Орфографиялық СӨздік



бет1/132
Дата23.09.2023
өлшемі0,79 Mb.
#110026
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   132
Байланысты:
Орфографиялық сөздік


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ АҚПАРАТ МИНИСТРЛІГІНІҢ ТІЛ КОМИТЕТІ
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ ҒЫЛЫМ КОМИТЕТІ
А. БАЙТҰРСЫНҰЛЫ АТЫНДАҒЫ ТІЛ БІЛІМІ ИНСТИТУТЫ
ОРФОГРАФИЯЛЫҚ СӨЗДІК


Қазақстан Республикасы Үкіметі жанындағы Республикалық терминология комиссиясы мақұлдаған

Алматы 2013



ӘОЖ 81135(038)
КБЖ 81(5 Каз)-4 О-65
«Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Тіл комитетінің тапсырысы бойынша «Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011- 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы» аясында шығарылды
ҚР Үкіметі жанындағы Республикалық терминология комиссиясы мақұлдаған Орфографиялық сөздіктің Бас редакция алқасы:
М. Құл-Мұхаммед - з.ғ.д., проф., төраға, Ш.Құрманбайұлы - ф.ғ.д., проф., төраға орынбасары, Ә.Қайдар - ҚР ҰҒА академигі, ф.ғ.д., проф., Р.Сыздық - ҚР ҰҒА академигі, ф.ғ.д., проф., М.Малбақов - ф.ғ.д., проф., Т.Жанұзақ - ф.ғ.д.,
проф., Н.Уәли - ф.ғ.д., проф., Р.Шойбеков - ф.ғ.д., проф., А.Фазылжанова - ф.ғ.к
Сөздікті құрастырушылар:
Н.Уәли, Қ.Күдеринова, А.Фазылжанова, Ж.Исаева, Н.Әміржанова, А.Әмірбекова
Жауапты редакторы
филология ғылымдарының докторы, профессор Нұргелді УӘЛИ
Жауапты шығарушылар:
Қ.Күдеринова, А.Фазылжанова
Сөздіктің бесінші басылымының (2005 ж) редакциясын басқарған Р.Сыздық; құрастырушылар: Р.Сыздық, Н.Уәли, Қ.Күдеринова, А.Фазылжанова, Қ.Есенова, С.Жапақов, Н.Әміржанова, А.Әмірбекова
Орфографиялық сөздік /Алтыншы басылым. Құраст.: Н.Уәли, Қ.Күдеринова, А.Фазылжанова, Ж.Исаева, Н.Әміржанова, А.Әмірбекова. - Алматы: «Дәуір» баспасы, 2013. - 720 бет.

ISBN 978-601-217-425-0


Сөздіктің алтыншы басылымы жаңадан пайда болған терминдер мен сөз тіркестерінің, көне, ескі кітаби сөздердің дұрыс жазылу емлесін көрсетумен ерекшеленеді. Сондай-ақ сөздікте бірге және бөлек жазылатын сөздер тобы толықтырылып, реттеле түсті.


Сөздік мемлекеттік тіліміздің қолданыс аясын кеңейту және дамыту мақсатында барлық мемлекеттік қызметшілерге, бұқаралық ақпарат құралдары мен мәдени-әлеуметтік, қоғамдық ұйымдар, білім, ғылым саласындағы барша мамандар мен ғалымдарға, орта және арнаулы, жоғары білім орындарының оқытушылары мен студенттеріне, барша жұртшылыққа арналған.



© Тіл комитеті, 2013
ӘОЖ 81135(038)
КБЖ 81(5 Каз)-4

ISBN 978-601-217—425-0
© Тіл білімі институты, 2013
© Құраст. Н.Уәли, Қ.Күдеринова, А.Фазылжанова және т.б. 2013

ОРФОГРАФИЯЛЫҚ СӨЗДІКТІҢ ЖАҢА БАСЫЛЫМЫ
ЖАЙЫНДА

Қазак тілінің орфографиялық нормаларын тұрақтандыруда, жұрт- шылықтың жазу мәдениетін көтеруде орфографиялық сөздіктің алатын орны ерекше.


Осы күнге дейін орфографиялық сөздіктің бірнеше басылымы жарық көріп, әр басылым сайын Сөздік толықтырылып, жүйесі жетілдіріле түсті. Қоғамдық өмірдің сан алуан саласында қолданылатын сөздерді, сирек сөздерді, салғырт қордағы байырғы сөздерді молынан қамтуды мақсат еткен академиялық сипаттағы үлкен орфографиялық сөздіктің бесінші басылымы (Алматы: «Арыс» баспасы, 2005) акад. Р.Сыздықтың редакциялауымен жарық көрді.
Бұл бағыттағы орфографиялық сөздіктің толық корпусын жасау, әдеби тілдің сөз байлығын барынша молынан қамтитын сөздіктің түрін дайындау жөніндегі жұмыстар әрі қарай да жалғасып келеді. Соның нәтижесі ретінде дайындалған бұл үлкен «Орфографиялық сөздіктің» алтыншы басылымы кәсібі мен мамандығы жазумен байланысты, үнемі қаламмен жұмыс істейтін баспа және баспасөз қызметкерлерінің, білім мен ғылым саласындағы мамандардың, мектеп мұғалімдерінің, студенттер мен оқушы жастардың, өзге де жұртшылықтың пайдалануына арналған.
Осындай мақсатпен жұртшылық назарына ұсынылып отырған бұл Сөздікте бұрын ресми түрде бекітілген (1983 ж.) «Қазак тілі орфография- сы негізгі ережелерінің» ең соңғы редакцияланған нұсқасы негізге алынды. Орфографиялық ережелердің аталмыш редакцияланған нұсқасы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік терминология комиссиясында бекітілді (2006 ж.), сондықтан ол жазу нормаларын заңдастыруда басшылыққа алынатын нормативті құжат деп есептеледі. Сөздік осы Ережеге сүйеніп жасалғандықтан, күнделікті жазу тәжірибесінде оны басшылыққа алу, онда көрсетілген нормаларды сақтау, жазудың қалыптасқан жүйесін әрі-сәрі күйге түсірмеу- өз ана тілін құрметтейтін мәдениетті азаматтың борышы. Осылай деп түсінетін адам мұндай ортақ мүддеден «меніңше былай» дейтін жекебастың субъективті пікірін жоғары қоймақ емес.
Қазіргі кезде қоғамдағы саяси, экономикалық қатынастардың өзгеруімен байланысты мәдени-әлеуметтік құндылықтарды қайта бағалау жөнінде әр алуан ой-пікір айтылып жатыр. Пікір алуандылығына жол беру демократиялық қоғамның нышаны екені белгілі. Мұндай қоғамдық пікірлердің ең бір үлкен арнасы қазіргі жазуымызды түбегейлі реформалау дегенге саяды. Бірнеше жылдан бері мәдени-ғылыми жұртшылықтың көтерген бұл мәселелерін егжей-тегжейлі зерттеп, қорытындысы мен нәтижесін шығару қазірдің өзінде қолға алынды. Жазу-сызуды реформалау
керек деп белгілі бір қорытындыға келгеннің өзінде бұл әрекет ұзақ мерзімді қажет ететін әлеуметтік ауқымы аса зор іс болмақ.
Алайда мұның өзі күнделікті қолданып жүрген жазуымыздың мәде- ниетін төмендететіндей, оған бейжай қарайтындай, емле ережелерін ман- сұқтайтындай лингвистикалық нигилизмге жол беруге желеу болмауға тиіс.
Сөздіктің кейбір ерекшеліктері



  1. Бұл сөздікте әдеби тілдегі сөзді барынша қамту мақсаты көзделген жоқ, сондықтан сөздікте көнерген сөздер, сирек ұшырасатын атаулар, тарөрісті терминдер мен кейбір кәсіби сөздер, жергілікті сөздер т.б. сөздердің саны шектеліп берілді. Ал мұның есесіне орфографиясы қиын, емле қателері жиі ұшырайтын жазу тәжірибесіндегі «кауіпті аймақтарға» көбірек көңіл бөлінді. Сонымен қатар Сөздік тілдің бүгінгі тынысын тап басатындай, тілдің ішкі құрылымындағы өзгерістер мен қоғамдағы әртүрлі жаңалықтарды көрсететіндей болуы шарт екені де ескерілді.

Тілдегі жаңалықтар жайдан-жай пайда бола салмайды, оны туғызатын әртүрлі себептер болады. Солардың бір алуаны:

  • қоғамдық, әлеуметтік өмірдегі жаңа зат. құбылыс, уақиғаны атау қажеттілігінен: құзырхат, ашықхат, айдарбелгі, затбелгі, ғаламтор, флеш-жад, айқұлақ, төлие, хатқалта, ықпалшара, экоорталық, әуесерік, көзқаман, дәрумен;

  • мазмұны, тұлғасы өзара жақын, бірақ білдіретін ұғымдарында азды- көпті айырма бар мағыналарды бөлек-бөлек атауды керексінуден: көріктендіру – абаттандыру (благоустройство), залалсыздандыру (обезвреживание)- зарарсыздандыру (стерилизация), иелену (приобретение) – иемдену (присвоение), жайылыңқы (диффузный) – жиылыңқы (компактный); құзыреттілік (компетентность) — біліктілік (квалификация); көрсетілім, тұсаукесер (презентация);

  • бірнеше сөзбен аталатын белгілі бір кұбылысты бір сөзбен атау немесе тұлғалық жақтан ықшамдау үрдісінен: үй тұтқыны -мырзақамақ, күміс қылшықты түлкі - қалтар, қара ләйлек - қарабай, әсіре мемлекетшіл болу әсіремемлекетшілдік, әсіре демократ болуәсіредемократ, ғарыш айлағы–ғарышайлақ, іс парағы - іспарақ, ғарыш кемесі - ғарышкеме, мұз айдыны –мұзайдын т.б;

  • кейбір терминдерді, өзге де атауларды ұлттық сананың оянуымен байланысты төлтума сөзбен қайыра атауды (реноминацияны) қажетсінуінен: террорист > лаңкес, терроризм > лаңкестік, экстремист



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   132




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет