Орфографиясы


-ма қосымшалы біріккен сөздер



Pdf көрінісі
бет23/72
Дата12.01.2023
өлшемі0,69 Mb.
#61061
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   72
-ма қосымшалы біріккен сөздер. Қазақ тіліндегі БС-дердің енді бір
қатары етістіктен зат есім жасайтын -ма, -ме қосымшасымен келеді. “Өнімділігі
жоғары қосымша қатарына кейінгі кезеңдерде терминжасам процесінде актив
“мінез” таныта бастаған -ма, -ме, -ыс, -қы жалғауларын да қосар едік” дейді бұл
бағытта Ө.Айтбайұлы (36.140,144). Атап айтқаңда: айкезбе, ақжайма, алыпқашпа,
алыпұшпа, баукеспе, елкезбе, жерқазба, жерқойма, жолжазба, жолсілтеме, иекартпа,
кенкөтерме,сүнтізбе, қазанаспа, қазанжаппа, қарынбүрме, қолжазба, сарсолма,
сөзтізбе, суырыпсалма, шығарыпсалма, ізжазба. Мұнда екі сыңардың арасын
аталған қосымша ұластырып, универбті заттандырып тұр.


-ыс қосымшалы біріккен сөздер. Етістіктен зат есім жасайтын -ыс
қосымшасының енді бір қызметі тіркескен сөзді ұластыруда көрінеді. Мысалы,
беталыс, бетбұрыс, бұқатартыс, демалыс, жанбағыс, жүзтаныс, итжығыситкір-
мес, көзтаныс, көзқарас, күнбағыс, күнбатыс, күнкөріс, күншығыс, қазантолмас,
қантөгіс, құлаққағыс, көкөніс, өгізтартыс, серкетартыс сөздерінің белгілі бір ойын,
зат, ұғым атауы болып қалыптасуы екі сьңардың бірігіп қана бір денотаттық атау
жасау кажеттілігінен туындайды, сөйтіп номинация процесін -ыс жұрнағы
аяқтайды.
 қосымшалы біріккен сөздер. Тілімізде бөройнақ, жынойнақ, қанойнақ,
қантышқақ, қанұйық, қолсоқпақ, құсойнақ, қызойнақ, мұзойнақ, ойтамызық,
ойтолғақ, сақинасалмақ, тақиятеппек сияқты изофеттік тіркес, зат есім мен
сабақты етістік тіркесіне –қ қосымшасы жалғанып, заттанған БС-дің бір жүйелі
қатары бар. Мұнда екі сыңардың біреуі жеке қалып, БС-дің жалпы мағынасын
бере алмайды, ал аталған жұрнақ тіркесті заттандырып, атауыштық қызметке
жұмсап тұр.
-қы қосымшалы біріккен сөздер. Сөзжасамда сирек болса да -қы
жұрнағының БС жасау қызметі артып отыр. Олар, негізінен ақаутапқы, ауасүзгі,
ауақыздырғы, буқыздырғы, етшапқы, жарықтүсіргі, майқайырғы, мұзқатқы, өрмек-
тартқы, суқашыртқы сияқты құрал, аспап атауларын, ішінара ойтүрткі,
көзтүрткі сияқты дерексіз сөздерді жасайды.
* * *


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   72




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет