Орфографиялық СӨздік



бет129/132
Дата23.09.2023
өлшемі0,79 Mb.
#110026
1   ...   124   125   126   127   128   129   130   131   132
Байланысты:
Орфографиялық сөздік


§ 27. Еш, әр, кей, бір, қай, әлде сөздерімен біріккен есімдік, үстеу сөздер түбір тұлғалары өзгертілмей, бірге жазылады. Мысалы: әркім, әрбір, әрдайым, әрқашан, ешкім, ешбір, ешқандай, ештеңе, кейбір, қайбір, қайсыбір, бірдеңе, бірнеше, бірталай, біраз, бірсыпыра, біржолата, бірыңғай, біркелкі, бірқыдыру, әлдеқалай, әлдеқайда, әлдеқандай, әлдеқашан, әртүрлі.
Ескерту. Еш, әр, кей, бір, қай, әлде сөздері зат есімдермен тіркескенде, бөлек жазылады. Мысалы: еш адам, әр бала, қай үй, кей адам, бір жұмыс, әлде жылқы, әлде сиыр.
§ 28. Екі түбірден құралып, ғылымның әр алуан (саяси-әлеуметтік, лингвистикалық, филологиялық, биологиялық, астрономиялық, физика- математикалық, химиялық т.б.) саласында терминдік мәнге ие болған атаулар бастапқы тұлғаларын сақтап, бірге жазылады. Мысалы: баспасөз, өнеркәсіп, кәсіподақ, арасалмақ, арақатынас, келіссөз, көзқарас, еңбеккүн, шикізат, көкжиек, кемпірқосақ, шоқжұлдыз, оттегі, сутегі, қостотық, үшбұрыш, сегізжақ, көпмүше, тозаңқап, гүлтабан, тамыржеміс, сүтқоректілер, оңқанаттылар, сөзжасам.
§ 29. Екі, кейде үш түбірден құралған аң-құс, жан-жануар, құрт- құмырсқа, өсімдік атаулары түбір тұлғалары сақталып, бірігіп жазылады. Мысалы: қосаяқ, қарақұйрық ақбөкен, тасбақа, құрбақа, бірқазан, аққұтан, көкқұтан, аққу, қарақұс, есекмия, өгізшағала, жаужұмыр, түйеқарын, шегіргүл, айдаршөп, қырықаяқ, қаракүйе.
Ботаника, зоология терминдерінің ішінде мынадай жолмен жасалған күрделі атаулар біріккен сөз болып, сыңарлары қосылып жазылады:

  1. бірінші сыңары ақ, қара, сары, көк, қызыл, ала, боз деген түс атауларымен келген аң-құс, өсімдік аттары және қой, сиыр, түйе, бота, қозы, am, қоян, аю, бөрі немесе ит, құм, су, бал, у, сор деген жалпы атаулар мен жеке тұрғандағы лексикалық мағынасынан айырылған сөздер тіркесі болып келген терминдер қосылып жазылады: алақоржын (тышқан), қарақанат, қарабай, ақиық (құстар), ақбілек, көкқасқа, көкнайза, қызылбас (өсімдік атаулары), ақкөз, қаракөз, алабұға (балықтар), қарақұйрық (аң), құмбетеге, субетеге, сиыржоңышқа, қойжусан,

қойқарақат, бөріқарақат, аққайың, қотырқайың, итбүлдірген, укекіре, убидайық, балқарағай, балқоға;
Ескерту. Ақ, қара, қызыл, қоңыр, сұр, шұбар сияқты сын есімдер аң- құс, өсімдіктердің түсін айыру үшін қолданылатын болса, бөлек жазылады: ақ аю, қоңыр аю, сұр жылан, шұбар бақа.

  1. бірінші сыңары түсті білдіретін сын есімдер немесе әртүрлі есім сөздер, екінші сыңары ағаш, шөп, гүл, тікен, жапырақ, тамыр, құс, балық, тауық, құрт, жидек, жеміс сияқты жалпы атаулар болып келетін тіркестер қосылып жазылады: қараторғай, қараағаш, қарақұрт, қаражидек, қарабидай, қызылжидек, қызылбалық, сарышөп, сарыағаш, қаракүйе, қарақат, қоңыраушөп, сәлемшөп, тарақбалық, қылышбалық, күркетауық, түйетауық, қоянот, киікот, түймежапырақ, сужапырақ, сүтжапырақ, әректікен.

§ 30. Екі түбірден құралып, терминге айналған техника, шаруашылық, тұрмыс, мәдениет, өнер, спорт т.б. салаларға қатысты зат, құрал- жабдық, ұгым атаулары мен әр алуан мамандық, кәсіп, қызмет иелерінің аттары бірігіп жазылады. Мысалы: шаңсорғыш, еттартқыш, бесатар, өнертапқыш, жанкүйер, бессайыс; ақсүйек, қосқұлақ, соқыртеке, балтамтап (ойын аттары); беташар, тоқымқағар, ақсарбас (ырым, дәстүр атаулары), тоғызқұмалақ, асатаяқ, алыпсатар.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   124   125   126   127   128   129   130   131   132




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет