таңдақ, бос белбеу, сақ құлақ, тоңмойын, mac жүрек, ақниет, ақкөңіл, ер
жүрек. Біздіңше, фразеологизмдердің құрамындағы көңіл, жүрек, ниет, пейіл
сияқты дерексіз мағыналы сөздер жазудың жеткізу әресінде ауыспалы
мағынадағы түс атауымен бірге тұлғалануын қажет етіп тұрады. Бөлек тұлғалау
–жазудың мазмұн межесіне жауап бере алмайды. Бұл ақ сын есімінің синкреттік
сипатынан шығады. “Қазіргі қазақ тіліндегі түр-түс атаулары” атты
монографияның авторлары ақ сөзінің мынадай ауыспалы мағыналарын
көрсетеді: 1) әділ, істің дұрысы (ақ сөйле, ақтық сөз, ақ көңіл); 2) ізгі тілек,
жақсылық, бақыт (ақ тілек, ақ жол, ақ қас, ақ босаға, ақ отау, ақ жаулық); 3)
асыл, таза, қоспасыз (ақ алмас, ақкүміс, ақ сауыт, ақберен); 4) бір қалыпты, бір
деңгейде ұзакқа созылған құбылыс (ақ жауын, ақ боран); 5) тозу, жұтау, күйзелу
(ақ сүйек қылу, ақ сирақ жұт, ақтабан); 6) қасиетті, қастерлі (ақ жауып, арулау,
ақ сүті ананың); 7) хан, төре тұқымына тәндік (ақсүйек, ақорда, ақсаусақ); 8)
әйелге тән әдемілікті таныту (ак, дидар, акша бет) (144. 59).
Сөйтіп, ауыспалы мағынада көбірек көрініс беретін ақ, сөзі кейде тіркескен
сыңарларымен бірге тұлғалану формасына ие болады, БС жасайды. Мысалы:
ақсақал, ақсаусақ, ақбөкен, ақниет, ақкөңіл, ақсүйек, ақкүміс. Бұлар, байқап
отырғанымыздай, атаулық мәнде жұмсалатын құрама сөздер.
Түркі тілдерінде әрі сын есім, әрі зат есім болатын сын есімдердің бірі – көк
атауы. Ол “аспан”, “шөп”, “түрік” мәндерін берген. Бұл – “о бастағы зат пен
оның сын-сипаты жайындағы ұғым бір болған деген көзқарастар бойынша
заттың генезистік бірлігін көрсетеді” дейді проф. М.Томанов (145. 182).
Сондықтан көк есімінің көп мағыналығы сөзжасам процесіне оңай
араласып, біріккен атау құрауға мүмкіндік береді. Мысалы: көгершін, көгеру
(жердің көгеруі және адамның жаман көңіл-күйінде сазарып, сіресіп қалуы),
көгал, көгорай, көгала (ауру), көгілдір, көксау, көкжиек, көкжал, көксары (құс),
көк ет (ішек-қарын мен өкпе-бауырды бөліп тұратын жұқа көк шандыр, бауыр
ет), көкбауыр, көкдәрі. “Анықтаушы сөздің анықталушы сөзді анықтауы үшін,
анық- талушы сөздің бойыңдағы сын есім анықтарлық қасиеті бар сөз болуы
керек. Егер болмаса, онда ол өз алдына сөз болудан қалады. Міне, осындай
жағдайда ғана анықтаушы сөз бен анықталушы сөз арасындағы атрибутивтік
байланыс жойылып, екеуінің бірігуіне мүмкіндік туады” (146. 49).
Тіліміздегі терминдік атаулардың жасалуындағы өнімді тәсіл сөздерді
біріктіру екенін, фразеологиялық атаулардың бірігуі терминдену құбылысына
тікелей байланысты екенін тілдік материалдар дәлелдеп отыр. Термин деген
сөздің өзі латынша шегара, ең соңғы шек деген мағынаны берсе, терминденуге
бірізді жүйелілік, дефинициясының болуы, экспрессиясыздық, стильдік
бейтараптық, сөздің сол терминология өрісіндегі моносемантикалығы жатады
делінеді (97. 508). А.Реформатский терминдердің сөйлем ішінде қолданылуын
ескермейді де, мұның өзі термин сөздердің әдеттегі жай сөздерден негізгі бір
айырмашылығы деп көрсетеді (99. 51). Тіліміздегі бұрыннан келе жатқан
ақсақал, қубас, ақсүйек, қылжақбас, орынбасар, ізбасар атаулары
фразеологизмдердің БС қатарына өту процесінің басы ертеде жатқанын
көрсетеді. Оған себеп – аталған фразеологизмдердің есімнен есім тудыратын
(-лық), сын есім тудыратын (-дай), етістік тудыратын жұрнақтармен оңай
түрлене алуы.
Проф. К.Аханов тұрақты тіркестер мен КС-дердің арасын ажыратуда
қиындық келтіретін көптеген ұқсастық барын айтқан. Алайда КС-дің атауыштық
қызмет атқарып, заттың бірден-бір атауы болуы, эмоционалдық-экспрессивтік
қызмет атқарып, жеке сөзге эквивалент болатын тұрақты тіркестен
айырмашылығы деп көрсетеді. Көк ми, су ми, mac бауыр деген фразеологиялық
сөз тіркестері мағыналық жақтан алғанда мисыз, ақылсыз, қатал деген сын
есімдерге эквивалент болып, осы сын есімдерге тән шырай формаларын (көк
Достарыңызбен бөлісу: |