Орфографиясы


сөздерді күрделі сөз атауымен атаймыз



Pdf көрінісі
бет10/72
Дата12.01.2023
өлшемі0,69 Mb.
#61061
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   72
Байланысты:
46774b23911507b22245ade7fa6a4289

сөздерді күрделі сөз атауымен атаймыз. Бұл құрама сөз типтерінің біреуінің
бірігіп, екіншісінің дефиспен, үшіншісінің әріп, не буын қиюлы бірігуі,
төртіншісінің бөлек жазылуына да байланысты, яғни құрама сөз термині күрделі
сөздердің орфографиялық кескінделуі тұрғысынан ұсынылады. Сонда күрделі-
құрама сөзге синтаксист: сөз тіркесі шеңберінен шыққан лексикаланған немесе
шектеулі тіркес (ортан жілік, бет күрделі орамал, қол орамал, асықты жілік),
күрделі етістік, күрделі сын есім, күрделі сан ссім енеді. Сөйтіп, бұл қатар
синтаксистік сөз тіркесі мен БС аралығындағы сөзжасам процесі болып
қалыптасады.
Тілімізде кіріккен сөз терминіне ие, құрамындағы сыңарлары жылысу,
жұтылу, элизия құбылыстарына ұшырап барып, негізі сіңіскен, семантикалық
контаминацияға ұшыраған, этимологиялық талдау жасалмаса, сыңарлары
танылмайтын сөздер бар. Әдебиеттерде бұлар құрама сөздің, оның ішінде БС-дің
бір түрі ретінде қарастырылады. Әрине, биыл, бүгін, тоқсан, сексен сияқты
сөздер бір кездері морфемдік жігі айқын БС болғанмен, бүгінде негіздері се-
мантикалық, фонетикалық будандасуға (контаминацияға) ұшыраған,
этимологиясы мүлде күңгірттенген кіріккен сөздер тобын құрайды. Кіріккен сөз
терминін алғаш ұсынып, анықтаған – Қ. Жұбанов.
Сонда сөзайналым сатыларын былай көрсетуге болады: түбір сөз – сөз
тіркесі – (фразеологиялық, атаулық тіркес) – күрделі сөз – қос болмаса
біріккен сөз – кіріккен сөз – туынды сөз – түбір сөз.
Біз, проф. К. Ахановтың пікірін (22. 82) қоштай отырып, кіріккен сөзді кұрама
сөз қатарында қарастыру мейлінше шартты екенін ескертеміз. Сондықтан
құрамына қарай бөлінген жалаң және құрама сөздердің жалаң сөздері түбір,
туынды, кіріккен болып үшке бөлінеді.
Этимологиясы барынша айқын деген қазақ тіліндегі кіріккен сөздердің
қатары мынадай: биыл (бұл жыл), былтыр (бір жыл дүр), бүгін (бұл күн), әкел
(алып кел), әкет (алып кет), сүйт (солай ет), тоқсан (тоғыз он), табалдырык,


(табанға іл тұрық), сағалдырық (сағаққа іл тұрық) күндіз (Күлтегін
ескерткіштерінде күнтүз формасында келеді (40. 6) және Ә. Ермековтің көрсетуі
бойынша, мына сөздер кіріккен сөздер: тапжылмау (табанын жылжытпау),
айпарадай (айға барабар), айдын (ай түн), қарлығаш » (қара ала құс), көзайым
(көз айдындық), айгөлек, албасты, алаңғасар, алабұрт, алдыңгүні, алмұрт,
ашқарақ, тілемсектену (тіленіп, еміну), жантаю (жанына таю), жәрдем
(жар дем беру), кесапат (кесел апат), жиеншар (шар із деген сөз, сонда
қыздан туған баланың баласы), сөзуар (сөзді қуар ), кемтар (кемдік, тарлық),
жалмауыз (жалмайтын ауыз), күнелту (күнді жөнелту), әттеген-ай (әттең
ғана-ай), ендігәрі (ендігіден ары), мәселенки (мәселен яки), әгәра- ки (егер яки),
бертінде (бері таманда), әртінде (әрі таман- да), елтірі (өлі тірі), кәдуілгі
(кәдімгі әуелгі), ынтызар (ынтықзар), ойбай (ой пәле ай), талтаяқ (талтаң
аяқ), кимешек (киме желек), әлденедей (алда нендей), бертін кел (бері таман кел)
(15. 4); және есерсоқ, жедеғабыл, жексұрын, мойнақ, сонікі, сүлесоқ, жарғанат,
құлагер, бегзат, есуас, түрегел, әпер, жегжат, көгал (28. 211). БС жайындағы
үлкен еңбектің иесі Г.Жәркешова Э.В. Севортянның “Соотношение грамматики
и лексики в тюркских языках” еңбегі негізінде біраз БС-дің құрамын қарап,
мағынасын анықтайды. Мысалы: абжылан (аб-моңғолша сиқырлау, арбау),
ағайын (аға йүгүн), қарақат (қат алтай тілінде “жидек”), жамағайын (жам
көне түркіше “тұсақ”, “алыс” (41. 175), шалап (аб парсыша “су”), абырой (аб,
рой парсыша “су”, “бет”), қамқөңіл (қам арабша “қайғы”).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   72




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет