жиынтық сомасы көрсетіледі;
1.2.2. Негізгі капитал = есепті тоқсанның соңындағы пруденциалдық нормативтердің мәндері туралы мәліметтегі негізгі капиталдың мәні.
1.3. С-3 индикаторы
(1.3.1. Негізгі капитал – 1.3.2.Ро (банкпен айрықша қатынастары бар қарыз алушылар бойынша тәуекелдер сомасының коэффициенті) * 1.3.3. Меншікті капитал)/1.3.4. Тәуекелді активтер
1.3.1. Негізгі капитал = есепті тоқсанның соңындағы пруденциалдық нормативтердің мәндері туралы мәліметтегі негізгі капиталдың мәні.