Өрелі ой иесі (Зәки Ахметов жайында) Т. Р.Әбдіқадырова



жүктеу 0.5 Mb.
Pdf просмотр
Дата24.03.2017
өлшемі0.5 Mb.

 

Өрелі ой иесі 

(Зәки Ахметов жайында) 

 

Т.Р.Әбдіқадырова, 

п.ғ .д., доцент  

Қазақстан, Астана 

 

      Ұлтымыздың  ұлы  тұлғ аларының  мұраларын  зерттеу,  ұлттық  құндылықтарымызды  ұлықтау, 



солар  арқылы  ұлттық  идеологияны  қалыптастыру,  ұрпақ  санасына  сіңіру  елдің  ертеңін  ойлағ ан 

әрбір  зиялы  қауымның  басты  мұраты  екендігі  аян.  Еліміздің  сан  ғ асырлық  дәстүрін,  ата-баба 

салтын, тілін, ділін, дінін, мәдениеті мен тарихын, әдебиеті мен ӛнерін осы жолда еңбек еткен ұлт 

тұлғ аларының  мұраларын  бар  болмысымен  сақтай  отырып,  оларды  әлемдік  ӛркениет  ӛрісіне 

қарай ӛрістету,  бүгінгі  бәсекеге бейім  елу  елдің қатарына  қосылу  талабына  сай  жаңарта  дамыту 

мәселесі күн тәртібіне қойылып отыр. 

“Ұлттың  дамып  ӛркендеуі  –  оның  әрбір  ӛкілінің  қаншалықты  және қалай  тәрбиелегеніне 

тікелей байланысты. Ұлттың әрбір  ӛкілі ӛзіне сын кӛзбен  қарамаса, ішкі жан дүниесі нұрланбаса, 

ол  ұлттың  дамуын  күту  бекершілік”,  –  деп  ислам  ойшылы  әрі  ағ артушысы  Ф.Гүленнің 

айтқанындай  отбасы,  бала  тәрбиесінен  бастау  алатын  ұлттық  идеяның  ұдайы  жетілуі,  рухани 

толысуы адамзат үшін аса маңызды ӛлшемдер болып табылады десек, осындай іргелі іс-әрекеттің 

бір жүйесі ұлыларды ұлықтау болып табылмақ.. 

Ӛйткені,  қазақ  халқының  ұлттық  құндылықтарының  қалыптасып,  дамуына  кӛп  еңбек 

сіңірген ұлт зиялыларының, тарихи тұлғ аларымыздың әр кезеңдегі, әр саладағ ы ұлттық мүддені 

аңсағ ан арман-тілектері, ғ ылыми-танымдық, тәрбиелік, зерттеушілік еңбектері бүгіндері тәуелсіз 

ой-сана  тұрғ ысынан  қайта  қаралып,  тарих  таразысына  қайта  салынып,  жаңаша  кӛзқараспен 

жүйелі түрде жазыла, зерттеле бастады.  

Ұлт әдебиетінде ӛзіндік орны бар ұлы тұлғ аларымыздың қатарына әдебиеттанушы ғ алым 

Зәки  Ахметовті  да  жатқызамыз.  Зәки  Ахметов  -  кӛрнекті  ғ алым,  Қазақстан  Республикасы 

Мемлекеттік  сыйлығ ының  лауреаты.  Ол  -  ӛте  білімді,  әдебиетті  терең  меңгерген,  қоғ амдық 

ғ ылымдардың әр саласын жан-жақты білетін ғ алым.  

Сексенінші  жылдары  мен  ұлы  ғ алымнан  дәріс  алдым.  Әлі  күнге  есімде...Тап-тұйнақтай 

болмысы, жарқылдағ ан кӛзілдірігі, жазық маңдайы, артына қайрыла таралғ ан шашы, орта бойы 

әлі күнге кӛз алдымда. Осынау бір адамың бойында білімділігімен қоса адамдығ ы мен адалдығ ы 

да  бірден  байқалып  тұратын.  Ғалымның  ізгі  адамгершілігі,  адалдығ ы,  адамдарғ а  деген  сый-

құрметі  ӛн  бойынан  кӛрініп  тұратын.  Оның  осы  болмысы  мен  биік  тұлғ асы,  мәдениетті  түр-

тұлғ асы  бізге  үлгі болатын. Аудиторияғ а кіргенде ойлы кӛздерімен бәрімізді бір шолып алатын 

да, ақырын ғ ана жайлы, жұмсақ даусын сәл созыңқырап дәрісін бастап кететін. Арлы-берлі жүре 

отырып,  дәрісін  ӛзімен  -ӛзі  сӛйлесіп  отырғ андай,  бірақ  бәрімізді  тапжылтпай  бір  деммен 

аяқтайтын.  Біз  ұстазғ а  телміре  қарап,  айтқанын  жазып  үлгеруге  тырысатынбыз.  Оның  әдебиет 



теориясы  мен  тарихы  және  сынына  арналғ ан  зерделі  зерттеулері  мен  ӛлең  теориясы  және 

аударма  мәселелеріне  байланысты  жазғ ан  ғ ылыми  еңбектерін  біздер  ӛз  аузынан  тыңдау 

бақытына  ие  болдық.  Қазіргі  таңда  да  сол  сүбелі  еңбектері  әдебиетші  қауымның  ыстық 

ықыласына, зор құрметіне ие.  

Ол жайында ҚР ҰҒА академигі С.А.Қасқабасов: «Шығ ыс пен Батыс мәдениетін  ұштастыра 

зерттеп, адамзат ӛркениетінің заңдылықтарын жақсы білуші еді. Ӛз еңбектерінде осы қасиеттерін 

барынша  айқын  кӛрсете  білетін.  Оның  осы  ерекшелігін,  білгірлігін  КСРО  әдебиеттанушылары 

толық  мойындайтын,  жоғ ары  бағ алайтын.  Мұны  мен  бірнеше  рет  кӛрдім.  КСРО-ның  қай 

республикасына  барсам  да,  әдебиет  пен  ғ ылым  мәселесі  сӛз  болса,  әріптестер  міндетті  түрде 

Зәки  Ахметовті  сұрайтын  еді,  оның  еңбектері  мен  ӛзі  туралы  әңгімелеп  кететін.  Мәскеуде, 

Ленинградта, Киевте, Кишиневта, Ташкентте, Ашхабадта, Фрунзеде, Якутскиде, Зәки ағ амен бірге 

халықаралық,  бүкілодақтық  конференцияларғ а  қатыстым.  Сонда  әдебиеттанушы  ғ ана  емес 

тарихшы,  ӛнертанушы,  тілші  ғ алымдардың  Зәкеңе  деген  ықыласы  айрықша  екенін  талай  рет 

кӛрдім»,-деп ғ алымды  атақты ғ алымдардың жоғ ары бағ алағ андығ ын, оның энциклопедиялық 

білімінің тереңдігін, логикасының күштілігін, зерттеулерінің ілгері сипатта екендігін және жоғ ары 

адамгершілікті адам екендігін тебірене жазады /1,7/. 

Әдебиетке  елуінші  жылдардың  басында  келген  талантты  ӛкілдердің  бірі  Зәки  Ахметов 

алдымен  Қазақ  мемлекеттік  университетін  бітіріп,  артынан  Ленинградта  аспирантурада  оқиды. 

Осында  орыстың  үздік  филологиялық  мектебінің  дәстүрлерін  терең  зерттеп,  шебер  меңгеріп 

шығ ады.  Осы  жемісті  сабақтар  ғ алымның  барлық  ӛмірінде  орысша,  қазақша  бірдей  деңгейде 

жазылғ ан еңбектерін айқындап, даралап тұрды. 

Зәки  Ахметов  -  үлкен  ғ ылымғ а  бірден  ӛзін  танытып  келген  ғ алым.  Оның  1951жылы 

«Лермонтов және Абай» атты кандидаттық диссертациясының ӛзі сонылығ ымен, әрі тереңдігімен, 

маңыздылығ ымен әдебиеттанушы ғ алымдардың кӛңілін бірден ӛзіне аударғ ан. Екі ұлы тұлғ аның 

рухани  жақындығ ын,  шығ армаларының  сарындастығ ын  жекелеген  шығ армаларын  салыстырып 

зерттеу арқылы ұлы Абайдың Лермонтовтан аударғ ан туындылараның тікелей аударама еместігін 

дәлелдеген.  Ол  -  Лермонтовтың  ойлары  мен  ұлы  Абайдың  ойларының  сәйкестігін,  сезімдерінің 

ұқсастығ ын  айқындап,  ғ ылымғ а  үлкен  жаңалық  қосып,  әрі  ӛзінің  де  таланттылығ ын  кӛрсете 

білген ғ алым. 

Оқымысты Зәки Ахметовтің ӛз кезінде ғ ылыми еңбегін ресми идеологиядан, саясаттан тыс 

бағ ытты  алып,  қазақ  ӛлеңінің  құрылымына,  таза  теориялық  мәселелеріне  арнауы  да  оның 

кӛрегенділігі мен қоса таза ғ алымдығ ын кӛрсетсе керек.  

1950  жылдардың  ортасынан  бастап  қазақ  поэзиясындағ ы  ұйқас,  ырғ ақ,  буын,  бунақ, 

шумақ  проблемаларымен  шұғ ылданып,  кӛптеген  мақалалар  жазуы,  кейінірек  «Казахское 

стихосложение»  атты  құнды  ғ ылыми  монографиясын  жариялауы  қазақ  әдебиеті  теориясының 

поэзияғ а қатысты  ең  іргелі  проблемаларына  қосқан  теңдесі  жоқ  дүниелер  деуге  болады.  Оның 

бұл  еңбегінің  құндылығ ы  жӛнінде  орыстың  кӛрнекті  ғ алымы  В.Журминский  ӛзінің  түркілер 

поэзиясы  туралы  зерттеулерінде  де  жоғ ары  бағ асын  беріп,  ол  жайында:  «Здесь  достаточно 

отметить... докторскую диссертацию и ряд статей З.А.Ахметова о казахском стихе, заслуживающих 

особого внимания как по своему теоретическому уровню, так и по богатству и новизне конкретной 

информации  и  анализа...  З.Ахметов  своевременно  напомнил  о  дополнительном  фонетическом 

признаке  силлабической  системы,  который  был  выдвинут  Валерием  Брюсовыми    с  учетом 

заказанных  особенностей  итальянского  языка  и  стиха.  Согласно  наблюдению  Т.Ковальского, 

которое  подтвердил  и  обосновал  З.Ахметов  на  материале  казахского  короткого  (7-8  сложного) 



народно-эпического  стиха  (жыр),  постоянный  характер  в  таком  стихе  имеет  трехсложная 

клаузула...З.Ахметов  систематизировал  ряд  случаев  видимой  неравно-сложности,  обьясняемых 

фонетически  факультативной  элизей  слабых  (сверхкратких)  слогов  и  явлением  зияния...  »,-деп 

қазақ  ӛлеңдеріндегі  7-8буынды  клаузула  мен  элизия  құбылыстарына  айрықша  мән  бергендігін, 

жалпы  поэзияғ а  тән  құндылық  екенін  де  ғ ылыми  негіздегендігін,  теориялық  деңгейі  мен  бай 

жаңалығ ын жан-жақты зерделегендігін жазады /1,9/. 

 Зәки Ахметов ӛзінің «Ӛлең сӛздің теориясы» (1973) еңбегінде ӛлең сӛздің теориясын, қазақ 

ӛлеңдерінің тілін, ӛлең құрылымының ерекшеліктерін, әдеби-тарихи құбылысын, сӛз ӛнерінің ӛсу, 

даму кезеңдерін жан-жақты қарастырады. Ғалым ұлттық сӛз ӛнерінің негізгі даму заңдылықтарын 

ашып,  ұлттық  сипаттың  басты  белгілерін  анықтап,  поэзия  тілінің  негізгі  бейнелеу  құралдарын 

жіктеп береді. Қазақ ӛлеңдерінің негізгі құрылысын айқындап, ырғ ақ құрайтын бӛлшектерін, түрлі 

ұйқас, тармақ, шумақ, кезеңдерін нақты мысалдармен дәлелдеп кӛрсетеді. Ғалым бұл еңбегінде 

қазақ, орыс, еуропа ғ алымдарының бұрын айтылғ ан пікірлерін жаңаша қорытып, түрлі бейнелеу, 

кӛріктеу,  суреттеу  құралдарына  қазақша  анықтама  беріп,  ӛлеңдер  арқылы  негіздеп  түсіндіреді. 

Қазақ ӛлеңдеріне тән түрлі суреттілік, бейнелілік, сипат-қасиеттерін айқындап, ұғ ындырады. Зәки 

Ахметов - қазақ ӛлеңдерінің кӛп ғ асырлық байлығ ын ерекше жітілікпен зерттеп, әр дәуірде туғ ан 

жаңа  формаларды  дӛп  басып,  ақындықтың    кӛркемдік  құндылығ ын,  сұлулық  мәнін  ӛз 

тұрғ ысынан ашып кӛрсеткен ғ алым.  

Ғалымның  Мұхтар  Әуезов  туралы  жазғ ан  ғ ылыми  еңбектері  де  қазақ  әдебиеттану 

ғ ылымына  қосқан  сүбелі  жемісі  десек  болады.  Мұнда  эпопеяның  жазылу,  жариялану  тарихы, 

қолжазба және түрлі басылымдар, қазақша түпнұсқа мен орысша аударма мәтіндерді салыстыра 

қарау  арқылы  роман-эпопеяның  бұрын  зерттеушілер  назарынан  тыс  қалғ ан,  жаңа  қырларын 

кӛрсетеді.  

Айталық,  «Мұхтар  Әуезовтың  «Абай  жолы»  дәуірнамасында  Абай  бейнесі,  Абай 

заманының  келбеті  қалай  суреттелген  деген  мәселелер  тӛңірегінде  әлі  де айта түсетін,  анықтай 

түсетін  жайлар  баршылық.  Солардың  кӛпшілігі  шығ армадағ ы  кӛркемдік  шындық  пен  тарихи 

шындық қалай ұштасқан деген мәселеге саяды. Мысалы М.Әуезов «Абай жолы» эпопеясында жас 

Абай  мен  әкесі  Құнанбайды  әкелі-балалы  екі  адамды  бір-біріне  қарсы  қойып,  қарама-қаршы 

тұлғ алар  етіп  бейнелеуінің  мәнісі  қалай  деген  сұрақтар  жиі  қойылып  жүр.  Абай  баласы 

Абдырахманның  дүниеден  жас  кеткеніне  налып  шығ арғ ан  жырында  оны  жасынан  ғ ылым 

жолына түскен жаңа буынның ӛкілі, «жаңа заманның», «жаңа жылдың басшысы» деп,  ӛзін «мен 

ескінің  арты  едім»  деген  болса,  Мұхтар  Әуезовтің  роман-эпопеясында  Құнанбайды  –  Абайдың 

әкесін ата жолын ӛзгертпей ұстауғ а тырысқан бұрынғ ылардың ӛкілі, «ескінің арты еді», ал Абай 

ӛнер  үйренуге, білім-ғ ылым  игеруге  ұмтылғ ан,  прогрес  жолына бет  алғ ан жаңашыл  жастардың 

ішіндегі ең бір озық, жарқын тұлғ а деп қарағ аны, солай етіп бейнелегені кӛңілге қонымды екенін 

мойындасақ болар. 

Алдымен  айтарымыз,  Құнанбай  мен  Абай,  егер  байыптап  дұрыс  аңғ ара  алсақ,  әке  мен 

бала  ретінде  бір-бірімен  қайшы  кӛрінбейді,  кӛбінесе  екі  заманның  ӛкілі,  екі  мақсаттың,  екі 

қоғ амдық  кӛзқарастың  адамы  тұрғ ысында  қарсы  қойылады»,-деп  ӛз  пікірін  анықтап  айтады. 

Кӛркем  шындық  пен  ӛмір  шындығ ының  ара  жігін  ашып  кӛрсетеді.  Құнанбай  обрызының  заман 

ағ ымына, қоғ ам сұранысына қарай жасалғ андығ ын дәлелдеп кӛрсетеді \ 1, 35б\.  

З.Ахметовтің  «Поэтика  эпопеи  «Путь  Абая»  в  свете  истории  ее  создании»  атты 

монографиялық  еңбегі  1984  жылы  жарияланады.  Бұл  еңбек  жайында  ғ алым  С.Қирабаев: 

«Шығ арманың  идеялық  нысанасы  мен  кӛркемдік  жүйесі,  композициялық-құрылымдық  түзілісі, 



дәуірдің әлеуметтік болмысын танытатын тарихи тұлғ алар және сан алуан ұлттық бейнелер жасу 

шеберлігі  мәселелерін  шешіп  берген  монографиядан  эстетикалық  кӛркемдік  саралау  мен 

жинақтаудың жақсы үлгісін кӛреміз»,-дейді /2, 311/. Ары қарай ғ алым жазушының мұрағ атында 

сақталғ ан  түрлі  жоспарлардың  алғ ашқы  үлгілерін,  сан-алуан  түзетілген  нұсқаулар  мен  аударма 

негізінде  жасалғ ан  қосымшалардың,  кейбір  сындардан  кейінгі  ӛңдеулер  осы  іспеттес  толып 

жатқан  ӛзгертулердің  түпкі  мақсаты  не  екендігін  анықтауғ а  кӛп  күш  жұмсағ андығ ын,  ұлы 

қаламгердің кӛркемдік зертханасын, шығ армашылық психологиясын терең ашып кӛрсетеді.  

Осы  зерттеулерден  Зәки  Ахметовтің  жеке  бейнелердің  ӛмірдегі  ізін,  тарихи  дерек  пен 

кӛркемдік  шындық  диалектикасын,  образ  табиғ атын  және  уақыт  талабын,  идеологиялық 

ықпалдың бұл тӛңіректе де ұтымды байламдар жасалғ андығ ы туралы сан салалы пікірлерін, осы 

бағ ыттағ ы тынымсыз еңбегін анық байқамыз.  

З.Ахметовтің  «Абай  туралы»,  «Әуезов  туралы»  зерттеу  еңбектері  мен  Шәкәрім 

Құдайбердіұлы туралы және Махамбет Ӛтемісов, Шоқан Уәлиханов, Шәңгерей ақын  және т.б. ұлы 

тұлғ алар жайында жазылғ ан ӛрісті зерттеулері де мақтауғ а татитын келелі туындылар.  

Ӛрелі  ой  иесі,  талантты  ғ алым  бейнесі,  оның  адамгершілікке  толы  жарқын  болмысы  еш 

уақытта ұмытылмайды... 

 

 

 

Әдебиеттер тізімі 

 

1.

 



Зәки Ахметов. Ана тілі баспасы. Таңдамалы, 1 том,  2008. 

2.

 



Қазақ әдебиетінің тарихы. 9 том. –А., 2005.  

3.

 



С.Қирабаев. Талантқа құрмет. -А., 1988. 

З.Қабдолов. Арна. –А., 1988.



 

Каталог: bitstream -> handle -> data
data -> С. торайғыровтың публицистикасы
data -> «Қазақ» газетіндегі ұлт-азаттық көтеріліс туралы мақалалардың маңызы
data -> Л. Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-нің халықаралық қатынастар факультетінің магистранты
data -> Ұстаз ғалымның абыройы
data -> Интеллигенциясы: тарихи
data -> ТҮрік тілін үйренудегі ортақ СӨздер және олардың фонетикалық ерекшеліктері кумашева Назым
data -> Сборник материалов IX международной научной конференции студентов и молодых ученых
data -> Очерктің тілі мен стилі
data -> Бағдарламасы, ұлттық рухани байлықты жалпы адамзаттық мәдениетпен
data -> Сборник материалов IX международной научной конференции студентов и молодых ученых


Поделитесь с Вашими друзьями:


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет