«Қоректік заттардың сіңірілуі және метаболизмі (норма)» -модулі бойынша кейс



бет5/5
Дата16.02.2022
өлшемі334,57 Kb.
#25598
1   2   3   4   5
Байланысты:
2-с, кейс ІШЕКТЕГІ АПАТ!

Жауабы:

  1. Аш ішек соның ішінде он екі елі ішек пен мықын ішекті айтуға болады.

  2. Алдын ала зақымдалуы мүмкін мүшелер олар, асқазан және он екі елі ішек.

Асқазан,ventriculus, өңеш пен он екі елі ішектің аралығында орналасқан ас қорыту жүйесінің қаптәрізді кеңейген бөлігі. Асқазанның жүректік (кардиалық) бөлігі, pars cardiaca, түбі ( күмбезі ), fundus( fornix) ventriculi, денесі, corpus ventriculi, және қақпалық бөлігі, pars pуlorica, бар. Сонымен қатар, оның алдыңғы қабырғасы, paries anterior, және артқы қабырғасы, paries posterior, үлкен иіні, curvatura ventriculi major, және кіші иіні, curvatura ventriculi minor, ажыратылады. Өңеш асқазанға жүректік тесік, ostium cardiacum, арқылы ашылады. Асқазанның осы тесікті қоршап жатқан аймағы жүректік (кардиалық) бөлігі деп, аталады. Асқазан қабырғасының құрылымы. Асқазанның қабырғасы мына қабықтардан: шырышты қабық, tunica mucosa, шырышасты негізі, tela submucosa, бұлшықеттік қабық, tunica muscularis, сірліасты негізінен, tela subserosa, сірлі қабық, tunica serosa, құралған. Асқазанның шырышты қабығы өңештің шырышты қабығынан ақшылдау келетін тісті сызық, ora serrata, арқылы бөлініп тұрады. Шырышты қабық пен шырышасты негізінде көп мөлшерде асқазан бездері, glandulae esophageae, аздаған жекеленген лимфойдты түйіншелер, noduli lymphoidei solitarii, қан, лимфа тамырлары және нервтер орналасады. Жақсы жетілген шырышасты негізі мен бұлшықеттік табақшасыныңың болуы арқасында шырышты қабық әр түрлі бағытта бір – бірімен қиылысып жатқан көп қатпарлар, plicae gastricae, түзеді. Қатпарлар қиғаш, көлденең және бойлық бағыттарда орналасады.

Он екі елі ішек пен ащы ішек ішастармен барлық жағынан жабылған (интраперитонеалды орналасқан) және олардың шажырқайы бар, сондықтан олар аш ішектің шажырқайлы бөлігі (шажырқайлы аш ішек), intestinum tenue mesenteriale, деп аталады. Аш ішектің ұзындығы ересек адамдарда 5 – 6 метр, диаметрі бастапқы бөлігінде 4 – 5 см., соңғы бөлігінде 2.5 – 3.0 см. болады. Аш ішекте ас ( нәруыздар, майлар, көмірсулар) ішек бездері мен ұйқы безінің сөлдері, және өттің әсерінен ыдырап, өңделеді де, ішек бүрлері арқылы сіңіріледі. Аш ішектің қабырғасы: шырышты қабық, tunica mucosa, шырышасты негізі, tela submucosa, бұлшықеттік қабық, tunica muscularis, сірліасты негізінен, tela subserosa, және сірлі қабықтардан, tunica serosa, құралған. Шырышты қабықтың ерекшелігі дөңгелек қатпарлары, plicae circulares, мен өңделген асты сіңіретін ішек бүрлері, (5 млн. шамасында) villi intestinales, болады ( 235 – сурет ). Дөңгелек қатпарларды түзуге шырышасты негізі де қатысады. Ішек бүрінің ортасында лимфа капилляры орналасқан, ал бүрдегі қан капиллярлары тор түзеді. Қан капиллярларына нәруыздар, көмірсулар, ал, орталық лимфа капиллярына майлар сіңіріледі. Шырышты қабық пен шырышасты негізінде көп мөлшерде ішек бездері, glandulae intestinales, жекеленген лимфойдты түйіншелер, noduli lymphoidei solitarii, (5 – 10мың) қан, лимфа тамырлары және нервтер орналасады. Бұлшықетті қабық, tunica muscularis, екі қабаттан : сыртқы – бойлық қабат, stratum longitudinale, және ішкі – дөңгелек қабаттан, stratum circulare, тұрады. Он екі елі ішек, duodenum, ұзындығы 20 см. шамасындағы аш ішектің алғашқы бөлігі. Асқазанның қақпасынан басталып ұйқы безінің басын қоршайды. Он екі елі ішектің: жоғарғы, төмендеген, горизонталды және жоғарылаған төрт бөлігін айырады Жоғарғы бөлігі, pars superior, ХІІ-кеуде немесе І-бел омыртқасы деңгейінде асқазанның қақпасынан басталып, горизоталды бағытта оңға қарай жүреді де, төмен бұрылып жоғарғы иінді, flexura duodeni superior, түзіп, төмендеген бөлігіне өтеді. Төмендеген бөлігі, pars descendens, І-бел омыртқасы деңгейінде басталып, омыртқа бағанасының оң жағымен төмен түсіп, ІІІ-бел омыртқасы деңгейінде солға бұрылады да төменгі иінді, flexura duodeni inferior, түзеді. Горизонтальды бөлігі, pars horizontalis, ІІІ-бел омыртқасы деңгейінде он екі елі ішектің төменгі иінінен басталып горизонталды орналасады.





Іш қабырғасының әлсіз жерлері

ІШ ҚАБЫРҒАСЫНЫҢ ӘЛСІЗ


ЖЕРЛЕРІ
• Олар:
1)іштің ақ сызығындағы тесік және саңылау
2) кіндік сақинасы
3) алдыңғы іш қабырға шұңқырлары

4) спигелии сызығы


Іштің ақ сызығы
• Іштің 3 жұп бұлшық етінің апоневроздарының бірігуінен түзіледі. Семсер тәрізді өсіндіден басталып шап симфизіне дейін созылады. Ұзындығы - от 30 - 40 см. Қалыңдығы әртүрлі: семсер тәрізді өсінді бойында- 0,5 см, сосын кіндік бойында қалыңдайды- 2-3 см.
Кіндіктен жоғары- 1-2 мм, кіндіктен төмен- 3-4 мм. Іш қуысының ұзақ уақыт бойы
кеңеюінен ақ сызықтың сіңірлі талшықтары керілуі, қозғалуы салдарынан әлсіз жердің пайда болуына әкеледі. Ақ сызықтың жарығы кіндіктен жоғары жиі
Кіндік аймағы - негізі екі түрлі болады: шығыңқы, оның түрі цилиндр тәрізді және конус тәрізді, екінші түрі жалпақ /жұмсақ кіндік. Кіндік аймағында мынадай қабаттар бар: тері; Тыртықты тін; ішастардың көлденең фасциясы. Жарық түзілуіндегі анатомиялық құрылыс ерекшелігі: сақина диаметрінің үлкеюі; кіндік фасциясымен толық жаппауы; ішастардың кіндік айналасында дивертикулдың болуы (жиі ерлерде).
Шап өзегі - шап үшбұрышта орналасқан жоғары –жоғарыдан-пупартов байламының ортаңғы және сыртқы жиегімен, жоғарыдан-пупартов байламының ортаңғы және сыртқы бөлімдерінің арасынан көлденең жүргізілген нүктеге сәйкес келеді Ішінен тік бұлшық еттің сыртқы қыры; төменгі– шап байламы. Өзектің 2 тесігі бар:
-Шап өзегінің сыртқы тесігі тері астында Томсонов және беткі шандырымен жабылған, осы жерден ұрық шылбырына өтеді
-ішкі тесігі, fascia transversa-ның талшықтарынан құралған. Ішкі сақина ұрық шылбырын алып тастағаннан кейін көрінеді.
Өзектің 4 қабырғасы бар:
Ол алдынан апоневроз m. Obligui abdominis externi мен, артынан fascia transversalis-мен, төменнен пупартов байламымен, жоғарыдан – m. Obligui abdominis interni-пен m. Tranversi-ның төменгі жиегімен шектелген. Жарығы жоқ адамдарда ер адамдарда ұрық шылбырымен, ал әйелдердежатырдың жұмыр байламымен толтырылған.


  1. Асқорыту және тыныс алу жүйелері энтодермадан дамиды, алғашқы ішектен. Энтодерма түтік тәрізді( бойлық кесіндісіңде ). Үш қабаттан турады: сірлі, бұлшықетті, шырышты.

Алғашқы ішек 3 бөліктен турады:
1) алдынғы
2) ортанғы
3) артқы

  1. Алдынғы бөліктен дамиды – жұтқыншақ, өңеш, асқазан, 12 елі ішектің жоғарғы бөлігі, бауыр, ұйқы безі.

  2. Ортанғы бөліктен дамиды – 12 елі ішектің төменгі бөлігі, жіңішке ішек.

  3. Артқы бөліктен дамиды – жуан ішек.

Жұтқыншақтың артқы қабырғасы омыртқа бағанасының мойындық бөлігінің алдында,мойын шандырының омыртқаалдылық табақшасына жанасып жатады. VІ - VІІ мойын омыртқалары деңгейінде жұтқыншақ өңешке жалғасады.

Өңеш асқазанға Х – ХІ кеуде омыртқалары деңгейінде ашылады.

Асқазанның жүректік (кардиалық) тесігі Х- ХІ кеуде омыртқаларының сол жағында, ал қақпа тесігі ХІІ-кеуде немесе І-бел омыртқалары денесінің оң жағында орналасады. Асқазанның артында ұйқы безі, сол бүйрек және бүйрекүсті безі,көкбауыр , төменгі жағында көлденең жиек ішек жатады.

12 елі ішектің жоғарғы бөлігі, pars superior, ХІІ-кеуде немесе І-бел омыртқасы деңгейінде асқазанның қақпасынан басталып, горизоталды бағытта оңға қарай жүреді де, төмен бұрылып жоғарғы иінді, flexura duodeni superior, түзіп, төмендеген бөлігіне өтеді.


Бауырдың жоғарғы шекарасы, оң жақтағы қолтықтық ортаңғы сызық бойынша оныншы қабырғааралықта жатады, одан жоғары көтеріліп бұғаналық ортаңғы сызық бойынша төртінші қабырғааралыққа келеді. Бұл жерден төмендеп, оң жақтағы төсжанындағы сызық бойынша бесінші қабырғааралықта орналасады, алдыңғы орталық сызық деңгейінде семсертәрізді өсіндінің негізі арқылы өтеді. Сол жақтағы төсжанындағы сызық бойынша бесінші қабырғааралықта орналасып, төменгі шекарасымен түйіседі. Бауырдың төменгі шекарасы, оныншы қабырғааралықтан басталып, қабырға доғасын бойлай қиғаш бағытта жоғары көтеріледі. VIII және IX қабырғалар шеміршектерінің бір – бірімен қосылған жерінде, қабырға доғасынан шығып, құрсақүсті аймағында, regio epigastrica, орналасады. Бұл жерден, жоғары қарай жүріп, сол жақтағы қабырға доғасын VIII және VII қабырғалар шеміршектерінің бір – бірімен қосылған жерінде кесіп өтеді де, бесінші қабырғааралықта төменгі шекарасымен түйіседі. Сонымен бауыр оң жақтағы қабырғаасты аймағында, regio hypochonlriaca dextra, құрсақүсті аймағының, regio epigastrica, жоғарғы бөлігінде, сол жақтағы қабырғаасты аймағының, regio hypochonlriaca dextra, бір бөлігінде орналасады.
Эндокринді бөлігі инсулин, глюкагон гормондарын өндіреді. Ұйқы без, ішастардың артында, іш қуысының артқы қабырғасына жанасып жатады. Ол, құрсақүсті және оң жақтағы қабырғаасты аймағына проекцияланады. Ұйқы без ішастар артында 2-ші кейде 3-ші бел омыртқасы денесінің тұсында көлденең орналасқан.
12 елі ішектің төмендеген бөлігі, pars descendens, І-бел омыртқасы деңгейінде басталып, омыртқа бағанасының оң жағымен төмен түсіп, ІІІ-бел омыртқасы деңгейінде солға бұрылады да төменгі иінді, flexura duodeni inferior, түзеді.

Он екі елі ішек пен ащы ішек ішастармен барлық жағынан жабылған (интраперитонеалды орналасқан) және олардың шажырқайы бар, сондықтан олар аш ішектің шажырқайлы бөлігі (шажырқайлы аш ішек), intestinum tenue mesenteriale, деп аталады.



– аш ішектің жалғасы, асқорыту жолының соңғы бөлігі. Ол мықын-соқыр ішек қақпағынан басталып артқы өтіс тесігімен аяқталады.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет