милау, mac бауырлау, өте mac бауыр) қабылдайды, яғни бұл сын есімдердің
эквиваленті ретіде жұмсала алатындығын дәлелдейді, дейді ғалым (22. 75).
Біздіңше, эмоционалды-экспрессивтілігі күшті фразеологизмдер сипаттауыш
қызмет атқаратындықтан, олар сипаттайтын тура мағынадағы сөздің алдынан
“оңай орын тебуі” керек. Мысалы, ит өлген алыс жер, көзді ашып- жұмғанша
тез арада, сары уайым қайғыға салынып дегенде, ит өлген жер, көзді ашып
жұмғанша, сары уайым тұрақты тіркестері номинативті тура мағынадағы
сөздерді сипаттап, көркемдеп тұр. Ал тасбауыр қатал, көк ми ақылсыз, ақ көңіл
ашық адам деген тіркесімділік болуы күмәнді. Сонда mac бауыр, ақсақал,
ақсаусақ, ақсүйек, ержүрек сияқты тұрақты тіркестер қатал, қарт, батыл деген
сөздердің эквивалеті емес, оларға синонимдік катар құрайтын сөздер болады ма
дейміз.
Фразеологиялық-тіркестердің атау, дискретті емес бірлік дәрежесін алуын
О.Есперсеннің эксплицитті форманың эллипсиске ұшырауын көрсететін мына
тұжырымы арқылы түйіндеуге болады:
1. Экспрессия – барлық мүмкіндікті пайдалана отырып, ықшамдамай
жеткізу;
2. супрессия –мазмұнға зиян тигізбей, кейбір үнемдеулерді іске асыру;
3. импрессия – тыңдаушының мәнді деген хабарды өзіне қабылдауы (147.
158).
ҚТОС-інің соңғы басылымындағы бір жетістік үстеу, шылау, есімдіктердің
жазылуындағы бірізділікке қол жеткізу болды. Онда, біріншіден, есімдіктер зат
есіммен тіркесіп келсе ғана бөлек таңбаланатын емле орнықты. Мұның себебі –
онда анықтаушы-анықталушы қатынас анық көрініп, лексикалық мағына
нақтылана түседі: әр бала, кей адам, әлде анау, еш адам т.б.
Ал ешқайда, ешқандай, кайсыбір, әлдеқашан есімдіктерінің универбтенуі
құрамындағы болымсыздық және сұрау есімдіктерінің грамматикалануынан
туындайды. Лексика-семантикалық контаминацияға түсіп, құрамы кіріккен үстеу
сөздер де тілімізде бар: біротала, алмағайып, жедеғабыл, жайбарақат, енжар,
әлімсақтан, екібастан. Әлімсақтан, екібастан үстеулерінің бірігіп жазылуы
олардың шығыс септігімен тұтас тұлғланануынан да болады. Ал әуел бастан
тіркесіндегі алғашқы сыңарды осы мағынасында әуелден, әуелгіден, әуелде
тұлғаларында қолданыла алатындықтан бөлек таңбалауымыз орынды.
Қазақ тіліндегі шылау сөздердің тіркескен сөзімен бөлек- бірге таңбалану
емлесі туралы саралауында тілші-ғалым Н.Уәлиұлы 1) жазылуы түрлі сипатта
көрініп жүрген сынды шылауын тәрізді, секілді, іспетті ұқсату мәніндегі
шылаулармен мағыналық топ құрайтындықтан бөлек жазуды; 2) -ай, -ақ, -ау
бөлек не дефис арқылы жазылатын демеуліктері одағаймен жалғанғанда,
одағайдың жеке сөз ретінде дербестігін жоғалтып, демеулікпен ұласып кету
себепті біріктіруді (япырай, япырау, ойпырау, апырымау, әттегенай, айхай,
ойбай); 3) негізгі сөзден бөлек жазылатын ма, ме шылауының қанша, неше
сұрау есімдігі мен осынша, сонша, мұнша, онша туынды үстеулермен қатар
айтылғанда сұраулық мәннен өзгеше мәнге көшу себепті бірге тұлғалауды; 4)
бөлек жазылатын да, де ыңғайлас жалғаулықгары қалай, қайткен, қайтсе,
сөйтсе, әйтсе есімдік, шылаулармен қатар келіп, қарсылықты мәнді шылауға ай-
налу себепті бірге таңбалауды ұсынады (27. 66-69). Соңғы қатарға, біздің
ойымызша, өйтсе де, сонда да шылаулары да енуі керек. Ал ыңғайлас
жалғаулықтың өз мағынасында тұруы егер де шылауынан көрінсе, оның бірге
таңбалануының негізі жоқ деп ойлаймыз.
Сонымен, біз БС-дерді номинативті аспектіде қарастыра отырып, олардың
емле сөздіктерінде берілу жүйесіне назар аударуға тырыстық. Құрама сөздің
универб формасы – таңбаның тұрпат межесі – мазмұн межесіндегі мағыналық
жылжу, ауысу, дамуды бейнелейтін процесс ретінде қаралды. Соңдықтан бір
кұрама сөздің бірігіп жазылуы (шашбау, қолғап, келсап), соған ұқсас басқа
бірліктердің де универбтенуіне негіз бола алмайтыны белгілі болды (кереге бау,
қол бау, қамшы can).
Сөздердің бірігуі әрқилы, әр сипатта, әр бағытта дамуынан
орфографиялық сөздіктердің оларды бейнелеуі, қашан да, өзекті мәселеге
айналып отырған. Бір қызығы, жиі мәдениеті жоғары ел емледе дәстүрлілік
принципін сақтап, жазудың коммуникативтілік қызметін оңайлатуға тырысады
екен. Ал бұл принцип, әсіресе неше тілі орфографиясында көп қайшылыққа
ұрындырмайды. Себебі – неміс тілінде бір зат, не ұғымның атауын білдіретін екі
негіздің бірігу құбылысына ұшырауы сөзжасамдағы тұрақты құбылыс. Ал қазақ
тілі орфографиясында құрама сөз жазылуының дәстүрлілік принципін сақтау
қиындық әкеледі. Соңдықтан сөздік құрамның молаюы, реестрдегі атаулардың
көбеюі, көбінесе БС есебінен болып отырады. Оны ҚТОС-інің үш басылымын
(1963, 1978, 1988) салыстыра отырып та көз жеткіземіз.
Ал мектеп оқушыларына арналған “Емлесі қиын сөздер" атты
орфографиялық анықтамалыққа 900-дей БС-дердің жаңа қатары енгізіліп отыр.
Олардың ішінде ҚТОС -нің 1988ж. басылымы бөлек таңбалаған бірқатар құрама
сөздер бар. Мысалы: оңжақ, ақбалшық, қызуқанды, атсоқты, карабалшық,
қарақотыр, асүй, теміржол, қалыңмал, күмістой, алтынтой, аякқиім, баскиім,
құмсагат, құмшекер, құстөсек, жертөсек, ақтүйіршік, қызылтүйіршік,
түскиіз, заманақыр, көкбауыр, күншуақ, көжеқатық, асқатық, асжаулық т.б.
Біз мұнда КС сыңарларының экстрилингвистикалық мәнділікпен Д
1
Д
1
емес, Д
1
Д
2
, Д
2
Д
2
қатынаста тұруын басшылыққа алдық.
БС-дердің енді бір қатарында бірге тұлғалаудың формалды белгілерін
негізге алып отырдық. Мысалы, -лық ұластырушы арқылы босаралықсыз
жазылу тұрпатына ие болған. ҚТОС-інің соңғы басылымындағы 30 шақты БС
қатарына мұнда дүниеқоңыздық, акқөңілділік, ақжүректік, ержүректік,
жанқиярлық, жанкүйерлік, кеңпейілділік сияқты жаңадан біріккен атаулар
қосылды.
Сонымен бірге, -ты ұластыруышы арқылы атсоқты, сусоқты,
желқақты, күнқақты, балабасты, етекбасты, жарды, күйекасты, құлаккесті,
пышақкесті сияқты тұрақты тіркестері бірге жазылу тұрпатына ие болды. Ара
сыңарының мағына дерексізденуіне орай, БС құрастыруыштық қызметін
арақатынас, арақашықтық, аражік, арасалмақ, ішінара
атаулары
жандаңдырды”.
|