Орфографиясы



Pdf көрінісі
бет18/72
Дата12.01.2023
өлшемі0,69 Mb.
#61061
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   72
Байланысты:
46774b23911507b22245ade7fa6a4289

Einmalbildung (бір мезеттік жасалым), Gelegenheitsbildung (кездейсоқ
жасалым). Ал нормаланған композиттердің өзі узуалды, жартылай узуалды,
жартылай оккозионалды, окказионалды деп бөлінеді (86. 28-40).
Ал француз тілінде КС-дер анықтаушы-анықталушы қатынаста емес,
керісінше орналасатындықтан композит құрайтын жартылай суффикстер
жартылай префикске қарағанда көбірек. Сондықтан соңғы компонент
эллипсиске ұшырамайды (92. 16).
Негізінен, француз тілінде сөздерді біріктіру тәсілінен гөрі суффикстердің
орны айрықша. Ағылшын тіліндегі КС (словосложение, сложное слова)
О.Д.Мешков, А.М.Смирницкий, М.В.Арнольд, П.В.Царев, Г.Марчанд, Ю.Найда,
И.В.Василенко, А. В.Кунин, О.Есперсен т.б. ғалымдар тарапынан зерттелді.
Алайда бірауызды пікір жоқтың қасы деп айтуға болады. “Проблема
идентификации сложного слова английского языка является чрезвычайно
сложной и может, очевидно, “претендовать” “на звание” одной из сложнейших в
лингвистической науке” (67. 25).
КС-дің негізгі белгісі деп графикалық белгісі, яғни тұтас таңбалануы
аталады (44.129). Ал тұтас таңбалану деп ағылшын тілінде күрделі сөз
компоненттерінің босаралықсыз, босаралықпен және қосаралықпен таңбалануы
танылады. Соңдықтан сөздердің бірге, дефис, бөлек орфографиялануындағы
ала-құлалық өзекті мәселеге айнала қоймайтын сияқты. Ал тұтас тұлғаланудың
өзі фонетикалық (сөздер тіркесінің бір, не әлсіз екі екпінге бағынуы: һоеутооп,
bloodvessel), морфологиялық (o, i, s жалғаулықтары арқылы: craftsman,
handiwork), семантикалық белгілерден шығады (44. 136). Композиттердің
мағыналық қатынасын зерттеуде семдік таядау, ішкі валенттілік теориясы
негізінде, трансформациялық әдіс, сөздердің алыс, жақын мағыналық деңгейлері
негізінде талдау әдіс-тәсілдері қолданылады. Алайда әдебиеттерде қолданылған
әдіс-тәсілдерден маңызды нәтиже шыға қоймағаны айтылады (93. 18, 30, 48, 54). 
“Противоречивость смысловой структуры сложного слова – обращенность
одновременно к миру вещей и к миру слов, а также имплицитная
мотивированность – и делает анализ смысловой структуры сложного слова
особа трудной проблемой” (93. 80). КС үлгілері деген мәселеге де күмәнді
көзқарас бар. Ағылшын тілінде кейде ешбір БС моделіне сыймайтын
құрылымдар пайда болып жатады. Бұның бір себебі ағылшын тілінде


окказионалды композиттердің әдеби стильге ене беруіне регламент қоймаудан
шығады.
Сонымен, сөздердің бірге, бөлек тұлғалану проблемасы тілдік
универсалийге айналып, орфографияның өзекті меселелерінің бірі саналады.
Жоғарыда айтылғандарды қорытындылай келе, тіл-тілде кұрама сөздерді бірге
тұлғалауда мына тілдік факторлардың әсері барын көреміз;
–тұлғалық фактор: кұрама сөз сыңарлары грамматикалық, формаларының
элизия, редукциялануы, екі сыңар ұластырғыш жалғаулықтардың болуы,
сыңарлардың фонетикалық контаминацияға ұшырауы, бір екпінге бағынуы;
–мағыналық фактор: сыңарлар мағынасының лексика- семантикалық
контаминацияға түсуі, ортақ мағына беруі;
Сөйтіп, тіл-тілдің өз табиғатына сай КС жасалымдары болатынын айта
отырып, ойымызды О.С.Ахманованың мына сөзімен қорытындылаймыз:
“реально разработать для разных языков классификации имеющихся в них “экзо-
центрических” “конструкций” и выяснить для разных языков реальные границы
“свободы” соединения тех или других элементов” (82. 21).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   72




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет