Организация работы с документами это организация документооборота, хранения и использования документов в текущей деятельности организации, предприятия



бет1/4
Дата21.04.2023
өлшемі1,62 Mb.
#85438
түріСабақ
  1   2   3   4
Байланысты:
"Жеке құрам бойынша құжаттар"

  • Сабақтың жоспары:
  • 1. Сабақтың лекциясы:
  • - Құжаттау термині;
  • Жеке құрам бойынша құжаттар, үлгілері мен ресімдеу тәртіптері:
  • Өмірбаян;
  • Түйіндеме;
  • Мінездеме;
  • Өтініш;
  • Жеке құрам бойынша бұйрық;
  • Анықтама.
  • 2. “Аяқталмаған сөйлемдер әдісі” рефлексия;
  • 3. “Жеке құрам бойынша құжаттар” тақырыбында кері байланыс жасау;

Құжаттау

  • Бұл белгіленген ережелер бойынша әр түрлі тасымалдауыштардағы ақпарат жазбасы
  • Бұл дегеніміз құжаттарды:
  • жасау,
  • келісу,
  • ресімдеу,
  • дайындау

Жеке құрам бойынша құжаттар

  • Өмірбаян
  • Түйіндеме
  • Мінездеме
  • Өтініш
  • Жеке құрам бойынша бұйрықтар
  • Анықтамалар

Өмірбаян

  • Өмірбаян — жеке адамның өмір жолы хронологиялық тәртіпте қысқаша жасалған ресми құжат.
  • Әдетте оқуға түсу, жаңа қызметке орналасу кезінде жазылады.
  • Онда азаматтың аты-жөні, туған жылы, күні, айы және туған жері, ұлты, отбасы жағдайы, білімі, бітірген оқу орындары, қызметі мен жұмыс тәжірибесі туралы және т.б. қосымша мәліметтер көрсетіледі.
  • Өмірбаян бірінші жақтан қолжазбалық тәсілмен жазылады. Ол - жұмысқа қабылдану кезінде міндетті талап етілетін құжат.
  • ӨМІРБАЯН
  • Мен, Мақсат Ахметұлы Нүсіпбеков, 1983 жылы 14 қаңтарда Алматы обылысы, Панфилов ауданы, Үшарал ауылында тудым. Ұлтым — қазақ. Үйленбегенмін. Әскери міндетті емеспін.
  • Алматы каласы, Бостандық ауданындағы № 81-орта мектебін 2000 жылы бітірдім.
  • 2004 жылы Қазақстан-Британ техникалық университетінің 1-курсына оқуға түстім.
  • Ата-анам бар: әкем — Ахмет Абимолдаұлы Нүсіпбеков, 1969 жылы туған, циркте жұмыс істейді. Анам — Салтанат Әріпжанқызы Алпысбекова, 1971 жылы туған, ауруханада жұмыс істейді.
  • Қазір осы жоғары оқу орнының 2-курсында оқып жүрмін. Мақсатым — жоғары білім алып, маман болып шығу.
  • Мекен жайым: Алматы қаласы, «Орбита-3″ ықшамауданы, 26-үй, 48-пәтер, тел. 29-48-56.
  • Қолы. Күні.
  • Түйіндеме
  • Түйіндеме - бұнда өмірбаян мәліметтері ықшам, әрі толық түрде беріледі. Қажетті деректемелері:
  • Азаматтық хал-жағдайы: ата-жөні, туған жылы, айы, күні, туған жері, азаматтығы, ұлты, отбасы жағдайы, мекен-жайы, телефон нөмірі.
  • Білімі. Жоғары немесе орта арнаулы оқу орнының аталуы, дипломда көрсетілген деректер.
  • Кәсіби тәжірибесі және кәсіби біліктілігі. Мамандығы, негізгі мамандығы бойынша жұмыс істеген органдары, еңбектегі табыстары, ғылыми атағы мен ғылыми дәрежесі.
  • Қосымша мәліметтер: тілдерді білу, спортқа қатысы, компьютерде және Интернет бағдарламаларында жұмыс істей білуі, қызығушылығы.
  • Соңғы жылдары осы құжат түрі кең таралып отыр. Кәсіпорынға жұмысқа қабылдар алдында үміткерден түйіндеме (резюме) ұсыну талап етілуде.
  • Жұмысқа қабылданушы үшін бұл құжаттың басты мақсаты - өзін-өзі көрсету. Түйіндеме өмірбаян секілді жазылмайды. Оның жасалуы еркін болады.
  • Мұнда қызмет іздеп жүрген адам өзінің білімі, еңбек тәжірибесі, жеке жетістіктері, кәсіпқойлық деңгейі, басқа да дағдылары туралы мәліметтерді қысқа әрі нұсқа етіп тізіп жазады. Жұмысқа алушы адам осы құжатқа қарап, үміткер туралы жан-жақты мағлұмат алады. Әңгімелесуге шақыруға болатын болмайтындығын анықтайды.
  • Сондықтан, жаңа жұмыс іздеп жүрген жан үшін, түйіндемені тартымды етіп жазудың маңызы зор.
  • Түйіндеме
  • Түйіндеме жазғанда жадыңызда ұстаңыз !
  • 1. Түйіндемеде Сіздің маман ретіндегі бейнеңізді толықтыратын, аша түсетін өз мінезіңіздің кейбір жақсы қырларын атап өтініз. Басшылық, жетекшілік, ғылыми жұмыстарға икемділігіңіз болса, ол да назардан тыс қалмасын.
  • 2. Дайындаған құжаттар мен жазбаларды қайталап бір оқып шығып, керекті мәліметтерді ойша реттеп алып, резюменің колжазбасын дайындауға кірісіңіз. Ең бастысы - ол мәліметтерді ретімен, қысқа, нақты бере білу.
  • Қашан, қайда оқыдыңыз, қайда, кім болып істедіңіз, қайда, қашан біліміңізді көтердіңіз, тәжірибе жинақтадыңыз?
  • Қызмет бабымен, турист ретінде жасаған шетелдік сапарларыңыз да көрсетіледі.
  • Шет тілін білу дәрежеңіз, компьютерді қаншалықты игергендігіңіз де көрсетіледі.
  • Жеңіл машина немесе транспорттың басқа түрін жүргізе алатындығыңызды көрсету де артық болмайды.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет