Орфографиясы


Хана сыңарлы біріккен сөздер



Pdf көрінісі
бет25/72
Дата12.01.2023
өлшемі0,69 Mb.
#61061
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   72
Байланысты:
46774b23911507b22245ade7fa6a4289

Хана сыңарлы біріккен сөздер. Парсы тілінен енген хана, нама сөзі
жұрнақ ретінде қазақ тіліне лексикалық элементтің құрамында тұрып енді де,
кейін төл элементтей біржола сіңісіп, қазақ сөздеріне де жалғана бастады (106.
122).
Хана – жұрнағының “үй”, “бөлме” мағынасын беруі - қазақ даласында
жаңадан еніп келе жатқан “қоғамдық жалпыхалықтық тұтынудағы ортақ-орын,
мекен” ғимараттарын атауға, сөздің ресмилік сипат алуына қолайлы болды. Атап
айтқанда: асхана, аурухана, ғибадатхана, дәретхана, дәріхана, диетасхана, емхана,
етхана, жатақхана, жылыхана, мәйітхана, масахана, перзентхана, төлхана,
ұстахана, шашлықхана, бажыхана, балахана, баспахана, күшхана, жындыхана,
зертхана, зияратхана, құймақхана, сырахана, дәмхана, қымызхана, көшетхана,
кірхана,; кітапхана, к,асапхана, қоңыраухана, құжатхана, құсхана, күтхана.
Бұлардың ішіңде жаңадан жасалған бірліктер де бар: дәрісхана (аудитория),
құжатхана (паспортный стол), кірхана (прачечная). Хана жұрнағы кейбір
жазушылардың стильдік ерекшеліктерінде болмаса (Қалдыбай ханасының
тұсынан өте бергенде, қорадан шыққан әйел:Аға! деді (О. Бөкеев, Үркер.)),
“тұрғын үй, мекен-жай, арасы қабырғамен бөлінген үйдің өз алды бір бөлмесі”
(ҚТТС, 10т. 56-6.) мағынасында дара қолданылуы жиі емес.
Құмар сыңарлы біріккен сөздер. Араб, парсы тілдерінен енген -қой,
-кеш, -қор жұрнақтарымен қатар, құмар сөзі де ”ынтық, ынтызар, асық” негізгі
мағынасының үстіне (Мені қандай күш билеп бара жатқанын білмеймін, әйтеуір
Ұлболсынды көруге құмармын (І.Есенберлин. Ғашықтар.)), “әуес, үйір, құштар,
қызықтағыш” ұғымын беріп, мынадай БС-дер құрамында кездеседі: аңқұмар,
араққұмар, арызқұмар, атаққұмар, атқұмар, әзілқұмар, әнқұмар, әңгімеқұмар,
баққұмар, бәлеқұмар, білімқұмар, даңққұмар, дүниеқұмар, етекқұмар, жырқұмар,
қалжыңқұмар, қартақұмар, кітапқұмар, мансапқұмар, қалжыңқұмар, қанқұмар,
қонаққұмар, құлқынқұмар, мансапқұмар, мәжілісқұмар, нәпсіқұмар, өсекқұмар,


пайдақұмар, сәнқұмар, соғысқұмар, сөзқұмар, тәттіқұмар, сауыққұмар,
шайқұмар т.б.
Құмар сөзі бірнеше мағыналық бірліктерге негіз болып, ол формалар,
әсіресе әдеби стильде жиі қолданылады. Мысалы: құмарлан (Кедей қызы арзан
деп құмарланба (Абай )); құмарландыр (Өмір барлық гүлін ашып, адамды өзіне
баурап құмарландыра түседі (С.Мәуленов. Жер нәрі.)); құмарлы (Екі асық


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   72




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет