Орфографиялық СӨздік



бет3/132
Дата23.09.2023
өлшемі0,79 Mb.
#110026
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   132
Байланысты:
Орфографиялық сөздік

мәшине, мәйкі, бәнкі, пойыз, кәстөм-сым, кәлөш, кәстрөл т.б.
Бірге жазылатын тіркесті сөздердің жазылуы көрсетілді: қолорамал, беторамал, асқасық, шайқасық, қолсағат, қолайна, желдиірмен, будиірмен т.б.
Алдыңғы сыңары бір сөзімен, сондай-ақ -ым (-ім) жұрнағымен келген ұлттық өлшем атаулары бірге жазылды: бірсалар, бірсауым; сүтпісірім, көзкәрім, атшаптырым т.б.
Атаулық мән алған және жұрнақ жалғану арқылы бір ұғымды білдіретін сөзге айналған тұрақты тіркестердің бірге жазылуы көрсетілді: ержүрек, ержүректік, ержүректілік; көре алмау - көреалмаушылық; тізе қосу - тізеқосушылық т.б.
-лық/-лік, -шылық/-шілік, -лы/-лі жұрнақтары арқылы бірге жазы- латын сөздердің қатары молайды: малшаруашылық, егіншаруашылық;жантүршігерлік, жатжерлік, адамсүйгіштік; ашатұяқты,сүтқоректі, көпшілікқолды т.б,
Қосымша жалғануы қиындық келтіретін кейбір сөздердің жазылуы көрсетілді: отбасы, отбасысы, отбасылар, әрқайсысы, әрқайсысына, әрқайсысылар, әрқайсысымыз т.б.
Ботаника, зоология терминдерінің, яғни аң-құс, өсімдік атауларының екі түбірден жасалғандарының, оның ішінде түс атауларымен келетін қараторғай, қаракүйе, қаражидек, аққайың, қызылқайың, ақбидай, қарабидай сияқты терминдер де, бір сыңары қой, сиыр, түйе, қоян,am,аю,бөрі немесе ағаш,шөп, от, тікен, гүл, жапырақ, тамыр, құс, балық, тауық, құрт сияқты жалпы атаулар болып келетін өсімдік, аң-кұс атаулары бірге жазылды: киікот, мысықот, қойбалдырған, балдыршөп, беренгүл, қырмызыгүл, жұлдызқұрт, қолқатамыр, мықтамыр т.б.
Сөздік соңында соңғы жылдары қолданыс жиілігі артып келе жатқан, бас әріппен жазылатын кейбір жалқы есімдердің, атап айтқанда, ертегі, миф, батырлар жыры кейіпкерлерінің; діни дискурстағы онимдердің; тұрақты эпитетпен, титул мен құрметті атақпен келген жалқы есімдердің; географиялық атаулар мен тұрақты эпитетке не жер-су атауларының; мемлекеттік мекеме, кәсіпорын, т.б. атауларының жазылу емлесі көрсетілген арнайы Қосымша ұсынылды.
Сондай-ақ қосымша ҚР Үкіметі жанындағы Республикалық терминология комиссиясы бекіткен күрделі-кұрама терминдермен толықтырылды. Аталмыш Қосымшаның тек үлгі ретінде берілгенін оқырмандарымыздың есіне саламыз.
Сөздік соңында «Қазак тілінің негізгі емле ережелері» берілді.
Сөздіктен байқалған кейбір кем-кетікті көрсетіп, талап-тілек білдірген оқырмандарға күнібұрын үлкен ризашылығымызды білдіреміз. Сөздікке қатысты пікірлеріңіз бен ескертпелерінізді Тіл білімі
институтына мына мекенжайға жіберулеріңізді сұраймыз: 050010, Алматы қаласы, Құрманғазы көшесі, 29 үй, электрондық пошта: tilbilimi@bk.ru.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   132




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет