Органикалық қосылыстар §1 Органикалық заттар ерекшеліктері мен халық шаруашылығындағы маңызы


§7 Органикалық заттардың аталуы, изомериясы, гомологтық қатар



бет5/12
Дата19.05.2023
өлшемі333,81 Kb.
#95033
түріҚұрамы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Байланысты:
Органикалы осылыстар §1 Органикалы заттар ерекшеліктері мен х

§7 Органикалық заттардың аталуы, изомериясы, гомологтық қатар

Көмірсутектер алкандарға (СnH2n+2), алкендерге (CnH2n), алкиндерге (CnH2n-2) бөлінеді.


Қаныққан көмірсутектердің алғашқы төртеуі тривиальды қалыптасқан атаумен: метан, этан, пропан, бутан, ал бесіншісінен бастап көмірсутек атомдар санын (грекше) атауды пайдаланылады да –ан, қанықпаған этилен қатарының көмірсутектеріне –ен, ацетилен қатарыныкіне –ин жалғанады.
Органикалық заттарды атауда екі номенклатура: рационалды және систематикалық қолданылады. Бір валентті радикалдар –ил жалғауымен аталады.
Рационалды номенклатура бойынша атау кезінде басқа қосылыстарды метанның туындысы деп қарастырады: триметилметан.
Систематикалық номенклатура бойынша атау үшін ең ұзын тізбек таңдалып алынып, радикал немесе функционалдық топ, қос немесе үш байланыс қай жағына жақын орналасса, нөмірлеу сол жағынан басталады. Функционалдық топқа байланысты спирттерол жалғауымен, альдегидтераль жалғауымен, кетондарон жалғауын қосып аталады.


Құрамы бірдей, атомдардың байланысу реті әр түрлі болатын заттарды изомерлер деп, ал бір-бірінен – СН2 – тобына ажырайтын қасиеттері жөнінен ұқсас заттар қатарын гомологтық қатар деп атайды.


Осы көрсетілген үш зат бір-біріне изомер, химиялық қасиеттері ұқсас, физикалық қасиеттерінде айырмашылықтары болады.
Тізбекте неғұрлым көміртек атомының саны көп болса, изомерлері соғұрлым көп болады.
Көміртек тізбегінде оның орнына қанша көміртекпен тікелей байланысып тұрғанына қарай бірінші-, екінші-, үшінші-, төртінші ретті көміртек атомы деп те атайды:

2,2,4 триметилпентан молекуласындағы екінші көміртек атомы төртінші-, үшінші көміртек атомы екінші-, төртінші көміртек атомы – үшінші ретті, ал қалған көміртектер – бірінші ретті болып саналады.
Тұйық тізбекті қосылыстарды атаудың өзіндік ерекшеліктері болады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет